«Galaxy New Year» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Galaxy New Year» Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары ресми интернет-дүкеннің сайтындағы келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/, соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция сайты»).

 

1.Жалпы шарттар:

1.1.Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат;

1.2.Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 5 желтоқсаны мен 2023 жылдың 7 қаңтары аралығында (қоса санағанда) Алматы қ. уақытымен 23:59 дейін;

1.3.Промокодтарды қолдану мерзімі: 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін;

1.4.Акцияны өткізу аумағы: Акция Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі;

1.5.Акцияны өткізу орыны: Акция келесі мекенжайлар бойынша орналасқан Ұйымдастырушының ресми промопарақшасында өткізіледі: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/galaxy-new-year/; https://www.samsung.com/kz_kz/offer/galaxy-new-year/  («Акцияның промопарақшасы»);

1.6. Ұтыс ойынының нәтижелерін шығару күні: 2022 жылдың 12, 19, 26 желтоқсаны және 2023 жылдың 5, 15 қаңтары.

 

2.     Акцияға Қатысушы

2.1.          Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);

2.2.          Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;

2.3.          Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;

2.4.          Осы Акция шеңберінде жаппай Жүлде алуға немесе әділетсіз әрекетке барған тұлғаларды (әрі қарай – «Сыйлық аңдушылар») анықтау мақсатында, сонымен қатар адал Қатысушылар мен Акция жеңімпаздарын қорғау мақсатында, Ұйымдастырушы Қатысушыларға қосымша тексеру жүргізуге құқылы;.

2.5.          Ұйымдастырушы өз бетімен Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелерін және Акцияның осы шарттарын есепке ала отырып,  Акцияға қатысу үшін өтінім беру процесін немесе Акцияны өткізуді қолдан жасап, одан пайда түсірген, осы Акцияның шарттарын бұзу әрекеттеріне, деструктивті әрекетке барған немесе осы Акцияға қатысы бар кез келген тұлғаға жәбір көрсету, тіл тигізу, қорқыту  сияқты басқа да әділетсіз әрекеттер жасаған  кез келген тұлғаның қатысу үшін барлық өтінімдерін жарамсыз қабылдап, Акцияға қатысуына (соның ішінде аккаунтын бұғаттау жолымен) тыйым салуы мүмкін. Аталған негізге сүйеніп Қатысушы аккаунтын бұғаттау Акцияны өткізудің бүкіл кезеңіне жүргізіледі. Қатысушыны бұғаттан шығару Акция Ұйымдастырушысының өз қарастыруымен және айрықша жағдайларда жүргізіледі.

2.6.          Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;

 

3.     Акцияның сипаты мен шарттары:

3.1.                    Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, төменде көрсетілген тапсырмалардың бірін орындаса,  Ұйымдастырушыдан  Акция сайтында келесі жолы сауда жасауға арналған бірегей промокодты және барлық пасхалкаларды тапса, сыйлық ұту мүмкіндігін алады[1]*.    

[1] «Пасхалкалар» – Акцияның Промо-парақшасында жасырылған жұлдызшасы бар сары түсті шырша ойыншықтары.      

 

3.2.                    Апта сайынғы Промокодтардың ұтыс ойынына қатысу үшін, Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

˗            Акцияның Промо-парақшасында тиісті жолдарда сұралған деректердің барлығын толтырып, тіркеуден өту;

˗            Акцияны өткізу кезеңінде Акцияның Промо-парақшасында бір немесе бірнеше тапсырма орындау;

˗            Осы Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген Промокодтардың ұтыс ойынына қатысу.

3.3.                    Сыйлықтың ұтыс ойынына қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

˗            Тиісті жолдарда барлық сұралған деректерді толтырып тіркеуден өту;

˗            Акцияны өткізу кезеңінде Акцияның Промо-парақшасында барлық пасхалкаларды (5 дана)  табу және Акцияның Промо-парақшасындағы хабарландыру арқылы барлық пасхалкалардың табылғаны туралы растау алу;

˗            Осы Ережелердің 4.2. тармағында көрсетілген жүлделердің ұтыс ойынына қатысу.

 

4.     Сыйлықтар мен Акция Жеңімпаздарын анықтау реті

4.1.          Акция шеңберінде осы ережелердің 3.2. тармағындағы барлық шарттарды орындаған Қатысушылар келесі жолы төмендегі тауарлардың 1 (бірін) сатып алуға бірегей Промокод («Промокод») алу мүмкіндігін алады: ұялы телефон (смартфон), планшет пен тасымалды компьютер («ақылды» сағат) және оларға арналған аксессуарлар (құлаққаптар, зарядтау құрылғылары, көзілдіріктер, қаптар және т.б.).

4.2.          Промокодтардың ұтыс ойыны келесі тәртіпте жүзеге асырылады:  

˗         Номиналы 5,000 (бес мың) теңге 30 (отыз) бірегей промокодтың ұтыс ойыны 5 пен 11 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді;

˗         Номиналы 10,000 (он мың) теңге 20 (жиырма) бірегей промокодтың ұтыс ойыны 12 мен 18 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді;

˗         Номиналы 15,000 (он бес мың) теңге 10 (он) бірегей промокодтың ұтыс ойыны 19 бен 25 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді;

˗         Номиналы 20,000 (жиырма мың) теңге 5  (бес) бірегей промокодтың ұтыс ойыны 26 мен 30 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді; 

˗         Номиналы 50,000 (елу мың) теңге 1 (бір) бірегей промокодтың ұтыс ойыны 31 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығындағы кезеңде өтеді;

4.3.       Акция шеңберінде осы Ережелердің 3.3. тармағындағы барлық шарттарды орындаған қатысушылар сыйлыққа Samsung Galaxy S22 Сыйлық») смартфонын алу құқығын алады.  

4.4.       Промокодтардың саны шектеулі және 66 (алпыс алты) бірлікті құрайды.

4.5.       Сыйлық саны шектеулі және 1 (бір) бірлікті құрайды.

4.6.       Ұйымдастырушы Промокодтар мен Сыйлықтардың санын өз бетімен анықтау және өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

4.7.       Сыйлық саны Қатысушылар санына байланысты, яғни Сыйлықтардың максималды саны әр ұтыс ойыны үшін Қатысушылар санынан 50% аспауы тиіс. Сонымен қатар Сыйлық саны 4.4., 4.5. тармақтарда көрсетілгеннен аспайды.

4.8.           Қатысушы Акцияның ұтыс ойынында ұтқан жағдайда 1 (бір) Промокод және/немесе 1 (бір) Сыйлық алуға құқығы бар.

4.9.    Осы Акция шеңберінде Промокодтың және Сыйлықтың ұтыс ойындары https://www.random.org  сайты арқылы кездейсоқ сандар генараторының көмегімен  өткізіледі.

4.10.      Сыйлық табыстау үшін Қатысушылармен 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысу мүмкін болмаған жағдайға Ұйымдастырушы жеңімпаздардың резервті тізімін құрастыруды қарастырады.

Егер жеңімпаздар тізіміндегі қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, онда Қатысушылардың резервтік тізіміндегі бірінші үміткер жеңімпаз атанады. Осы ретте резервтік тізім дегеніміз, ұтыс ойыны кезінде анықталған әлеуетті жеңімпаздар тізімі. Егер осы резервтегі қатысушылар модерациядан өтпесе, Ұйымдастырушы ешбір қосымша ұтыс ойыны мен резервті тізім қатысушыларына хабарламай  Акцияны аяқтау туралы шешім қабылдай алады.

4.11.      2022 жылдың 12 желтоқсаны мен 2023 жылдың 13 қаңтары аралығындағы кезеңде Ұйымдастырушы апта сайын Қатысушылардың рәсімделген өтінімдерін жинау мен модерация жүргізеді.

4.12.      Ұйымдастырушы Промокодтар мен Суперсыйлықтың ұтыс ойынын апта сайын 2022 жылдың 12 желтоқсаны мен 2023 жылдың 13 қаңтары аралығындағы кезеңде өткізеді. Ұтыс ойынының нәтижелері Акцияның ресми Промо-парақшасында және Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісіндегі Ұйымдастырушының парақшасында әр есеп берілетін аптадан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады.

4.13.       Қатысушы промокодты Акция сайтында тек 1 (бір) рет қолдана алады, осы ретте Акция сайтындағы онлайн-дүкенде тапсырыс сомасы 10,000 (он мың) теңгеден асуы тиіс.

4.14.      Промокодтардың қолдану мерзімі: 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін (қоса санағанда);

4.15.      Промокод Акцияның Промо-парақшасында тіркелу кезінде көрсеткен жеңімпаздың телефон нөміріне модерациядан кейін және жеңімпаздардың тізімін жариялаған соң,  5 (бес) жұмыс күні ішінде СМС-хабарлама арқылы бірегей электронды промокод түрінде жолданады.

4.16.      Ұйымдастырушы Промокод жолдағанда Қатысушы тарапында интернет байланыс ақауы орнаған жағдайда жауапкершілік көтермейді.

4.17.      Ұйымдастырушы Акция қатысушысы көрсеткен байланыс деректері қате болғандықтан, Промокодты қате байланыс деректері бойынша жолдағаны үшін жауапкершілік көтермейді.Ұйымдастырушы Қатысушы деректерді қате көрсеткен жағдайда хабарламаны қайта жолдамайды.

4.18.      Ұйымдастырушы Қатысушылардың, байланыс ұйымдарының немесе Ұйымдастырушыға тәуелді емес басқа себептердің кесірінен СМС-хабарламаны мүлдем/уақытылы алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

4.19.      Промокод пен Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа да тауарларға ауыстырылмайды. Акцияға қатысушы Промокод пен Сыйлық алудан бас тартуға құқылы, осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді.

4.20.      Сыйлықты жеткізу Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі.  Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелерде көрсетілген төмендегі нөмірлер арқылы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады;

4.21.      Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Қатысушы Сыйлық пен Жүлде алу үшін Ұйымдастырушының сұранысы бойынша міндеттенеді:  

˗       жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну; Сыйлық алу құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді;

˗       жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;

˗       қолындағы сыйлықпен фотосурет/видео түсіру.

4.22.           Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

˗          акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

˗          қатысушы деректері жалған/қате берілсе;

˗          тауар қайтарылған жағдайда;

˗          алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;

˗          жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса;

 

 5. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері      

5.1.  Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗               Осы Ережелермен танысу;

˗               Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗               Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗               Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗               Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

˗               Осы Ережелерге сәйкес сыйлықтың берілуін талап ету;

5.2.  Акцияға қатысушының міндеттері:

˗               Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗               Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗               Алдын ала тапсырыста енгізілген деректердің нақтылығы, толықтығы және растығына толық жауапкершілік көтереді;

˗               Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

6.       Акция Ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері

6.1.  Ұйымдастырушының құқықтары:

-               Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-               Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-               Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

-               Ережелердің 3.2.т. көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлықтарды беруден бас тарта алады;

-               Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.  

6.2.  Ұйымдастырушының міндеттері:

-               Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-               Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-               Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

-               3.2 және 3.3. т. сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция Сыйлықтарын беру.

 

7.       Басқа шарттар:

7.1.  Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;

7.2.  Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

7.3.  Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

7.4.  Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.5.  Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.

7.6.  Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.