Бизнесті жауапты жүргізу
Samsung Electronics компаниясы әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаларын сақтауға, бизнесті әдепті жүргізуге, серіктестер мен контрагенттердің және халықаралық қауымдастықтың болжамдарын орындауға әрекет жасайды.

Бала еңбегін пайдалануға тыйым салу
Өндірістің ешбір сатысында бала еңбегін пайдалануға тыйым салынады. Бала еңбегін пайдалану жағдайы анықталса, саясатымызға сәйкес бала жағына тұрып, жағдайды бала жағына шешуге әрекет жасаймыз. Samsung Electronics компаниясы мен оның жеткізушілері халықаралық стандарттар мен қолданбалы жергілікті заңнамаға сәйкес бала еңбегіне қатысты нөлдік төзімділік саясатын ұстанады.
Samsung Electronics компаниясы балалар еңбегін пайдаланбауға барын салу мақсатында бала еңбегіне қарсы саясат енгізді. Бұл саясат ережелері Балалар құқықтары мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қорғау орталығымен (The Centre for Child Rights and Corporate Social Responsibility, CCR CSR) бірге «Save the Children» атты халықаралық қордың шведтік бөлімшесімен қаланған әлеуметтік бастама бойынша әзірленген. Біздің бала еңбегіне тыйым салуға қатысты саясатымыз БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясына, Бала құқығы бастамасы мен ЮНИСЕФ-тің бизнес жүргізу қағидаларына және Халықаралық еңбекті ұйымдастыру (ХЕҰ) конвенциясына негізделген.

- Бала еңбегін пайдалануға тыйым салу 379 КБ PDF ЖҮКТЕУ
- Жұмыс істейтін студенттерге қатысты саясат 184 КБ PDF ЖҮКТЕУ
Жұмысшы-мигранттарға арналған нұсқаулар
Samsung Electronics компаниясының малайзиялық бөлімшесінде әр түрлі елдерден шыққандар бірге жұмыс істейді, оның ішінде Индонезия, Непал және Пәкістан. Бұндай жағдайларда мәдениет түрлерін ескеріп, жұмысшылар арасында тиімді байланыс жағдайларын жасау керек.
Әр түрлі мәдениеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты қолдау үшін, әр түрлі бағдарламалар мен іс-шараларды ұсынамыз, мысалы «Мәдениет аралық байланыс» (Cross-Cultural Experience), «Үздік жұмыс орны» (Great Work Place), «Жұмысшы-мигранттардың үйге оралуы» (Return Home Event for Migrant Workers) және т.б. 2016 жылы Business for Social Responsibility (BSR) халықаралық коммерциялық емес ұйымымен бірге «Жұмысшы-мигранттар нұсқауларын» әзірлеп жарияладық. Мұнда міндетті еңбек, жұмысқа орналасудың шамадан тыс комиссия және шетелдерде жұмысшы-мигранттарды қудалайтын кез келген басқа кемсітушілік көрсетілген.

- Мигранттардың саясаты 658 КБ PDF ЖҮКТЕУ
- Нұсқаулармен танысу бойынша оқыту курсы 224 КБ PDF ЖҮКТЕУ
Еңбекке баулу және тағылымдама нұсқаулары
2016 жылы Samsung Electronics компаниясының Business for Social Responsibility (BSR) халықаралық коммерциялық емес ұйымымен және Partners in Change (PIC) үнділік ұйымымен бірге үнділік бөлімшесі үшін еңбекке баулу және тағылымдама нұсқауларын әзірледі. Бұл құжат мақсаты - тағылымгер еңбегін пайдалану кезіндегі нормативтерінің еңбекке баулуға сәйкестігін және мөлдірлігін қамтамасыз ету.
Нұсқауларға жұмысшының минималды рұқсат етілетін жасын шектеу, минималды жалақы және 1961 жылғы үнділік «Үйренушілік туралы заңына» және еңбекке баулуға қатысты басқа ережелер мен заңдарға сәйкес оқыту/тағылымдама кезеңі. Сонымен қатар, онда оқушылар мен тағылымгерлердің шағымдарын өңдеу процедурасы, өндірісте оқыту және компанияның еңбекке баулу немесе тағылымдама кезеңінен өткен қызметкерлерді жұмысқа орналастыру тәртібі сипатталған. Нұсқауларға кемсітушілікті болдырмау және басқа адам құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы жағдайлар қосылған. Сонымен қатар, бұл құжатты тек Samsung Electronics компаниясының үнді бөлімшесінде емес әрі барлық жеткізуші компанияларда ұстану керек.

- Еңбекке баулу және тағылымдама нұсқаулары 231 КБ PDF ЖҮКТЕУ
Шағымдармен жұмыс істеу нұсқаулары
Жұмысшылар құқығын қорғап, өндірісте жағымды атмосфера құру үшін, Samsung компаниясы басшылық қызметкерлерінен тікелей пікірлер ала алатын байланыс арнасын ұйымдастырды. Оған қоса, туындаған мәселелерді жылдам тіркеп түзету үшін әрбір жұмыс орнында Интернет және одан тыс шағымдар беру арнасын береміз.

- Жалпы шағымдар саны (2016–2017) 89 КБ PDF ЖҮКТЕУ
HERhealth оқу бағдарламасы
Вьетнамдық бөлімшедегі өндірістік цех жұмысшыларына өз денсаулығын сақтауға көмектесу үшін, Health Enables Returns (HERhealth) атты бағдарламаны іске қостық. Оның аясында қатысушыларға әйел денсаулығын сақтау негіздерін үйретудеміз.
Business Social Responsibility (BSR) — 2007 жылдан бастап корпоративтік әдеп саласында жұмыс істейтін, коммерциялық емес, бұл бағдарламаны әлемнің 10 елінде 250 000 әйелге іске асырған ұйым. Бағдарлама мақсаты - өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы әйелдерге денсаулыққа күтім көрсету негіздерін үйрету әрі дұрыс тамақтану және АИТВ/ЖИТС, гепатит және туберкулез сияқты елеулі ауруларды және гормональді және гинекологиялық мәселелерді анықтау хабарын беру.


- HERhealth оқу нәтижелері 102 КБ PDF ЖҮКТЕУ
HERfinance оқу бағдарламасы
Samsung компаниясы 2015 жылы BSR және Sanchayan (Үндістан) компанияларымен бірге әйелдердің қаржылық біліктілігін арттыру бағдарламасын іске қосты. Үндістанмен қатар, сол жылы жергілікті коммерциялық ұйымдармен бірге Бразилия (Positive Planet) мен Мексикада (Yo quiero Yo puedo) қаржылық біліктілікті оқыту бағдарламасын жүргізе бастадық.
Бағдарлама аясында қатысушыларға жинақ, пайыздық мөлшерлеме, қарыз және банктердің жұмыс істеу принципі туралы негізгі мәліметтер беруге әрекет жасаймыз. Сонымен қатар, қаржылық тәуелсіздік алу және болашаққа сеніммен қарау үшін, қызметкерлеріміздің отбасы мүшелеріне табыстарына сәйкес қаржылық жоспарлау техникасын үйретеміз. 2018 жылдан бастап кейбір елдерде қаржылық біліктілікті оқыту бағдарламасының келесі кезеңін іске қосуды жоспарлаудамыз.
Арти Шарма (Arti Sharma) бағдарламаға қатысқаны туралы былай айтып берді: «HERfinance бағдарламасы біз үшін өте маңызды. Оқу бюджет жүргізу маңыздылығын түсінуге және ақшаны тиімді жинауды бастауға көмектеседі».
Сонымен қатар, Сима (Seema) атты қатысушы былай деді: «HERfinance бағдарламасына қатыспай тұрып, ақшаны қысқа, орташа және ұзақ мерзімді жинау маңыздылығы туралы түсінбеген екенмін. Енді жинақтың қаншалықты маңызды екендігін түсіне бастадым. Сонымен қатар, барлығымыз үшін өз табысымызға сене отырып, мақсаттарға жетудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім».

- HERfinance бағдарламасының негізгі нәтижелері 66 КБ PDF ЖҮКТЕУ
RBA еңбек және іскери әдеп аудиторлары
* Бұрынырақ — Электрондық өнеркәсіптің азаматтық ұйымы (Electronics Industry Coalition Citizenship, EICC)Samsung компаниясы Бизнесті жауапты жүргізу қауымдастығының (Responsible Business Alliance, RBA) мүшесі болып табылады. Біз RBA кодексін сақтап, оның қағидаларын компанияға және жеткізушілерімізге енгіземіз. RBA кодексінің негізінде коммерциялық ортада әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті және еңбек пен іскери әдепті жүргізуге бағытталған халықаралық стандарттар жатыр. Біз жеке басқару жүйелерін жетілдіруге және бүкіл компания бойынша ұсынылған әдістерді таратуға әрекет жасаймыз. Өз ортамызда білікті, ішкі, жұмыс алаңдарындағы жағдайды тиімді басқаруға қабілетті аудиторларды дайындау үшін, Корея мен жергілікті бөлімшелерден қызметкерлерді RBA Labor & Ethics атты еңбек пен іскери әдеп аудиторларын оқыту бағдарламасына қатысуға шақырамыз, бұл бағдарламадан кейін оларға тиісті сертификаттар беріледі.
Білікті аудиторлар жұмыс орындарын тексеру, Samsung компаниясы мен жеткізушілердің басқару жүйелерін бақылау, қоршаған ортаны қауіпсіздігін сақтау әрі RBA стандарттарын сақтау жұмыстарын жүргізеді.

