S Pen

Біздің ең үздік S Pen стилусымыз. Сымбатты да бүтін дизайны бар стилус бұрынғыдан ұзағырақ уақыт бойы қимылдарыңызды қайталайды, жазады, сурет салады және басқарады.
батареяның жұмыс сағаты1
Басу арқылы презентацияны аударыңыз, видеоны ойнатып, тоқтатыңыз немесе суретке түсіріңіз — осының бәрі S Pen көмегімен.2
Біз S Pen қаламын сіз телефоныңызды қарапайым қимылдармен басқара алуыңыз үшін, қимылыңызға бейімдеп өзгерттік.3
Камера бұрышын өзгертіп, жақындатылған топтық сурет немесе жалпы сахналық сурет түсіру үшін S Pen қаламын сағат тілімен немесе оған қарсы қозғалтыңыз.
Галерея қолданбасында келесі фотоға немесе алдыңғысына қайтып оралу үшін солға немесе оңға қарай басыңыз.
Жоғары қарай қимылмен дыбысты көтеру. Төмен қарай қимылмен дыбысты төмендету — дыбыс түймесін басудың еш қажеті жоқ.
Ойларыңызды қысқаша жазып алыңыз да бір түртіңіз, сол кезде жоба жазбаларыңыз көшіруге, қоюға және бөлісуге келетін оқылатын мәтінге айналады.4
*Негізінде мәтінді экспорттау функциясы қолжазбаны мәтінге айналдыру үшін біраз өңдеуді қажет етуі мүмкін.
Талаптарыңызға сай өзгертілген, Samsung Notes арқылы S Pen қаламының сия түсі, қалыңдығы сияқты параметрлерін реттеуге және өзіңізге ұнайтындарды сақтауға болады.
Screen off memo функциясын пайдалану үшін S Pen шығарыңыз. Әртүрлі түстермен жазыңыз және сурет салыңыз. Содан кейін экраныңызды Samsung Notes смартфонына сақтаңыз немесе Always On Display (үнемі дисплейде) функциясымен қадап қойыңыз.
AR Doodle және S Pen арқылы 3D режимінде сурет салыңыз. Сіздің шығармашылықтарыңыз бетіңізді және айналаңызды жазып алып, тамаша видео жасайды.
*Тек жергілікті Камера қолданбасында қолжетімді.