Болашаққа бірге!
Адамдарды ынталандыру

Smart School
Қатысушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және сандық үзілісті қысқарту үшін, интеллектуалды оқу орталарына қатынас бере отырып, білім саласындағы АТ технологияларын пайдалануды кеңейтуге әрекет жасаудамыз.
2018 жылғы мәліметтер бойынша Samsung смарт мектебін 2,8 миллионнан астам оқушы бітірді

Білім саласында жаңа АТ технологиялар негізінде интеллектуалды білім орталарын ұсына отырып, жергілікті мәселелерді қысқартуға және шығармашылық талантты дамытуға қолдау көрсетуге әрекет жасаймыз. Samsung компаниясы мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатындағы қатысушылар үшін сапалы білім бере отырып, технологиялық негіздегі БҚ бағдарламалау арқылы оқыту жүргізеді. Біздің бағдарламалар жергілікті қажеттіліктерге бейімделген АТ жабдығы және мазмұны бар, оң білім ортасын құруға бағытталған.

Smart School бағдарламасы


-
Интерактивтік класс
Планшеттер мен компьютерлерде деректер алмасу және нақты уақыт режимінде бақылау тартымды оқу ортасын құруға және ашық өзара байланысқа мүмкіндік береді.
-
Заманауи қызмет
Топтық әрекет, топтық тапсырма және талқылау планшеттер көмегімен оңай жүргізіледі және қатысушылар арасындағы іскерлестік ортасын құруға көмектеседі.
-
Ынталандырушы орта
Оқытушылар қатысушылардың лекцияларды түсіну деңгейін және сынақтар мен бақылау тапсырмалары көмегімен сәттіліктерін жиі өлшейді. Сонымен қатар, оқытушылар қажет болғанда жеке оқытуды ұйымдастырады.
-
Сандық мазмұн
Қатысушылар әрбір курсқа арналған оқыту жоспарларын, оқулықтарды және әр түрлі материалдарды (құжаттар, фотосуреттер, дауыстық жазбалар, бейне, қолданба және URL мекенжайлар) жүктеп, нәтижесінде оқыту тиімділігін көтереді.