ТД қолжетімдігі

The Voice Guide function is highlighted in the Accessibility Shortcut screen.

бейне

Дыбыстық гид

Дыбыстық гид экрандағы жазуларды дауыстап оқиды және дыбыс деңгейін арттыру/азайту, арнаны таңдау және бағдарлама жөнінде ақпаратты дауыстап оқу туралы дыбыстық бұйрықтарды орындайды. Сонымен қатар, функция бағдарламалар (EPG) бойынша электронды гид мәтіндерін дауыстап оқи алады. Дыбыстық гид әр ТД мәзір үшін қолжетімді, енді, Дыбыстық гид үні мен тембрін дауыспен таңдай аласыз.

Теледидар экранының симуляцияланған бейнесінде арнаның ағымдағы нөмірінің сипаттамасы бар мәтін бұлтшасы көрсетілген.

Audio сипаттамасы

Audio Description (AD) – UK телевизиясының көптеген бағдарламалары ұсынатын сервис, яғни көрермендерге экранда болып жатқанды сипаттайтын қосымша дыбыс трегін ұсынады.

Экранның симуляцияланған бейнесінде көрсетілген пейзажды сипаттайтын мәтін бұлтшасы.

Жоғары контраст

«Высокий контраст» (High Contrast) режимі барлық мәзірді қара фонда ақ немесе сары түсті мәтінмен көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл максималды контраст пен мәтін көрінуін қамтамасыз етіп, көру қабілеті нашар көрермендер үшін аса пайдалы болады.

Жоғары контраст (High Contrast) функциясы қосулы экран мәзірінің иллюстрациясы.

Ұлғайту

«Ұлғайту» опциясы экрандағы нысандардың үлкейтілген бейнесін көрсетеді.

Ұлғайту (Englarge) функциясы қосулы экран мәзірінің иллюстрациясы.

"ҚБ пультін
шолыңыз"

«Learn Remote Control» (ҚБ пультін шолыңыз) – теледидарыңыз оқыту режиміне ауысып, көруден барынша әсер алуыңызға көмектесетін жаңа функция. Бұл режимде теледидар ҚБ пультінің кез келген басылған батырмасының әрекетін түсіндіреді. Көру немесе есту қабілеттері шектеулі көрермендер бұл функцияның көмегімен теледидар жұмысын бұзбай пультт пен әр батырма функцияларын пайдалануды жылдам үйренеді.

Learn TV Remote функциясы бар терезенің симуляцияланған бейнеде 3 ҚБ пульт көрсетілген. Оң жақта батырмаларды пайдалану реті бойынша иллюстрациялы гид көрсетілген.

«Learn Menu» экраны

ТД экранындағы мәзір құрылымын шолыңыз. Бұл функция бір рет қосылғаннан кейін теледидарыңыз ҚБ пульті арқылы таңдаған құрылым мен функциялар туралы айтып беретін болады.

Қолжетімділік гиді түймесі (Accessibility Guidance) электронды нұсқаулық экранында (e-Manual) жанып тұрады.

Ақ-қара бейне

ТД экранындағы түсті бейнені ақ-қараға ауыстырып, бейне нысандары сұлбасының көмескілігін азайта және айқындылығын жоғарылата аласыз.

Ақ-қара түс «Бейнені реттеу» (Picture settings) мәзірі опциясының ашық терезесіне, әрі симуляцияланған экранда көрсетілетін ТД бағдарламаға да қолданылады.

Түс инверсиясы

ТД экранында көрсетілетін мәтін мен фон түсін инверсиялау арқылы мәтін көрінуін жақсарта аласыз.

Мәзір экраны инверсияланған түстермен көрсетіліп, мәтінді оқуды жеңілдетеді.

Түстерді көру

«SeeColors» қосымшасы түсті қабылдау қабілеті бұзылған адамдарға Samsung QLED теледидарларының экранындағы түстердің толық спектрін көруге көмектеседі.

Бейне әр елде әртүрлі болуы мүмкін.

SeeColors қосымшасының негізгі экраны ашық.

Бейне әр елде әртүрлі болуы мүмкін.

Есту

Multi-output Audio

«Multi-output Audio» режимі ТД дыбысын теледидарға қосылған Bluetooth құлаққабы арқылы таратуын реттеу кезінде икемділікті қамтамасыз етеді. Дыбысты тәуелсіз дыбыс деңгейі реттеуімен бірнеше аудио құрылғыға тарататын режимді таңдауға болады. Егер отбасы мүшелеріңіздің біреуінің есту қабілеті шектеулі болса, дыбыстық сүйемелдеуді өз құлаққабы арқылы тыңдауы керек. Multi-output Audio режимі ТД динамиктерінен құлаққаптарға тарату мүмкіндігін береді.

«Multi-output Audio» функциясы «Accessibility Shortcut» экранында жанады.

Тақырыпшасы

Субтитрлер Ұлыбританиядағы айтарлықтай барлық ТД бағдарламаларында қосылады. ТД экранында әртістер немесе жүргізушілердің диалогтарының мәтіні көрсетіледі.

"Телехабар форматы аймаққа байланысты өзгереді.
Әртүрлі компаниялардың субтитрлерді қолдау қызметтерінің қолжетімдігі саясаттарына қарай өзгеруі мүмкін. "

Экранның симуляцияланған бейнесіне басылған ТД бағдарламалары субтитрлері төмендегі суретте көрсетілген

"Телехабар форматы аймаққа байланысты өзгереді.
Әртүрлі компаниялардың субтитрлерді қолдау қызметтерінің қолжетімдігі саясаттарына қарай өзгеруі мүмкін. "

«Ишарат тілі» терезесін зумдау

«Sign Language Zoom» функциясы («Ишарат тілі» терезесін зумдау) жүргізушінің қонақтармен диалогын есту қабілеттері шектеулі көрермендер үшін ишарат тіліне аударатын диктордың көрсету аймағын автоматты түрде анықтап, ұлғайтады. «Ишарат тілі» аймағын таңдап, сол аймақтың өлшемін қажетінше өзгертуге болады. Көру қабілеті шектеулі телекөрермендер бұл функцияны экранның берілген аймағын зумдау (ұлғайту/кішірейту) үшін пайдалана алады.

Жаңалықтар бағдарламасы теледидар экранында көрсетіледі. Жаңалықтар бағдарламасы есту қабілеті шектеулі телекөрермендер үшін ишарат тіліне аударылады. Экрандық аудармашысы бар экран көрермендер ишарат тіліне аударатын аудармашыны жақсырақ көру үшін автоматты түрде ұлғайтылады.

Шектеулі физикалық мүмкіндіктер

ҚБ пульті батырмасын басуды қайталау жиілігін реттеу

ҚБ пультіндегі бір батырманы басып тұрып, операцияны үздіксіз орындаңыз және оның орындалу жылдамдығын азайтыңыз. Бұл арналарды/дыбыстың деңгейін ауыстыру жылдамдығын төмендету немесе мәзір опцияларын көлденең не тік тізімде айналдыру жылдамдығын төмендету үшін пайдалы.

ҚБ пульті батырмасын басуды қайталау жиілігін реттеу терезесі ТД шоу көрсетілетін ТД экранының симуляцияланған бейнесінде ашылады. Мәзір опциялары тізімінде Батырманы қайта басу жылдамдығын төмендету функциясын («Slow Button Repeat») қосуға немесе өшіруге болады. Қайта басу аралығын тиісті «қосалқы мәзір» арқылы реттеуге болады.

Жалпы сипаттамалар

Қолжетімділік пәрмендері

Қолжетімділік опциялары бар экран мәзірін бір түрту арқылы ашуға болады. Бұл мәзір барлық опцияларды көруге және теледидарды басқару режимінің қолжетімділік функцияларын реттеуге мүмкіндік береді. ҚБ Smart пульті көмегімен немесе «Жүйе реттеулері» бөліміндегі Қолжетімділік мәзірі (Accessibility Menu) арқылы ТД қолжетімділігінің басым бөлік функцияларын қосуға болады.

«Accessibility Shortcuts» мәзіріне қосылған қолжетімділік опциялары тізімі.