Фото және бейне / Натюрморт

Видео бойынша негізгі

Galaxy S10 өндірушілерінің пайдалану нұсқаулығы

Image

Смартфондар дәуірінде ең маңызды шақтарды бейнеге түсіру біз үшін әдетегі іс болып қалды. Қазіргі смартфон камералары шығармашылық әлеуетті ашуға көмектеседі. Түсіру мүмкіндіктері шексіз деуге болатын әртүрлі фото және бейне контентті жасап, онымен бөлісеміз. Және Galaxy S10 смартфоны бұны дәлелдеуге дайын.

Super Steady суретті тұрақтадыру технологиясы бар камералары және жақсартылған функциялары бар Samsung Galaxy S10 смартфондары бұрынғыдан да жақсы түсіруге мүмкіндік береді. Galaxy S10 смартфонын бейне түсіру үшін ең үздік ететін функциялармен танысыңыз.

Аудиторияны оқиға ортасына әкелеміз

Galaxy S10 смартфонымен енді қосымша экшн-камералар алып жүру немесе гиротұрақтандырғышпен арпалысу қажет емес. Super Steady технологиясымен кәсіби деңгейдегі тұрақтандыру тура смартфонда орындалады.

Осылай, көшеде велосипедпен келуіңізге, достарыңызбен лонгбордта немесе скейтбордта жүргеніңізге қарамастан аудиторияңызбен жер сілкінісі кезіндегідей емес біркелкі және анық түсірілген осы сәттермен бөлісе аласыз. Тіпті көшеде келе жатқаныңызды жай ғана түсірсеңіз де Super Steady функциясы бейненің әрдайым бірқалыпты болуына кепілдік береді. Galaxy S10 смартфоны бейнеңізді осылай «тегістей» алады.



Көбірек slow–mo

Үй жануарын немесе шынайы соғыс көрінісін түсіріп жатқаныңызға қарамастан Galaxy S10 смартфонындағы Super Slow-mo функциясы контентіңізге әрдайым эпикалық реңк береді. Galaxy S10 смартфоны 0,4-секундтық бейнені 14,8 секундқа соза алады, енді сіз керемет сәтті өткізіп алудан қорықпай әрекетті егжей-тегжейлі қарай аласыз.

Galaxy S10 смартфоны бейнеңізді жаңа деңгейге қалай көтере алады? Бұны анықтаудың бір ғана жолы бар — өзіңіз түсіріп, көз жеткізіңіз!

Сондай-ақ оқыңыз