«Jet Bot» ПРОМО НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

«Jet Bot» промо науқанына (бұдан әрі – «Промо науқан») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Промо науқанның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Промо науқанға қатыса отырып, Қатысушының Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжай бойынша: https://www.samsung.com/kz_kz/ (бұдан әрі – «Промо науқан сайты») жарияланған Промо науқанға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») танысқандығын және сөзсіз келіскендігін білдіреді.

 

1. Жалпы ережелер:

1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат, пошта индексі: A05D7M5.

1.2. Промо науқанды өткізу кезеңі:   2024 жылдың 16 шілдесі мен 2024 жылдың 16 қыркүйегі аралығында (қоса алғанда) Алматы уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3. Промо науқанды өткізу аумағы: Промо науқан Қазақстан Республикасының тұтас аумағында өткізілетін болады.

1.4. Науқан тек Ұйымдастырушының ресми сайтында таралатын болады:

«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС https: //www.samsung.kz.

1.5. Науқан Ұйымдастырушы серіктестердің (бұдан әрі – «Серіктестер») келесі сайттарына таралмайды:

·  «Arena S» (Арена S) ЖШС;

·  «Компания Эврика» ЖШС;

·  «Мечта Маркет» ЖШС;

·  «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ.

 

2. Акцияның Қатысушысы

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері болмайтын тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары Промо науқанның Қатысушысы (бұдан әрі – «Қатысушы») бола алады.

2.2. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Промо науқан сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Промо науқанның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық мақсатта жіберілген хабарламаларды, сонымен қатар, маркетинг мақсаттарында басқа да тікелей байланыстарды жасау, бақылау  үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке куәлігі немесе шетелдік азаматтың тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады, соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, табыстауды (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық табыстауды) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.3. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

3. Промо науқанға қатысудың шарттары

3.1. Промо науқанға қатысу үшін Қатысушыға келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

- Ұйымдастырушы сайтындағы Промо науқанның бетіне өтіңіз;

- Промо науқанның ережелерімен танысыңыз;

- Промо науқан тек Ұйымдастырушының сайтында жарамды;

- Тіркеу аяқталғаннан кейін, Сіз автоматты түрде Промо науқанның қатысушысына айналасыз.

3.2. Промо науқанда Bespoke 5 жинағы ойнатылады;

3.3. Жеңімпаздар кездейсоқ сандардың генераторы (рандомайзер) көмегімен таңдалатын болады.

3.4. Ұтыстың нәтижелері samsungkz бетінің ресми Instagram парақшасында жарияланатын болады.

3.5. Промо науқанның жеңімпаздарын жариялау күні: 2024 жылдың «19» қыркүйегі.

 

4. Сыйлық

4.1. Осы Промо науқанның шеңберіндегі сыйлық Bespoke жинағы болып табылады, оған: худи, жабын, фартук, термос, шопер (бұдан әрі – «Сыйлық») кіреді.

4.2. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа алмастыруға тыйым салынған. Промо науқанның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, алайда осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүргізілмейді.

4.3. Промо науқанды өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен тапсырылмаған Сыйлықтар, соның ішінде Промо науқан Қатысушының бас тартуы, не болмаса электронды пошта мекенжайын қате көрсету салдарынан Промо науқан Қатысушысына жеткізілмеген Сыйлықтар талап етілмеген болып танылады. Ұйымдастырушы талап етілмеген Сыйлықтарды сақтамайды және өз қалауы бойынша қолдана алады.

 

5. Промо науқанға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1. Промо науқанға Қатысушының құқықтары:

˗           Осы Ережелермен танысу;

˗           Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Промо науқанға қатысу;

˗           Промо науқанның мерзімдері және өту шарттары туралы ақпаратты жария ресурстардан және Промо науқан Сайтының байланыс арналарынан алу;

˗           Промо науқанның сайтында осы Ережелерге өзгерістердің енгізілуі туралы ақпаратты алу;

˗           Промо науқанның Ұйымдастырушысы туралы мәліметтерді алу;

˗           Осы Ережелерге сәйкес оларды сақтаған жағдайда Сыйлықты беруді талап ету.

5.2. Промо науқанға Қатысушының міндеттері:

˗           Ережелерді сақтау, с.і. осы Ережелерде белгіленген мерзімде Промо науқанға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗           Промо науқанға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындарын және тағы басқаларды өз бетімен көтеру;

˗           Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді орындау.

 

6. Промо науқанды Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

6.1. Ұйымдастырушының құқықтары:

˗           Промо науқан Ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Промо науқанды өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Промо науқанның Сайтында жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Промо науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады;

˗           Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру;

˗           Ұйымдастырушы осы Промо науқанның Ережелерімен және қолданыстағы ҚР заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;

˗           Ережелердің 3.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орындамаған Акцияның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту;

˗           Промо науқан Қатысушысына осы Ережелердің 3.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды орындамағаны анықталған жағдайда, Сыйлықтарды дұрыс және толық көлемде беруден бас тарту.

- Промо науқан Қатысушысының осы Ережелерді сақтамау фактісі белгілі болған жағдайда Промо науқан Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту.

6.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

˗           Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімдерде Промо науқанды өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗           Промо науқанның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;

˗           Промо науқанға Қатысушыларды Промо науқанның Ережелерін Промо науқанның Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.

- Осы Ережелердің 3.1. тармағына сәйкес барлық шарттарды дұрыс орындаған барлық Промо науқанға Қатысушыларға Промо науқанның Сыйлықтарын беру.

 

7. Өзге шарттар:

7.1. Промо науқанның барлық Қатысушылары Промо науқанға қатыса отырып, оның Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Промо науқанның ережелерін бұзса немесе Сыйлықты алу үшін айлакерлік және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.

7.2. Қатысушы Промо науқанға қатыса отырып, өзінің осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді сақтаудан толығымен және/немесе ішінара бас тартуы, Қатысушының Промо науқанға қатысудан бас тартуы болып танылады.

7.3. Промо науқан байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.

7.4. Ұйымдастырушының Қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі Қатысушының/Жеңімпаздың пікірін алу мақсатында оған қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы/Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.5. Промо науқанды орындау барысында, Ұйымдастырушы Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін талап етуі мүмкін.

7.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

7.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін ұсынуға, сондай-ақ басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Промо науқанмен байланысты болмайтын өзге де мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді. 

7.8. Ұйымдастырушының Промо науқанды өткізудің Ережелеріне сәйкес Промо науқанды өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша қабылдаған шешімдері түпкілікті болып танылады.

7.9. Промо науқанның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде атқармағаны үшін жауапкершілік көтермейді.  

7.10. Ұйымдастырушы Промо науқан шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

7.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса,  қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, онда Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны қатыстырмауға құқылы және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының  қандай да бір жерде хабарланса, бейнеленсе немесе жарияланса да, Ұйымдастырушы оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

7.12. Осы Ережелердің кез келген талабының жарамсыздығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа талаптардың жарамдылығына немесе олардың орындалуына әсер етпейді. Егер қандай да бір талап жарамсыз немесе өзгеше орындалмайтын болып танылса, не заңға қайшы келсе, онда қалғандары осы Ережелердің қолданысын жалғастырады және осында жарамсыз немесе заңға қайшы талап болмағандай бекітілген талаптарға сәйкес түсіндіріледі.

Промо науқанға қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз:

Ұйымдастырушының колл-орталық байланыс деректері: 

7700 – Қазақстанның кез келген өңірінен тегін қоңырау шалу; 

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау шалу.