«TikTok school by Samsung Galaxy» акциясына қатысу ережелері
«TikTok school by Samsung Galaxy» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болғандықтан, Акция Қатысушылары ресми интернет-дүкеннің сайтында жарияланған Акцияны өткізудің осы ережелерімен («Ережелер») танысып, сөзсіз келісетіндігін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/, https://www.samsung.com/kz_kz/ («Акция сайты»).
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат;
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 1 маусымы мен 19 шілдесі аралығында (қоса алғанда) Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары;
1.4. Акцияны өткізу тәсілі: Акция екі кезеңнен тұрады:
1 кезең – Қатысушыларды тауар сатып алу немесе тикток-челленджге қатысу арқылы іріктеу;
2 кезең – TikTok school by Samsung Galaxy қатысушыларын төрт апталық офлайн-оқыту;
1.5. Акция SAMSUNG онлайн-дүкенінде Акция Сайтындағы осы Ережелерде көрсетілген тауарларға қолданылады.
2. Акция Қатысушысы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз қаражатымен және өз күшімен орындаған, 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);
2.2. Акцияға кез келген Samsung смартфонының пайдаланушылары ғана қатыса алады;
2.3. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың жұмысшылары қатыса алмайды;
2.4. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Бағдарламада / тіркелу кезінде немесе басқа жолмен), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.5. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен фотосурет/бейне/промо роликті Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының/Акцияға қатысы бар басқа да тұлғалардың ресми беттерінде орналастыруға келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Ұйымдастырушы өткізетін TikTok school by Samsung Galaxy-ға оқуға түсу мен төртапталық оқытудың қорытындысы бойынша сыйлық алу мүмкіндігін алады.
4. Акцияға қатысу шарттары:
4.1. Бірінші кезең механикасы (ары қарай — «Іріктеу»):
˗ Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі мүмкін тәсілдермен Іріктеуге қатысуы керек:
˗ Акция Сайтынан SAMSUNG сауда белгісімен келесі модельдегі тауарлардың бірін сатып алу: Galaxy S22 Ultra /Galaxy S22+ /Galaxy S22 смартфондарын Акция сайтында промокодты (https://www.samsung.com/kz) қолдану арқылы алу.
˗ Кез келген сериялы Samsung смартфонын иемденіп, тәлімгерлердің (@homm9k, @rendi_popping, @lunamccalll) үлгісі бойынша жеке TikTok-аккаунтына келесі белгілермен тикток-видео жариялау: тәлімгер хэштегі мен @galaxykaz аккаунты.
4.1.1. 4.1.1 т. көрсетілген тауарлардың бірін сатып алғаннан кейін Қатысушы Іріктеудің бірінші кезеңін автоматты түрде өтеді және сыйлық боксын алады. Бокстың құрамы Акция сайтында көрсетілген және Ұйымдастырушының шешімімен өзгертілуі мүмкін.
4.1.2. Іріктеуге Samsung смартфонының пайдаланушылары ғана қатыса алады.
4.1.3. Іріктеу Ұйымдастырушының және Cheil Kazakhstan арнайы комиссиясының тізімнен Қатысушыларды таңдауы арқылы өтеді.
4.1.4. Іріктеу Қатысушысы іріктеуден өткен жағдайда онымен байланысу үшін, өзінің өзекті және нақты деректерін көрсетуі тиіс.
4.1.5. Іріктеуді өткізу кезеңдері: 1 маусым 2022 ж. – 20 маусым 2022 ж. аралығында Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін. Іріктеу нәтижелерін жариялау күні 2022 жылдың 24 маусымы.
4.1.6. Іріктеу кезеңінен өткен жағдайда, Қатысушымен 3 күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушының өкілі кездеседі. Егер осы мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы немесе оның өкілі деректер қате берілгендіктен Жеңімпазбен байланыса алмаса және/немесе Жеңімпаз тарапынан кері байланыс болмаса, Ұйымдастырушы Қатысушыны ауыстыруға құқылы.
4.2. Екінші кезең механикасы (әрі қарай — «Оқыту»)
4.2.1. Іріктеу жеңімпаздарын жариялаған соң, таңдалған қатысушылар 2022 жылдың 20 маусымы мен 17 шілдесі аралығында Оқытуға келіп қатысуы керек.
4.2.2. Оқытудың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Назарбаев даңғ. 226, «Content Fabrica» шығармашылық кеңістігі.
4.2.3. Акция Ұйымдастырушысы басқа қалалардан келген қатысушылардың жолақысы мен өмір сүру шығындарын төлемейді.
4.2.4. Іріктелген Қатысушының сабақтарға қатысу мүмкіндігі болмаса, Ұйымдастырушы оны басқа Қатысушыға ауыстыруға құқығы бар.
4.2.5. Акцияның Ұйымдастырушысы бағдарлама, шарттар және оқытудың сапасы үшін жауапкершілік көтермейді.
4.2.6. Әр апта сайын Қатысушылар оқытушылар мен тәлімгерлер берген тапсырмаларды орындап балл жинайды. Қатысушылар балл мен үлгерімге байланысты аптасына бір рет іріктеліп отырады.
4.2.7. Акцияға қатысатын смартфонды сатып алу арқылы оқытуға қатысқан Қатысушылар Іріктеудің бірінші кезеңіне қатыспайды, дегенмен апта сайынғы іріктеуге қатысады.
5. Жүлде табыстау
5.1. Оқыту аяқталып нәтиже шыққан соң, Ұйымдастырушының арнайы комиссиясы 3 (үш) ақтықсын Қатысушысын іріктеп, ақтықсын жеңімпаздары Ұйымдастырушыдан сыйлық алады.
5.2. Акция Сыйлықтары: Samsung Galaxy S22 | S22+ | S22Ultra смартфондары.
5.3. Бір Қатысушының тек бір сыйлық алуға құқығы бар.
5.4. Сыйлықтардың ұтыс ойыны Ұйымдастырушы мен Cheil Kazakhstan арнайы комиссиясының Қатысушылар тізімінен жеңімпаздарды іріктеуі арқылы өтеді.
5.5. Қатысушы ұтқан жағдайда Қатысушымен 30 жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушының өкілі байланысады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы немесе оның өкілі Қатысушының берген деректері жалған болғандықтан және/немесе онымен кері байланыс орната алмаған жағдайда Ұйымдастырушының сыйлықты бермеуге құқығы бар.
5.6. Жүлдені алу үшін Қатысушы жеке куәлігін көрсетуі қажет, куәліктің екі жағы түсірілген көшірмені беріп, Ұйымдастырушының өкілі ұсынған форма бойынша қолхат жазып қалдырады.
5.7. Жүлделер ақшалай қаражат түрінде берілмейді.
6. Басқа шарттар
6.1. Акцияның барлық қатысушылары, оған қатыса отырып Акция Ережелерімен келіседі. Оларды ұстанып, орындауға міндеттенеді. Қатысушы келесі жағдайда Сыйлық алу құқығынан айырылады:
˗ Акция Ережелерін бұзса;
˗ Сыйлық алу үшін алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер жасаса;
˗ Жалған/қате деректер берсе;
˗ Ақпарат/құжат беруден бас тарту және/немесе фото/видео түсіруден осы Ережелерді бұзып бас тартса.
˗ Ұйымдастырушымен ол көрсеткен байланыс деректері бойынша 30 күн ішінде байланыса алмаса.
6.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келісетінін білдіреді. Ережелерді толықтай/немесе жартылай орындаудан бас тарту Қатысушы Акцияға қатысудан бас тартқаны болып есептеледі.
6.3. Акцияны жүргізу барысында Қатысушыдан оның тұлғасын сәйкестендіру және растау үшін жеке куәлігі және оның көшірмесі сұралуы мүмкін.
6.4. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Бағдарламада / тіркелу кезінде немесе басқа жолмен), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары, атап айтқанда «Cheil Kazakhstan» ЖШС-ға (Чейл Казахстан) берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
6.5. Ұйымдастырушы Интернет желісіндегі Акция сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
6.6. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен фотосурет/бейне/промо роликті Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының/Акцияға қатысы бар басқа да тұлғалардың ресми беттерінде орналастыруға келісімін береді;
6.7. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
6.8. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
6.9. Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық Кодексінің 395 бабында анықталатын ережелердегі көпшілік оферта болып табылмайды. Модель сипаттамалары алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Құрылғы саны шектеулі. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Акцияға байланысты барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастырушының төменде берілген байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қоңырау шалу тегін.
Акция ережелеріне
№1 қосымша
«SAMSUNG Galaxy смартфонын сатып алып, сыйлыққа брендтелген бокс алыңыз»
Смартфон |
Сыйлық |
SM-S908BDRGSKZQE75LS03AAUXCE |
Брендтелген бокс: шұлық, жапсырмалар, белгішелер, ланъярд, орама қорабы, тәлімгерлер @homm9k, @rendi_popping немесе @lunamccalll қолтаңбасы бар фотокарта. 12 месяцев подписки на IVI, Okko, MEGOGO |
SM-S901BZWDSKZQE65LS03AAUXCE |
Брендтелген бокс: шұлық, жапсырмалар, белгішелер, ланъярд, орама қорабы, тәлімгерлер @homm9k, @rendi_popping немесе @lunamccalll қолтаңбасы бар фотокарта. 12 месяцев подписки на IVI, Okko, MEGOGO |
SM-S901BZWDSKZQE55LS03AAUXCE |
Брендтелген бокс: шұлық, жапсырмалар, белгішелер, ланъярд, орама қорабы, тәлімгерлер @homm9k, @rendi_popping немесе @lunamccalll қолтаңбасы бар фотокарта. 12 месяцев подписки на IVI, Okko, MEGOGO |