«Сатып ал да, ие бол» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Сатып ал да, ие бол» жарнамалық акциясына (бұдан әрі – «Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Акцияға қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу арқылы қатысушы Samsung.com/kz_kz адресі (бұдан әрі – «Ұйымдастырушының сайты») бойынша орналасқан Акцияға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») келіседі.
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат.
1.2. Акцияны өткізу мерзімі: 2025 жылдың 1 наурыз 31 наурызға дейін (қоса алғанда), Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.
1.4. Акцияны өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген және http://www.kaspi.kz/shop (бұдан әрі - «Kaspi Дүкен») арқылы сатып алынған тауарларға қолданылады.
2. Акцияға қатысушы
2.1. Тек қана 18 жасқа толған әрекетке қабілетті және осы Ережелердің барлық шарттарын жеке өзі, өз күшімен және қаражатымен орындаған Қазақстан Республикасының резиденттері, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияға қатысушы (бұдан әрі – «Қатысушы») бола алады.
2.2. Акцияға қатысу арқылы, сондай-ақ сатып алу кезінде және басқа да жолмен кез келген ақпаратты (соның ішінде Kaspi Дүкенге), оның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы Акцияның өткізілуін және оның шарттарының орындалуын бақылау мақсатында Ұйымдастырушыға және ол уәкілеттік берген үшінші тұлғаларға өзінің дербес деректерін: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, телефон нөмірі, тұрғылықты мекенжайы көлемінде жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге, оның ішінде трансшекаралық, келісімін береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген дербес деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: алуға, жазуға, сақтауға, нақтылауға, пайдалануға, беруге (қолданылатын заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді қоса алғанда), алып тастауға, жоюға, соның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларына / басқа уәкілетті тұлғаларға / үшінші тұлғаларға. Келісім осындай деректер Ұйымдастырушыға берілген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін жарамды болады.
2.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға фото/бейне түсіруді жүргізуге, өзінің суреті/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарды сақтауға, пайдалануға, Ұйымдастырушының сайтында орналастыруға, сондай-ақ басқа да мақсаттарда, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, бухгалтерлік және есеп беру мақсаттарында, сөзсіз және өтеусіз келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған болса, төменде көзделген сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігіне ие болады.
4. Акцияға қатысу шарттары:
4.1 Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:
˗ Акцияны өткізу кезеңінде Kaspi Дүкенде төмендегі 1-кестеде көрсетілген SAMSUNG сауда белгісімен тауарлардың біреуін (бұдан әрі – «Тауар») сатып алу;
˗ Төмендегі 1-кестеде көрсетілгендей тиісті сыйлықты алу;
Төменде Акцияға қатысатын Тауарлардың тізімі, сондай-ақ тиісті сыйлық көрсетілген:
№1 кесте:
2025 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) |
|
ТАУАР |
СЫЙЛЫҚ[1] |
65" QE65QN800DUXCE Neo QLED 8K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab S10+ 12.4" 5G 256GB (SM-X826BZARSKZ) |
75" QE75QN800DUXCE Neo QLED 8K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab S10 Ultra 14.6" 5G 256GB (SM-X926BZARSKZ) |
85" QE85QN800DUXCE Neo QLED 8K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab S10 Ultra 14.6" 5G 256GB (SM-X926BZARSKZ) |
65" QE65QN900DUXCE Neo QLED 8K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab S10+ 12.4" 5G 256GB (SM-X826BZARSKZ) |
75" QE75QN900DUXCE Neo QLED 8K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab S10 Ultra 14.6" 5G 256GB (SM-X926BZARSKZ) |
85" QE85QN900DUXCE Neo QLED 8K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab S10 Ultra 14.6" 5G 256GB (SM-X926BZARSKZ) |
55" QE55Q70DAUXCE QLED 4K теледидары |
Саундбар HW-B650D/RU |
65" QE65Q70DAUXCE QLED 4K теледидары |
|
75" QE75Q70DAUXCE QLED 4K теледидары |
Планшетi Galaxy Tab A9 8.7" 64GB (SM-X115NZAASKZ) |
Смартфон Galaxy S25+ 5G |
|
Смартфон Galaxy S25 Ultra 5G |
|
Смартфон Galaxy Z Fold6 5G 1TB (SM-F956BLINSKZ) |
Смарт сағат Galaxy Watch7 40mm (SM-L300NZEACIS) |
5. Сыйлық
5.1. Сыйлық – жоғарыдағы №1 кестеге сәйкес сатып алынған Тауарға байланысты Акцияға қатысушыға арналған SAMSUNG сауда белгісімен тауар (бұдан әрі – «Сыйлық»*);
5.2. Сыйлықтың түсі мен моделі оның бар болуына байланысты және Kaspi Дүкендегі суретінен өзгеше болуы мүмкін;
5.3. Әрбір Қатысушы Акция шеңберінде 1 (бір) Тауарды сатып алған кезде 1 (бір) Сыйлықтан артық дананы ала алмайды;
5.4. Сыйлықтарды жеткізу тапсырыс расталған және Kaspi Дүкенде төленген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе басқа тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін қандай да бір төлемді, салықтарды төлеуді немесе басқа төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді жасамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен хабарласыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі бөлігінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы хабарласуға болады;
5.5. Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға айырбастауға болмайды. Акцияға қатысушы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді;
5.6. Акцияны өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен берілмеген, соның ішінде Қатысушының бас тартуы, алынған промо-кодты/кодты белсендірмеуі себебінен Акцияға қатысушыға жеткізу мүмкін болмаған Сыйлықтар талап етілмеген болып танылады. Талап етілмеген Сыйлықтар сақталмайды және Ұйымдастырушы оларды өз қалауы бойынша пайдаланады;
5.7. Ережелерде талап етілмеген сыйлықтарды сақтау және оларды осы Ережелерде көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін талап ету мүмкіндігі қарастырылмаған;
5.8. Акцияға қатысушы Сыйлықты алған сәттен бастап оның кездейсоқ бүліну және/немесе зақымдану қаупін көтереді.
* [1] Осы Акция шеңберіндегі сыйлықтар Акция сайтында себетте 10 теңгеге сатылады.
6. Акцияға қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға қатысушының құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде белгіленген тәртіппен Акцияға қатысу;
˗ Kaspi Дүкендегі көпшілікке арналған ресурстар мен байланысу арналарында Акцияны өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты алу;
˗ Kaspi Дүкенде осы Ережелердің өзгертілуі туралы ақпаратты алу;
˗ Акцияның Ұйымдастырушы туралы ақпарат алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес Сыйлықты беруді талап ету;
6.2. Акцияға Қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді сақтау, соның ішінде Акцияға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді осы Ережелерде белгіленген мерзімдерде орындау;
˗ Акцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) Интернетке, телефонға және т.б. шығындарды дербес көтеру;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқару.
7. Акцияны ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
˗ Акцияны өткізу кезеңінде Ұйымдастырушының сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыны алдын ала ескертіп, осы Ережелерді біржақты тәртіппен өзгерту. Ескерту күні – Ұйымдастырушының сайтында тиісті ақпараттың жарияланған күні немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгертулермен келіскені болып саналады.
˗ Осы Ережелерде көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрастыру;
˗ Ұйымдастырушы осы Акцияның ережелерінде және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;
˗ Осы Ережелердің 4.1. тармағына сәйкес барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орынамаған Акцияға қатысушыларға Сыйлықтарды беру;
˗ Акцияға қатысушының осы Ережелерді орындамау фактісі анықталған жағдайда, Акцияға қатысушыға сыйлық беруден бас тарту.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімде Акцияға қатысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияның Ережелерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;
˗ Ұйымдастырушының сайтында және таңдалған байланысу арналарында Акцияның ережелерін орналастыру арқылы оны жүзеге асыру Ережелері туралы Акцияға қатысушыларды хабардар етуді қамтамасыз ету;
˗ осы Ережелердің 4.1. тармағына сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акцияға қатысушыларға Акция сыйлықтарын беру.
8. Өзге шарттар:
8.1. Барлық Акцияға қатысушылар оған қатысу арқылы Акцияның ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Сыйлықты алу үшін Акцияның ережелерін бұзса немесе алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, сыйлықты алу құқығынан айырылады.
8.2. Акцияға қатысу арқылы Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келісетінін білдіреді. Қатысушының Ережелерді толығымен және/немесе ішінара орындаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы деп танылады.
8.3. Акция байқау, лотерея немесе өзге тәуекелге негізделген құмар ойын болып табылмайды.
8.4. Қатысушыға / Жеңімпазға пікірін білу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Сапа бөлімінен қоңырау шалу мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін білдіруден бас тарта алады.
8.5. Акцияны өткізу барысында Қатысушыны сәйкестендіру және растау үшін Қатысушыдан жеке куәлікті, сондай-ақ оның көшірмесін ұсыну талап етілуі мүмкін;
8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек қана ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерімен айқындалған жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін, барлық суреттер тек анықтама үшін берілген.
8.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге және кез келген басқа ақпаратты заңсыз мақсаттарда немесе Акцияға қатысты мақсаттарға сәйкес келмейтін кез келген басқа мақсаттарда бермеуге міндеттенеді.
8.8. Акцияны өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша Акцияны өткізу Ережелеріне сәйкес Ұйымдастырушы қабылдайтын шешімдер түпкілікті болып саналады.
8.9. Акцияның ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістердің, зиянды бағдарламалардың әрекеттерінің, сондай-ақ Ұйымдастырушының бағдарламалық жасақтамасына және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруіне және/немесе оларды істен шығаруға бағытталған адал емес әрекеттерінің нәтижесінен болған өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.
8.10. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
8.11. Егер Ұйымдастырушы кез келген уақытта Қатысушының дисквалификацияланғанын, қатысу критерийлеріне сәйкес келмейтінін, осы Ережелерді бұзатынын немесе Ұйымдастырушы қорлайтын, орынсыз, қорқытатын, заңсыз немесе қандай да бір тұлғаны қорлауға, теріс пайдалануға, қорқытуға не кемсітуге бағытталған деп санайтын мінез-құлық көрсеткенін орынды және заңды түрде анықтаса, тіпті дисквалификацияланған Қатысушы кез келген жерде хабарландырылса, көрсетілсе немесе жарияланған болса да, Ұйымдастырушы мұндай Қатысушыны шеттету құқығын өзіне қалдырады.
8.12. Осы Ережелердің кез келген ережесінің жарамсыздығы немесе орындалуының мүмкін еместігі кез келген басқа ережелердің жарамдылығына немесе орындалуы мүмкін екендігіне әсер етпейді. Егер қандай да бір ереже жарамсыз немесе басқаша түрде орындалуға жатпайтын немесе заңсыз деп танылса, онда қалғанында осы Ережелер қолданыста болып қалады және жарамсыз немесе заңсыз ереже қамтылмаған сияқты болып олардың шарттарына сәйкес түсіндірілуі тиіс.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша Ұйымдастырушының төменде көрсетілген байланыс деректеріне хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
7700 – Қазақстанның кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін.
[1] Осы Акция аясындағы сыйлықтар 10 (он) теңгеден сатылады.