Өмір сүру салты / Өмір сүру қалпы

Жас жазушыға
арналған 10 сабақ

Жазушылық талантты дамыту жолы — біздің кеңестер

Image

Бұрын өзін басқа салада елестете алмағандар немесе басқаға әуестікті сезбегендер ғана жазушылықты өз мамандығы ретінде таңдайтын. Бүгін жақсы жазу қабілеті тек ақындар, лауреаттар және тілшілерге емес, сонымен қатар өз блогын, брендін жүргізушілерге немесе оқырмандармен өз ойларымен бөлісу қажеттігін сезінетіндер үшін де керек. Тәжірибелі копирайторлардың айтуынша жазушылықты кез келген адам үйрене алады.

Samsung Galaxy Note9 and S Pen

1. Әр күні кішкентай қадам

Күн сайын ең болмағанда бірнеше жол жазуды әдетке айналдырыңыз. Бірден көп және әдемі жазуға тырыспаңыз — қысқа ескертпелерден бастаңыз, ойыңызға не келсе де еркін мәнерде жазыңыз. Тұрарлық ойдың қай жерде, қыдыруда, автобуста, кафеде немесе супермаркетте келгені маңызды емес. Себебі смартфон әрдайым сізбен бірге, яғни әрдайым жазатын нәрсе бар.

Тәжірибенің ең үздік мұғалім екенін және тәжірибе көп болған сайын шеберлікке жылдамырақ жететініңізді ұмытпаңыз.

2. Өз жанрыңызды табыңыз

Әркімнің өз қызығушылығы бар. Біреулер фантастикалық әңгімелер жазады, басқалары қызық оқиғаларды бірден суырып салып айтады, ал үшіншілері өмір үзінділерімен және тосын сырлармен бөлісуді ұнатады... Сіздің қолыңыздан басқаларына қарағанда не жақсырақ келеді? Өз талғамыңызды анықтау үшін барлық жанр мен стильдерді көріп шығыңыз.

Бір бағытты таңдап, соны берік ұстаныңыз. Арнайы мақсат қойып дамыңыз және жағымдымен пайдалыны біріктіріңіз!

Image

3. Өлең жазыңыз

Өлең құрау — ерекше және қиын жанр. Ақындық қасиетіңіз бар екендігін сезбесеңіз де жазып көріңіз. Ұйқас табу және өлшемге сыйдыру қажеттігі ойды дамытады, нашар сөз қорын «байытады», сөз қатарының құрылымына тәжірибе жасауға, тапқырлық танытуға, ойды қысқа және нақты білдіруге ынталандырады... Ең бастысы — бастау!

4. Күнделік жүргізіңіз

Талантты дамытып, болашақ туынды үшін негіз қалауға көмектесетін аса пайдалы әдет. Бірінші өткен күндер оқиғасын жазуды үйреніңіз, сосын әсерлерді сипаттауға ауысыңыз, ал істің жақсы жүріп жатқанын сезген кезде рефлексия мен қиялды қосыңыз. Шынайы өмірге қатып қалмаңыз — түстерді де жазуға болады. Мүмкін олар сюрреалистік романға айналып кетер?

A hand holding the Samsung Note9 with and image of Montenegro in the phone and in the background

5. Ықшамдыққа жаттығыңыз

Қызық тәжірибе жүргізіңіз: кез келген кең тараған тақырыпта үлкен және толыққанды мақаланы алып, құндылығы мен анықтығын жоғалтпай мәнін екі-үш абзацта мазмұндауға тырысыңыз. Жаза алдыңыз ба? Енді блог үшін тамаша посттардың қайдан шығатынын білесіз.

6. Көргеніңіздің бәрін сипаттаңыз

Әртүрлілік үшін қоршаған ортадағы обьектілерді сипаттай бастаңыз. Барлығы жарайды — таба, ағаш, өтуші адам. Өз жиһазыңыз немесе ас үй керек-жарақтары туралы айтып көріңіз: олар қаншалықты көпфункциялы, эргономикалық және сәнді — егер жақсы шықса, жарнама копирайтері нағыз сіздің мамандығыңыз.

Егер «шынайы» әдебиет туралы армандасаңыз, ғимарат, табиғат пен адамдарды сипаттауда жаттығудан жалықпаңыз. Сөз келтіру және айрықша ерекшеліктерді табу қиын болады, бірақ жақын арада ұқыптылық пен табандылық тамаша нәтижелерге әкелетінін түсінесіз.

Image

7. Жазу және редакциялау

Редакциялау — жазу қабілетін шыңдау үшін керемет тәжірибе. Өз ескертпеңізді басқа стильде қайта жазыңыз, оны қысқарақ және айқынырақ етіңіз. Бірнеше ай бұрын жазылған мәтінді жетілдіре түсіңіз, себебі шеберлігіңіз артты ғой. Сосын, әрине, басқа авторларды редакциялаңыз — ең бастысы бұл өзіңізді бағалау үшін аса пайдалы.

8. Оқу және сын айту

Оқымай жазушы болу мүмкін емес. Оқу ой-өрісті кеңейтеді, сөз қорын толтырады, ой қорығын береді.

Өзіңізді тәжірибелі оқырман санасаңыз, әдеби сынмен айналысыңыз. Ұнаған мәтіндерді талдап, олардың жақсы тұстарын белгілеңіз: құрылым ерекшеліктері, логикалық ауысымдар, жеке сөйлемдер және ойды ұсыну әдістері, стилистика және мазмұндаудың басқа да ерекшеліктері. Әлсіз авторлардың мәтіні — табалаудың емес, басқалардың қатесін де үйренуге себеп.

Image

9. Ең үздіктерден үйреніңіз

Белгілі бір тақырыпты таңдап, арнайы терминдер мен сөйлемдерді жинай бастаңыз. Тауашалы мақаларды, жазбалар, кітаптарды оқыңыз және кейінгі жұмыста қажет болуы мүмкін барлық нәрсені сақтаңыз. Galaxy Note9 смартфоны және S Pen қауырсынымен бұл бір-екі әрекетпен орындалады: бір қимылмен сөйлемді таңдаңыз, екіншісімен скриншот жасаңыз.

10. Мәжбүрлеуге жол жоқ

Романыңызға кішкентай, бірақ сенімді қадамдармен барыңыз. Ешқандай мәжбүрлеу жоқ, тек жаңа тәжірибе және процестен ләззат алу, тек сонда ғана ақырғы нәтиже үлкен және жағымды тосын сый болады. Samsung смартфоны мен планшеттері — осы жолдағы әмбебап және ыңғайлы көмекшілеріңіз.

Image

Samsung Galaxy Note9 планшетімен тоқтаусыз оқып, жазыңыз

Талантыңызды ыңғайлы болған уақытта және жерде жетілдіріңіз — оқыңыз, құнды ойлар мен сәтті мәтіндерді сақтаңыз, өз мақалалар мен әңгімелеріңізді жазыңыз. Samsung технологияларымен әр күні арман жақынырақ!

Сондай-ақ оқыңыз