«BURN IN» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ;

Осы «Burn In» жарнамалық акциясының (бұдан әрі – «Акция») ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») мен Акция қатысушысы арасында жасалған келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы осы Акция ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер»).

1. Жалпы талаптар

1.1. Акцияның мақсаты — үлгілері осы Ережелердің 1.2 тармағында атап көрсетілген QLED технологиясындағы SAMSUNG теледидарларының сатылымын ынталандыру.

1.2. Акцияға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоса алғандағы кезеңде кезеңде компанияның ресми серіктестерінен сатып алынған SAMSUNG теледидарлары (бұдан әрі – «Акциялық тауарлар» қатысады.

43" QLED The Frame TV 2019

49" QLED The Frame TV 2019

55" QLED The Frame TV 2019

65" QLED The Frame TV 2019

49" Q60R 4K Smart QLED TV 2019

55" Q60R 4K Smart QLED TV 2019

65" Q60R 4K Smart QLED TV 2019

75" Q60R 4K Smart QLED TV 2019

49" Q67R 4K Smart QLED TV 2019

55" Q67R 4K Smart QLED TV 2019

65" Q67R 4K Smart QLED TV 2019

55" Q70R 4K Smart QLED TV 2019

65" Q70R 4K Smart QLED TV 2019

55" Q80R 4K Smart QLED TV 2019

65" Q80R 4K Smart QLED TV 2019

55" Q90R 4K Smart QLED TV 2019

65" Q90R 4K Smart QLED TV 2019

75" Q90R 4K Smart QLED TV 2019

65" Q900R 8K Smart QLED 2019

75" Q900R 8K Smart QLED 2019

82" Q900R 8K Smart QLED 2019

98" Q900R 8K Smart QLED 2019

2019 43" The Serif 4K Smart TV

2019 49" The Serif 4K Smart TV

2019 55" The Serif 4K Smart TV

1.3.Акциялық тауарларды тіркеу кезеңі мен Акцияның жалпы мерзімі: 2019 жылғы 15 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда.

1.4. Ұйымдастырушының ресми серіктестері:

  • «Gulser Computers» (Гулсер Компьютерс)» ЖШС – ALSER
  • «Arena S» (Арена S) ЖШС – SULPAK
  • «Компания Эврика» ЖШС – EVRIKA
  • «Мечта Маркет» ЖШС – МЕЧТА
  • «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ – TECHNODOM
  • «FORA TRADE» ЖШС – FORA
  • «Кселл» АҚ – KCELL

1.5.Акциялық тауарды тіркеу – сатып алынған Акциялық тауар туралы деректерді Ұйымдастырушының сайтындағы Акцияға арналған арнайы бетте суретін немесе Акциялық тауарды сатып алу күні мен орнын растайтын чектің сканерленген көшірмесін қоса бере отырып енгізу (бұдан әрі – Тіркеу).

2. Қатысушылар

2.1. Акция қатысушылары — Акциялық тауарға ие, 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұруға ыхтиярхаты бар бейрезиденттері болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – «Қатысушылар»).

2.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы өзінің байланысу және дербес деректерін келесі көлемде беруге келіседі: ТАӘ, телефон нөмірін, электронды адресін Ұйымдастырушыдан үшінші тұлғаларға жарнамалық, маркетингтік және ақпараттық таратулар, сондай-ақ маркетингтік мақсатта және қызмет сапасын тексеру мақсатында тікелей байланыстар жасау үшін беруге келісімін береді. Келісім, атап айтқанда, «Cheil Kazakhstan» (Чейл Қазақстан) ЖШС қоса алғандағы басқа заңды тұлғалардың және Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғаларының алуын, жазуын, сақтауын, нақтылауын, пайдалануын, беруін, өшіруін, жоюын қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, аталмыш өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Келісім Акцияға қатысу сәтінен бастап осы келісім қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте қайтарып алынғанға дейін жарамды болады.

2.3. Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау және пікір алу үшін Қатысушыға сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін.

3. Қатысу шарттары

3.1. Акцияға қатысу шарттары.

  • 1.4 тармақта көрсетілген электроника дүкендері желісінен Акциялық тауарды сатып алу.
  • Акциялық тауарды 1.3 тармақта көрсетілген кезеңде тіркеу
  • Тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде экранның күйіп кетуінен 10 жылға кепілдік беретін онлайн-сертификатқа сілтемесі бар SMS-хабарламаны алу.
  • SMS-хабарламаны алғаннан кейін 7 (жеті) күн ішінде сертификатты жүктеу.

3.2. Акцияға қатысу шарттары бұзылған жағдайда, соның ішінде, бірақ олармен шектелместен,
- қолдану мерзімдері бойынша шарттар бұзылған, мысалы, Акциялық тауарды Тіркеу кезеңінен тыс сатып алған немесе тіркеген;
- тіркеу шарттары бұзылған;
-байланысу үшін дұрыс емес ақпарат көрсетілген жағдайларда;

Қатысушы Акцияға қатысу құқығынан айырылады.

4.Басқалары

4.1. Күйіп кетуден 10 жылға кепілдік Акциялық тауарлар күйіп кеткен жағдайда оларға тегін сервистік қызмет көрсетуді (бұдан әрі – «ТСҚ») білдіреді. Күйіп кеткен* жағдайдағы ТСҚ Акциялық тауардың күйіп кету нәтижесінде пайда болған ақауын Қатысушыдан сервистік қызмет көрсету үшін ақы алмай түзетуді қамтиды.

*Күйіп кету тіркесінің осы Акция аясындағы мағынасы – кескін немесе сурет файлдары сияқты қозғалмайтын бейнелерді, қозғалмайтын объектілерді (телеарналардың логотиптерін, экранның төменгі жағындағы биржа немесе жаңалық жолақтарын және т.б.), сонымен қатар, панорамалық кескіндегі немесе 4:3 форматы бойынша кескіндегі бағдарламаларды ұзақ көрсету кезінде экранда кескіндердің қалып қоюы.

4.2. Күйіп кету кезіндегі ТСҚ мерзімі (кепілдіктің әрекет ету кезеңі) Акциялық тауарды сатып алған күннен бастап есептеледі. Күйіп кету кезінде ТСҚ алу құқығы басқа тұлғаларға Акциялық тауармен бірге берілуі мүмкін.

4.3. ТСҚ алу үшін Қатысушы Акциялық тауарды тек жеке, отбасылық, тұрмыстық мақсатта және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысы жоқ өзге қажеттіліктер үшін пайдалануға міндеттенеді.

4.4. ТСҚ қызметін Ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін Авторландырылған сервистік орталықтары (бұдан әрі – АСО) ұсынады.

4.5. Күйіп кету кезіндегі ТСҚ алу үшін Акция қатысушысы кепілдіктің әрекет ету кезеңінде Ұйымдастырушының АСО-на барып, Акциялық тауардың тіркелгенін растайтын онлайн-сертификатты ұсынуы тиіс..

4.6. Акциялық тауарлардың қауіпсіздік және сапа кепілдіктері Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларымен қамтамасыз етіледі.

4.7. Акция сайыс, лотерея немесе тәуекелге негізделген құмар ойыны болып табылмайды.

4.8.Акция ұйымдастырушысы осы Ережелерге кез келген уақытта өзгерістер енгізуге құқылы.

4.9. Акция қатысушысына қандай да бір ақшалай төлем жасалмайды.

4.10. Акцияға қатысушылар Акцияға қатысуға немесе күйіп кету кезіндегі ТСҚ алуға байланысты өздері көтерген немесе көтеруге мәжбүр болатын барлық шығындарды өздіктерінен төлейді.

4.11. Егер Қатысушы тіркеу кезінде дұрыс емес ақпарат ұсынса немесе қандай да бір жолмен осы Акцияны өткізу шарттарын бұзса, Ұйымдастырушы Қатысушыға күйіп кету кезінде ТСҚ алу құқығын беруден бас тартуға құқылы

Samsung қоңырау шалу орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген аумағынан тегін қоңырау;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау.