Жарнамалық акция «Galaxy Z Flip6 қағып ал»
«Galaxy Z Flip6 қағып ал» жарнамалық акциясына (бұдан әрі – «Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушының ресми иинтернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжай бойынша: https://www.samsung.com/kz_kz/ (бұдан әрі – «Акция сайты») жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») танысқандығын және сөзсіз келісетіндігін білдіреді.
1. Жалпы ережелер: 1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ, A04D7M5, Aлмалы ауданы, Желтоқсан көшесі 115, 3 қабат. 1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2024 жылғы 07 қыркүйектен бастап 22 қыркүйек бойынша (қоса алғанда) Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін; 1.3. Акцияның қорытындыларын өткізу күні: 20224 жылғы 30 қыркүйек Алматы қ уақыты бойынша сағат 23:59 дейін. 1.4. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.
2. Акцияға қатысушы 2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын жеке, өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады (бұдан әрі – «Қатысушы»). 2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олармен байланысты тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа да компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды. 2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын |
куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады. 2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді. 2.5. Қатысушы ретінде Instagram желісінде өз авторлық фотосуретін (бұдан әрі – Фото) орналастырған, Акцияның барлық шарттарын орындаған және осы ретте Фото жарияланымы жүзеге асырылған Instagram жеке аккаунтының иесі болып табылатын тек бір тұлға танылады. 2.6. Қатысушының өзінің жарияланымында негізгі контент ретінде кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың кескіндерін пайдалануға құқығы жоқ. Жарияланымның фото/бейне материалдарын түсіру кезінде кәселеттік жасқа толмаған тұлғалардың кескіндерін қолданған жағдайда, Акция қатысушының өзі кадрда міндетті түрде болуы тиіс, ал осындай кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның ресми өкілдердің (ата-анасының, қамқоршысының және/немесе өзге де заңды өкілдерінің) келісімін алу Акцияға қатысушының өзіне жүктеледі және Қатысушы тиісті кескіндерді пайдалануға байланысты барлық және кез келген салдарды өз бетімен реттейді. Жарияланымның фото материалдарында бірнеше кәмелеттік жасқа толмаған тұлға қатысқан жағдайда, Қатысушы осындай тұлғалардың фото/бейне түсірілімі, оны әлеуметтік желілерде орнастыруы және Акцияға қатысу үшін келісімдерін өз бетімен алады және тиісті кескіндерді пайдалануға байланысты барлық және кез келген салдарды өз бетімен реттейді. Акцияның ұйымдастырушысы Қатысушының фото/бейне материалдарында қолданылған кескіндердің иелерінің, осындай тұлғалардың алдында ешқандай міндеттемелерді көтермейді.
3. Акцияның сипаттамасы 3.1. Осы Ережелерге сәйкес әрбір Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, Ұйымдастырушыдан Galaxy SmartTag (EI-T5300K) жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.
4. Акцияға қатысу шарттары 4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс: - Акция аясында жасалған және ұйымдастырушының Instagram парақшасында (@samsung.kz) орналастырылған фирмалық анимацияны пайдалану; - - Galaxy Z Flip 6 смартфонның пішінін қайталайтын шекарада тұрған сәтте анимациялық фотосурет түсіру; - түсірілген фотосуретті Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтының тарихына жариялау; - мұндай сториста (@samsung.kz) Ұйымдастырушының аккаунтын белгілеу; - Ұйымдастырушының Instagram парақшасына (@samsung.kz) өтіп, және осы акцияға қатысу ережелеріне арналған посттың астына «Қатысамын» деген пікірін қалдыру керек. 4.2. Қатысушының аккаунты науқан өткізу кезеңінде белсенді және ашық болуы тиіс. Ұйымдастырушы және оның уәкілетті тұлғалары науқан өткізу кезеңінде кез келген уақытта қатысушының аккаунтын тексеруге құқылы. Егер мұндай қатысушы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке аккаунтын жапқан, ал акция шеңберінде стористі нақты жасырған және (немесе) мұрағаттаған жағдайда ұйымдастырушы қатысушыны науқанға қатысудан шеттетуге құқылы.
5. Сыйлықтар 5.1. Акцияның шеңберінде осы Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды орындаған Қатысушылар Сыйлықтардың ұтысына қатысуға құқылы. 5.2. Әрбір Қатысушыдан тек 1 (бір) Фото қабылданатын болады. 5.3. Ұйымдастырушы ұтысты өткізгенге дейін ұтысқа қатысатын барлық еңбектерді осы Ережелердің 4.1. тармақшасында көрсетілген Акцияның шарттарын орындау сәйкестігіне тексеретін болады. 5.4. Қатысушылардың арасында Сыйлықтардың ұтысы 2024 жылғы 30 қыркүйекте Ұйымдастырушының Instagram желісіндегі парақшасында (@samsungkz) тікелей эфирде жүзеге асырылады, онда жеңімпаздар кездейсоқ сандардың генераторы көмегімен Акцияға қатысу ережелеріне арналған @samsung.kz парақшасының астындағы пікірлер арасында анықталатын болады. 5.4. 1. Ұтыстағы сыйлық Galaxy SmartTag (EI-T5300K) (бұдан әрі – «Сыйлық») болып табылады. 5.4.2. Науқан шеңберіндегі жеңімпаздардың жалпы саны 6 (алты) қатысушыны құрауы мүмкін. 5.4.3. Акцияның жалпы нәтижелері Акцияның сайтында және Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде 2024 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін жарияланатын болады. 5.4.4. Егер генератор таңдаған Қатысушымен 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде сыйлықты беру үшін байланысу мүмкін болмаса, онда сыйлықтардың әрбір ұтысы сайын сондай-ақ резервті тізімге 7 (жеті) қатысушыдан іріктеліп алынады. 5.4.5. Егер жеңімпаз атанған Қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, онда Қатысушылардың резервті тізіміндегі бірінші үміткер жеңімпаз болып танылады. Осы ретте резервті тізім ретінде ұтыс кезінде анықталған ықтимал жеңімпаз үміткерлердің тізімі (әрбір ұтыс сайын 7 адамнан) танылады. Егер осы резервті қатысушылар да модерациядан өтпесе, Ұйымдастырушы Акцияны қандай да бір қосымша ұтыс ойындарынсыз және резервті тізімнің қатысушыларын хабардар етпей аяқтау туралы шешімді қабылдауға құқылы. 5.5. Сыйлықтардың саны шектеулі Ұйымдастырушы Сыйлықтардың санын, сондай-ақ оның өзін өз бетімен өзгертуге құқылы. 5.5.1. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе өзге де тауарларға айырбастауға болмайды. Акцияның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыларды төлеу жүзеге асырылмайды. 5.5.2. Осы Ережелердің 4.1. тармақшасында көрсетілген Акцияның шарттарын орындаған жағдайда, Акцияның бір Қатысушысы Акцияның шеңберінде тек 1 (бір) Сыйлықты ала алады. 5.6. Акция кезінде қандай да бір себептермен, соның ішінде Қатысушының бас тартуы, алынған промокодты/кодты белсенді етпеуі, немесе электронды поштаны, байланыс телефон нөмірін қате көрсету салдарынан Акцияның Қатысушысына табысталмаған сыйлықтар қажет етілмеген деп танылады. Қажет етілмеген Сыйлықтар сақталмайды және Ұйымдастырушы оларды өз қалауы бойынша пайдаланады. 5.7. Сыйлықты алған сәттен бастап Акцияның Қатысушысы оның кездейсоқ сынуына және/немесе зақымдануына байланысты тәуекелді өзі көтереді. 5.8. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан және Сыйлықты алу мүмкіндігінен айырылады: ˗ Акцияның қандай да бір шарттарын бұзғанда; ˗ Қатысушы сенімсіз/қате деректерді бергенде; ˗ алаяқтық әрекеттердің немесе өзге де заңға қарса әрекеттердің орын алу фактілері анықталған жағдайда; ˗ жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартқанда; ˗ Ұйымдастырушы/ұйымдастырушының өкілі қатысушымен 7 күнтізбелік күн ішінде Қатысушы көрсеткен деректер бойынша байланысу мүмкін болмағанда, соның ішінде нәтижелер жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушының Instagram әлеуметтік желісі арқылы жіберген жеке хабарламасына (direct) жауап қайтармағанда; ˗ Қатысушымен байланысқан күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде 5.14 тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қатысушы уақытылы ұсынбаған жағдайда. 5.9. Қағидалар талап етілмеген сыйлықтарды сақтауды және оларды осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін талап ету мүмкіндігін көздемейді. 5.10. Сыйлықты жеткізу жеңімпаз жөнелту үшін деректерді растаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға жеткізу үшін қандай да бір төлемді, салықтарды немесе өзге де төлемдерді төлеуді талап еткен жағдайда, мұндай төлемдерді жүзеге асырмаңыз және Ұйымдастырушыға дереу хабарласыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Қағидаларда көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады. 5.11. Осы Қағидаларда көзделген барлық шарттар орындалған жағдайда сыйлық алу үшін Қатысушы Ұйымдастырушының сұрауы бойынша міндетті: - Қатысушыны тексеру мақсатында жеке куәліктің / тұруға ықтиярхаттың көшірмесін ұсыну; - Сыйлық алу құқығын басқа тұлғаларға беруге болмайды. - Сыйлықты Қабылдау-тапсыру актісін толтыру және қол қою / немесе жеткізу парағын / түгендеу жөнелтілімінің жүкқұжатын толтыру және қол қою - Қолына сыйлықты ұстап фотосурет / видео түсіру.
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері 6.1. Акцияға Қатысушының төмендегідей құқықтары бар: ˗ Осы Ережелермен танысу; ˗ Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Акцияның мерзімдері және өту шарттары туралы ақпаратты жария ресурстардан және Акция Сайтының байланыс арналарынан алу; ˗ Акцияның сайтында осы Ережелердің өзгеруі туралы ақпаратты алу; ˗ Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәліметтерді алу; ˗ Акция Жеңімпаздарын анықтау кезінде Қатысушы, осы Ережелерге сәйкес Сыйлықты беруді талап етуге құқылы.
6.2. Акцияға Қатысушының төмендегідей міндеттері бар: ˗ Ережелерді сақтау, соның ішінде осы Ережелерде белгіленген мерзімдерде Акцияға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау; ˗ Акцияға қатысуға байланысты барлық шығыстарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон және тағы басқалар үшін шығыстарды өз бетімен көтеру; ˗ алдын ала тапсырыс кезінде енгізілген деректердің дәлдігі, толықтығы және сенімділігі үшін толық жауапкершілікті көтеру; ˗ осы Ережелермен және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттемелерді көтеру.
7. Акцияны Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері 7.1. Ұйымдастырушының құқықтары: ˗ Акцияның Сайтында тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Акцияны өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Акцияның Сайтында жарияланған күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады; ˗ Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушыдан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру; ˗ Ұйымдастырушы осы Акцияның Ережелерімен және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады; ˗ Осы Ережелердің 4.1. тармақшасында көрсетілген барлық шарттарды орындамаған, дұрыс орындамаған және толық көлемде орындамаған Акцияның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту; ˗ Акцияға Қатысушының осы Ережелерді сақтамауының фактісі анықталған жағдайда Акцияға Қатысушыға Сыйлықты беруден бас тарту. 7.2. Ұйымдастырушының міндеттері: ˗ Ережелерде белгіленген мерзімдерде Акцияны өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау; ˗ Акцияның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету; ˗ Акцияға Қатысушыларды Акцияның Ережелерін Акцияның Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету; ˗ Акция нәтижелеріне сәйкес, Акция Жеңімпазарына Сыйлықтарды беру.
8. Өзге шарттар: 8.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлықты алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады. 8.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады. 8.3. Акция байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды. 8.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға/Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалынуы мүмкін. Қатысушы/Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы; 8.5. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке басын растайтын құжатты ұсынуын талап етуі мүмкін; 8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Сыйлықтардың саны шектеулі. Олардың нақты түсі өзгеше болуы мүмкін, барлық кескіндер анықтама үшін берілген. Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз: Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс деректері: 8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген аймағынан тегін қоңырау шалу 7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау шалу |