Neo QLED 8K теледидарының Q-сериялы саундбарлармен бірге жұмыс үйлесімділігіне баға беріңіз!
Экрандағы объектіге еретін дыбыс
Object Tracking Sound+ технологиясымен дыбыс көріністегі әрбір объектіге еріп экранда қозғалады. Ал қосымша орнатылған динамиктер сізді оқиғалардың дәл ортасына апарып, нағыз иммерсивті үш өлшемді дыбысталумен қамтамасыз етеді.
Толығырақ
Теледидар мен саундбардың керемет үйлесімділігі
Өзіңізді теледидар мен саундбардың мінсіз дыбысталуымен қоршаңыз. Q-Symphony функциясы теледидар және саундбар динамиктеріне синхронды жұмыс істеуге мүмкіндік береді, осылайша теледидар динамиктерін ажыратпай көлемді дыбыстан керемет әсер ала аласыз.
SpaceFit дыбысы
Теледидардың орналасуын есепке алып бөлмені жан-жақты толтыратын оңтайлы дыбыстан рақат алыңыз.
Quantum Matrix Technology Pro
Осы технологияның арқасында сіз бұрын көрінбеген кескіннің ең ұсақ бөлшектерін ең қараңғы және ең жарық көріністерде ажырата аласыз.
Жасанды интеллект технологиясымен өңделген 8K-кескін
Визуалды деректерді талдау үшін бір нейронды желінің орынына Neo Quantum 8K кванттық процессоры 16 нейронды желінің көмегімен жиналған деректерді қолданады. Соның нәтижесінде кескіннің ең ұсақ бөлшектері 8К ең жоғары ажыратылымдылығында көрсетілуі қамтамасыз етіледі.
Түс спектрі көрсетілуінің айрықша сапасы
Quantum HDR технологиясы кескін мен жарықтың айрықша нақтылануының жаңа стандартын орнатады. Нақты көрсетілетін түстің бай палитрасымен және ең ұсақ бөлшектерді керемет көрсететін терең кереғарлықтан рақат алыңыз. HDR10+ технологиясы әрбір көріністің түс реңкін оңтайландырады, соның арқасында сіз түс ойынының көзге көрінер-көрінбес өзгешелігіне баға бере аласыз.
Толығырақ