*Galaxy A54 5G құрылғысы IP67 стандартына cәйкес сертификатталған. Зертхана сынақтарының нәтижесі негізінде ол тұщы суда 1 метрге дейінгі тереңдікте 30 минутқа дейін батыруға шыдайды. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға кеңес берілмейді. Құрылғының шаң мен ылғалдан қорғау мүмкіндігі тұрақты емес және уақыт өте келе азаюы мүмкін.
** Түстің қолжетімділігі нарыққа немесе тасымалдаушыға байланысты өзгеруі мүмкін.

Сұлулық қарапайым нәрселерде

Galaxy A54 5G дизайны мінсіз сұлулыққа ұмтылысты шындыққа айналдырады: артқы панелі премиум-әйнек қолданылып орындалған, камералардың жаңаша орналасуы үйлесімді көрінеді, ал түстердің ықшамдалған таңдауы жаңа ерекшелік сыйлайды.

*Түстің қол жетімділігі елге, өңірге немесе тасымалдаушыға байланысты өзгеруі мүмкін.

Сіздің қалтаңыздағы кәсіби камера

*OIS : Оптикалық бейнені тұрақтандыру.

Керемет бейнелерді оңай түсіріңіз

VDIS және OIS кеңірек көру бұрышы көмегімен Galaxy A54 5G автоматты қайта өңдеу және автофокус арқылы жоғары сапалы бейне түсіруді жеңілдетеді.

*VDIS: Цифрлық бейнені тұрақтандыру.
Үш дос түнде көпірдің үстінде, от шашып тойлап жатыр. Басқа дос тортты ұстап жақтауға оң жақтан кіргенде, Автоматты жақтау мүмкіндігі кадрды олардың барлығын, сондай-ақ жақынырақ тұрған тортты ұстап тұрған досқа назар аудару үшін автоматты түрде реттейді. Үш дос түнде көпірдің үстінде, от шашып тойлап жатыр. Басқа дос тортты ұстап жақтауға оң жақтан кіргенде, Автоматты жақтау мүмкіндігі кадрды олардың барлығын, сондай-ақ жақынырақ тұрған тортты ұстап тұрған досқа назар аудару үшін автоматты түрде реттейді.

Таңғажайып камера

"Түнгі режим көмегімен" түнді жарықтандырыңыз!

Қараңғыда түсірілген анық суреттер

Жәй ғана суретке түсіріңіз. Galaxy A54 5G жетілдірілген кескін сенсорының арқасында жарқын фотосуреттерді түсіреді. Қараңғыда камера түнгі режимге автоматты түрде ауысады.

Сізді жақсы көретін Камера

Алдыңғы камера

Әдемі суреттер түсіруді ұнатасыз ба? 32 МП-дік алдыңғы камерамен суретіңіздің мінсіз сапасына сенімді болыңыз. Кәсіби фотограф түсіргендей керемет селфилер арқылы ең жақсы қырларыңызды көрсетіңіз.

Қарапайымды таңғажайыпқа айналдырыңыз

"Кескінді жақсарту" функциясы

Түсірілімдеріңізді «Кескінді жақсарту» функциясы көмегімен жетілдіріңіз. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интуитивті құралды пайдалану және фотосуреттерді үлкейту арқылы бұлыңғырлық пен цифрлық шуды азайтыңыз.

*Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.

Өзіңізге ұнайтын нәрсені ғана қалдырыңыз

«Объектілерді өшіру» функциясы

Мінсіз сурет түсіруге тырысасыз ба? Фотосуретке түсіріңіз, ал жасанды интеллект функциясы қажетсіз объектілерді, көлеңкелерді, жарық түсуін және т.б. ақауларды жоюға көмектеседі.

*Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.

Тіпті, күндіз жарық және анық көрінетін экран

Жаңару жиілігі 120 Гц аса анық 6,4-дюймдік мүмкіндіктері шексіз FHD+ дисплей кез келген контентті кез келген жарықтандыруда бірқалыпты көрсетеді.

*6,4 дюймдік экран өлшемі экранның айналасында орналасқан төртбұрыштың диагоналіне тең. Экран бұрыштарындағы жұмыр шеттерін есепке алғанда 6.3 дюймді құрайды. Жұмыр бұрыштары мен камера объективіне арналған тесіктері бар болғандықтан экранның іс жүзіндегі жұмыс ауданы біршама кішірек.

Өнімділік

Жылдамдық сізді алға жетелейді

5G

Жылдамдық сізді қайда апаратынын қараңыз. Көбірек іс атқарып мүмкіндіктеріңізді кеңейтетін гипер-жылдам желі жылдамдығы үшін 5G әлеуетіңізді ашыңыз.

*Оңтайлы қосылымды қажет етеді. Желінің қол жетімділігі мен нақты жылдамдығы елге, өңірге, желі провайдеріне және пайдаланушы ортасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
**Көрнекілік үшін имитацияланған кескін.

Жаңа деңгейге шығу

Процессор

Қуатты сегізядролық процессормен барлығына дайын болыңыз. Жоғары өнімділіктен рақат алыңыз, енді кез келген тапсырманы орындау қолыңыздан келеді.

*Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.

Барлығын есте сақтау

Жад

256 ГБ дейінгі ішкі жад көлемі мен 1 ТБ дейін microSD картасын қолдауымен бірге сізге маңызды сәттерді сақтауға орын табылады.

*Жедел (ЖЖҚ) және кіріктірілген жадтың көлемі сатылатын елге байланысты болуы мүмкін. Пайдаланушыға қол жетімді ішкі жад көлемі алдын ала орнатылған бағдарламалық жасақтама көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.
** microSD картасы бөлек сатылады.
***Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.

Екі күнге дейін қуаттауды қажет етпейді*

5000 мА/сағ (әдеттегі мәні)** сыйымды аккумулятордың көмегімен шынымен маңызды істерге көңіл бөлуге уақытыңыз жеткілікті болады. Жасанды интеллект ұзағырақ жұмыс уақыты үшін қуат тұтынуды оңтайландырады, ал өте жылдам зарядтау**** болса, құрылғыны тез қуаттауға көмектеседі.

*Әдеттегі мәні үшінші тарап жүргізген зертханалық тәуелсіз сынақ нәтижесінде алынды. Әдеттегі мәні - бұл IEC 61960 стандарты әдісін пайдалана отырып, бірнеше батарея үлгісі мен сыйымдылығын есептеу нәтижесінде шыққан орташа мәні. Номиналды (минималды) мәндік сыйымдылығы 4905 мА/сағ құрайды.
**Батареяның іс жүзіндегі ресурсы функциялар мен қолданбаларды пайдаланатын желілік ортаға, қоңыраулар жиілігіне, жіберілген хабарламаларға, зарядаттау/қуаты біту циклдерінің санына және басқа да көптеген факторларға байланысты.Телефонның жұмыс істеу уақыты LTE, Wi-Fi және 5G Sub6 желілерінде әдепкі параметрлері бар өндіріске дейінгі SM-A546 телефондары үшін Ұлыбританиядағы 19.01.2023 және 30.01.2023 аралығындағы орташа/әдеттегі пайдаланушы профилінде тәуелсіз Strategy Analytics арқылы анықталды. (5G mmWave желілерінде тексерілмеген).
***Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.
****Қуаттау құрылғысы бөлек сатылады.

Керемет ыңғайлылық

Одан да көбірек өзара әрекеттесу

Тактильді жауап

Жақсартылған тактильді жауап және Galaxy A54 5G дірілі құрылғымен өзара әрекеттесуді интуитивті етеді.

*Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.

Барынша қорғалған

Су мен шаңнан қорғаныс

Galaxy A 54 5G үшін алаңдамаңыз, өйткені ол IP67 стандартына сәйкес су мен шаңнан сенімді қорғалған. Жолыңызда не кездессе де, оған сене аласыз.

*Galaxy A54 5G құрылғысы IP67 стандартына сай сертификатталған. Зертхана сынақтарының нәтижесі негізінде тереңдігі 1 метрге дейінгі тұщы суда 30 минут бойы батыруға шыдайды. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға кеңес берілмейді. Құрылғының шаң мен ылғалдан қорғау мүмкіндігі тұрақты емес және уақыт өте келе азаюы мүмкін.

Ауқымды дыбыс

Жаңа өлшемдегі дыбыс

Galaxy A54 5G стерео динамиктері арқылы көлемді дыбыстың әсерін байқаңыз. Dolby Atmos технологиясы көмегімен смартфон толығымен енуді және болып жатқан оқиғалардың ортасында болу сезімін қамтамасыз етеді.

Сізбен ұзағырақ бірге болады

ОЖ жаңартулары және қауіпсіздік

Galaxy 54 5G құрылғысы ұзақ уақыт бойы ойнауға арналған технологияға толы: модельге операциялық жүйе жаңартуларының кемінде 4 буыны және 5 жылдық қауіпсіздік жаңартулар қолдауы көрсетіледі.

*Кескін көрнекілік мақсаттарда үлгіленген.

Сипаттамалары

  • Процессор 2.4ГГц, 2ГГц
  • Салмағы (г) 202

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі : {{chip.displayName}}
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

* Желі: Құрылғы қолдайтын өткізу қабілеттілігі аймаққа немесе қызмет провайдеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

* Батарея: Батареяның нақты қызмет ету мерзімі желіге, қолданылатын функциялар мен қосымшаларға, қоңыраулар мен хабарламалардың жиілігіне, зарядтау циклдарының санына және басқа да көптеген факторларға байланысты.

* Пайдаланушыға қол жетімді жад: Нақты пайдаланушы жады операторға байланысты өзгереді және бағдарламалық жасақтаманы жаңартқаннан кейін өзгеруі мүмкін.