«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС SAMSUNG ДИЗАЙНЕРЛЕРІ КЛУБЫ ЖАРИЯ ШАРТЫ («Дизайнерлердің Жария шарты»)

Дизайнерлердің осы Жария шарты қосылу шарты болып табылады және ұйымдастырушы мен дизайнер арасында қатысушының https://www.samsung.com/kz_ru/offer/designers-club/ сайтында соның ішінде, доменнің барлық деңгейін («Samsung Online Shop») санағанда  жарияланған Жария шартқа қосылуы арқылы жасалады.

 

1.  Дизайнер

 

1.1.    Жобаға 18 жасқа толған, интерьер дизайны мен архитектура саласында 1 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар кәсіпқой маман, әлеуметтік желідегі белсенді парақшасында 2000 астам жазылушысы бар, жазылушылардың қатысушылық коэффициенті (ER) 1 %  асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатысушы («Дизайнер») бола алады;

 

1.2.    Тіркелу мен Дизайнердің жеке кабинеті. SAMSUNG дизайнерлер клубына қатысу үшін Дизайнерге Samsung Online Shop сайтында тіркелуден өтіп, осы жердегі тіркелу формасын толтыру арқылы Жария шартқа қосылу ұсынылады.

Дизайнердің тіркелу кезінде ұсынған деректерін өңдеу Құпиялылық туралы ережеге сәйкес орындалады. Ұйымдастырушы ақпараттың растығы және толықтығына жауапкершілікті Дизайнерге артады, соның ішінде Дизайнер көрсеткен байланыс деректері бар. Дизайнер Ұйымдастырушыға ұсынған ақпараттың өзектілігін қадағалап, ықтимал түсінбеушіліктерді болдырмау үшін оны уақытылы жаңартып және мұқият тексеруі керек. Егер Ұйымдастырушы Дизайнер ұсынған ақпаратты пайдаланып барлық өз міндеттерін орындаған жағдайда дизайнерлердің Жария шарты бұзылғаны үшін жауапкершілік көтермейді.

Тіркелу формасы толтырылғаннан кейін Ұйымдастырушы Дизайнер деректерін тексереді. Біліктілік талаптары расталған жағдайда Дизайнердің электронды поштасына ары қарайғы нұсқаулықтар мен промокод жолданады.

Бонустар алу үшін Дизайнер банк картасының деректерін Ұйымдастырушының Төлем агентіне ұсынады.  

 

Ұйымдастырушы

2.1. Ұйымдастырушы «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС болып табылады және келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, A05D7M5, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат.

Samsung Online Shop сайтында Дизайнер промокодын қолданып тапсырыс берілген тауарлардың Сатушысы да Ұйымдастырушы болып табылады.

Ұйымдастырушы Samsung Electronics Co., Ltd компаниясы тобының еншілес ұйымы және Қазақстандағы SAMSUNG тауар белгісімен тауарлардың ресми импорттаушысы болып табылады.  

2.2. Samsung Online Shop сайтында сатып алуға болатын Тауарлардың Өндірушісі Samsung Electronics Co., Ltd компаниясы болып табылады, осы ретте олар Samsung Electronics-тың әр түрлі елдердегі зауыттарында өндірілуі мүмкін. Қазақстан аумағында өндірушіге бағытталған шағымдарды Ұйымдастырушы қабылдайды.

2.3. SAMSUNG дизайнерлер клубын техникалық қолдау үшін, Ұйымдастырушы тікелей немесе жанама қатыстыратын Ұйымдастырушының Серіктестері:

*  «Cheil Kazakhstan» ЖШС   сайтты, жеке кабинетті техникалық қолдау бөлігінде;

* ИП “BTL Consulting & Staff Service”, Дизайнерге борнустарды төлеу бөлгінде («Төлем агенті»),

сонымен қатар т.б. серіктестер.

Ұйымдастырушының байланыс деректері, соның ішінде Ұйымдастырушы тауарларының сапасы мәселесі бойынша:

Колл-орталық (8:00-20:00): 7700 (Қазақстан үшін қоңырау шалу тегін)

 Онлайн-чат (8:00-20:00): Samsung Online Shop сайтындағы чат

 What’s App, Telegram (8:00-20:00): 8 701 485 3813.

 

3. SAMSUNG ДИЗАЙНЕРЛЕРІ КЛУБЫ

 

3.1. Samsung дизайнерлері клубы Samsung Online Shop («Тауарлар») сайтында жүзеге асырылатын SAMSUNG тауар белгісімен тауарларды сатуды алға жылжытуға қатысатын Дизайнерлерді біріктіреді. Дизайнерлер сәулет пен дизайн саласында жобаларды визуалдау және жасау бойынша өз қызметі барысында Тауарлардың кескінін қолданады, өз клиенттеріне Дизайнер промокоды бойынша қосымша жеңілдікпен Samsung Online Shop сайтынан Тауар сатып алуды ұсынады және кеңес береді. Интерьер дизайнын әзірлегенде жұмыс ыңғайлығы үшін Samsung Online Shop сайтында Samsung техникасының 3D-модельдерін жүктеуге болады.

 

Промокод.  Бірегей промокод Дизайнер атына тіркеледі, оны Тауарлар қолданылуы мүмкін қызмет көрсету, кеңес беру, бөлме дизайны мен сәулет саласында дизайн-жобаны әзірлеу барысында жұмылдырылған кез келген клиентке кедергісіз беруге болады. Промокод қолданғаннан кейін деактивацияланбайды және дизайнерлердің Жария шартына қосылғаннан кейін Дизайнер атына тіркеледі және мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

 

Шектеулер. Промокод Дизайнерге Тауарларды алға жылжыту үшін өз жұмыс жобаларында қолдануға берілгендіктен Дизайнер промокодты БАҚ-та, мессенджерлерде жариялауға/таратуға, әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында жариялауға және клиент болып табылмайтын осы SAMSUNG Дизайнерлер клубына қатысы жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Промокодты көпшілікке жария орналастырған жағдайда Ұйымдастырушы Дизайнерге бонус төлеуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.  

 

3.2.  Дизайнерлердің Жария шартына қосылу шарттары.  SAMSUNG Дизайнерлері клубына қосылу үшін тіркелу формасын толтыра отырып Дизайнер Дизайнерлердің Жария шартына қосылу ниетін білдіреді. Ұйымдастырушы Дизайнердің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және оның сәйкестігі жағдайында Ұйымдастырушы Дизайнерге Дизайнерлердің Жария шартына қосылудың мақұлданғаны туралы растау жолдайды. Осындай электронды хат жолданған сәттен бастап Дизайнермен Дизайнерлердің Жария шарты жасалған болып саналады.



3.3. Бонустар. Егер Samsung Online Shop сайтында промокод қолдануға болатын және бонустың мөлшері орнатылған Тауар (Samsung Online Shop Дизайнерлер клубының Тауары)  Дизайнердің промокоды бойынша қосымша жеңілдікпен («сатып алу») сатып алынса, ондай Дизайнерге бонус берілуі тиіс. Нақты Тауарға қатысты бонустың мөлшерін осы жерден көруге болады. Промокод қолданылатын бонус мөлшері мен Тауарлардың тізімін Ұйымдастырушы өзгерте алады. SAMSUNG Дизайнерлер клубының Тауарлары арнайы жалаушамен белгіленген.

 

Бонустардың есептелуі. Бонустар әрбір сатып алудан кейін есептеледі. Бонустардың  төленуін есептеу үшін, есептеу кезеңі ретінде бір күнтізбелік ай саналады. Есептік кезең аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде Ұйымдастырушы бонустарды есептеуді жүргізеді («Есептеу кезеңі»).

 

Шектеулер.  Әрбір промокод SAMSUNG Дизайнерлер клубының Тауарларын сатып алуда SAMSUNG Дизайнерлер клубының әрбір Тауар категориясында 5 (бес) бірлікке дейінгі шеутеуі бар. Әрбір ай сайын лимит жойылады. Егер сатып алу лимиттен асып кетсе, бұл сатып алуға бонус есептелмейді. Тауар қайтарылған сатып алулар үшін бонус есептелмейді. Егер тауарды қайтару есептеу кезеңінен кейін жүргізілсе, бонусты қайта есептеу келесі Есептеу кезеңінде жүргізіледі. Бонустарды есептеу қолданылатын салықты есепке [есепке алмағанда]  алғанда жүргізіледі. Бонустардың есебі Дизайнерге электронды пошта арқылы жолданады.

 

Бонустарды төлеу. Дизайнерге бонустарды төлеуді Төлем агенті Есептеу кезеңі аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде жүзеге асырады. Бонустардан төлем алу үшін Дизайнер Төлем агентіне өзінің төлем реквизиттерін және  басқа да құжаттарын төлем жүргізу үшін ұсынады. Төлем агенті Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша Дизайнердің салық міндеттемелерін төлеу жөніндегі Салық агенті болып табылады.



2.  ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

3.1. Форс-мажор. Ешбір Тарап, Тараптың тиісті бақылауына бағынбайтын («форс-мажор») бой бермейтін күштің әсерінен өз міндеттерін орындамағаны үшін келесі тараптың алдында жауапкершілік көтермейді. Форс-мажор жағдайына жататын жағдаяттар, атап айтқанда: мемлекеттік эмбарго, блокадалар, санкциялар, тыйым салу немесе активтерді тоқтату, кез келген елдің мемлекеттік органдарының немесе халықаралық ұйымдардың Дизайнерлердің Жария шарты бойынша міндеттерді орындауды шектейтін басқа кез келген әрекеті, өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, қолайсыз ауа райы жағдайы және басқа да табиғи апаттар, карантиндер (пандемия), еңбек қақтығыстары мен ереуілдер, көтерілістер, қастық әрекеттері, мемлекеттік төңкерістер, азаматтық тәртіпсіздік, қарулы қақтығыстар, террористік актілер мен соғыс, жарияланған және жарияланбаған соғыс, соның ішінде  Ресей мен Америка Құрама Штаттары, Франция немесе Қытай аумағында немесе арасындағы әскери әрекеттер. Егер Тараптар өз міндеттерін бой бермейтін күштің себібінен жартылай немесе толықтай орындай алмаса, осындай жағдаятқа тап болған Тарап дереу келесі Тарапқа жағдаяттың басталуы мен аяқталуы туралы хабарлайды, қажет болған жағдайда ары қарай Қазақстан Республикасының құзырлы органдары берген растайтын құжаттарды ұсынады. Егер форс-мажор жағдаяттар күнтізбелік 90 (тоқсан) күн бойы жалғаса берсе, Тараптардың әрқайсы Шартты біржақты орындауды тоқтату құқығы бар. Осы жағдайда Дизайнер Ұйымдастырушының колл-орталығына қоңырау шалу арқылы Жария шарттан бас тарта алады.

 

3.  ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

4.1. Дизайнерлердің осы Жария шарты және онымен байланысты туындайтын барлық қарым-қатынастар, сонымен қатар Дизайнердің Жария шарттын талқылау Қазақстан Республикасының материалдық құқығына сәйкес  орындалады.  

4.2. Егер Тарап оның құқығы мен заңды мүддесін келесі Тарап бұзса, зардап шеккен Тарап келесі тарапқа тікелей, немесе хат табысталғаны туралы хабарланатын арнайы пошта жөнелтілімі түрінде, немесе электронды пошта мекенжайына кінарат-талабын айтуы мүмкін. Нарзылық құжат жүзінде фактілердің расталуымен бірге кінарат-талапта баяндалады. Осындай екінші Тарап зардап шеккен Тараптың наразылығын қарастырып, құжат жүзінде негізделген себептемелі жазбаша жауап қайтарады. Ал келіскен жағдайда екінші тарап зардап шеккен тараптың талаптарын қанағаттандырады.

4.3. Егер зардап шеккен тарап екінші тараптың себептемелі жауабымен келіспесе, зардап шеккен Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгіне алады.  

 

5.  ЖАРИЯ ШАРТҚА ҚАТЫСТЫ ХАТ-ХАБАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ШАРТТАР, ОНЫҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ, ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МЕН ОДАН БАС ТАРТУ    

 

5.1. Осы Дизайнерлердің Жария шартында қамтылған жағдайларды есепке алмағанда, Тараптардың осы  Дизайнерлердің Жария шартты орындау шеңберінде Тараптардың хат немесе құжат алысуы Samsung Online Shop сайтының интерфейсін қолдану жағдайында жолдау/алмасу немесе  хат/құжат бір Тараптан келесі Тарапқа жолданғанын  анықтауға болатын осындай хаттарды тіркейтін  басқа да байланыс құралдарында рұқсат етіледі.

5.2. Samsung Online Shop  сайтындағы ақпарат барлық бөлімдер мен доменнің барлық деңгейлерін қосқанда, соның ішінде Дизайнерлердің Жария шартында гиперсілтемелер арқылы қолжетімді Промоакция ережелері, құпиялылық саясаты және ережелер (шарттар) Дизайнерлердің Жария шартының бөлігі болып табылады.

5.3. Ұйымдастырушы Дизайнерлердің Жария шартының талаптарын кейде біржақты өзгертуге құқығы бар. Дизайнерлердің Жария шарты талаптарының өзгеруі сайтта Дизайнерлердің Жария шартының жаңа нұсқасы жарияланғаннан (рәсімделгеннен) кейін барлық сатып алуларға қолданылады. Осыған байланысты Дизайнер Дизайнерлердің Жария шартының талаптары өзгерісін өз бетімен бақылағаны жөн.

 

6.  ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

6.1. Samsung Online Shop сайтын құрайтын зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқық Samsung Electronics Co., Ltd, Ұйымдастырушыға және оларды Samsung Online Shop сайтында пайдалану құқығын берген тұлғаларға тиесілі.

6.2. Дизайнерге Samsung Online Shop  сайтының негізінде жатқан бағдарламалық платформаны қолдануға қандай да бір құқық берілмейді.Тауарлармен таныстыру немесе Дизайнерлік мақсатта Samsung Online Shop  сайтына шектелген қолжетімділікті ерекшелік ретінде атауға болады.

 

7.  ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР.

Дизайнерлердің дербес деректерін өңдеудің түбегейлі ережелері  Дизайнерлердің Жария шартының бөлінбес бөлігі болып табылатын Құпиялылық Саясатымен     анықталады.  

Дербес деректерді табыстау келісімі. Дизайнердің жеке деректерін жинаудың әрбір жағдайында Ұйымдастырушы Құпиялылық Саясатына сәйкес бөлек келісім сұрататын болады.