Экологиялық қауіпсіз өнімдеріміз планетамызды сақтап қалуға көмектеседі

Samsung Electronics қоршаған ортаны қорғауға өнімді жоспарлаудан бастап, соңғы жоюға дейін ерекше назар аударады. 2004 жылы қабылданған экодизайн процесі кезінде өнімнің қоршаған ортаға әсері мұқият талданады. Біз ресурстарды үнемдеуден және жаңа, инновациялық өнімдерді жасаудан бастап, олардың қызмет ету мерзімі аяқталғанда оңай өңделуін қамтамасыз етуге дейін өнімдеріміздің экологиялық қауіпсіз және функционалды болуы үшін барлығын жасаймыз. Сондықтан біздің өнімдеріміз бүкіл әлемде экологиялық тұрғыда қауіпсіз деп танылған.
Экологиялық қауіпсіз өнімдерді әзірлеудің НӨК


Samsung Electronics компаниясы өз бағалау жүйесін қолдана отырып, өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды өнімді дайындау сатысынан бастап жүргізеді. Бағалау жүйесіне көпшіліктің сенімін арттыру үшін, біз Eco-Label сертификаттау критерийлерін, Кореяның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық қауіпсіз өнімдерге берген сертификатын және АҚШ-тағы Электроника өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау бағдарламасы (EPEAT) сертификаттауын және Америка Құрама Штаттарының тұрмыстық техника өндірушілер қауымдастығы (AHAM) сертификаттауын қабылдадық.

"Өндіру, пайдалану және кәдеге жарату сияқты бүкіл қызмет ету циклі арқылы өнімдеріміздің қоршаған ортаға ықтимал әсер бағалау мақсатында Samsung Electronics компаниясы қызмет ету циклін бағалау (LCA) процедурасын орындап, өнімді әзірлеудегі нәтижелерін көрсетеді. 2019 жылы LCA процедурасы 24 дюймдік мониторларда жүргізілді және нәтижелері Құрама Штаттарда UL Тауардың экологиялық декларациясы (EPD) сертификатын алып сенімділікке ие болды. Samsung Electronics компаниясы монитордың алдын ала өндіріс, өндіру, тарату, пайдалану және кәдеге жарату секілді қызмет ету циклінің әр кезеңінің ғаламдық жылынуға әсерін 12 экологиялық әсер ету аймағында¹⁾ талдады.
Нәтижелері әсер етудің 76% «пайдалану» кезеңінде орын алатынын көрсетті. Бұған себеп мониторды «пайдалану» барысында тұтынылатын қуаттың едәуір түрде парниктік газ шығаруы. Бұдан әрі, қуатты тұтыну мен резервтік қуатты барынша азайту үшін осы нәтижені әзірлеу кезеңінде есепке аламыз."

пайдалануда қауіпсіз жасау үшін қатаң түрде басқарылады
«Экологиялық мәселелер бойынша ымыраға келмеу» қағидасына сәйкес Samsung Electronics компаниясы қоршаған ортаға қауіпті заттарды мұқият қадағалап отырады. Әлдеқайда қатаң халықаралық экологиялық ережелерге сәйкес «Өнімдерде қолданылатын заттарды бақылау стандарттарын» орнаттық және алдын ала тексерулер жүргізіп, пайдаланылған барлық компоненттер мен шикізаттарда жүзеге асырылуын ұйымдастырдық. Біз тек тыйым салынған заттарды ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға қауіпті поливинилхлорид (ПВХ), бромды жалынға қарсы қоспалар (BFR), бериллий және сүрменің қолданылуын азайту жоспарын құрдық. Осы уақытқа дейін біз өнімдерде экологиялық қауіпті материалдардың қолданысын азайтып келеміз.
Samsung Electronics компаниясы 2004 жылдан бастап қоршаған ортаға зиянды заттарды тиімді бақылап келеді, бұл ЕО-ның қауіпті заттар жөніндегі директивасынан (RoHS) екі жыл бұрын бастау алған. ЕО директивасын шығарғанға дейін қатаң ішкі басқару жүйесін орнатуға ынталандырма ретінде Samsung Electronics компаниясының қоршаған ортаға бағытталған басқару философиясы болды. 2005 жылдан бастап, біз қоршаған ортаға зиянды заттар мен ұшқыш органикалық қосылыстарды талдау зертханасын және өзін-өзі бақылау жүйесін құрған болатынбыз. Бұған қоса, 2019 жылы біздің экологияға талдау жүргізетін зертханамыз Корей зертханаларын аккредиттеу жүйесінің (KOLAS) сертификатына ие болып, деректеріміздің аналитикасы мен эксперименталды базамыздың сенімділігін арттырды.



Жабдықтау тізбегін тығыз басқару мақсатында біз Экосеріктестік сертификациясын жүзеге асырудамыз
Samsung Electronics компаниясы өнімдерді ғана емес, сондай-ақ бөлшектерді де толықтай зерделеу үшін өнімдер мен бөлшектердің барлық жабдықтаушыларында Экосеріктес бағалауын жүргізеді.
Біз оларды Өнімдерде қолданылатын заттарды бақылау стандарттарына сәйкестігін және жабдықтаушылардың экологиялық сапа менеджменті жүйесін бағалау арқылы сертификаттаймыз. Жабдықтаушылар өздері пайдаланатын қауіпті заттектер туралы ақпарат растауы бар өнім туралы есепті шикізатпен жабдықтайтын компаниядан алған деректермен бірге жібереді. Одан кейін Samsung Electronics компаниясы жіберілген құжаттарды тексеру мақсатында жабдықтаушылардың өндіріс орындарына барып толық бағалау жүргізеді. Экосеріктес сертификатын сақтап қалу үшін жабдықтаушылар екі жыл сайын аудит өткізуі тиіс және аудиттен өтпегендері жабдықтау тізбегінен шығарылады. Осылайша, біз жабдықтаушыларымызды өзіміздің Жасыл менеджмент бастамаларына біріктіруге тырысудамыз. Бір реттік бағалаудан гөрі біз үздіксіз басқару әрі бағалау арқылы жабдықтау тізбегін тұрақты басқарудамыз.

Samsung Electronics энергияны үнемдеу жолдарын зерттеуді жалғастыруда
Samsung Electronics компаниясы өнімділікті арттыру үшін аз қуат тұтынатын, энергияны пайдалану тиімділігі жоғары өнімдерді шығаруға тырысады. Өнім энергияны аз тұтынып, одан да жақсы өнімділікті қамтамасыз ете алатын болса, тұтынушылар энергия шығынын үнемдей алады. Электр энергиясын өндіруге азырақ энергия жұмсалып, парниктік газдардың шығарылуы төмендейді. Өнімдерімізде энергияны үнемдейтін инновациялық технологияларды қолдану нәтижесінде, біз өнімдеріміздің энергия тұтынуын 2019 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 42 %-ға төмендете алдық. Бұл, біздің энергияның жартысын пайдалана отырып, жақсы жұмыс істейтін өнімді жасай алғанымызды білдіреді. Бірақ біздің жұмысымыз мұнымен тоқтап қалмайды — біз энергияны тұтынуды одан әрі төмендететін революциялық технологияларды дамыту бойынша зерттеулерімізді жалғастыратын боламыз.

Samsung Electronics компаниясының қоршаған ортаны қорғау саласындағы әрекеттері бүкіл әлемге танымал
Samsung Electronics өнімдері көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ, Еуропада, Қытайда және Бразилияда экологиялық қауіпсіздігі үшін танымал болды және оларға экологиялық белгілер мен көміртегі шығарындыларының белгілері сияқты экологиялық сертификаттар берілді. Бұл алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, қоршаған ортаны бірінші орынға қоятын өнімдерді зерттеу және жасау жөніндегі күш-жігеріміздің арқасында мүмкін болды. Бірақ біздің жұмысымыз әлі аяқталған жоқ — Samsung Electronics компаниясы жер мен қоршаған ортаға басымдық беріп, PlanetFirst жоспарын орындауды жалғастырады. Біз өмірімізді жайлы әрі экологиялық қауіпсіз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Сақтау, ұзағырақ пайдалану, қайта пайдалану
