Теледидарлар бойынша «Trade-in» акциясының ережелері

Осы «Trade-In» жарнамалық акциясының («Акция») ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Акция қатысушысы арасында жасалған келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы осы Акция ережелерімен («Ережелер») келіседі.

1. Жалпы талаптар

Акция 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

Акция Ұйымдастырушы серіктестерінің («Серіктестер») электроника дүкендері желісінде өткізіледі:

  • «Technodom Operator» АҚ (Technodom)
  • «Arena S» (Арена S) ЖШС (Sulpak)
  • «Мечта Маркет» ЖШС (Мечта)
  • «Компания Эврика» ЖШС (Эврика)
  • «Gulser Computers» (Гулсер Компьютерс)» ЖШС (Alser)
  • «FORA TRADE» ЖШС

Акцияға қатысу үшін қатысушының қолданыста болған теледидарды Қазақстан Республикасының 5 қаласында тапсыру мүмкіндігі бар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе. Қатысушы қолданыста болған теледидарды тапсырған және Акция талаптарын орындаған жағдайда, Серіктестер дүкендерінде тауар қоры болса, коды бойынша Қазақстан Республикасының барлық қалаларындағы Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарын сатып ала алады.

Акция шарттары:

1. Акцияға қатысу үшін 7799 нөмірі бойынша кеңес алып, https://www.samsung.com/kz_ru/promotion/tv-trade-in сайтында өтінім рәсімдеңіз және SMS/эл. пошта арқылы өтінім нөмірін алыңыз;

  • Онлайн-өтінім терезесінде барлық жолақтарды толтырыңыз;
  • • Акция бойынша сатып алуды жоспарлаған, Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарының диагоналін таңдаңыз;

    Теледидардың диагоналі мен үлгісін сайтта өтінім толтыру кезінде бір рет қана таңдауға болады

    Назар аударыңыз! Купон тек сайтқа өтінім берген кезде таңдалған теледидар диагоналі мен үлгісі үшін ғана жарамды

    Акцияға қатысатын теледидарлар:

    ДиагоналіҮлгісіЖеңілдік сомасы, теңгемен
    50RU7100UXCE35,000
    5550,000
    5860,000
    6580,000
    75100,000
    50RU7200UXCE35,000
    5550,000
    6580,000
    75100,000


  • Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарын дүкендер желісінен сатып алуды жоспарлап отырған Серіктесті таңдаңыз (бұдан әрі таңдалған Серіктесті өзгерту мүмкін болмайды);
  • Қолданыста болған теледидарды SAMSUNG Авторландырылған сервис орталығына (АСО) кәдеге жаратуға тапсыру әдісін таңдаңыз:

    Өздігінен тапсыру:Сіз қолданыста болған теледидарды АСО-на алып келесіз.

    АСО қызметкерін шақыру: АСО сайтта өтінім берілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде қатысушымен байланысады, кездесуге ыңғайлы уақытты белгілеп, қолданыста болған теледидарды өтінімде көрсетілген мекенжайдан алып кетеді.

    Тек сіздің қалаңыздың шегінде. Қала шегінен тыс шығу ақылы (Ақпаратты өз қалаңыздың АСО-нан нақтылаңыз).

    АСО мекенжайлары:
    Ақтөбе қ., 12-ші ықшамаудан, 26-үй, (7132) 550 933, 241 841
    Алматы қ., Жандосов к-сі, 7/104-2. Тел: 8 (727) 274 86 00, 328 77 12
    Қарағанды қ., Бұқар Жырау к-сі, 63, 1-офис. Тел: 8 (7212) 435 200, +7 771 005 55 00, +7 778 800 55 00
    Нұр-Сұлтан қ., Кенесары к-сі, 52, Б блогы, ВП40. Тел: 8 (7172) 905 620
    Шымкент қ., Абай даңғ., 28/2 Тел: 8 (7252) 359 464

2. Қолданыста болған теледидарды тапсыру кезінде қолданыста болған теледидарыңызды қабылдау-тапсыру актісіне АСО қызметкерімен бірге қол қойыңыз және Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарын сатып алу үшін тиянақталған жеңілдік сомасы көрсетілген бірегей коды бар купонды алыңыз. Кәдеге жаратуға тапсырылған теледидар қайтарылмайды және айырбасталмайды. Сондай-ақ бұл код өтінімде көрсетілген электронды поштаға және/немесе нөмірге SMS-хабарлама түрінде жіберіледі. Купонсыз Акцияға қатысатын теледидарды жеңілдікпен сатып алу мүмкін емес..

Бір бірегей кодпен Акцияға қатысатын бір теледидарды ғана сатып алуға болады. Бірегей кодпен тауар сатып алған жағдайда, осы кодпен әрі қарай тауар сатып алу мүмкін болмайды. .

3. Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарын сайтта өтінім толтыру кезінде таңдалған дүкендер желісінен бірегей коды бар купонды ұсына отырып сатып алыңыз. Серіктестің сатушысы купонның үзіп алынатын бөлігін өзінде қалдырады. Жеңілдік ақшалай берілмейді.

4. Сатып алынған тауар Серіктес дүкеніне қайтарылған жағдайда, қатысушыға чек бойынша төлеген сомасы ғана қайтарылады. Тиянақталған жеңілдік сомасы қайтарылмайды. Купондар өзара жинақталмайды. Акцияға қатысатын тиянақталған сомадағы 1 жеңілдік купоны купонда көрсетілген жеңілдік сомасына сәйкес 1 теледидарды сатып алуға құқық береді

Егер сіз таңдалған диагональді өзгерткіңіз келсе:

Теледидардың диагоналін және жеңілдік сомасын өзгерту үшін пайдаланылмаған купонмен АСО-на жүгінуіңіз қажет. АСО жүйеде купондағы бірегей код пен өтінімді жойып, ескі купонды қайтарып алады да, жаңасын береді. Акцияға қатысатын басқа диагональдағы теледидарды сатып алуға жаңа купон алу үшін (Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарының қажетті үлгісін көрсете отырып), АСО-да бола отырып, сайтта өтінім беру қажет. Сайтта өтінім толтырғаннан кейін АСО жаңа бірегей коды бар жаңа купон береді.

Акция бөліп төлеуге немесе кредитке сатып алынған, Акцияға қатысатын SAMSUNG теледидарына қолданылмайды.

Қолданыста болған теледидар ешбір жағдайда қайтарылмайды немесе өтемақы төленбейді. Қатысушы купонды пайдаланбаған күннің өзінде қолданыста болған теледидар кәдеге жаратуға жіберіледі.

Trade-In акциясына қолданыста болған, диагоналі 32 дюймнен басталатын, плазмалық, сұйық кристалды немесе кинескопты экраны бар, кез келген өндірушінің теледидарлары қабылданады. Қабылданатын қолданыста болған теледидарлар құны бойынша бағаланбайды.

2. Акция қатысушысы

Акция қатысушылары тек Акция талаптарын орындаған, 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұруға ыхтиярхаты бар бейрезиденттері болып табылатын тұлғалар («Қатысушылар») ғана бола алады.

Акцияға қатыса отырып, Акция қатысушысы өзінің дербес деректерінің: жеке куәлігінің көшірмесінің, аты-жөні мен телефон нөмірінің, электронды пошта адресінің Ұйымдастырушыдан үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін бақылау мақсатында, сондай-ақ аты-жөні мен телефон нөмірінің жарнамалық, маркетингтік және ақпараттық таратулар үшін, сондай-ақ маркетингтік мақсатта тікелей байланыстар жасау үшін берілуіне келісімін береді. Келісім, атап айтқанда, «Cheil Kazakhstan» (Чейл Қазақстан) ЖШС қоса алғандағы басқа тұлғалардың және Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғаларының алуын, жазуын, сақтауын, нақтылауын, пайдалануын, беруін (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруін), өшіруін, жоюын қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, аталмыш өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Келісім осындай деректер Ұйымдастырушыға берілген мезеттен бастап осы келісім қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте қайтарып алынғанға дейін жарамды болады.

3. Акция Ұйымдастырушысы

Акция ұйымдастырушысы «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС болып табылады, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 36, Б блогы, 3-4 қабаттар.

4. Акция ережелері

Ұйымдастырушы, https://www.samsung.com/kz_ru/promotion/tv-trade-in Акция парағында тиісті хабарлама жариялау арқылы Қатысушыны алдын ала хабардар ете отырып, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Тиісті ақпараттың сайтта жарияланған күні немесе талаптар өзгерген кезде Акция парағында көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Көрсетілген өзгертулермен келіспеген жағдайда, Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы уақыт аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісуі ретінде қарастырылады. Қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Сатып алушыға Samsung компаниясының Сапа бөлімінен хабарласуы мүмкін.

Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатқа ие екендігін және ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабындағы ережелермен белгіленген жария оферта болып табылмайтынына назар аударуларыңызды сұраймыз. SAMSUNG RU7100/RU7200 теледидар үлгісінің сипаттамалары алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Құрылғылардың саны шектеулі. Егер RU7100 үлгісіндегі теледидар болмаған жағдайда, акция қатысушысы осы акция бойынша RU7200 үлгісіндегі теледидарды сатып алуға құқылы. SAMSUNG RU7100/RU7200 теледидарының нақты түсі өзгешеленуі мүмкін, барлық суреттер анықтама үшін келтірілген. Белгілі бір түстегі және белгілі бір функциялары бар SAMSUNG RU7100/RU7200 үлгілеріндегі теледидарлардың қолжетімділігі Серіктестер дүкендеріндегі құрылғылардың нақты болуына байланысты. Онлайн-кредиттер беру шарттары қызметтері Акция серіктестерінің сайттарында қолжетімді болатын банктерге байланысты. Сіздің аймақта сатылатын SAMSUNG RU7100/RU7200 теледидарларының бар-жоқтығы және құны туралы толық ақпарат алу үшін Серіктестердің ресми дүкендеріне хабарласыңыз.

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша Серіктестер дүкенінің консультанттарына жүгініңіз немесе Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз.