Өмір сүру салты / Өмір сүру қалпы

Микротолқынды пештегі апельсин маффиндері

Апельсин глазуріндегі сәбіз кексін жылдам әзірлеу жолы

Image

Қонақтар күтіп отырсыз ба немесе жақындарыңызды тәтті және пайдалы десертпен қуантқыңыз келе ме? Жылдам әзірленетін керемет кекстерге қалай қарайсыз? Ингредиенттері мен нанын әзірлеуге бар жоғы он минут кетеді, ал микротолқынды пеште пісіру жарты сағат алады. Сәбіз қосылған маффиндерде пайдалы өзек бар, жағымды тәтті иісті болады, ал апельсин глазурі ұмытылмас жұпар береді — бұны тәтті құмарлар да, пайдалы тамақтану жақтаушылары да бағалайды.

Image

Ингредиенттер

Қамыр үшін 100 г сәбіз, 100 г қант ұнтағын, 100 г ұн, 125 г сары май, 75 г езілген жаңғақ, екі жұмыртқа, ваниль сығындысының екі шай қасығы және екі шай қасық қопсытқыш дайындаңыз.

Апельсин глазурі үшін 60 г қант ұнтағы және жаңа сығылған апельсин шырынының екі қасығы керек.

Құрал-саймандарды ұмытпаңыз — пісіру үшін силиконнан жасалған кішкентай қалыптар қажет болады.

1-қадам. Сәбіз

Бұл кішкене күш салуды талап ететін жалғыз ингредиент. Сәбізді мұқият жуып, тазалап, үгу керек.

Image

2-қадам. Қамыр

Сәбіз бар ыдысқа қант ұнтағын және езілген орман жаңғағын салыңыз. Біртекті қоспа алу үшін оларды мұқият араластырыңыз. Сары майды ерітіп, жұмыртқалармен араластырып шайқау керек. Шайқалған ингредиенттермен бірге ыдысқа ұнды, ваниль сығындысын және қопсытқышты салыңыз. Бәрін қайтадан араластырыңыз, массаны біркелкі және иілгіш етіңіз. Қамыр дайын!

3-қадам. Қалыптар

Пісірілген кекстер оңай шығарылуы үшін қалыптарды сары маймен жағуға ерінбеңіз. Сосын дайын қамырды салып, шеттерінде кішкене бос орын қалдырыңыз.

Image

4-қадам. Микротолқын пеші

Енді маффиндерді микротолқын пешіне 30 минутқа қойыңыз. Олар біркелкі пісіп, дәмді қабықпен жабылу үшін ыстық ауамен желдету функциясын қолданыңыз, Samsung компаниясының Easy View микротолқын пешінде бұл функция бар. Мөлдір есікше арқылы маффиндерге қарап қоюды ұмытпаңыз!

5-қадам. Апельсин глазурі

Маффиндер піскенше цитрустық глазурьді дайындаңыз. Екі қасық апельсин шырынын сығып, 60 г қант ұнтағын толықтай ерігенше араластырыңыз.

Image

6-қадам. Ыдыс даярлау

Пештен маффиндерді алып, 10 минутқа «қойыңыз». Ыстығы кеткенде глазурьді жағыңыз. Аспаздық жауһар дайын!

«Easy View әйнек есігі арқылы кекстерді бақылаңыз — сәтті жіберіп алмаңыз!»

Image

Тамақ пісірген кезде ең бастысы — жауапты әдіс және жақсы көңіл-күй, ал техникалық жағын Samsung микротолқын пештеріне қалдыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз