Үшінші ұтыс ойынының жеңімпаздары 05.09.2022
1 |
К. Ернар +7 *** *** 8780 |
2 |
А. Сергей +7 *** *** 7799 |
3 |
K. Dinara +7 *** *** 2803 |
4 |
М. Манара +7 *** *** 4623 |
5 |
С. Александр +7 *** *** 3198 |
6 |
К. Сергей +7 *** *** 1085 |
7 |
K. Asel +7 *** *** 8080 |
8 |
А. Каламкас +7 *** *** 5555 |
9 |
М. Айжан +7 *** *** 8508 |
| 10 | А. Ердаулет +7 *** *** 5555 |
Екінші ұтыс ойынының жеңімпаздары 26.08.2022
1 |
O. Olshevskaya +7 *** *** 5937 |
2 |
Р. Канат +7 *** *** 9577 |
3 |
С. Аружан +7 *** *** 4653 |
4 |
Х. Вероника +7 *** *** 6108 |
5 |
B. Daliya +7 *** *** 8466 |
6 |
У. Денис +7 *** *** 9918 |
7 |
И. Назгуль +7 *** *** 8287 |
8 |
А. Жанар +7 *** *** 1096 |
9 |
G. Artem +7 *** *** 9778 |
| 10 | Б. Азамат +7 *** *** 2292 |
Бірінші ұтыс ойынының жеңімпаздары 19.08.2022
1 |
K. Meirman +7 *** *** 1435 |
2 |
Z. Islam +7 *** *** 5914 |
3 |
Б. Анатолий +7 *** *** 0040 |
4 |
Т. Алишер +7 *** *** 7551 |
5 |
Н. Мирас +7 *** *** 1694 |
6 |
О. ЮРИЙ +7 *** *** 3399 |
7 |
А. Бахытхан +7 *** *** 7770 |
8 |
K. Yelena +7 *** *** 1929 |
9 |
Е. Олег +7 *** *** 6666 |
| 10 | М. Медет +7 *** *** 5050 |
«Galaxy Z Fold4 | Z Flip4-ке алдын ала тапсырыс бер де, 50 000 теңгеге промокод ұтып ал» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Galaxy Z Fold4 | Z Flip4-ке алдын ала тапсырыс бер де, 50 000 теңгеге промокод ұтып ал» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі мекенжай бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/ («Акция сайты»).
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат;
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 11 мен 31 тамызы аралығында (қоса санағанда) Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3. Промокодтарды қолдану мерзімі: 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса санағанда);
1.4. Акцияны өткізу аумағы: Акция Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі;
1.5. Акцияны өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген Акция сайтындағы SAMSUNG онлайн-дүкенінде сатып алған тауарларға қолданылады.
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);
2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;
3. Акцияның сипаты
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда SAMSUNG сауда белгісімен осы Ережелерде көрсетілген SAMSUNG Galaxy Z Fold4 және SAMSUNG Galaxy Z Flip4 смартфондарына алдын ала тапсырыс беріп, Ұйымдастырушыдан сыйлық ала алады.
4. Акцияға қатысу шарттары:
4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:
˗ Акцияны өткізу кезеңінде Тауар бағасының 100% (жүз пайыз) көлеміндегі бағасын енгізу арқылы төлем тәсілін таңдап немесе бөліп төлеу шарттарымен SAMSUNG Galaxy Z Fold4 (SM-F936) немесе SAMSUNG Galaxy Z Flip4 (SM-F721) (“Тауар”) сериясының жаңа смартфонына алдын ала тапсырыс рәсімдеу;
˗ Алдын ала тапсырыс рәсімдеген жағдайда Акция Сайтында сәйкес жолдарда Акцияға қатысатын таңдалған Тауар туралы ақпаратты, оның сипаттамаларын, өзінің байланыс деректерін және басқа да сұралған деректерді көрсету;
˗ Қалыптасқан Тауар тапсырысы туралы мақұлдау алу;
˗ Ұйымдастырушыдан осы Ережелердің 5.17 т. көрсетілген кепілдендірілген сыйлық алу және Акция сайтындағы Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінде номиналы 50 000 (елу мың) теңге промокодтар түріндегі жүлделердің ұтыс ойынына қатысу.
5. Жүлделер мен кепілдендірілген сыйлықтар
5.1. Ұтыс ойынындағы жүлде Акция сайтындағы ресми интернет-дүкенде SAMSUNG сауда белгісімен ұялы телефондарды келесі жолы сатып алуға номиналы 50,000 (елу мың ) теңге бірегей промокод болып табылады («Жүлде»).
5.2. Жүлделер алуға құқығы бар Акция Жеңімпаздары осы Ережелердің 4.1 тармағында көрсетілген Қатысушылар болып табылады.
5.3. Осы Акция шеңберінде Жүлде Жеңімпаздары https://www.random.org сайтында кездейсоқ сандардың онлайн генераторы арқылы анықталады;
5.4. Жүлделер ұтыс ойынын Ұйымдастырушы келесі күндері өткізеді:
1) Бірінші ұтыс ойыны – 19.08.2022
2) Екінші ұтыс ойыны – 26.08.2022
3) Үшінші ұтыс ойыны – 02.09.2022
5.5. Акция шеңберіндегі бірінші Жүлделер ұтыс ойынының нәтижелері Ұйымдастырушының Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде 2022 жылдың 22 тамызынан кешіктірілмей жарияланады. Акция шеңберіндегі екінші ұтыс ойынының нәтижелері Ұйымдастырушының Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде 2022 жылдың 29 тамызынан кешіктірілмей жарияланады. Акция шеңберіндегі үшінші Жүлделер ұтыс ойынының нәтижелері Ұйымдастырушының Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде 2022 жылдың 5 қыркүйегінен кешіктірілмей жарияланады.
5.6. Егер Акция Қатысушысы Акцияға қатысу құқығынан айырылып және осы ережелердің 5.16 тармағында көрсетілгендей Жүлде алуға үміткер бола алмайтын жағдайға әрбір ұтыс ойынынан кейін 10 қатысушы резервті тізімге іріктеледі.
5.7. Жүлде саны шектеулі және Қатысушылар санына байланысты, яғни Жүлделер Жиынтығының максималды саны қатысушылар санынан 50% (елу пайыз) құрайды. Ұйымдастырушы Жүлде санын өз бетімен анықтап, өз бетімен өзгертуге құқылы.
5.8. Қатысушы Жүлдені тек 1 (бір) рет Акция сайтында қолдана алады.
5.9. Промокодтарды қолдану мерзімі Тауарды алу күнінен бастап, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса санағанда).
5.10. Жүлде Жеңімпазға 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірегей электронды промокод түрінде Акция сайтында Тауарға алдын ала тапсырыс рәсімдеу кезінде көрсетілген Қатысушының телефон нөміріне СМС-хабарламада жіберіледі.
5.11. Ұйымдастырушы Сыйлықты қате көрсетілген мекенжайға Акция Қатысушысы қате байланыс деректерін көрсеткен себептен жолдаған болса, жауапкершілік көтермейді.
5.12. Қатысушылардың өз ағаттығынан, байланыс ұйымдастыру ағаттығынан немесе Ұйымдастырушыға тәуелді емес себептерден Қатысушы СМС-хабарламаны алмаса/уақытылы алмаса Ұйымдастырушы жауапкершілік көтермейді.
5.13. Тауар қайтарылған жағдайда, Сыйлық қайтарылады, ал Жүлде автоматты түрде деактивацияланады. Егер Қатысушы Сыйлықты қайтарудан бас тартса, Ұйымдастырушы сәйкес Тауарды қайтаруды орындамауға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Ресми Серіктес белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асады.
5.14. Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Қатысушы Жүлде алу үшін Ұйымдастырушының сұранысы бойынша міндеттенеді:
˗ жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну;
˗ сыйлық алу құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді;
˗ жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;
˗ қолындағы сыйлықпен фотосурет/видео түсіру.
5.15. Қатысушы келесі жағдайда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Жүлде алуға үміткер бола алмайды:
- акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;
- қатысушы деректері жалған/қате берілсе;
˗ тауар қайтарылған жағдайда;
˗ алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;
˗ жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса;
˗ «Galaxy Unpacked – Алдын ала тапсырыс» жарнамалық акциясының шеңберінде жүлделерді ұту мен оған қатысқан жағдайда.
5.16. Осы Акция «Сатып ал да, сыйлық ал» Жарнамалық Акциясымен бірмезгілде қолданылады, оның шеңберінде Қатысушы төменде көрсетілгендей, келесі кепілдендірілген сыйлықтардың бірін алады («Сыйлық»):
˗ Акция сайтындағы ресми интернет-дүкенде SAMSUNG Galaxy Z Flip4 (128GB/256GB) сатып алған жағдайда Galaxy Watch4 40mm (SM-R860) смарт-сағаты мен 1 (бір) жылға «Samsung care» қосымша сервистік қызметі беріледі;
˗ Акция сайтындағы ресми интернет-дүкенде SAMSUNG Galaxy Z Fold4 (256GB/512GB) смартфонын сатып алған жағдайда Galaxy Watch4 Classic 46mm (SM-R890) смарт-сағаты мен 1 (бір) жылға «Samsung care» қосымша сервистік қызметі беріледі.
«Сатып ал да, сыйлық ал» Жарнамалық Акциясының толығырақ шарттарымен сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/im/rules/
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға қатысушының Құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес сыйлықтың берілуін талап ету;
6.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
- Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
- Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
- Ережелердің 4.1.т. көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлықтарды беруден бас тарта алады;
- Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
- Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
- Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;
- Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
- 4.1.т. сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция Сыйлықтарын беру.
8. Басқа шарттар:
8.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;
8.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады;
8.3. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
8.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы;
8.5. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін;
8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық суреттер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799– Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.