«Galaxy S23 Ultra-мен бірге #Nightography»
АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ережелерді жаңарту күні: 15.08.2023
5.4. тармақ өзгерілді.
5.6. тармақ өзгерілді.
2-бөлімге қосымша тармақ енгізілді.
1.2. тармақ өзгерілді.
1.3. тармақ өзгерілді.
5.7. тармақ өзгерілді.
1 аптаның жеңімпаздар тізімі:
@__ismailoovv__
@syilykhan2538
@asem_aubakir_
@aidanataitieva
@kwaydk
@almaty571
2 аптаның жеңімпаздар тізімі:
@avadakedavra555
@maira.suleimenovaa
@warder_q
@tole7888
@arailym_saparkyzy
@isa.shaydullin
3 аптаның жеңімпаздар тізімі:
@orhidey_89
@christinatkachenko
@gulnarraikhanova
@gurhan.kz
@vinnipuxa
@lenucza
4 аптаның жеңімпаздар тізімі:
@gaini_ns
@bors1k
@dina.kalmanova
@persse_rosso
@lilidossymbetova
@delfin_mirnui
5 аптаның жеңімпаздар тізімі:
@key_annette_
@solly9146
@uldanayserikovna
@zh_rai
@zhanabayevna.aliya
@01krism_official01
6 аптаның жеңімпаздар тізімі:
@dulat_maratovish
@anufriyev.99
@akbotabj
@dudubaby_kz_almaty___
@zhansayazhumanova
@tursunovashakhidam
«Galaxy S23 Ultra-мен бірге #Nightography» жарнамалық акциясына қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) («Ұйымдастырушы») және Акция қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Акцияға Қатысушы келесі мекенжай бойынша сайтта жарияланған осы Акцияға қатысу ережелерімен («Ережелер») сөзсіз келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/ соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция Сайты»).
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылдың 14 шілдесі мен 23 тамызы аралығында (қоса санағанда), Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.
1.3. Акция нәтижелерін шығару күні: 2023 жылдың 23 тамызы.
1.4. Акцияны өткізу аумағы: Акция Алматы қаласында өткізіледі.
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және Акцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
2.5. Акцияның барлық шарттарын орындап өзінің авторлық фотосын (әрі қарай – «Фото») Instagram желісінде жариялаған бір тұлға ғана Қатысушы ретінде мойындалады, осы ретте ол жарияланым орындалған жеке аккаунттың иесі болуы тиіс.
2.6. Қатысушы негізгі контент ретінде кәмелетке толмаған тұлғалардың кескінін қолдануға құқығы жоқ. Жарияланымға фото/видео материалдар әзірлеу үшін кәмелетке толмаған тұлғалардың кескіндерін қолданған жағдайда Акция қатысушысының өзі кадрда болуға міндетті, ал осындай кәмелетке толмаған тұлғаның ресми өкілдерінің (ата-анасы, қамқоршылары және/немесе басқа да заңды өкілдерінің) келісімін алу акция Қатысушысына жүктеледі және Қатысушы сәйкес кескіндерді пайдаланумен байланысты туындаған барлық салдарды өз бетімен реттейді. Жарияланым фото материалдарында бірнеше кәмелетке толған тұлғалар қатысқан жағдайда осындай тұлғалардың фото/видео түсіруге қатысуына, олардың кескіні әлеуметтік желілерде жариялануына және Акцияға қатысуына келісімді Қатысушы өзі алады және сәйкес кескіндерді пайдаланумен байланысты туындаған кез келген барлық салдарды өз бетімен реттейді.
Акцияның Ұйымдастырушысы кескіндері Қатысушының фото/видео материалдарында қолданылған тұлғалардың алдында жауапкершілік көтермейді;
3. Акцияның сипаттамасы
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған шарттардың барлығын орындаған жағдайда Ұйымдастырушыдан сыйлықтар ұту мүмкіндігін алады.
4. Акцияның сипаттамасы мен қатысу шарттары
4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
˗ 2023 жылдың 13 тамызына дейін төмендегі мекенжайлар бойынша орналасқан Nightography фотоаймақтарының біріне келу: Республика алаңы, 2 (Алмалы СОО); Сейфуллин даңғылы, 617, Restopark фудмаркетінің аумағында (Forum СОО); Розыбакиев көш. 247а (Mega Center Alma-Ata СОК); Мақатаев көш., 127/1 (Mega Park СОК).
˗ Galaxy S23 Ultra смартфонына фотосурет («Фото») түсіру үшін фотоаймақта Samsung промоутеріне жүгіну.
˗ Фотомен бірге постта Ұйымдастырушының аккаунтын (@samsung.kz) белгілеп, келесі хештегтерді көрсету: #Nightography #GalaxyNightsKZ.
˗ Instagram-дағы (@samsung.kz) Ұйымдастырушының парақшасына өту және Акцияға қатысу ережелеріне арналған посттың астында комментарилер қалдыру.
4.2. Акцияны өткізу кезеңінде Қатысушының аккаунты белсенді және ашық болуы тиіс. Ұйымдастырушы және оның уәкілетті тұлғалары Акцияны өткізу кезеңінде Қатысушының аккаунтын тәуліктің кез келген уақытында тексеруге құқылы. Қатысушы аккаунтын жасырса, яғни Акция шеңберінде постын/сторизін/рилсын мұрағаттаса, Ұйымдастырушы оны Акцияға қатысудан шектетуге құқылы.
5. Сыйлықтар
5.1. Осы Ережелерге сәйкес қатысушы осы Ережелердің 4.1 тармағында көрсетілген шарттардың барлығын орындаған жағдайда Сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысады. Әрбір қатысушыдан тек 1 (бір) фото қабылданады.
5.2. Ұтыс ойынын өткізудің алдында ұйымдастырушы тағайындаған комиссия ұтыс ойынына қатысатын барлық жұмыстарды осы Ережелердің 4.1 тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес орындалуын тексереді.
5.3. Акция жеңімпаздары әрбір аптаның соңында https://www.random.org/ («Генератор») кездейсоқ сандар генераторының көмегімен @samsung.kz парақшасындағы Акцияға қатысу ережелері пост астындағы комментарилер арасынан анықталады.
5.4. Ойналатын сыйлық «Жарқыраған мерч жиынтық» бірнеше брендтелген заттардан тұрады: панама (1 бірлік), шопер (1 бірлік), күртеше (1 бірлік) және жапсырмалар (1 бірлік) («Сыйлық») –саны 30 (отыз) бірлік;
5.5. Ұтыс ойындарын өткізу күндері: 2023 жылдың 18, 25 шілдесі мен 1, 8, 15, 23 тамызы.
5.6. Апта сайын 6 (алты) сыйлық ойналады. Акцияның барлық кезеңінде 30 (отыз) сыйлық ойналады.
5.7. Акцияның жалпы нәтижелері Акция парақшасында және Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде 2023 жылдың 23 тамызы Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін кешіктірілмей жарияланады.
5.7.1. Әр жүлделердің ұтыс ойынында резервті тізімге 7 (жеті) қатысушыдан іріктеліп алынады, бұл егер Генератор іріктеген Қатысушылармен сыйлық табыстау үшін 7 (жеті) күн ішінде байланысу мүмкін болмаған жағдайға қарастырылған шара.
5.7.2. Егер жеңімпаздар тізіміндегі қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, онда Қатысушылардың резервтік тізіміндегі бірінші үміткер жеңімпаз атанады. Осы ретте резервтік тізім дегеніміз, ұтыс ойыны кезінде анықталған (әр ұтыс ойыны кезіндегі саны 6 адам) әлеуетті жеңімпаздар тізімі. Егер осы резервтегі қатысушылар модерациядан өтпесе, Ұйымдастырушы ешбір қосымша ұтыс ойыны мен резервті тізім қатысушыларына хабарламай Акцияны аяқтау туралы шешім қабылдай алады.
5.8. Сыйлық саны шектеулі және Қатысушылар санына байланысты, яғни Сыйлықтардың максималды саны осы Ережелердің 5.4 тармағына сәйкес Қатысушылар санының 50% (елу пайызынан) аспауы тиіс. Ұйымдастырушы Сыйлық санын өз бетімен анықтау және өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
5.9. Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақша немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Қатысушы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді.
5.10. Әр Жеңімпаз осы Акция шеңберінде 1 (бір) сыйлықтан артық ала алмайды.
5.11. Акцияны өткізу кезеңінде белгілі бір себептерге байланысты берілмеген сыйлықтар, соның ішінде Қатысушының бас тартуы себебінен, алған промокоды/коды активациядан өтпегендіктен немесе электронды пошта мекенжайы, байланыс телефоны қате көрсетілгендіктен сұраусыз сыйлық ретінде танылады. Сұраусыз сыйлықтар сақталмайды және ұйымдастырушы оларды өз қалауы бойынша қолданады.
5.12. Ережелерде сұраусыз сыйлықтарды сақтау және осы Ережелерде көрсетілген мерзімнен кейін қайта сұралуы қарастырылмаған.
5.13. Акция Қатысушысына сыйлық табысталған сәттен бастап, сыйлықтың абайсыздан жойылуы және/немесе бұзылуы жауапкершілішін Қатысушы көтереді.
5.14. Сыйлық ұтыс ойынының жеңімпазымен байланыс орнатылғаннан кейін, 30 жұмыс күні ішінде жеткізілетін болады. Сыйлықты жеткізуге Жеңімпаздан ешбір сома алынбайды және жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар жеткізу үшін ақша, салық немесе басқа да төлем сұраса, мұндай төлемді жүргізбеуіңізді сұраймыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелерде көрсетілген нөмірлер бойынша және Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында байланысуға болады;
5.15. Сыйлық алу үшін, Қатысушы келесіні орындауы қажет:
˗ Жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну; Жеке куәлігінің /ықтиярхатының деректері қатысу формасында көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс. Сыйлық алу құқығы өзге тұлғаларға берілмейді.
˗ Сыйлықты қабылдау-беру Актісін толтыру және қол қою немесе Жеткізу парағын/тауарларды сыртқа жіберу жүкқағазына қол қою және толтыру.
˗ Қолындағы Сыйлықпен фотосурет/видео түсіру;
5.16. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
˗ Акцияның қандай да бір шарттары бұзылса;
˗ қатысушымен байланысу үшін жалған/қате ақпарат берілсе;
˗ Тауардан бас тартса;
˗ алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталған жағдайда;
˗ ақпаратты/құжаттарды ұсынудан бас тартса;
˗ егер Ұйымдастырушы/серіктес қатысушымен көрсетілген байланыс деректері бойынша 7 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса, соның ішінде Ұйымдастырушыдан әлеуметтік желісінде (дайрект, директ, direct) қалдырылған хатқа нәтижелер жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе;
˗ Қатысушымен байланысқан сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде 5.14 тармақта көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса.
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға қатысушының Құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес сыйлық беруді талап ету.
6.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Алдын ала тапсырыс кезінде енгізген деректердің нақтылығы, толықтығы мен дұрыстығына толық жауапкершілік көтереді;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
˗ Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
˗ Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
˗ Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
˗ Осы Ережелердің барлық шарттарын дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына бонустық балдарды беруден бас тарту;
˗ 4.1. т. көрсетілген Осы Ережелердің барлық шарттарын толық көлемді және дұрыс орындамаған Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту;
˗ Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
˗ Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;
˗ Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
˗ Осы Ережелердің 4.1 т. сәйкес барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Сыйлықтар беру.
8. Басқа шарттар:
8.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.
8.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.
8.3. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.
8.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
8.5. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.
8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты кез келген мәселелер бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректеріне хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799– Қазақстанның кез келген байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.
Бірінші аптаның нәтежелері
Екінші аптаның нәтежелері
Үшінші аптаның нәтежелері
Төртінші аптаның нәтежелері
Бесінші аптаның нәтежелері
Алтыншы аптаның нәтежелері