Фото және бейне / Натюрморт

Foodstagram өнері

Изабелль Ченгтың тамақтың мінсіз суретін жасау туралы дәмді кеңестері

Изабелль Ченг @allons.y
Food photography from Isabelle Cheng

Мінсіз фуд-фотосуреттің сыры неде? Көп тәжірибе, шыдамдылық және жақсы камера. Фуд-стилистердің кейбір құпияларымен бөлісем және тамақты басқалардың тәбетіоянатындай етіп суретке түсіруді үйретем.

Food photography shot with the Galaxy Note8
Food Mode on the Galaxy Note8
«Тамақ» режимі

Galaxy Note8 камерасы кез келген астың түстері мен бөлшектерін айқындайтын кіріктірілген «Тамақ» режимімен жабдықталған.

Толығырақ ақпарат

Фуд-стилисті ретінде үйренген ең үлкен сабағым — фотосуреттерде адамдарды тек тамақ емес, сонымен қатар сіз жасаған атмосфера қызықтырады. Айналаңыздағымен ынталаныңыз. Фотосуретке көбірек әртүрлі элементтерді салу үшін кадрды әдемі ыдыспен немесе едендік тақтайшамен қанықтырыңыз. Бөлшектер кадрға өмір беріп, сурет көңіл-күйін орнатады.

Food Mode on the Galaxy Note8
«Тамақ» режимі

Galaxy Note8 камерасы кез келген астың түстері мен бөлшектерін айқындайтын кіріктірілген «Тамақ» режимімен жабдықталған.

Толығырақ ақпарат
Using the grid to lineup food photography on the Galaxy Note8

Күңгірт түске арналған жарқын ойлар

Менің барлық фотосуреттерім жарық табиғи сәуледе жасалғандай көрінеді. Негізінде қараңғы бөлмелерде жиі түсіруіме тура келеді. Егер тамаша суреттен алыс болса, мені Galaxy Note8 смартфонымдағы кәсіби баптаулар құтқарады. Қос апертураның арқасында суреттер жарықтылыққа қарамастан жарқын және анық болады. Ал егер бөлмеде тым қараңғы болса, жарық сезгіштігін максимумға қойып, ақ балансын реттеймін.

КЕҢЕС

Кадрға барлығы сыюы үшін орындыққа немесе баспалдаққа шығуға болады.

Image

Кадрға қозғалысты қосыңыз

Кадрға қозғалысты қосқан кезде фотосурет шынайылығын арттырасыз, қазір және дәл осы жерде болып жатқандай сезімге бөлейсіз.
Кадрда қолдардың болуы суретті тірілтеді: досыңыздан балқаймаққа үйеңкі шәрбат жағуын немесе кофеге қант себуін сұраңыз. Бұндай кездерде анық кадр түсіру оңай болмауы мүмкін, сонда мен бірден бірнеше сурет түсіретін сериялық түсіру (Burst Mode) режимін қолданам. Бұл режиммен фотосуреттегі қозғалыстар ешқашан шайылмайды.

«Кадрға қозғалыс қосудың ең үздік әдісі – қозғалу. Әрине тамақ қозғалмайды, алайда сіз қозғаласыз»

- Изабелль Ченг

Image

Көңіл-күй тудырыңыз

Менің Samsung Sessions бейнемді көріп, үштік ережесі және негативті кеңістік көмегімен кадрда композиция жасау әдісін үйреніңіз.

Фуд-стилист сияқты түсіріңіз

Өз ермегіңіз үшін түсіресіз бе әлде фудстаграм-жұлдызы атағын алу үшін түсіресіз бе бәрібір: Galaxy Note9 смартфонында фотосуреттеріңіз әрдайым жоғары сапалы болуы үшін барлық қажетті нәрсе бар.

Image

Мақала авторы

Изабелль Ченг

Фриланс-стилист, диджитал-креатор, лайфстайл-және фуд-фотограф

Сондай-ақ оқыңыз