28" UHD мониторы

LU28R550UQIXCI

  • Бөліп төлеу 0-0-12
  • Тегін жеткізу

Мөлшері таңдаңыз

Ұсақ-түйегіне дейін көрсету

Суретті толықтай көретін уақыт келді. Full HD сапасынан төрт есе жоғары анықтықта қараңыз, шолу жасаңыз және ойын ойнаңыз. Осы UHD мониторы тіпті аңғару қиын бөлшектерге дейін көрсетіп 8 миллион пиксельден құралған тамаша бейнелерді береді. Ойын ойнағанда немесе фильм көргенде шынайы болып жатқандай әсерді сезініңіз.

Кез келген бұрыштан қарау

Бөлменің кез келген жерінен экрандағы қарқынды түстерді толық көре аласыз. IPS панелі экранның әр сантиметрінде түстердің қанықтығы мен анықтығын сақтайды. Осындай кең дисплейдің өзінде түстер бұлыңғырланбай, реңктер мен көлеңкелер бөлменің әр бұрышынан анық көрінеді.

Реңктер спектрі

Реңктер калейдоскопы HDR технологиясы экранда қара және ақ түстердің динамикалық ауқымын көрсетеді. Қара түсті бөліктер қою әрі қанық, ал ақшыл тұстары одан да жарқын. Тазалығы керемет және ұсақ-түйегіне дейін көрсетілетін анықтықпен қараңыз.

Көздің сергектігі – еңбектің өнімділігі

Көзіңізге қамқорлық. Бұл дисплей көзді талдырып, ұйқыны қашыратынымен белгілі көк түстің бөлінуін төмендетеді. Түстердің өңін бұзатын сары экран сүзгілерімен қоштасыңыз. Көзіңіз шаршамай тоқтаусыз шығармашылық ойға мүмкіндік беретін мінсіз жабынды қарсы алыңыз.

*UR55 мониторы әлем бойынша алғаш болып Eye Comfort 2.0 стандарты бойынша TÜV Rheinland сертификатын алған, ол осы өнімнің түстер анықтығын дұрыс сақтай отырып, пайдаланушыларға жайлы қарауға мүмкіндік беретінін, қоршаған ортадағы жарық әсерін төмендететінін, зиянды көк түс пен жыпылықтауды азайтатынын және анықтықты еш өзгертпей 99,5% sRGB деңгейіне ие екенін куәландырады. *Сертификатты www.tuv.com сайтынан ID 1419073657 нөмірін енгізіп қарауға болады.

Біркелкі ағынды қозғалыс

Кідірісті бейне көрсетілімімен қоштасыңыз. AMD FreeSync технологиясы бейненің үзілуі мен тұрып қалуына жол бермей бірқалыпты көрсетеді.

Шектеусіз дисплей

Қарапайым дизайн, жоғары талғам. Керемет талғампаздық осы 28 дюймдік жазық экранды және 3 жағы жиектемесіз, сәнді, минимализм стиліндегі мониторына ерекшелік береді. Қос мониторды қатар пайдаланғанда, олардың арасы білінбей жалғанып, UHD сапада контентті тамашалауыңызға мүмкіндік береді.

Жан-жақты тиімді жұмыс істеңіз

Фотосуреттерді өңдегенде, видеолар жасағанда және көптеген басқа әрекеттерде жұмысты өнімді және тиімді ұйымдастырыңыз. PBP бір мониторды қос терезелі экран режимінде ауыстырып, контентті экранға екі дереккөзден қатар шығарады. Ал PIP бірнеше қолданбалар мен бағдарламаларды қалағаныңыздай қарауға және ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жан-жақты тиімді жұмыс істеңіз

Фотосуреттерді өңдегенде, видеолар жасағанда және көптеген басқа әрекеттерде жұмысты өнімді және тиімді ұйымдастырыңыз. PBP бір мониторды қос терезелі экран режимінде ауыстырып, контентті экранға екі дереккөзден қатар шығарады. Ал PIP бірнеше қолданбалар мен бағдарламаларды қалағаныңыздай қарауға және ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сипаттамалары

  • Экран шеттерінің ара салмағы 16:9
  • Айқындығы (типтік мән) 300кд/м2
  • Статикалық кереғарлығы 1,000:1(Typ.)
  • Ажыратымдылығы 3,840 x 2,160
  • Жауап уақыты 4(GTG)
  • Шолу бұрышы (Г/В) 178°/178°

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі : {{chip.displayName}}
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

* Негізгі функция негізгі сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.