Фото және бейне / Натюрморт

Фоточелендж: Instagram үшін
есте қаларлық суреттің 10 идеясы

Қай жерден шабыт алу керек және қалай Instagram билеушісі болу жолы.

Four young women laughing on a phone screen photo

Техника енді блогыңызға арналған суреттерді жарқын және әдемі ету үшін барлығын істей алатын сияқты. Фокус, жарықтық, контраст, шуылдарды тегістеу, боке́ әсері — бұның барлығы смартфонға енгізілген. Егер бұл аз болса, әрдайым кәсіби бағдарламалар табуға болады.

Яғни бүгінгі таңда мінсіз кадрды кез келген адам түсіре алады. Алайда даралық пен пайдалылық ше? Өз даралығыңызды ұмытпаңыз. Бұл мақалада тұлғаның ерекше қырларын ашудың және оқырмандарды блогке қызықтырудың он әдісін сипаттадық.

A woman and boy walking away from camera over a hill

1. Айналаңыздағы әлем

Қанша адам — сонша пікір. Біреулер табиғат пейзаждарын үздіксіз тамашалауға дайын, басқаларын сәулет қызықтырады, ал үшіншілерін интерьерлер. Ал сіздің ерекшелігіңіз бен құмарлығыңыз неде? Саяхатшы, натуралист, экстремал немесе армандаушы — пейзаж фото тақырыптары сіз туралы мағлұмат беріп, сіздің жеке басыңыз маңызды болатын аудиторияны тартады.

Image

2. Достар мен туысқандар

Туысқандарымыз бен достарымыздың суреттерін не үшін жариялаймыз? Біріншіден, бұл оқырмандардың қызығушылығын қанағаттандыру мүмкіндігі — себебі олар тек сізге ғана емес, айналаңыздағы адамдарға да қызығады. Сондықтан жақындарыңыз туралы және оларды не үшін жақсы көріп, бағалайтыныңыз туралы айтудан ұялмаңыз.

Екіншіден, бұл флешмобтар үшін көптеген ойлар ұсынады: «Жастардың киімін киіп алған ата-аналар», «Достарымның ерекше әдеттері» немесе жай ғана «Сен менің бар байлығымсың»... Қиялыңды қос!

Close up of a woman and a girl smiling and singing at a festival

3. Осы күннің нақыл сөзі

Блогты шектен тыс даналық нақыл сөздерге толтыру, әрі олардан мүлдем бас тарту да қажет емес, өйткені оқырмандарыңызға аккаунтыңыздың тек әдемі суреттер емес, оданда үлкенірек дүние екенін көрсете аласыз.

Ең бастысы — саналы түрде қолдану. Жай ғана кітаптан алынған сөйлем емес, бәлкім маңызды сәтте шешім қабылдауға немесе тек сізге маңызды нәрсені ұғынуға көмектескен нақыл сөз. Жеке тұлғалық даму тренингінің ұраны ғана емес, алайда жеке сізді ынталандырған маңызды кеңес. Біреуге пайдасын тигізуі мүмкін сіздің жеке ойыңыз... Визуалдық эстетиканы оймен толықтырыңыз!

4. Жай ғана тамақ емес

Көптеген кафе мен мейрамханалардағы астар шығармашылық туындысы сияқты, сондықтан Instagram желісінде #менсүйетінтамақ немесе #гастрономиялықжұмақ сияқты суреттер қаптауда. Аспаздық фотоларыңыздың пайда әкелуін қалайсыз ба? Кафедегі қызмет көрсету сапасын бағалаңыз. Ас дәмі туралы әсеріңізбен бөлісіңіз. Және де өзіңіздің гастрономиялық жауһарларыңыз туралы айтсаңыз, міндетті түрде танымал боласыз!

Close up of three food dishes with a phone taking a picture of one

5. Түнгі сурет

Оқиғаға толы түнгі өмір — фотосессия үшін тамаша себеп. Егер суреттерді Samsung Galaxy смартфонымен жасасаңыз, әлсіз жарықтық кезінде фотосурет сапасы жайлы алаңдамауға болады. Барлығы болады — түнгі тақтайшалар, ұйықтап жатқан қала, жұмсақ жарықтығы бар жайлы кафе және түнгі клубтың неон шамдары.

A photo of a flamingo neon light

6. Коллаж

Заттарды әрдайым салыстырып зерттеу қызығырақ немесе алуан түрлілікте айқындала түседі, сондықтан біз коллажды жақсы көреміз. Әртүрлі сезім кезінде жүзіңіздің қалай өзгеретінін, бір ғана зат әртүрлі ракурста немесе әртүрлі жарықпен қалай түрленетінін көрсетіңіз, оқырмандарға бір адамды әртүрлі жасында көрсетіңіз. Бұндай композициялар назарларын ұзаққа аулайды.

7. Ақ-қара сурет

Назарды мұқабадан мазмұнға аударудың ең үздік әдісі — мұқабаны алып тастау. Фотосуретте түстік палитрасы — мұқаба, ал контрастілер, сызықтар мен фактуралар — мазмұны. Түсті алып тастасаңыз, композицияның үйлесімдік пен тыныштыққа ие болғанын көресіз. Сонымен қатар, ақ-қара гаммадағы селфи ерекше атмосфералық болады.

8. Ірі масштаб

Кішкентай заттарда үлкен мағына табыңыз. Қызық бейнесі бар түйме, гүлшанақтағы қызыл қоңыз, әшекей-бойтұмар, сүйікті бренд таңбасы, кербез маникюр немесе ерекше татуировка — осының барлығы сіздің даралығыңызды ашуда сөздерден кем түспейді.

6. Close-up of an orange flower

9. Мимими

Кішкентай балалар және үй жануарлары тіпті ең қатал адамдардың жүрегін елжіретеді. Сәбиді немесе марғауды суретке түсіресіз бе, миллиондық аудитория бар деп есептей беріңіз!

Close up of a cat sleeping on a sofa back

10. Ерекше оқиға

Соңғы қоңырау және бітіру кеші, сырға салу және той, бал айы және сәбидің туылуы, байқауда жеңу және атақты адаммен кездесу, жаңа автокөлік немесе жаңа үйге кіру — бұның бәрі сіз үшін маңызды, яғни қуанышыңыз бен мақтанышыңызды оқырмандарыңыз да бөліседі. Әрине, туысқандар мен достарыңыз да!

Instagram үшін ерекше кадрлар түсіріңіз

Samsung Galaxy S10 смартфонымен барлығын, тіпті мүмкін еместі де жасаңыз. Баяулатылан және бірқалыпты бейне, ультракең панорама, суреттер сапасын автоматты жақсарту, селфимоджи жасау — осының барлығы және тағы басқалары блогты жаңа деңгейге шығара алатын шынайылыққа айналды.

Сондай-ақ оқыңыз