Тұрақты даму әрі
аз көміртекті болашақ үшін қазір әрекет ету

Кемінде қазба отындарды пайдалану кент өскеннен және өзі себепкер болған ғаламдық жылынудан болған климаттық өзгеріс бүкіл әлемге кері әсерін тигізетін маңызды мәселе болып табылады. Samsung Electronics бұл дағдарыстың шынайылығын мойындады, сондықтан бірнеше шепте күресіп келеді. Бұған энергияны жоғары деңгейде үнемдейтін өнімдерді әзірлеу, парниктік газдарды (GHG) мейлінше аз бөлетін жабдықтарды орнату және жаңа әрі жаңартылатын энергияны игеру кіреді.
Климаттық өзгеріске қатысты әрекеттердің НӨК


Біз назарымызды климаттық өзгеріс дағдарысына қарсы шоғырландырдық
Атап айтқанда, экологиялық қауіпсіздік нұсқамалары әзірленіп, Samsung Electronics компаниясына тығыз қатысты экологиялық мәселелермен байланыстылары қадағалануда, сондай-ақ өзіміздің «Экологиялық басқару жүйесі» мен «Энергияны басқару жүйесінің» негізінде климаттық өзгеріс қауіптерін басқарудамыз.

Біз барлық деңгейлерде шығарындыларды басқару ауқымын кеңейтудеміз
Мәселені шешу дәл ақпаратты қажет етеді. Парниктік газ шығарындыларын дәл өлшеу әрі басқару үшін, біз оларды бизнес пен пайдалануға жақындығы негізінде GHG хаттамасы анықтайтын үш санатқа жіктедік. Әр деңгейде шығарындылардың дәл мөлшерін анықтау парниктік газдарды басқару негізінің оңтайлы жолы болып табылады. 1-санатқа Samsung Electronics өндіріс орындарында өнімдер өндірілгенде шығарылатын парниктік газдар жатады, ал 2-санатқа электр қуаты мен буды шығару үшін өндіріс орындарындағы энергия тұтынулармен байланысты жанама шығарындылар жатады. 3-санат логистикалық қызметтерден, іссапарлардан, жабдықтау тізбегінен және біздің өнімдерді пайдаланудан болған, өндіріс орындарынан тыс орын алған шығарындыларды қамтиды. Біз осы талдауды, жанама не тікелей болсын, өз өндіріс орындарымыздан, өнімдерді пайдаланудан және біздің жабдықтаушылардан болған барлық шығарындыларды жүйелі түрде басқару үшін пайдаланамыз.

2-санат (электр қуатынан болған жанама шығарындылар)
GHG басқару жүйесінің негізіндегі әлемдегі өндіріс орындарындағы шығарындылардың айлық талдауы
Жартылай өткізгішті өндіргенде ыдырау коэффициенті 90% және одан жоғары болатын құрамында фтор бар газды өңдеу жабдығы орнатылған
Барлық өндіріс орындарында жоғары тиімділікті жабдық орнатылған және ішкі жарық ЖШД жарығына ауыстырылған

Парниктік газдарды қысқарту жөніндегі жобаларды іске асырып, логистикалардағы энергия тиімділігін жақсарту.
Негізгі жабдықтаушыларға орнында қосымша қызмет көрсету арқылы парниктік газды қысқарту жөніндегі жобаларды табу.
Бейне конференциялар санын арттырып, халықаралық іссапарлар санын қысқарту.

Біз энергия тиімділігін арттыру үшін жақсартылған технологияны пайдаланамыз.
Samsung Electronics компаниясы экологиялық тұрғыда жауапты және жайлы өмір салтын ұстану үшін озық технологияларын жетілдіруде. Осы мақсатқа жету үшін Samsung компаниясы жылына екі рет жалпы корпоративтік экологиялық кеңес беру тобының жиналыстарын өткізеді. Осы жиналыстарда Samsung компаниясы бизнес бөлімшелердің экологиялық сарапшыларымен экологиялық талаптар және инновациялық технологиялардың дамуы туралы ақпаратпен бөліседі, сонымен қатар энергияны пайдалану тиімділігі жоғары өнімдерді әзірлеу үшін энергияны үнемдейтін технологияларды зерттейді. Тоңазытқыштар үшін тиімділігі жоғары компрессорларды және ауа кондиционерлері үшін тиімділігі жоғары жылу алмастырғыштарды пайдалану арқылы біз энергия тұтынуды 2008 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 42% азайттық.

Samsung Electronics тек өнімдеріміз арқылы ғана емес, сондай-ақ барлық өндіріс орындарында пайдаланылатын қондырғылар арқылы энергия тиімділігін арттыруға тырысады. Біз Ендок оқу орталығындағы (Корея) және Хошимин қаласы (Въетнам) өндіріс орнындағы ЖЖАК (жылыту, желдету және ауаны кондициялау) жүйелерінде IoT негізіндегі бақылау жүйесін және белсенді басқару ортасын кіргіздік. IoT технологиясын пайдаланып, біз сондай-ақ инфрақұрылым жабдығын оңтайлы операциялық басқаруды іске қосып, сыртқы климаттық жағдайларға, ЖЖАК жүктемесіне әсер ететін энергияны үнемдеу алгоритімін әзірледік. Нәтижесінде Хошиминдегі Samsung Electronics компаниясы энергия шығынын 12,4% қысқарта алды. Бұл технологияны Кореядағы, Құрама Штаттардағы және Оңтүстік-шығыс Азиядағы өндіріс орындарында қолдану жоспарланған.

Samsung Electronics компаниясында біз жаңартылатын энергияны пайдалану ауқымын тұрақты түрде кеңейтіп келеміз.
2018 жылы Samsung Electronics компаниясы Құрама Штаттар мен Еуропадағы барлық өндіріс орындарын 100% жаңартылатын энергияға көшіретінін жариялады, ал 2020 жылға қарай бұл Қытайда жүзеге асады. Бұған қоса, Кореяда жаңартылатын энергияны пайдалану ауқымын кеңейту үшін, фотоэлектрлік және геотермиялық қуат шығаратын қондырғыларды жаңа салынған өндіріс орындарында және Сувон, Хвасон мен Пхёнтхэктегі қолданыстағы өндіріс орындарындағы автотұрақтар мен шатырларда орнатуға уәде бердік. Біз осы мақсатта әр аймаққа бағдарланған іс-әрекет жоспарларын орнатып, орындаудамыз: Үндістанда жел және фотоэлектрлік қуат өндірістерімен қуатты жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қол қойсақ, Бразилияда коммуналдық компаниялар жеткізетін қуаттың біршама бөлігі жаңартылатын энергия болып табылады, ал Мексикадағы өндіріс орны жаңартылатын энергия сертификаттарын сатып алды. Нәтижесінде, 2019 жылы Құрама Штаттардағы, Еуропадағы және Қытайдағы пайдаланылған энергияның 92%-ы жаңартылатын энергия болып табылды. Samsung Electronics компаниясы жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етуге болатын аймақтарда жаңартылатын энергияны пайдалануды кеңейте беретін болады.

Біз климаттың өзгеру салдарын азайту бойынша жобаларды жүзеге асырамыз
Samsung Electronics компаниясы әлемде көмірқышқыл газын шығаруды азайту үшін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсарту бойынша жобаларды жүзеге асыруда.
Кениядағы Момбаса халқының шамамен 80 %-ы энергиямен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігінен отын ретінде ағаш көмірін пайдаланады. Ағаш көмірі жанғанда, зиянды заттардың шығуы кениялықтар арасында уақытсыз ажалдың өсуіне әкелді. Сонымен қатар, ағаш көмірін шамадан тыс пайдалану ауаны ластануын арттырады және ормандардың жойылуын тездетеді.
Бұл мәселені шешу үшін Samsung Electronics компаниясы өз көмегін ұсынды. Климаттың өзгеруіне қарсы әрекет ету аясында біз Green Development компаниясымен серіктестік және Момбаса тұрғындарына денсаулыққа зиянсыз ортада өмір сүруіне көмектесетін жолдарды таптық. Кенияда қант шығаратын зауыттар көп болғандықтан, биоэтанолды арзан бағамен алуға болатындығын ескере отырып, Samsung Electronics компаниясы Момбаса тұрғындарына биоэтанолмен жұмыс істейтін ас пісіру пештерін таратуға миллион еуро көлемінде инвестиция құйды. Биоэтанолдың жылу тиімділігі ағаш көміріне қарағанда алты есе жоғары болғандықтан, бұл үй шаруашылығында қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ете отырып, зиянды заттар шығарындыларының екі есе азаюына әкелді. Ас пісіру пештерін тарату арқылы Samsung Electronics компаниясы Момбаса тұрғындары үшін салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға, сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектесті.
Samsung Electronics компаниясы Green Development компаниясымен бірге аймақтың экономикасын жандандыруға және қоршаған ортаны жақсартуға, тұрғындарды ас пісіру пештері мен биоэтанолды сатып алу, өндіру және сату туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге күш салуын жалғастыруда.

