Фото және бейне / Натюрморт

Кеңірек қараңыз: Galaxy S10 камерасымен көбірек түсіру жолы

Image

Егер бір суретпен мың сөзден артық мазмұнды айту мүмкін болса, Galaxy S10 ультракеңбұрышты объективімен бір кітаптан көп айтуға болады. Тамаша пейзаждар, бірегей портреттер — 123 градустық шолу бұрышы бар объектив түсірудің шексіз еркіндігін ұсынып, визуалдық оқиғаларды сіздің ойыңыздағыдай айтуға мүмкіндік береді. Galaxy S10 ультракең объективінің мүмкіндіктерін максималды түрде пайдаланудың үш әдісін оқыңыз.

Кеңірек және қанығырақ

Жақсы суреттің ең басты құпияларының бірі — композиция. Сурет енін ұлғайтумен қатар ультракеңбұрышты камера фото тереңдігін тудыруға көмектеседі. Негізгі объективтен 4,3 есе үлкен аумақ арқасында ультракеңбұрышты объектив қызықты алдыңғы, орташа және артқы пландары бар суреттерді оп-оңай түсіруге мүмкіндік береді.

Телефотографикалық камера (Сол жақта) және ультракеңбұрышты камера (Оң жақта)

Іс панорамаға келген кезде қосымша кеңістік композициямен тәжірибе жасауға мүмкіндік беріп, мінсіз сурет жасау үшін көбірек еркіндік ұсынады.

Image

Таңқаларлық пейзаждар түсіріңіз

Бәлкім әрқайсымыз тамаша пейзажды түсіруге тырысықан шығармыз, бірақ сонымен қатар смартфон камерасының оны толықтай ала алмайтынын немесе қажетті ракурсты бермейтінін түсінеміз. Ультракеңбұрышты объективпен енді қайта ымыраға келудің қажеті болмайды.

Image

Бұданда тамаша нәтижелер үшін пейзаждарды панорама режимінде түсіріп көріңіз. Бөлшектердің көп көлемін қамтумен қатар панорамалық суреттер фотодағы кеңістікті визуалды түрде арттырады.

Image

Жаңа көріністерді ашыңыз

Ультракеңбұрышты объектив кадрға қалағаныңыздың бәрін сыйдыруға мүмкіндік береді. Композицияға бірнеше сызықты бірнеше жақтан немесе әртүрлі бұрыштан енгізіп, фото динамикасын арттырыңыз. Бұл әдіс суреттер композициясын жақсартып қана қоймай, қызықсыз статикалық суретке өмір енгізеді.

Image

Панорамалық кадрлар сызықтармен ойнауға көбірек еркіндік қосады. Ауқымды кеңістікке басу кезінде суреттегі иілген пішіндер қарапайым нысандардан сюрреалистік белгілерге айналып, фотосуретке тылсымдық атмосфера қосады.

Сондай-ақ оқыңыз