SUPERSTAR тоңазытқышы| RS552NRUA1J/WT | Samsung Қазақстан

RS552NRUA1J/WT

The item is in the cart.

Заманауи асүйге арналған премиум санатты дизайн

Заманауи асүйге арналған премиум санатты дизайн
RS552 жаңа тоңазытқышымен сіздің үйіңіз жаңа талғамы жоғары әдемілікке ие болады. Ішке батырылған тұтқалары мен жасырын ілгектері кез келген заманауи декорға үйлесе кететін, сәнді минимализм әсерін туғызады. Сонымен қатар, көз тойдырарлық басқа да қасиеттері бар - талғаммен жасалған дизайнынан бастап (қолжетімді түстер: ақ және күміс түсті) көк түсті LED-дисплейге дейін.

Multi Flow жүйесі

Multi Flow жүйесі
Multi Flow көп ағынды жүйесі әр сөренің тұсында орналасқан бірнеше желдеткіштер арқылы ауа ағынын таратады, осылайша тоңазытқыш камерадағы ауаны біркелкі салқындатады. Осылайша, азық-түлікті сақтау мерзімін ұзартатын, мінсіз температуралық режим сақталады.

Өз асүйіңізді жаңартыңыз

Өз асүйіңізді жаңартыңыз
Енді сізге мұзын етіру кезінде тоңазытқыш немесе мұздатқыш камераны босатудың қажеті болмайды, себебі тоңазытқыштың мұзын ерітудің енді қажеті жоқ. No Frost технологиясы тоңазытқыш ішін біркелкі салқындатуды қамтамасыз етеді және қырау мен мұздың пайда болуының алдын алады. Енді сіз азық-түліктеріңіздің балғындығы мен пайдалы қасиеттерін оңай сақтай отырып, басқа шаруаларға немесе сауыққа көбірек уақыт қалдыра алсыз. Сонымен қоса, біркелкі температура сақталуының арқасында No Frost технологиясы электр қуатын анағұрлым аз шығындайды, бұл салқындату жүйесінің қызмет ету мерзімін ұзартады.

Электр қуатын үнемдеудің әсерлі әдісі

Электр қуатын үнемдеудің әсерлі әдісі
Стильді жарықдиодты шамдар тоңазытқыштың ішкі кеңістігін толықтай қамтиды. Сіз тіпті тоңазытқыш немесе мұздатқыш камераның қуыстарынан да қажетті азық-түлікті оңай таба аласыз. Жарық беру жүйесінің ықшам дизайны азық-түлік сақтау үшін артығырақ орын қалдырады. Сонымен қатар, жарықдиодты шамдар жылу бөлмейді және қарапайым қызу шамдарымен салыстырғанда қуатты аз тұтынады, бұл электр қуатына жұмсалатын шығынды азайтуға көмектеседі.
Twin Cooling™ екі есе салқындату жүйесі

Twin Cooling™ екі есе салқындату жүйесі

RS552 тоңазытқышында тоңазытқыш бөлімде де, мұздатқышта да оңтайлы ылғалдылық деңгейін ұстап тұру үшін екі дербес ауа ағыны мен нақты температура бақылауы пайдаланылады. Twin Cooling™ жүйесі сіздің алмаларыңызды балғын күйде сақтауға, балмұздағыңызды аяз үсігінен қорғауға және тоңазытқышта сақтаулы тұрған сарымсақты нанның иісінен, мұз текшелерін арашалауға мүмкіндік береді.
Азық-түлікті балғын күйінде ұзағырақ сақтайды және электр қуатын үнемдейді

Азық-түлікті балғын күйінде ұзағырақ сақтайды және электр қуатын үнемдейді

Инновациялық сандық терістеуіш компрессор электр қуатын үнемдейді. Тоғыз датчик ішкі және сыртқы температура мен ылғалдылық, сонымен қатар тоңазытқыштың есігін ашу жиілігі сияқты факторларды қадағалайды. Осы деректер негізінде, терістеуіш компрессор үнемі сөну және қосылу қажеттілігісіз жүйелі салқындату үшін баптауларды оңтайландыра алады. Нәтижесінде ол қарапайым компрессорлармен салыстырғанда электр қуатын 24%-ға кем тұтынады.
Ішкі көлемі ыңғайлы ұйымдастырылған

Ішкі көлемі ыңғайлы ұйымдастырылған

Бұл тоңазытқыштың мұздату камерасында барлығы да барынша
тиімді ұйымдастырылған. Үлкен қораптардың үш деңгейі сізге барлығын сақтауға көмектеседі - мұздатылған дәмтатымнан мұздатылған десертке дейін. Қораптар мөлдір түсті болғандықтан, ішінде не барын көру үшін, оны сізге
суырып алудың қажеті жоқ. Биік азық-түліктер үшін вертикалды кеңістік көп қажет етілетін болса, олар оңай алынады.
Қораптардың көлемдері үлкен

Қораптардың көлемдері үлкен

Ылғалдылығы бақыланатын көкөністер мен жемістерге арналған үлкен қораптар сақтау үшін қосымша кеңістікті қамтамасыз етеді.

Пайдаланушы нұсқаулығы және жүктеу материалдары

Ұқсас өнімдер

Функционалды мүмкіндіктері алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.