«SAMSUNG PAY: Бірінші бол» НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«SAMSUNG PAY: Бірінші бол» науқанына («Науқан») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Науқанға қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Науқанға қатыса отырып, қатысушы Науқанға қатысудың осы ережелерімен  («Ережелер») келіседі.

 

1. Жалпы ережелер  

1.1.     Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, орналасу мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, Әл-Фараби даңғылы, 36-үй, «АФД» Бизнес орталығы, блок Б, 3-4-қабаттар.

1.2.    Науқанды өткізу кезеңі: 2020 жылдың 29 қаңтары - 26 ақпаны;

1.3.     Науқанды өткізу қалалары: Қазақстан Республикасының барлық қалалары

 

2. Науқанға қатысушы  

2.1. Науқанға қатысушылар ретінде тек 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылатын және тұрақтау ықтиярхаты бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын,  осы Ережелердің талаптарын орындаған тұлғалар («Қатысушы») табыла алады; 

 

3. Науқанды өткізу механикасы: 

3.1. Осы Ережелерге сәйкес, осы Ережелердің барлық талаптарын орындау шартымен Қатысушы Ұйымдастырушының келесі серіктес банктердің («Серіктестер»):

  • Халық Банк
  • Центр Кредит Банк
  • Еуразиялық Банк
  • Форте Банк
  • Сбербанк
  • АТФ банк
  • Альфа Банк
  • Жусан Банк
  • Алтын банк банк

карталарымен төлемді жүзеге асыру барысында «SAMSUNG Pay» бағдарламасын («Бағдарлама») пайдалана отырып бағалы сыйлықтар ойнатылымына қатысу мүмкіндігіне ие

 

4. Науқанға қатысу шарттары: 

4.1. Науқанға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:

        4.1.1 SAMSUNG тауар белгісінің телефоны («Телефон») арқылы https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/ мекенжайы бойынша тіркеліңіз. Тіркеу өз қолымен жүзеге асырылуы тиіс, тіркеуді үшінші тұлғаға сеніп тапсырмаңыз және қандай да бір тіркеу мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;

        4.1.2. Бағдарламаны Телефонға орнатыңыз;

        4.1.3. Серіктес банктердің кем дегенде бір банк картасын Бағдарламаға қосыңыз;

        4.1.4. Бағдарламадағы сілтеме бойынша Ережелермен танысып, Науқанға қатысу ниетіңізді растаңыз, барлық қажетті ақпаратты (аты-жөніңізді, телефон нөмірін, электронды мекенжайыңызды) беріңіз;

        4.1.5. «Проверить статус» («Мәртебені тексеру») батырмасын басып, мәртебеңізді тексеріңіз;

        4.1.6. Науқан барысында Бағдарлама арқылы кем дегенде 20 төлемді (транзакцияны) жүзеге асырыңыз. Науқан кезеңінен тыс немесе осы Ережеге сәйкес тіркеусіз орындалған төлемдер саналмайды;

        4.1.7. Осы Науқанның мақсаттары үшін төлемдердің (транзакциялар) санын есепке алу 1 төлем (транзакция) қағидасы бойынша 10 минут ішінде жүзеге асырылады, яғни келесі төлемнен 10 минуттан кешіктірмей жасалған төлемді (транзакцияны) есептеледі. (Егер 10 минут ішінде 2 немесе одан көп төлемдер (транзакциялар) жасалса, олардың біреуі ғана есептеледі).

        4.1.8. Жеңімпаздар Науқан барысында орындалған төлемдер (транзакциялар) санына негізделе отырып анықталады;

        4.1.9. Науқанның бірнеше қатысушылары үшін төлемдер (транзакциялар) саны бірдей болған кезде, деңгей осындай нәтижеге жету уақытына сәйкес тағайындалады: қатысушы осы мөлшерге неғұрлым ертерек жетсе, оның деңгейі соғұрлым жоғары болады.

        4.1.10. Өткізілген Науқан нәтижелері Ұйымдастырушының  сайтының (www.samsung.kz) Акции (Науқандар) бөлімінде – 2020 жылдың 10 наурызынан кешіктірмей жарияланады.  

4.2. Қатысушы келесі жағдайларда Науқанға қатысу құқығынан айырылып, жеңімпаз атала алмайды: 

  • Науқанның қандай да бір шарттарын бұзу;
  • тіркеулі шарттарын бұзу (соның ішінде шынайы емес мәліметтерді беру, бірнеше аккаунттан қатысу және т.б.);
  • Қатысушымен хабарласу үшін шынайы емес / дұрыс емес мәліметтерді беру;
  • Ұйымдастырушы жеңімпазбен көрсетілген байланыс ақпараты арқылы Науқан нәтижелерін қорытындылау күнінен бастап 30 күн барысында хабарласа алмаған жағдайда;
  • алаяқтық немесе өзгедей құқыққа қарсы әрекет талпыныстары анықталған жағдайларда 

 

5. Сыйлықтар:

5.1. Науқан бойынша сыйлықтар («Сыйлық») болып SAMSUNG тауар белгісінің келесі тауарлары табылады :

  • SAMSUNG Galaxy Note10 смартфондарының 30 бірлігі
  • SAMSUNG Galaxy S10 смартфондарының 10 бірлігі
  • SAMSUNG Galaxy A50 смартфондарының 40 бірлігі
  • SAMSUNG Galaxy A20s смартфондарының 150 бірлігі

5.2. Сыйлықтарды алу шарттары:

  • Бағдарлама арқылы ең көп төлем (транзакция саны) жасаған 30 Қатысушы SAMSUNG Note10 смартфонын алады;
  • Бағдарлама арқылы ең көп төлем (транзакция саны) жасаған келесі 10 Қатысушы SAMSUNG Galaxy S10 смартфонын алады;
  • Бағдарлама арқылы ең көп төлем (транзакция саны) жасаған келесі 40 Қатысушы  40 SAMSUNG Galaxy A50 смартфонын алады;
  • Бағдарлама арқылы 20-дан көп төлем (транзакция саны) жасаған қалған Қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау әдісімен SAMSUNG Galaxy A20s смартфондарының 150 бірлігі ойнатылады.

Сыйлықтарды жеткізу жеңімпаздарды жариялаудан кейінгі 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Сыйлықтарды жеткізу Ұйымдастырушы есебінен, Жеңімпаздан қандай да бір сомалар алусыз жүзеге асырылады. Курьер немесе өзгедей тұлғалар жеткізу үшін төлеуді, салықтарды немесе өзгедей төлемдерді төлеуді талап еткен жағдайда ондай төлемдерді жүзеге асырмауды және дереу Ұйымдастырушымен хабарласуыңызды сұраймыз. Жеткізу смартфондарды / өзгедей тауарларды баптау немесе қосу бойынша қандай да бір жұмыстарды / қызметтерді қамтымайды.

 

Жеткізу мезетінде қатысудың қандай да бір шарттары бұзылған жағдайда Ұйымдастырушы Сыйлықты беруден бас тартуға құқылы.

 

Сыйлықты алу құқығы өзге тұлғаларға беріле алмайды.

 

Жеңген жағдайда, жеткізу мезетінде: (1) жеке куәлігіңіздің көшірмесін беріңіз, (2) Сыйлықты тапсыру-қабылдау Актісін толтырып, қол қойыңыз. Жеке куәлігіңіздің деректері тіркелу барысында қатысу қалыбында көрсетілген деректерге сәйкес болулары тиіс.

 

6. Өзгесі 

6.1. Науқанның барлық Қатысушылары оған қатыса отырып, Науқан Ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Науқан Ережелерін бұзған немесе Сыйлықты алу барысында алаяқтық және/немесе алдау актісін жүзеге асырған жағдайда ол оны алу құқығынан айырылады;

6.2. Науқанға қатыса отырып және кез келген ақпаратты, соның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты бере отырып (соның ішінде Бағдарламада / тіркеу барысында немесе өзгедей жолмен) Қатысушы өзінің дербес деректерін келесі көлемде: тұрақтау қаласын, толық аты-жөнін,  телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, тұрақтау мекенжайын Ұйымдастырушымен Науқанның барысын, оның шарттарының орындалуын бақылау, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтар таратулары және маркетингтік мақсаттарда тікелей байланыстарды жүзеге асыру мақсатымен жинауға, сақтауға, үшінші тұлғаларға табыстауға және өңдеуге келісімін береді. Келісім табысталған деректерді өңдеудің аталған мақсаттарында  қажетті барлық өңдеу түрлерін қамтиды, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: алуға, жазуға, сақтауға, нақтылауға, пайдалануға, табыстауға (соның ішінде қолданыстағы заңдарға сәйкес шекара арқылы табыстауға), өшіруге, жоюға, соның ішінде Ұйымдастырушының өкілетті тұлғаларына / өзге өкілетті тұлғаларға / үшінші тұлғаларға. Келісім сондай деректерді Ұйымдастырушыға табыстау мезетінен бастап, қолданыстағы заңдармен белгіленген тәртіпте сондай келісімді қайтарып алу мезетіне дейін әрекет етеді;

6.3. Ұйымдастырушы сәйкес хабарламаны Ұйымдастырушының интернеттегі: https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/ мекенжайы бойынша орналасқан ресми парағында немесе Бағдарламада орналастыру жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар ете отырып, осы Ережелерді бір тарапты  тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлама күні болып сәйкес ақпаратты аталған мекенжай бойынша немесе Бағдарламада орналастыру күні немесе өзгерту барысында Бағдарлама парағында көрсетілетін өзге күн табылады. Қатысушы аталған өзгертулермен келіспеген жағдайда Науқанға қатысудан бас тарту арқылы өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Ол күн өткеннен кейін Науқанға қатысуын жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгертулермен келісімі ретінде қарастырылады;

6.4. Бағдарлама конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген қандай да бір өзге құмарлық ойыны болып табылмайды;

6.5. Сонымен қатар, Науқанға қатыса отырып, Қатысушы өздерін бейнелейтін / қатысқан фотосуреттерді / бейнелерді / промо роликтерді Ұйымдастырушының Сайтында және әлеуметтік желілердегі  Ұйымдастырушының / Серіктестің ресми парақтарында орналастыруға келісімін береді;

6.6. Бағдарлама аясында алынған Сыйлық сондай түрдегі тауарларға қатысты қолданылатын стандартты кепілдікпен қамтылады;

6.7. Қатысушымен / Жеңімпазбен Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасы бойынша пікірін білу үшін Сапа бөлімі хабарласуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз пікірін білдіруден бас тарта алады.

 

Ұйымдастырушының байланыс орталығының
байланыс деректері:

 

­8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы байланыс  операторынан қоңырау шалу тегін  .