Samsung ресми өнімін таңдаңыз

Смартфонды, үй немесе кеңсе техникасын таңдаған кезде компанияның ресми серіктестерінің дүкендерінде көрсетілген Samsung Electronics ресми өнімдеріне назар аударыңыз.

Ары қарай

Samsung ресми техникасын
сатып алу артықшылықтары

Жоғары сапа және кепілдік

Жоғары сапа және кепілдік

Біз жаңа технологияларды дамыту мен зерттеуге инвестиция салумен өнімдеріміздің сапасын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс істеудеміз. Samsung Electronics компаниясы техниканы пайдалану кезінде ыңғайлылықты ескере отырып, тұтынушылар электроникасы және ұялы құрылғылар нарығында көшбасшылық орындарды тұрақты сақтауда.

Ақпараттық қолдау 24/7

Ақпараттық қолдау 24/7

Samsung техникасы туралы сұрақтарға тәулік бойы жауап береміз. 7799 бірегей қолдау қызметіне хабарласыңыз, біздің имейлге жазыңыз немесе онлайн-чатта сұрақ қойыңыз. Баптауларды түсінуге көмектесеміз, қызмет көрсету орталықтарының орындары, кепілдік, техника аумағы және т.б. туралы ақпаратты береміз.

Қазақстан үшін жергіліктендірілген мазмұн

Қазақстан үшін жергіліктендірілген мазмұн

Біз жергіліктендірілген қызметтер, мазмұн және бағдарламалық жасақтама жасап, жаңа әзірленімдер қолданысын түсінікті әрі қарапайым ету арқылы техникамызды жергілікті нарықтар қажеттіліктеріне бейімдейміз. Осылайша, сіз алынған тауардың сенімді жұмысына сенімді боласыз.

Samsung ресми техникасын
қалай ажыратуға болады?

Samsung ресми техникасында түпнұсқалығын, белгілі бір аумақ пен сату нарығына сәйкестілігін анықтайтын көптеген белгілер бар.

Мысалы, техника түрі мен шығарылған жылына қарай тауар қаптамасына арнайы сәйкестік белгісін белгілейміз, тауар коды мен бағдарламалық жасақтамасына пайдалану аумағын жазамыз, жергілікті тілдегі нұсқауларды саламыз және т. б.

Дегенмен, ең оңай жолы — 7799 қысқа нөмірі (ҚР кез келген ұялы байланыс операторы үшін тегін) немесе 8-10-800-500-55-500 нөмірі (қалалық телефоннан тегін) бойынша бірегей қолдау көрсету орталығына хабарласу.

Операторға сатып алынған Samsung тауары туралы техникалық ақпаратты хабарлауға дайын болыңыз.

Samsung ресми техникасын қалай ажыратуға болады? Samsung ресми техникасын қалай ажыратуға болады?

Ресми серіктестердің дүкендері

  • Technodom
  • Sulpak
  • Alser
  • Mechta
  • Fora
  • Evrika
  • Kcell | Activ
Samsung ресми өнімін таңдаңыз