Өндірістік революция кезінен бастап, экономикалық өсу табиғи ресурстарды оңды-солды қазумен және пайдаланумен қатар жүрді. Осындай ысырапшыл пайдалану мен болашақта ресурстардың сарқылуынан болатын экологиялық мәселелер туралы сарапшылар ескерткен болатын. Samsung Electronics компаниясына бұл ескертулер мәлім және біз оның алдын алу үшін алуан түрі шараларды іске асырудамыз.
Өнімді әзірлеу және өндіру үрдісінде біз технологиялық инновация арқасында ресурстарды тиімді пайдаланамыз және тұрақты қалдықтар мен қызмет мерзімі біткен өнімдерді қайта пайдалану жолдарын табудамыз. Біз аз ресурспен үздік өнімдерді өндіріп, электрондық қалдықтарды пайдалы ресурстарға түрлендіру үшін бар күшімізді саламыз.

Ресурстардың тиімділігінің НӨК

 
 
 

Samsung Electronics қабылдаған дөңгелек экономиканың құрылымы

Samsung Electronics қабылдаған дөңгелек экономиканың құрылымы

Біз қызмет мерзімі аяқталған өнімдерге жаңа өмір сыйлаймыз

Циклдік экономика жүйесін құру қалдықтарды азайту мен ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызды және негізгі факторы болып табылады.
Осылайша, Samsung Electronics компаниясы бүкіл әлем бойынша «Re»+ электронды қалдықтарды жинау бағдарламасымен жұмыс істейді. Пайдалану мерзімі біткен өнімдер біздің қызмет көрсету орталықтарымыз немесе қайта өңдеу кооперативтері арқылы жиналады, ал жиналған электрондық қалдықтар экологиялық таза жолмен қайта өңделеді және пайдалы ресурстар ретінде қайта пайдаланылады. 2009–2019 жылдар аралығында 4,03 миллион тонна қалдық жинадық.

This is an image of Samsung Electronics’ Re+ program. Re+ is the most representative resource efficient program of Samsung Electronics.
  • Кері қабылдау және қайта өңдеу институттарының елдер бойынша тізімі 92 КБ ЖҮКТЕУ
  • Еуропа елдеріндегі орау және батареяны қайта өңдеу жөніндегі институттар тізімі 166 KB ЖҮКТЕУ

Ресурс бір қолданылса, ол қалпына келтіріледі, қайта өңделеді және қайта пайдаланылады.

Samsung Electronics ресурстарды бір рет пайдаланғаннан кейін лақтырылатын ресурстарды тұтынудың бұрынғы құрылымынан бас тартуда және пайдаланылған ресурстарды қалпына келтіретін, қайта өңдейтін, содан кейін қайта пайдаланатын тұйық циклді қайта өңдеуді қамтитын әртүрлі іс-шараларды өткізеді. Ресурстарды қайта өңдеудің әлеуметтік құрылымын құруға бағытталған ұмтылыстың шеңберінде біз алдымен негізгі өнімдеріміздің құрамын талдаймыз және әртүрлі тұрғыдан әр заттың жеткізілім тізбегінің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға, қоғамға және экономикаға әсерін қайта талдаймыз.

Суретте ұялы телефондардың әдеттегі құрамы көрсетілген (35,1% пластик, 20,2% алюминий, 10,6% болат, 10,0% мыс, 8,6% басқа материалдар және 15,5% басқа материалдар).
Суретте ұялы телефондардың әдеттегі құрамы көрсетілген (35,1% пластик, 20,2% алюминий, 10,6% болат, 10,0% мыс, 8,6% басқа материалдар және 15,5% басқа материалдар).

Samsung компаниясының қайта өңдеу ұмтылысының бір мысалы — Samsung компаниясы құрған және басқаратын Асан қаласындағы қайта өңдеу орталығы. Қайта өңдеу орталығынан шыққан барлық металл және пластик бұйымдары электроника саласында қайта пайдаланылады. Асандағы қалдықтарды қайта өңдеу орталығы 1998 жылы құрылғаннан бері электроника қалдықтарын қайта өңдеумен айналысады. Тек 2019 жылдың өзінде тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, кондиционерлер және IT-құрылғылардың 338 000 бірлігі өңделді, нәтижесінде өңделуге жататын 24 524 тонна негізгі металдар (болат, мыс, алюминий және т.б.) және пластмассалар бөлінді. Асандағы қайта өңдеу орталығында сұрыпталған электроника қалдығындағы пластмасса оларды қайта пайдалану үшін қайта құратын өндірушілерге жеткізіледі. Бірлесіп жасалған технологияны қолдана отырып, Асандағы қайта өңдеу орталығы Samsung өнімдерінде жаңартылған пластикті қолдануға мүмкіндік беретін тұйық циклді қайта өңдеу жүйесін құрды. Осы тұйық циклді қайта өңдеу жүйесін қолдану арқылы 2019 жылы жаңартылған 1882 тонна пластик Samsung тоңазытқыштарында, кондиционерлерінде және кір жуғыш машиналарында қолданылды. Жаңартылған пластиктің басқа арналар арқылы сатып алынғанын ескеретін болсақ, ұялы телефондарға арналған құрылғылар, теледидарлар, мониторлар мен зарядтағыштарды өндіруге шамамен 30 753 тонна жұмсалды. Мыс негізгі компоненттерден (сымдар, компрессорлар және т.б.) бөліп алынады, ол басқа электрониканы шығару үшін қайта өңделеді және қолданылады. Ұялы телефонның батареяларында қолданылатын негізгі ресурстардың бірі кобальт тағы бір мысал бола алады.

Samsung компаниясының қайта өңдеу ұмтылысының бір мысалы — Samsung компаниясы құрған және басқаратын Асан қаласындағы қайта өңдеу орталығы.
Қалдық пластикті Асан қаласындағы қайта өңдеу орталығында тұйық тізбекте қайта өңдеу үрдісі

Біз қоқыстар полигонына және ресурстарды қайта циркуляциялауға еш қалдық тастамауды ынталандырамыз

Ресурстарды циклдеу жүйесін жандандыру мақсатына сәйкес, Samsung Electronics компаниясы қалдықты өңдеу технологияларын әзірлеу және қоқыс полигондарына еш қалдықтың кетпеуін қамтамасыз ету үшін қалдықты бөлектеуді кеңейту жұмыстарын жүргізуде. 2019 жылы шикі мысты (97% мыс) артық тұнбадан алынған мыспен өндіретін технологияны пайдаланып өндіру арқылы мысты қайта өңдеп және өртелуі керек синтетикалық резеңке қалдықты бөлек тастап, қайта өңдеу деңгейін арттырдық. Осы еңбегіміздің жемісі ретінде Хвасондағы өндіріс орнына 2019 жылдың қыркүйегінде Кореяның Экология Министрі «Ресурстарды қайта циклдеу бойынша жетекші компанияларға президент алғыс хатын» табыстады. Бұған қоса, қазіргі таңда біз Кореядағы өндіріс орындарымыз үшін «Қоқыс полигондарында еш қалдық тастамау» сертификатын алу мақсатында жұмыс істеудеміз және жақын уақыттарда бұл жұмыстардың Кореядан тыс орналасқан өндіріс орындарына тарауына күш саламыз.

 
Бұл ақпараттық график қалдықты өңдеу үрдісін көрсетеді. Шикізаттық және қосалқы материалдар өнімдерге айналғанда және пайдаланудан соң кәдеге жаратылғанда, олар қайта өңдеу орталығына жіберіледі және қалдық қайта өңделу мен өртелу мақсатында тасымалданады және кәдеге жаратылады.

Біз бір рет пайдаланылатын пластикалық қаптама материалдарын экологиялық таза материалдармен алмастырдық.

2018 жылы экологиялық зиянсыз қаптау материалдары саясатын қабылдағаннан бастап, Samsung Electronics компаниясы бір рDет пайдаланылатын пластик қаптау материалдарын экологиялық зиянсыз қағаз және биопластик сияқты материалдармен алмастырды, енді 2020 жылға қарай қаптамаларымыз бен нұсқаулықтарымызда пайдаланылатын қағаздың 100%-ын тұрақты дамудың ормандар сертификатын алған қағазбен алмастыруды жоспарлаудамыз. Бұған қоса, біздің «The Frame», «The Serif» және «The Sero» өмір салтына арналған ТД өнімдерімізді қаптау материалдарында қайта пайдалану концепциясын қолдану арқылы «экологиялық қаптаманы» таныстырдық. Өнімді қорғау үшін ТД қаптамасында әдетте гофрокартон пайдаланылады. Samsung Electronics компаниясы гофрокартонды нүктелік матрица дизайнымен әзірлеп, қаптау материалдарының құндылығын толықтай қайта өзгертті. Нәтижесінде тұтынушылар оларды оңай бөлшектеп, үй жануарларына арналған заттар және шағын фурнитура сияқты түрлі заттарды жасау жолын көрсететін нұсқаулықтың көмегімен басқаша қолдану үшін қайта жинақтай алады.

Экологиялық таза қаптама материалдарын қолдану
Бұл экологиялық таза қаптама материалдарын қолдану мысалдарының суреті

Өнімнің қызмет мерзімін кеңейту

Тұтынушыларға қызмет көрсетулер мен жақсартылған төзімділік арқылы ұзартылған қызмет ету мерзімі.

"Samsung Electronics компаниясы өз өнімдерінің төзімділігін әзірлеу кезеңінде күштілік, құлату және қызмет ету мерзімінің сынақтары сияқты алуан түрлі сынақтар жүргізіп жақсартуға тырысады, сондықтан тұтынушыларымыз тұрақты өнімділік рахатын ұзағырақ сезіне алады. Халықаралық стандарттарға сай келу талабын асыра орындап, біз сондай-ақ түрлі бұрыштар мен еден материалдарында еркін құлау сынақтары сияқты шектік мән сынақтарын және түрлі жағдайларда судан қорғаныс сынақтарын жүргіземіз.
Сондай-ақ Samsung бөлшектерді алмастыруды және өнім ақаулығынан болатын жөндеу жұмыстарын барынша азайтуға ұмтылады. Бұған қоса, өнімге жылдам диагностика қою және жөндеу жөніндегі сарапшыларына жөндету арқылы өнімдеріміздің қызмет ету мерзімін ұзартуға күшімізді шоғырландырудамыз. Осы мақсатта өнімді ыңғайлы жеткізу және жөндеу үшін шақыру қызметінің түрлі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етудеміз және дәл әрі жылдам диагностика мен жөндеу қызметтерін көбірек ұсыну үшін Samsung компаниясының Ұқыпты жөндеу орталықтарының уәкілетті желілерін үздіксіз кеңейтудеміз."

Ұялы телефон төзімділігін сынау суреті

Бағалы су ресурстарын пайдалануды қысқарту, қайта пайдалану және қайта өңдеу

Тұрақты дамудың бизнес операциялары үшін Samsung Electronics компаниясы қоршаған ортаны қорғау су ресурстарын қатаң басқарудан басталады деген сенімін негізге ала отырып, су ресурстары үшін 3R (қысқарту, қайта пайдалану және қайта өңдеу) стратегиясына басымдық беруде. Өндіріс орны жұмыстарын оңтайландыру, тозған қондырғыларды ауыстыру және операциялық нұсқауларды жақсарту сияқты табиғатты қорғау бойынша жоспарлы әрекеттер арқылы және өндіріс үрдістерін жақсарту, қайта өңдеу жүйелерін орнату сияқты құрылымдық жақсарту әрекеттері арқылы суды қайта пайдалануға барынша тырысып жатырмыз. Нәтижесінде 2019 жылы қайта пайдаланылған су көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10% өсіп, 68 555 000 тоннаны құрады. Әсіресе, су ресурстарының үлкен мөлшерін пайдаланатын жартылай өткізгіштерді өндіру орны үрдісті бақылау айнымалыларын өзгерту, қалдық суды өңдеу әдісін ауыстыру және жұмысты оңтайландыру арқылы суды сақтау бойынша мақсатты мәнін асыра орындады. Бұған қоса, соңғы бірнеше жылда ірі жаңа су қондырғылары орнатылған Пхёнтхэк өндіріс орны қолданыстағы қорларды сақтау және қондырғыны тиімді пайдалануды білдіретін су қорын сақтауды орта мерзімнен ұзақ мерзімге ауыстыра алды. Біздің тұрақты даму бойынша су ресурстарын басқару мен қорларын сақтауға салған күшіміздің жемісі ретінде Samsung Electronics компаниясы алғаш рет жартылай өткізгіштер өнеркәсібінде әлемдік деңгейде аккредиттелген ҰБ Көміртек қорының «Су ресурстарын пайдалану» таңбасына ие болды.

This infographic shows the water resource policies. The upside is the basic philosophy, and the downside action guidelines. The basic philosophy is Samsung Electronics recognizes that water resources are important to maintaining a sustainable society and business, and this contributes to fulfilling our social responsibility as a global company to protect such resources. Action guidelines are 1) Strive to minimize water resource risks in business management, 2) recognize the importance of water resources as part of our corporate culture, 3) actively cooperate in complying with public water resources policies, and 4) disclose our water resource policies and activities.
Бұл ақпараттық графикте су ресурсы саясаттары берілген. Жоғарғы жағы негізгі философияны, ал төменгі жағы іс-әрекет нұсқауларын көрсетеді. Негізгі философия — Samsung Electronics компаниясы тұрақты дамитын әлеумет пен бизнесті сақтап тұру үшін су ресурстарының маңыздылығын ұғынады және осындай ресурстарды қорғайтын жаһандық компания ретінде өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді атқаруға ықпал етеді. Іс-әрекет ету нұсқаулары келесідей: 1) бизнесті басқаруда су ресурстары бойынша тәуекелдерді барынша азайтуға тырысу; 2) су ресурстарының маңыздылығын корпоративтік мәдениетіміздің бөлігі ретінде тану; 3) мемлекеттік су ресурстары саясаттарымен сәйкес келу үшін белсенді түрде ынтымақтасу және 4) өзіміздің су ресурстары саясаттары мен оған қатысты әрекеттерімізді жариялау.
Экологиялық қауіпсіз өндіріс орындарымыз табиғатпен қатар өмір сүреді
Экологиялық қауіпсіз өндіріс орындары бетінің фондық суреті