Entertainment

Өнердің сиқырлы құпияларын ашу - ІІ бөлім

Шипа беретін күннің батуының суреттері арқылы айналаңызды керемет алқапқа айналдырыңыз.

Таста еркін отырған отбасы алыс таудағы күннің батуына қарап, табиғаттың сұлулығына тамсануда. Таста еркін отырған отбасы алыс таудағы күннің батуына қарап, табиғаттың сұлулығына тамсануда.

Күнделікті өмірдің күйбең тіршілігіне шомып кету оңай. Дәл осындай кездері біздің жанымызға сая беретін тек өнер ғана. Табиғат Ананың шеберлігімен жасалған күннің батуы ең тамаша көріністердің бірі. Батып бара жатқан күн аспанды алтын түске бояп, жанға жылулық беріп, көңілге жарық сыйлайды. Күннің батуы бірнеше минутқа созылғанымен де, оның әсемдігін кез келген уақытта осындай тамаша табиғи құбылысты қылқаламмен бейнелеген суретшілердің өнер туындыларынан көруге болады.

Студия бағанында тұрған Samsung The Frame теледидарында Джозеф Мэллорд Уильям Тернердің күн батуы салынған суреті көрсетіліп тұр, бұл қонақ бөлмесінің жиһаздарымен керемет үйлесіп, теңіз бен күннің батуы көрсетілген фонға қойылған. Студия бағанында тұрған Samsung The Frame теледидарында Джозеф Мэллорд Уильям Тернердің күн батуы салынған суреті көрсетіліп тұр, бұл қонақ бөлмесінің жиһаздарымен керемет үйлесіп, теңіз бен күннің батуы көрсетілген фонға қойылған.
Қабырғада, Николь Рене Райанның «Ары-бері» атты суреті The Frame теледидарында Өнер режимінде көрсетіліп тұр, ол қонақ бөлмесінің терезесінен көрініп тұрған мұхиттағы күннің батуымен тамаша үйлесіп тұр. Қабырғада, Николь Рене Райанның «Ары-бері» атты суреті The Frame теледидарында Өнер режимінде көрсетіліп тұр, ол қонақ бөлмесінің терезесінен көрініп тұрған мұхиттағы күннің батуымен тамаша үйлесіп тұр.
- Ары-бері I(2016), Николь Рене Райан

Көрушінің көзі көркем

Күн сайын бұлттар мен жел батып бара жатқан күннің қызғылт түсімен билеп, сөзбен айтып тауысса алмастай көрініс береді. Аспандағы керемет кереғар түстер көптеген суретшілерге шабыт берген. Суретшінің қолынан шыққан тамаша күннің батуы тек табиғатты ғана емес, авторының эмоцияларының да көрінісі.

«Өнер адамның жанынан күнделікті өмір түсіретін қаяуды кетіреді».

- Пабло Пикассо

Джинселок Лидің «Көкжиек 2» туындысы ыңғайлы қонақ бөлмесінің қабырғасында ілініп тұрған Samsung The Frame теледидарынан көрсетіліп, эмоциялық тұрақтылық сезімін беріп тұр. Джинселок Лидің «Көкжиек 2» туындысы ыңғайлы қонақ бөлмесінің қабырғасында ілініп тұрған Samsung The Frame теледидарынан көрсетіліп, эмоциялық тұрақтылық сезімін беріп тұр.
Диванда кофе ішіп, демалып отырған әйел, және Samsung The Frame теледидарының Өнер режимінде Аракем Алкантараның «Por do Sol na Lagoa Gaiva» суреті көрсетіліп, санаға жаңа серпін беріп тұр. Диванда кофе ішіп, демалып отырған әйел, және Samsung The Frame теледидарының Өнер режимінде Аракем Алкантараның «Por do Sol na Lagoa Gaiva» суреті көрсетіліп, санаға жаңа серпін беріп тұр.

Көкжиектің жарығына шому

Күн батып бара жатқанда көкжиекті бояйтын сары жарық түстерін байқап па едіңіз? Ол әсерлі де шипалы бола тұра әлем мен уақыттың шексіздігін есімізге салып, болашақтан үмітіміз үзілген шақта дем береді. Көптеген суретшілердің күннің судағы бейнесіне шабыттанатыны да сондықтан болар. Оңтүстік Америкадағы Гайба көліндегі күннің батуын немесе Лофотен аралдарының жағажайындағы Норвегиялық теңіздің табиғатын тамашалаңыз.

The Frame теледидарында СЕРЖ РАМЕЛЛИДІҢ «Париж шатырлары» атты суреті Samsung Өнер режимінде көрсетіліп тұр. The Frame теледидарында СЕРЖ РАМЕЛЛИДІҢ «Париж шатырлары» атты суреті Samsung Өнер режимінде көрсетіліп тұр.
- Париж шатырлары (2016), СЕРЖ РАМЕЛЛИ
Әйел СЕРЖ РАМЕЛЛИДІҢ «Гондолалардың артындағы күн батуы» суретіне Samsung The Frame теледидарының Өнер режимінде қарап, дәптерге түсірер алдында ойын жинақтап отыр. Әйел СЕРЖ РАМЕЛЛИДІҢ «Гондолалардың артындағы күн батуы» суретіне Samsung The Frame теледидарының Өнер режимінде қарап, дәптерге түсірер алдында ойын жинақтап отыр.
Samsung The Frame теледидарында Густав Кейботтың «Париж көшелеріндегі жаңбырлы күн» (1877) суреті Art Store дүкенінде көрсетілген. Samsung The Frame теледидарында Густав Кейботтың «Париж көшелеріндегі жаңбырлы күн» (1877) суреті Art Store дүкенінде көрсетілген.
Art Store дүкені
The Frame Art Store дүкенінен алған заттарыңызбен өзіңізге ұнайтын жинақты жасаңыз.

Бүкіл әлемге танымал күн батулары

Күннің батуын кез келген жерден көруге болатынына қарамастан, әлемнің түпкірлерінде басқаларынан танымал жерлері де бар. Мысалы, жарықтардың қаласы Париждің жылу беретін сары мен қызғылт түске боянған сәті ғажайып кездердің бірі. Күн батысының қанық түстері қаланың қарапайым аудандарын да таңғажайып жерге айналдырады. Кейбіреулердің айтуынша Париждің күн батысын қаланы 360 градусқа айналып көруге болатын Монтрапанас мұнарасынан тамашалауға не жетсін.

Немесе Венаның сурет тәрізді табиғатын көру үшін Жерорта теңізінің жағалауына баруға болады. Сан-Марко алаңынан гондолаға отырып, күн батып бара жатқан жағалау мен күлгін түске шомылған теңізді көруге барыңыз. Наполеон «Еуропадағы ең әдемі сурет салу залы» деп атаған Венадағы Сан-Марко алаңы күннің батуын көруге болатын әлемдегі ең танымал орын.

«Жарық үнемі өзгеріп тұрады және атмосфера мен заттардың әсемділігін минут сайын құбылтады».

- Клод Моне

Қонақ бөлмесінің қабырғасында The Frame ілініп тұр және ол жерде Клод Моненің «Таңертеңгі шөптер, қар әсері» суреті көрініп тұр. Әйел Моненің суреттерін, күннің батуының жарығын пайдаланатын импрессионизм өнеріне тамсанып қарап тұр. Қонақ бөлмесінің қабырғасында The Frame ілініп тұр және ол жерде Клод Моненің «Таңертеңгі шөптер, қар әсері» суреті көрініп тұр. Әйел Моненің суреттерін, күннің батуының жарығын пайдаланатын импрессионизм өнеріне тамсанып қарап тұр.

Күннің батуының тамаша жарықтары

Клод Моне, импрессионизмнің негізін қалаушы, бір пейзажды әртүрлі уақытта салып, жарықтың әсерін зерттеген. Импрессионисттер күннің әртүрлі уақытында, әсіресе күн батқан кезде жарықтың әсерімен түстердің өзгеретініне тамсанатын. Күн батысының жарығы көптеген суретшілер мен арманшылдарды аспанға қаратып, шабыт берген ғажап көрініс береді. Осындай сиқырлы көріністі The Frame Art Store дүкенінде көрсетілетін күннің батуының суретінен үйіңізде кез келген уақытта тамашалай аласыз.

Аппақ қабырғада Клод Моненің «Ақ ненюфарлар» (1899) суреті The Frame Өнер режимінде, қонақ бөлменің тыныштық сыйлайтын дизайнына тамаша үйлесіп ілініп тұр. Аппақ қабырғада Клод Моненің «Ақ ненюфарлар» (1899) суреті The Frame Өнер режимінде, қонақ бөлменің тыныштық сыйлайтын дизайнына тамаша үйлесіп ілініп тұр.

* Суреттер тек көрсету мақсатында үлгіленген. Өнімнің өнімділігіне әсер етпейтін сыртқы түрі, дизайны және GUI (Пайдаланушының графикалық интерфейсі) ерекшеліктері ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
* Art Store дүкені кей елдерде болмауы мүмкін.
* Art Store дүкеніндегі өнер туындылары алдын ала ескертусіз өзгеруі мүмкін.
* Өнер режимі (смарт қызмет) және GUI (Графикалық пайдаланушы интерфейсі) модель мен аймаққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
* Art Store дүкеніне жазылу керек.
* Студия бағаны бөлек сатылады.

The Frame теледидарынан шабыт беретін көріністерді тамашалаңыз

Өзіңіздің сүйікті пейзажыңыздың фотосуретіне немесе суретіне қарап рақат алыңыз.

Бұдан кейін мына оқиғаларды оқыңыз