Глобалды шарлау нұсқаулығы

Веб-сайттағы глобалды шарлау тақтасын пайдалану

1. Глобалды шарлау тақтасының қосалқы мәзірін табу жолы

sub menus area  on global navigation bar

1.1. Глобалды шарлау тақтасының белгілі бір бөлімінің қосалқы мәзірін табу үшін, қажетті бөлімге жеткенше табуляция пернесін басыңыз.

Таңдалған бөлімнен ЕНГІЗУ пернесін басқаныңызда қосалқы мәзір автоматты түрде көрсетіледі. 

Мысалы, «Мобильді құрылғылар» бөлімінен қосалқы мәзірді іздеу үшін, қажетті бөлімге жеткенше табуляция пернесін басыңыз. Бөлім атына ЕНГІЗУ пернесін басумен «Смартфондар», «Планшеттер», «Тасымал құрылғылары», «Ұялы керек-жарақтар» сияқты көптеген қосалқы мәзірлерді табасыз
1.2. Глобалды шарлау тақтасының белгілі бір тобының қосалқы бөлімдерін қарау үшін, негізгі бөлімді таңдағаннан кейін табуляция пернесін басыңыз. 

Мысалы, «Смартфондар» бөлімінің қосалқы бөлімдерін қарау үшін, қажетті бөлімді аңдағаннан кейін табуляция пернесін басыңыз.
1.3 Глобалдық шарлау тақтасынан келесі топқа өту үшін, ағымдағы топтың барлық қосалқы бөлімдерін қарағанша табуляция пернесін басыңыз. Осыдан кейін келесі топқа өтесіз. 

Мысалы, «Смартфондар», «Планшеттер», «Тасымал құрылғылар», «Ұялы керек-жарақтар» сияқты қосалқы бөлімдерден кейін келесі топқа өту үшін, ағымдағы топтың барлық қосалқы бөлімдерін көргенше табуляция пернесін басыңыз. Топтың соңғы қосалық бөлімінен табуляция пернесін басқаннан кейін келесі топқа өтесіз («Samsung Pay»).
1.4 Глобалды шарлау тақтасының алдыңғы бөліміне өту үшін, SHIFT пернесін басып, табуляция пернесін бір рет басыңыз. Осылайша алдыңғы бөлімге өтесіз. Қажетті бөлімдер санына кері оралу үшін, SHIFT + TAB тіркесімін
бірнеше рет баса аласыз. 

Мысалы, «Смартфондар» бөліміне оралу үшін, «Планшеттер» бөлімінен SHIFT + TAB пернелер тіркесімін бір рет басу керек. 

 

2. Глобалды шарлау тақтасында іздеуді пайдалану жолы

search area on global navigation bar

2.1. Глобалды шарлау тақтасынан іздеу мүмкіндігін пайдалану үшін, мәзірдің барлық қолжетімді пункттерінен өтіп, «Іздеу» пиктограммасында болғаныңызша табуляция пернесін басып, ЕНГІЗУ пернесін басыңыз.
2.2. Глобалды шарлау тақтасының іздеу өрісіне ат енгізу үшін, «Іздеу» пиктограммасын таңдағаннан кейін табуляция пернесін бір рет басыңыз.
Осылайша «Іздеу» пиктограммасынан іздеу өрісіне өтесіз. Осыдан кейін негізгі іздеу сөздерін енгізе аласыз.

2.3. Глобалды шарлау тақтасынан іздеу ұсыныстарын қарау үшін,
іздеу өрісіне кілтсөзді енгізіп, тізімдегі алғашқы ұсынысқа өткенше табуляция
пернесін басыңыз.

Табуляция пернесін қайта басумен келесі ұсыныстарға өте аласыз.

2.4 Глобалды шарлау тақтасы көмегімен ұсынылған атты іздеу үшін, ЕНГІЗУ пернесін басып, ұсынылған атаулардың біреуін таңдаңыз.

Осылайша ұсынылған кілтсөздермен байланысты өнімдер мен құрамы көрсетілетін іздеу нәтижелері бетіне өтесіз.

 2.5. Тек глобалды шарлау тақтасына енгізілген кілтсөз бойынша іздеу үшін, іздеу өрісіне сөзді енгізіп, ЕНГІЗУ пернесін басыңыз.
Осылайша енгізілген кілтсөздермен байланысты өнімдер мен құрамы көрсетілетін іздеу нәтижелері бетіне өтесіз.

Сүзгілер мәзірі бойынша нұсқаулық

Веб-сайтымызда сүзгілер мәзірін пайдалану

1. Сүзгілер мәзіріне қатынасты қосу не оның қолданысынан бас тарту жолы

filter menu area

1.1. Сүзгілер мәзіріне қатынас алу үшін, сүзгілер таңдауына өткенше табуляция пернесін басыңыз. Осыдан кейін мәзірдің бірінші опциясына өту үшін, табуляция пернесін қайта баса аласыз.

1.2. Сүзгілер мәзірі қолданысынан бас тарту үшін, сүзгілер таңдауына өткен кезде табуляция пернесін бірнеше рет басыңыз.

Осылайша фокусты сүзгілер топтарына өткізе аласыз. Сүзгілердің соңғы тобына өтіп, сүзгілер мәзірінен шығу және беттегі келесі элементке өту үшін, табуляция пернесін тағы бір рет басыңыз.

2. Сүзгілерді қарау және таңдау жолы

filter options area

2.1. Сүзгілер тобын жайып, сүзгілер мәзірі опциясын көрсету үшін, енгізу фокусын сүзгілер тобына келтірумен ЕНГІЗУ пернесін басыңыз.

Осылайша сүзгілер тобын жаюға және сүзгілер мәзірі опциясын көрсетуге болады.

2.2. Мәзірдегі топтың бірінші сүзгісіне өту үшін, енгізу фокусын сүзгілер тобына келтірумен табуляция пернесін басыңыз.

Осылайша осы топтың бірінші сүзгісіне өтесіз.

2.3. Мәзірдегі топтың келесі сүзгісіне өту үшін, енгізу фокусын сүзгілер тобына келтірумен табуляция пернесін басыңыз. Егер сүзгілер тобы әлдеқашан жайылса, топтағы барлық қолжетімді сүзгілерді өткізіп жібергенше табуляция пернесін бірнеше рет басу керек.

2.4. Мәзірдегі топтың келесі сүзгісіне өту үшін, енгізу фокусын сүзгілер тобына келтірумен табуляция пернесін басыңыз. Егер сүзгілер тобы әлдеқашан жайылса, топтағы барлық қолжетімді сүзгілерді өткізіп жібергенше табуляция пернесін бірнеше рет басу керек.

2.5. Мәзірдегі алдыңғы сүзгіге өту үшін, SHIFT пернесін басып тұрып табуляция пернесін басыңыз. Осылайша алдыңғы пунктке өтесіз. Қажетті бөлімдер санына кері оралу үшін, SHIFT + TAB тіркесімін бірнеше рет баса аласыз.

2.6. Сүзгіні таңдау үшін, бос орын пернесін бір рет басыңыз. Сүзгі таңдауынан бас тарту үшін, бос орын пернесін қайта басыңыз.

3. Барлық таңдалған сүзгілерді өшіру жолы

clear all of filter menu area

3.1. Сүзгілер мәзіріндегі «СҮЗГІЛЕРДІ ЫСЫРУ» опциясына қатынасты алу үшін, барлық қолжетімді сүзгілерді өткізіп жіберу үшін табуляция пернесін бірнеше рет басыңыз. Соңғы сүзгіге тоқтап, «СҮЗГІЛЕРДІ ЫСЫРУ» опциясын таңдау үшін табуляция пернесін басыңыз.

3.2. Сүзгілер мәзірінен таңдалған сүзгілерді өшіру үшін, енгізу фокусын «СҮЗГІЛЕРДІ ЫСЫРУ» опциясына келтірумен ЕНГІЗУ пернесін басыңыз. Осылайша барлық бұрын таңдалған сүзгілерді өшіресіз.

Өткізіп жіберу сілтемелері бойынша нұсқаулық

Веб-сайттағы өткізіп жіберу сілтемелерін пайдалану

1. Өткізу сілтемелеріне қатына және оларды пайдалану

skip to content

1.1. Мазмұнына өту. Өткізіп жіберу сілтемесі - табуляция пернесін басқаннан кейін барлық беттерге өтетін бірінші сілтеме. Глобалды шарлау тақтасын өткізіп жіберіп, бет мазмұнына тікелей өту керек болса, «Мазмұнына өту» сілтемесін таңдаумен ЕНГІЗУ пернесін басыңыз.

1.2. Арнайы мүмкіндіктер туралы анықтамаға өту. Бұл өткізіп жіберу сілтемесі - табуляция пернесін басқаннан кейін барлық беттерге өтетін екінші сілтеме. Бетті толығымен өткізіп жіберіп, арнайы мүмкіндіктер туралы анықтамаға тікелей өту керек болса, «Арнайы мүмкіндіктер туралы анықтамаға өту» сілтемесін таңдаумен ЕНГІЗУ пернесін басыңыз.