«Best eco-action contest» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Best eco-action contest» («Конкурс») конкурсына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Конкурсқа қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Конкурсқа қатысу арқылы қатысушы Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Конкурсқа қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/ ; https://www.samsung.com/kz_kz/ («Конкурс сайты»).
1.Жалпы шарттар
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат.
1.2. Конкурсты өткізу кезеңі: 2023 жылдың мен 3 қазаны мен 17 қазаны аралығында (қоса санағанда), Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.
1.3. Конкурс қорытындысын шығару күні: 2023 жылдың 19 қазаны, сағат 16:00 дейін.
1.4. Конкурсты өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.
2. Конкурсқа Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Конкурстың қатысушысы бола алады («Қатысушы»).
2.2. Конкурсқа Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.
2.3. Конкурсқа қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Конкурс сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Конкурстың өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Қатысушы Конкурсқа қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
2.5. Конкурстың барлық шарттарын орындап өзінің авторлық фотосын (әрі қарай – «Фото») Instagram желісінде жариялаған бір тұлға ғана Қатысушы ретінде мойындалады, осы ретте ол жарияланым орындалған жеке аккаунттың иесі болуы тиіс.
2.6.Қатысушы негізгі контент ретінде кәмелетке толмаған тұлғалардың кескінін қолдануға құқығы жоқ. Жарияланымға фото/видео материалдар әзірлеу үшін кәмелетке толмаған тұлғалардың кескіндерін қолданған жағдайда Конкурс қатысушысының өзі кадрда болуға міндетті, ал осындай кәмелетке толмаған тұлғаның ресми өкілдерінің (ата-анасы, қамқоршылары және/немесе басқа да заңды өкілдерінің) келісімін алу Конкурс Қатысушысына жүктеледі және Қатысушы сәйкес кескіндерді пайдаланумен байланысты туындаған барлық салдарды өз бетімен реттейді. Жарияланым фото материалдарында бірнеше кәмелетке толған тұлғалар қатысқан жағдайда осындай тұлғалардың фото/видео түсіруге қатысуына, олардың кескіні әлеуметтік желілерде жариялануына және Конкурсқа қатысуына келісімді Қатысушы өзі алады және сәйкес кескіндерді пайдаланумен байланысты туындаған кез келген барлық салдарды өз бетімен реттейді.
Конкурстың Ұйымдастырушысы кескіндері Қатысушының фото/видео материалдарында қолданылған тұлғалардың алдында жауапкершілік көтермейді;
3. Конкурстың сипаттамасы
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған шарттардың барлығын орындаған жағдайда Ұйымдастырушыдан сыйлықтар ұту мүмкіндігін алады.
4. Конкурсқа қатысу шарттары:
4.1. Конкурсқа қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
˗ Конкурсты Өткізу кезеңінде эко-әрекет жасау (экологияға пайдасы тиетін әрекетті орындау);
˗ Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында эко-әрекет туралы пост жариялап, #SamsungEcoKZ хэштегімен Ұйымдастырушының аккаунтын (@samsungkz) белгілеу;
˗ Конкурсты өткізу кезеңінде ашық аккаунты болуы тиіс;
˗ Осы Ережелердің 5.2. т. көрсетілген Жүлденің ұтыс ойынына қатысу.
5. Жүлделер мен кепілді сыйлықтар
5.1. Конкурс шеңберінде осы Ережелердің 4.1 тармағында көрсетілген барлық шарттарды орындаған Қатысушы осы Ережелердің 5.2 тармағында берілген Жүлденің ұтыс ойынына қатысу құқығын алады.
5.2. Ұтыс ойынында ойналатын Жүлде үш жеңімпазға берілетін 50 000 (елу мың) теңге сомасына промокод және бірінші 50 (елу) қатысушыға 5000 (бес мың) теңге сомасына промокод болып табылады. Бір қатысушы бір промокодтан артық ала алмайды.
5.3. 50 000 (елу мың) теңге сомасына промокод Конкурс сайтында 100 000 (жүз мың) теңге сомасынан асатын Тауар(лар)ға тапсырыс бергенде қолданылады. 5000 (бес мың) теңге сомасына промокод Конкурс сайтында 15 000 (он бес мың) теңге сомасынан асатын Тауар(лар)ға тапсырыс бергенде қолданылады.
5.4.Промокодтар нәтижелерді жариялаған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде жарамды.
5.5. Осы конкурс шеңберіндегі жеңімпаз https://www.random.org сайтындағы кездейсоқ сандар онлайн-генераторының көмегімен анықталады.
5.6. 2023 жылдың 17 мен 19 қазаны аралығында Ұйымдастырушы Қатысушылардың Тауарға тапсырысының рәсімделген өтінімдерін жинау мен модерациясын жүргізеді.
5.7. Ұйымдастырушы Жүлденің ұтыс ойынын 2023 жылдың 19 қазаны, сағат 15:00 өткізеді. Конкурс шеңберіндегі Жүлденің ұтыс ойыны нәтижелері @samsungkz Instagram парақшасында 2023 жылдың 24 қазанынан кешіктірілмей Алматы қ. уақытымен сағат 16:00 дейін жарияланады.
5.8. Ұйымдастырушы Жүлделердің санын бір жақты тәртіпте өз бетімен анықтау және өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
5.9. Жүлде ақша немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Конкурсқа Қатысушы Жүлде алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді.
5.10. Конкурстың бір Қатысушысы Конкурс шеңберінде тек 1 (бір) жүлде ала алады.
5.11. Конкурсты өткізу кезеңінде белгілі бір себептерге байланысты берілмеген Жүлделер, соның ішінде Қатысушының бас тартуы себебінен, немесе электронды пошта мекенжайы, байланыс телефоны қате көрсетілгендіктен Жүлделер сұраусыз ретінде танылады. Сұраусыз Жүлделер сақталмайды және ұйымдастырушы оларды өз қалауы бойынша қолданады.
5.12. Ережелерде сұраусыз жүлделерді сақтау және осы Ережелерде көрсетілген мерзімнен кейін қайта сұралуы қарастырылмаған.
5.13. Конкурс Қатысушысына сыйлық табысталған сәттен бастап, сыйлықтың абайсыздан жойылуы және/немесе бұзылуы жауапкершілішін Қатысушы көтереді.
5.14. Жүлдені алу Ұйымдастырушы Конкурс жеңімпаздарын жариялаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
5.15.Жүлдені қайтару Ұйымдастырушы бекіткен ережелерге сәйкес орындалады.
5.16. Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Қатысушы Жүлдені алу үшін, Ұйымдастырушының сұрауымен келесіні орындауы қажет:
˗ Жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну; Жеке куәлігінің /ықтиярхатының деректері қатысу формасында көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс. Сыйлық алу құқығы өзге тұлғаларға берілмейді.
˗ Сыйлықты қабылдау-беру Актісін толтыру және қол қою немесе Жеткізу парағын/тауарларды сыртқа жіберу жүкқағазына қол қою және толтыру.
˗ Қолындағы Жүлдемен фотосурет/видео түсіру;
5.17. Қатысушы келесі жағдайларда Конкурсқа қатысу құқығынан айырылады және Жүлде алуға үміткер бола алмайды:
˗ Конкурстың қандай да бір шарттары бұзылса;
˗ қатысушымен байланысу үшін жалған/қате ақпарат берілсе;
˗ алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталған жағдайда;
˗ жоғарыда көрсетілген ақпаратты/құжаттарды ұсынудан бас тартса;
˗ егер Ұйымдастырушы/серіктес қатысушымен көрсетілген байланыс деректері бойынша 7 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса, соның ішінде Ұйымдастырушыдан әлеуметтік желісінде (дайрект, директ, direct) қалдырылған хатқа нәтижелер жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе;
6. Конкурс Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Конкурс қатысушының Құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Конкурсқа қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Конкурс сайтындағы және @samsungkz Instagram парақшасындағы коммуникация арналарында Конкурсты өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Конкурс сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Конкурстың Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес Жүлде беруді талап ету.
6.2. Конкурсқа қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Конкурсқа қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Конкурсқа қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Конкурс Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
˗ Конкурсты өткізу кезеңі ішінде @samsungkz Instagram парақшасында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат @samsungkz Instagram парақшасында жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Конкурсқа қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Конкурсқа қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
˗ Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
˗ Ұйымдастырушы Конкурстың осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
˗ Осы Ережелердің барлық шарттарын дұрыс және толықкөлемді орындамаған Конкурс Қатысушысына бонустық балдарды беруден бас тарту;
˗ 4.1. т. көрсетілген Осы Ережелердің барлық шарттарын толық көлемді және дұрыс орындамаған Қатысушыға Жүлде беруден бас тарту;
˗ Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Конкурс қатысушысына Жүлде беруден бас тартуға құқылы.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Ережелерде анықталған мерзімде Конкурсты өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
˗ Ережелермен сәйкес Конкурсты өткізуді қамтамасыз ету;
˗ Конкурс қатысушыларына Конкурс Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Конкурсты өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
˗ Осы Ережелердің 4.1 т. сәйкес барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Конкурс қатысушыларына Конкурс шеңберінде Жүлделер беру.
8. Басқа шарттар:
8.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.
8.2. Конкурстың барлық Қатысушылары Конкурсқа қатыса отырып, Конкурс Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Конкурстың ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.
8.3. Конкурсқа қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Конкурсқа қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.
84. Конкурс лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.
8.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
8.6. Конкурсты орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.
8.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін беруге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты Конкурстың көздегеніне сәйкес келмейтін заңға қайшы мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді.
8.8. Ұйымдастырушының Конкурсты өткізуге сәйкес барлық мәселелерге байланысты шешімдері түпкілікті болып табылады.
8.9. Конкурстың Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурс) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
8.10. Ұйымдастырушы Конкурс шеңберінде жүктелген міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы.
8.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса, қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны қатыстырмауға құқығы бар және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының ұтқаны қандай да бір жерде хабарланса немесе жарияланса да, Ұйымдастырушының оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.
8.12. Осы Ережелердің кез келген ережелерінің жалғандығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа ережелердің растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір ереже жалған немесе орындалмайтын болса, заңға қайшы келсе, осы Ережелердің қалғанының қолданылуы жалғастырылады және осында жалған немесе заңға қайшы ережелер болмағандай бекітілген шарттарына сәйкес түсіндіріледі.
8.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпаратты ұсынып заңға қарсы құралдар арқылы қатысса немесе басқаша айтқанда, Сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзғаны мойындалса, Ұйымдастырушы осындай тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуін талап етуге құқылы.
8.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Конкурсқа қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторынан қоңырау шалу тегін.