«Пікір үшін сыйлық»
АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Пікір үшін сыйлық» жарнамалық акциясына (бұдан әрі – «Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Қатысушының ресми интернет-дүкеннің сайтында келесі мекенжай бойынша: https://www.samsung.com/kz_kz/; https://www.samsung.com/kz_ru/ (бұдан әрі – «Акция сайты») жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») танысқандығын және сөзсіз келіскендігін білдіреді.
Ұтыс ойынының жеңімпазы 7*****8163
Резервтік нөмірлер1 7*****4321 және 7*****2357
1 Егер жеңімпаз сыйлықты алудан бас тартқан жағдайда немесе біз онымен 7 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмасақ.
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2024 жылдың 9 сәуірінен бастап 7 мамырын қоса алған мерзімде Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.
1.3. Акция нәтижелерін қорытындылау күні: 2024 жылдың 14 мамыры.
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Акция Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.
2. Акцияға қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын жеке, өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады (бұдан әрі – «Қатысушы»).
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олармен байланысты тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа да компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
2.5. Акцияның барлық шарттарын орындаған, өз пікірін сайтта қалдырған және өзінің өзекті Samsung есептік жазбасы арқылы тіркелген тек бір ғана тұлға Қатысушы болып таныла алады.
3. Акцияның сипаттамасы
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған, Акцияның шеңберіндегі барлық шарттарды орындаған жағдайда, Ұйымдастырушыдан сыйлықты жеңіп алу мүмкіндігін иеленеді.
4. Акцияға қатысудың шарттары
4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
- Акцияның Сайтында тапсырысты рәсімдегеннен кейін тұтынушыға жолданатын сілтеме (1) немесе Акцияның Сайтында орналастырылған сілтеме (2) бойынша Акцияны өткізу кезеңінде өз пікірін қалдыруы керек;
- Толтырылатын пікір формасында өз телефон нөмірін көрсетуі керек.
5. Жеңімпаздар және Сыйлықтарды тарату тәртібі
5.1. 5.9. тармағына сәйкес таңдалған, Акцияның барлық шарттарын орындаған Қатысушы Жеңімпаз болып есептеледі.
5.2. Акцияның Сыйлығы төменде көрсетілген:
˗ Galaxy Buds FE құлаққаптары.
5.3. Ұйымдастырушы Сыйлықтардың санын өз бетімен анықтау, сондай-ақ оны өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
5.4. Сыйлықтың нақты түсі тауардың қоймада болуына тәуелді болады және Акцияның Сайтында немесе Instagram желісіндегі Ұйымдастырушының аккаунтында орналастырылған кескіннен өзгеше болуы мүмкін.
5.5. Осы Акцияның шеңберінде әрбір жеңімпаз тек бір Сыйлықты ала алады.
5.6. Ұйымдастырушы Акцияның Шарттарын толық көлемде орындаған Қатысушыларды Жеңімпаздардың тізіміне қосу жолымен Жеңімпазды анықтайтын болады.
5.7. Ұйымдастырушы Акцияны қандай да бір қосымша ұтыстарсыз және Қатысушыларды хабардар етпей аяқтауға құқылы.
5.8. Акцияның нәтижелері Акцияның Сайтында 2024 жылдың 14 мамырынан кешіктірмей жарияланатын болады.
5.9. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе өзге де тауарларға айырбастауға болмайды. Акцияның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүзеге асырылмайды.
5.10. Акцияны өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен тапсырылмаған Сыйлықтар, соның ішінде Қатысушының бас тартуы, не болмаса қате байланыс деректерін (жеткізу мекенжайын, телефон нөмірін, электронды пошта мекенжайын және т.б.) көрсету салдарынан Акция Қатысушысына жеткізілмеген сыйлықтар талап етілмеген болып танылады. Ұйымдастырушы талап етілмеген Сыйлықтарды өз қалауы бойынша қолдана алады.
5.11. Ережелер талап етілмеген Сыйлықтарды сақтау және осы Ережелерде көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін оларды талап ету мүмкіндігін қарастырмайды.
5.12. Жеңімпаз Сыйлықты алған сәттен бастап, оның кездейсоқ сынып кетуі және/немесе зақымдануы үшін тәуекелді өз басымен көтереді.
5.13. Сыйлықты жеткізу Жеңімпаз жеткізу үшін деректерді растаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар Сыйлықты қалаға жеткізгені үшін қандай да бір ақыны, салықтарды немесе өзге төлемдерді төлеуді талап етсе, өтінеміз, осындай төлемдерді жасамай бірден Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының ресми беттері арқылы байланысуға болады;
5.14. Осы Ережелерде қарастырылған барлық Шарттарды орындаған жағдайда Сыйлық алу үшін Жеңімпаз Ұйымдастырушының сауалы бойынша мыналарды орындауға міндеттенеді:
- Жеңімпаздың тұлғасын куәландыру үшін жеке куәлікті/ықтиярхатты ұсыну, себебі сыйлықты үшінші тұлғаларға табыстау Акцияның Ережелерін бұзу болып саналады және Жеңімпаз мәртебесінен айыруға негіз бола алады;
- Сыйлықты қабылдау-тапсыру актісін толтыру және оған қол қою немесе Жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;
- қолындағы Сыйлықпен фотосурет/бейне түсіру.
5.15. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміркер бола алмайды:
- Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;
- Қатысушының деректері жалған/қате берілсе;
- Сыйлықты алу үшін алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттердің орын алу факттері анықталса;
- 5.14.тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартса.
- Ұйымдастырушы/Ұйымдастырушының өкілі Қатысушы тіркеу кезінде көрсеткен деректер бойынша, соның ішіне Instagram әлеуметтік желісінде жеке хабарламаны (дайрект, директ, direct) жолдау арқылы онымен 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға Қатысушының құқықтары:
- Осы Ережелермен танысу;
- Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
- Instagram желісіндегі Ұйымдастырушының аккаунтында және Акцияның сайтында Акцияны өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты алу;
- Instagram желісіндегі Ұйымдастырушының аккаунтында және Акцияның сайтында осы Ережелерге өзгерістердің енгізілуі туралы ақпаратты алу;
- Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәліметті алу;
- Осы Ережелерге сәйкес оларды сақтаған жағдайда Сыйлық алу.
6.2. Акцияға Қатысушының міндеттері:
- Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;
- Акцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа өз бетімен көтеру;
- Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Акцияны Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Акция Ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Акцияны өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Акцияның Сайтында жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады;
- Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру;
- Ұйымдастырушы осы Акцияның Ережелерімен және қолданыстағы ҚР заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;
- Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды толық көлемде орындамаған Акцияның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту;
- Акцияға Қатысушының осы Ережелерді сақтамауының фактісі анықталған жағдайда Акцияға Қатысушыға Сыйлықты беруден бас тарту.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімдерде Акцияны өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;
˗ Акцияның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;
˗ Акцияға Қатысушыларды Акцияның Ережелерін Акцияның Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.
8. Өзге шарттар:
8.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді және оларды бұзған жағдайда Қатысушы/Жеңімпаз мәртебесінен, сондай-ақ Сыйлықты алу құқығынан айырылады. Егер Қатысушы Акцияның ережелерін бұзса немесе Сыйлықты алу үшін айлакерлік және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.
8.2. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді сақтаудан толығымен және/немесе ішінара бас тартуы, Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.
8.3. Акция байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.
8.4. Аталған Акцияның шеңберінде кері байланысты алу үшін Ұйымдастырушының Қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі Жеңімпаз ұсынған байланыс телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу жолымен Жеңімпазбен байланысқа шыға алады. Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
8.5. Акцияны орындау барысында, Ұйымдастырушы Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін талап етуі мүмкін.
8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды.
Акцияға қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз:
Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін;
7700 – Қазақстанның кез келген ұялы операторының нөмірінен қоңырау шалу тегін.