«Алматыда SAMSUNG фирмалық дүкенінің ашылуы»
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Алматыда SAMSUNG фирмалық дүкенінің ашылуы» жарнамалық акциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ)  («Ұйымдастырушы») және Акцияға Қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі мекенжай бойынша сайтта жарияланған осы Акцияға қатысу ережелерімен («Ережелер») келіседі:  https://www.samsung.com/kz_ru/samsung-brand-store/locations/almaty-dostyk-plaza/Акция сайты»).

 

 

1.       Жалпы ережелер

1.1.    Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат.

1.2.    Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылдың 19 маусымы мен 15 тамызы аралығында.

1.3.    Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы. Осы ретте қатысушылар бонустар мен сыйлықтарды келесі мекенжай бойынша орнасқан Samsung фирмалық дүкенінің аумағында ғана ала алады: Алматы қ., Самал-2 микроауданы, 111 ғ, Dostyk Plaza СО, 1-қабат.

1.4.    Акцияға қатысатын тауарлар: Акция осы Ережелерде көрсетілген және SAMSUNG фирмалық дүкенінде сатып алған тауарларға қолданылады.

1.5. Ұйымдастырушының атқарушы серіктесі («Серіктес»): «Эврика компаниясы» ЖШС – EVRIKA.

 

2.     Акцияға Қатысушы

2.1.   Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

2.2.   Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және Акцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3.    Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4.    Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

 3.            Акцияның сипаттамасы

3.1.   Осы Ережелерге сәйкес қатысушы осы Ережелерде қарастырылған шарттардың барлығын орындаған жағдайда жүлделердің ұтыс ойынына қатысу және төменде қарастырылған тауарларға сыйлықтар немесе жеңілдіктер алу мүмкіндігін алады.

 

4.            Акцияға қатысу шарттары:

4.1         Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

4.1.1  №1 ұтыс ойыны.

- 1 мен 31 шілде аралығындағы кезеңде SAMSUNG  фирмалық дүкенінде 40 000 теңгеден басталатын сомаға өнім сатып алғанда чек алу;

˗ Жасалған сауданы https://www.samsung.com/kz_ru/samsung-brand-store/locations/almaty-dostyk-plaza/ сілтемесі арқылы Акция сайтында тіркеу және Т.А.Ә., электронды поштасының нақты мекенжайын, телефон нөмірін көрсету;

- Чектің фотосуретін немесе скан-көшірмесін тіркеу, онда берілген барлық ақпарат толығымен, яғни сатып алу күні, Ұйымдастырушы Серіктесінің атауы мен тауар позициясының кескіні нақты көрінуі керек;

- Ұтыс ойыны шеңберінде жеңімпаздар www.random.org сайты арқылы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады; 

- Ұтыс ойынының нәтижелері Акция парақшасында 2023 жылдың 15 тамызынан кешіктірілмей жарияланады;

- Чекте берілген барлық деректер көрінуі, чектің кескіні анық болуы тиіс. Файл типі: JPEG, JPG, көлемі 10 Мб-тан аспауы, ажыратылымдылық 200 (екі жүз) dpi кем емес.  Фотосуреттен басқа кескіндерге рұқсат берілмейді  (скриншоттар, бедерлер, суреттер, компьютерлік графика, фотомонтаж). Чек толығымен фотоға түсірілген болуы тиіс, соның ішінде чектің жоғары және төменгі қыры, чектің фотосуреті тек тігінен түсірілуі керек, чекті түзу бұрыштан фотоға түсіру қажет;

- Жүктелгеннен кейін чектер 72 сағат ішінде Акция шарттарына сәйкестікке (модерация) тексеруден өтеді. Ұйымдастырушы кез келген уақытта жүктелген чектің кескіні көрінбейтін (соның ішінде ішінара бүліну, анық емес) немесе жалған болып танылса, жүктелген чекті қабылдамау құқығы бар;

- Чекті тексеру нәтижесі берілген ақпарат Акция Қатысушысына  сайтта тіркелген кезде көрсеткен ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберіледі;

- Бір чектің кескіні Акция сайтына Акцияны өткізу кезеңінде тек бір рет жүктеледі;

- Ұтыс жағдайында Ұйымдастырушыға көрсету үшін жүктелген тауар чектерін міндетті түрде сақтау керек; 

- №1 ұтыс ойынының жүлделер тізімі 1-кестеде ұсынылған.

 

 

4.1.2  BESPOKE сыйлық жинағы.

2023 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 қазаны аралығындағы кезеңде  SAMSUNG фирмалық дүкенінде 500 000 (бес жүз мың) теңгеден бастап сауда жасаған BESPOKE сериясы өнімінің бірінші 15 сатып алушысы сыйлыққа BESPOKE брендтелген сыйлық жиынтығын алады: АЛДЫН АЛА худи, қолшатыр, термо-саптыаяқ, жамылғы, экошоппер, қаламсап.

 

 

Төменде Акцияға қатысатын тауарлардың тізімі берілген:

1-кесте, №1 ұтыс ойыны:

 

ТАУАР

1

Смартфон (1 б.)

Galaxy S23 Ultra 5G 256GB

 

2

Теледидар (1 б.)

55" Neo QLED 4K QN85B

QE55QN85BAUXCE

3

Сымсыз шаңсорғыш (1 б.)

BESPOKE Jet Complete+

VS20A95943N/EV

 

 

4.2 Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға ешбір ақшалай қаражат/өтемақы берілмейді;

4.3 Акцияға қатысатын тауар қайтарылған жағдайда (соның ішінде жинақтағы тауар), жинақтағы тауар мен Сыйлық қайтарылуы талап етіледі. Қатысушы жиынақтағы/Сыйлықтағы екінші тауарды қайтарудан бас тартса, Ұйымдастырушы осындай қайтаруды қабылдамауға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Акцияның ресми сату нүктелерінде орнатылған ережелерге сәйкес жүргізіледі.

 

5.              Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1. Акцияға Қатысушының Құқықтары:

˗        Осы Ережелермен танысу;

˗        Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗        Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗        Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗        Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

5.2. Акцияға қатысушының міндеттері:

˗        Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗        Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗     Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау. 

 

6.    Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері

6.1.                   Ұйымдастырушының құқықтары:

-        Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-        Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-        Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

6.2.                   Ұйымдастырушының міндеттері:

-        Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-        Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-        Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

 

7.            Басқа шарттар:

7.1.    Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Жеңілдік алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, оны  алу құқығынан айырылады.

7.2.    Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

7.3. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

7.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.5. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.

7.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін.

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қоңырау шалу тегін.

Тел.: +7 771 933 33 22

Whatsapp: +7 777 788 88 89