
Неліктен Samsung Pay?
Еш нәрсені уайымдамай төлеңіз:
төлемнің әр әрекетін бақылайсыз
Көздің нұрлы қабығы сканерін пайдаланып, төлемді көзіңізбен қарап авторизациялай аласыз. Бұл Samsung Pay арқылы транзакция жасау кезінде қорғау үшін биометриялық аутентификацияның ең қауіпсіз әдістерінің бірі.


Токендеу
Нақты банк картасы деректерінің орнына кездейсоқ тәсілмен жасалған арнайы сандық код – токен қолданылады. Сіздің жеке мәліметіңіз қауіпсіз болып қалады. Samsung Pay төлем терминалына жіберетін деректер әр сатып алу үшін ерекше.

Samsung Knox
Samsung Knox кірістірілген қауіпсіздік жүйесі операциялық жүйеге қарамастан Samsung Pay деректерін қорғайды және зиянды операциялық жүйені анықтағанда, ресми емес бағдарламалық жасақтаманы орнатқанда немесе құрылғыда Root құқықтарын қабылдаған кезде Samsung Pay қызметін бұғаттайды, содан соң сондай құрылғыда Samsung Pay қызметін қолдану мүмкін емес болады (өндіруші параметрлерін қалпына келтірген жағдайда да).
Төлем жасау —
тіпті оңай

Жоғарыға сырғыту
Samsung Pay қызметін ашу үшін

Бүйір жағына сырғыту
Қажетті картаны таңдау үшін

Авторизациядан өтіңіз
Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен: қолданбаның саусақ ізі, көздердің нұрлы қабықтары немесе PIN-коды
Қалаған жеріңізде төлеңіз

Samsung Pay төлем карталары қабылданатын кез келген жерде жұмыс істейді.
Қай жерде болсаңыз да, үйіңіздің жанындағы дүкенде, көрші орналасқан гүлдер дүкенінде немесе сүйікті бутигіңізде - кез келген сатып алуды Samsung Galaxy серияларының смартфоны және Galaxy Watch арқылы төлей аласыз.