Өмір сүру салты / Өмір сүру қалпы

Саналы өмірге жол

Технология көмегімен «осында және қазір» өмір сүруді үйрену жолы

Young man sitting on a high ledge above city smiling and looking at his phone

Цифрлық ғасырда әртүрлі көздерден көптеген ақпаратты аламыз және әрдайым байланыста боламыз, әрі бұндай шыр айналуда өзіңді ұмыту өте оңай! Алайда жақсы жаңалықтар да бар: мазасыздықтан арылып, қазіргі сәтті бағалай бастасақ біздің менталдық және физикалық денсаулығымыз жақсарады. Бұл күй саналылық деп аталады және заманауи технологиялар көмегімен оны жаттықтыру жеңіл және жағымды болды.

Жинақырақ болуды, стресті жылдам кетіруді үйренуді, спортпен көбірек шұғылданып, жасампаздықты бастауды қалайтындарға технологиялар қазіргі өмір хаосында өмір сүруге және рухани теңдікті сақтауға көмектеседі. Смартфон көмегімен саналы өмір қалпын жүргізу жолын көрсетеміз.

Various Samsung S9 phones showing various native apps

Жинақы болыңыз

Смартфондарымызда ойын-сауықпен қатар бізге пайда беретін және өмір сапасын жақсартатын көптеген қосымшалар мен функциялардың барлығын ұмытып кету оңай. Қажетті уақытта тұру үшін оятқышты қою және күндегі жоспарларды ұмытпау үшін еске салуды реттеу жеткілікті. Күн тәртібінің рухани теңдікті сақтауға көмектесетінін есте сақтаңыз. Инстаграм немесе фейсбукке тым көп уақыт жұмсайсыз ба? Айтарлықтай барлық смартфонда қосымшалар мен әлеуметтік желілер үшін уақыт шектеуін орнатуға болады. Майда істерді қолға алсаңыз үлкен істерді орындау жеңілдейді.

Музыкада еріп кетіңіз

Стреспен музыка жақсы күресетіні ешкімге құпия емес. Ол миға ағымдағы тапсырмадан ажырауға, ал кейде өткенге тамаша саяхат жасауға мүмкіндік береді. Классика және эмбиент сияқты жанрлар басқаларға қарағанда жақсырақ демалдырады, бірақ барлығы жеке талғамға байланысты. Ауыр күннен кейін демалуға көмектесетін плейлист жасаңыз. Мысалы, чилаут немесе электроникамен жұмыс істеген жақсы, ал жағымды фолк музыка үйге қарай жолды әсемдей түседі. Плейлистіңіздің жұбататын тректерімен әлемнің қалай заулап өтіп жатқанын жай ғана бақылап отырыңыз.

Close up of music app on a Galaxy S9

Салауатты өмір салтын жүргізіңіз

Спортпен шұғылдану және дұрыс тамақтану — физикалық әрі рухани денсаулықты қалпына келтірудің ең жақсы әдістері. Тәні саудың жаны сау екенін бәріміз білеміз, яғни стресс пен алаңдау айтарлықтай төмен болады. Өзіңізді қалыпта ұстауға Samsung Health қосымшасы көмектеседі. Ол 39 түрлі әрекеттерді бақылайды, оның ішінде жүгіру мен велосипед айдау, ұйқы циклдерін бақылайды және денсаулыққа пайдалы әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Қосымшада достармен фотосуреттермен алмасуға және фитнес жеңістерді тойлауға, әрі әлем бойынша басқа Samsung Health қолданушыларымен жаттығуға болады. Есіңізде болын: сау тәнде саналылықты тәрбиелеу айтарлықтай жеңіл.

Close up of Samsung Health app on a Galaxy S9 and a woman stretching in exercise gear

Ойларыңызды қағазға жайып салыңыз

Миллиардтаған нәрселер жайлы бір уақытта ойлайтыныңыз ойыңызға келіп көрді ме? Біз бәріміз оның қалай болатынын білеміз және одан кейін келетін эмоциялық күйзеліспен таныспыз. Бұның да шешімі бар: әдете шегінен шығып, өз ойларыңызды қағазға жайып салыңыз. Бұл стресті алудың қарапайым, бірақ тиімді әдісі, сонымен қатар ойды құруға жақсы көмектеседі. Істер тізімін жазыңыз немесе кішігірім ескертпе жасап көріңіз. Бос уақыт пайда болғанда жазыңыз, мысалы, үйге қайтар жолда. Бір сөзбен айтқанда өз ойларыңызды жазбаша түрде құрып, санаңызды босатыңыз.

Close up of Note9 and a hand writing a memo on screen

Жеке көмекшімен танысыңыз

Виртуалды көмекшілер — өміріңізді жеңілдету үшін жасанды сана технологиясын қолданатын ақылды көмекшілер. Қарапайым тапсырмаларды орындап, жұмысымызды жеңілдетеді және басқа заттарға көңіл бөлуге көмектеседі. Bixby виртуалды көмекші жылдам үйренеді, күн тәртібіңізді зерттейді, сұрау жасаған кезде не іздегеніңізді және қандай қосымшаны жиі қолданатыныңызды есте сақтайды. Және уақыт өте ақылы арта береді. Bixby көмекшіге азық-түлікке баруды еске салуын айтыңыз және ол жұмыс күніңіз біткен кезде сізге хабарландыру жібереді. Үйге келген кезде бейнені көруді аяқтауды еске салады және сіз тоқтаған жерден жалғастырады. Bixby көмекшімен істеріңізбен бөлісіп, өміріңізбен рахаттаныңыз.

Close up of Galaxy S9 with calendar reminders on screen and a woman on a climbing all in the background

Әр күніңізді саналы түрде сүріңіз

Күнде Galaxy қосымшасымен жоспарлаңыз, Samsung Health қосымшасымен қалпыңызды сақтаңыз және Bixby жеке көмекшіңізге күнделікті істеріңізге көмектесуге мүмкіндік беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыз