Философия
Философия

Біз уәде береміз

Біз жетекші халықаралық компания ретінде бізге сеніп тапсырылған жауапкершілікті ақтауға уәде береміз.

основное рекламное изображение, символизирующее философию видения
  • Философия

Samsung компаниясы жергілікті заңдар мен нормативтік актілерді сақтауға және барлық қызметкерлерге іскери этиканың қатаң жаһандық кодексін қолдануға міндеттенеді. Этикалық басқару — жаһандық іскери ортадағы жылдам өзгерістерге ғана емес, мүдделі тараптармен, соның ішінде клиенттермен, акционерлермен, қызметкерлермен, бизнес серіктестермен және жергілікті қауымдастық өкілдерімен сенімді қарым-қатынас жасау құралы. Әлемдегі ең этикалық компанияның бірі болуға ұмтыла отырып, Samsung компаниясы қызметкерлерін оқытуды және әділетті және ашық корпоративтік басқару әдістерін қолдана отырып мониторинг жүйесін пайдалануды жалғастырады.

Samsung компаниясында бизнесті жүргізудің бес қағидаты

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына өз адалдығын білдіре отырып, әлемдік нарықтағы Samsung Electronics жетекші компаниясы 2005 жылы «Samsung компаниясында бизнесті жүргізудің бес қағидасын» жариялады. Бұл қағидалар іскерлік әдептің жаһандық кодексінің негізін құрды, олар заңнамалық және этикалық стандарттар мен корпоративтік әлеуметтік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді.

1Біз заңдар мен этикалық нормаларды ұстанамыз.

  • Біз адамның абыройын және даралығын құрметтейміз.

    Біз адамның негізгі құқықтарын құрметтейміз. Міндетті еңбек, жалақыға қатысты кемсітушілік және балалар еңбегін пайдалану кез келген жағдайда рұқсат етілмейді. Біз мүдделі тараптардың, оның ішінде клиенттер мен қызметкерлердің құқықтарын бұзбаймыз және ұлттық, нәсілдік, жыныстық, діни және басқа белгілері бойынша кемсітпейміз.

  • Біз заңдарға және іскери этикаға сәйкес адал бәсекелестікті жүргіземіз.

    Біз қызметімізді жүргізетін аймақта елдердің және қауымдастықтардың заңнамаларын сақтаймыз және адал бәсекелестіктің стандарттары мен тәжірибелерін құрметтейміз. Біз заңсыз немесе жосықсыз істерден пайда алмаймыз. Біз сыйлықтар мен пара бермейміз және іспен айналысатын адамдармен сатып алудың басқа тәсілдерін пайдаланбаймыз.

  • Біз ашық есеп беру қағидасын қолдаймыз және нақты бухгалтерлік есепті жүргіземіз.

    Біз барлық мүдделі тараптарға сауда және бизнестің барлық мәмілелері компания қызметі халықаралық бухгалтерлік стандарттарға, сондай-ақ тиісті елдердің стандарттарына сәйкес келетіндігін дәл жазамыз. Заң талаптарына сәйкес компания туралы ақпараттың ашықтығын және басқарудың негізгі аспектілерін, мысалы, компанияның қаржылық жағдайын өзгертуді қамтамасыз етеміз.

  • Біз саяси істерге араласпаймыз және бейтараптықты ұстанамыз.

    Біз әр адамның саяси құқықтары мен пікірлерін құрметтейміз және компания ішінде саяси қызметтер жүргізбейміз. Біз саяси мақсаттар үшін компанияның қаржысын, қызметкерлерін, ғимараттарын және басқа ресурстарын пайдаланбаймыз.

2Біз ұйымдық мәдениеттің тазалығын ұстанамыз.

  • Қызметкерлердің жеке және қоғамдық өмірін олардың жұмысынан нақты ажыратамыз.

    Компания мен жеке тұлға арасындағы жанжал жағдайында біз компанияның заңды мүдделеріне артықшылық береміз. Компанияның жеке меншігі мен қызмет дәрежесін жеке мүдделеріміз үшін пайдаланбаймыз және компанияның мүлкін иемдену немесе ұрлау сияқты жағымсыз әрекеттерге қатыспаймыз. Біз ресми түрде алынған ақпаратты пайдаланып, акцияларды сатып алу және сату тәрізді, бағалы қағаздармен операциялар жасауға жол бермейміз.

  • Біз компанияның және басқа тұлғалардың зияткерлік меншігін қорғаймыз және құрметтейміз.

    Біз зияткерлік меншік туралы және құпия ақпарат туралы алдын ала рұқсатсыз немесе келісімсіз жария етпейміз. Біз басқа тұлғалардың зияткерлік меншіктерін құрметтейміз және олардың құқықтарын бұзатын әрекеттерді жасамаймыз, оларға басқа тұлғаның зияткерлік меншіктерін рұқсатсыз пайдалану, оны көбейту, тарату немесе өзгерту жатады.

  • Біз компанияда дұрыс атмосфераны қалыптастырамыз.

    Біз командада салауатты қарым-қатынасқа зиян келтіретін іс-әрекеттерге тыйым саламыз, соның ішінде сексуалды алымсақтықты, қызметкерлер арасындағы өрескел қаржы операцияларын және зорлық-зомбылықты болдырмау. Біз топтағы жанжалға алып келетін фракцияларды құрмаймыз және жабық топтар ұйымдастырмаймыз.

3Біз клиенттерді, акционерлерді және қызметкерлерді сыйлаймыз.

  • Біз клиенттерді, акционерлерді және қызметкерлерді сыйлаймыз.

    Клиенттердің қанағаттануы — біздің негізгі артықшылығымыз.
    Біз клиенттердің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыратын өнімдерді жеткізіп, оларға қызмет көрсетеміз. Біз клиенттермен шынайы және достық қарым-қатынасты ұстанамыз және олардың барлық ұсыныстары мен шағымдарын қарастырамыз. Біз сондай-ақ клиенттеріміздің ақпаратын құрметтейміз.

  • Басқарудағы тәсілдемеміз акциялардың құндылығына бағдарланған.

    Біз ұтымды инвестициялар және тиімді басқару арқылы акционерлерге ұзақ мерзімді артықшылықтар беруге тырысамыз. Біз тұрақты пайданы алуға және компания қызметінің нарықтық құнын арттыруға ұмтыламыз. Сонымен қатар, акционерлердің құқықтарын, орынды талаптарын және идеяларын құрметтейміз.

  • Біз қызметкерлердің өмір сапасын жақсарту үшін бар күшімізді саламыз.

    Біз барлық қызметкерлерді тең мүмкіндіктер береміз және олардың қабілеттеріне және көрсеткіштеріне әділ қараймыз. Біз қызметкерлерді үнемі өзін-өзі жетілдіруге және өз міндеттерін орындау үшін қажетті жақсартуларды қолдауға шақырамыз. Бұдан басқа, жеке бастаманы және шығармашылықты ынталандыратын жұмыс ортасын құруға тырысамыз.

4Біз қоршаған орта, денсаулық және қауіпсіздікті қорғаймыз.

  • Біз экологиялық қауіпсіз басқаруды қолдаймыз.

    Біз қоршаған ортаны қорғаумен байланысты халықаралық стандарттарды, тиісті заңдарға және ішкі ережелерді орындаймыз. Барлық қызмет салаларында қоршаған ортаны қорғау үшін, әзірлеу, өндіру және сату бойынша барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз қорларды тиімді пайдаланудың үлгісін, сонымен қатар оларды өңдеуді мысалға алдық.

  • Біз адамдардың денсаулығы ме қауіпсіздігіне қамқорлық көрсетеміз.

    Біз қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты халықаралық стандарттарды, тиісті заңдарға және ішкі ережелерді орындаймыз. Біз қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз, ыңғайлы жұмыс ортасын қалыптастырамыз және жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

5Біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бар компаниямыз.

  • Біз жоғары әлеуметтік жауапкершілікті көрсете отырып, өз міндеттерімізді адал атқарамыз.

    Біз жергілікті қоғамдастықтың мүшесінің міндетін орындай отырып, компаниямыздың сенімін арттыруға тырысамыз. Біз жаңа жұмыс орындарын құру және салық төлеуші ретінде өз міндеттерімізді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

  • Біз іскери серіктестерімізбен өзара ынтымақтастық пен өзара тиімді қатынастар орнатып жатырмыз.

    Біз серіктестерімізбен екі жақты қатынастарды өзара сенім негізінде қалыптастырамыз және оларды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Біз этикалық және құқықтық стандарттарды сақтау және қолдау арқылы серіктестеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сенімді арттыру бағытын ұстанамыз.

  • Біз аймақтық дәстүрлер мен мәдениетті құрметтейміз және өзара тиімді ынтымақтастық пен өркендеуге ұмтыламыз.

    Біз жергілікті қоғамдардың заңдарын, мәдениетін және құндылықтарын сыйлаймыз және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосамыз. Қоғамдық қызығушылық тудыратын білім беру, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу арқылы салауатты қоғамды дамытуға көмектесеміз. Біз әлеуметтік жұмысқа белсене қатысып, еріктілер жұмысын жүргізіп, табиғи апаттар кезінде көмек көрсетеміз.