Дизайн

Алғашқы ең үлкен Infinity Display дисплейі

Иілген Infinity Display экранының жиегін көрсетіп тұрған Galaxy Note9 аса жақыннан көрінісі

Infinity Display

Кинематографиялық әлемге бойлау

  • Пиксель/дюйм 516
  • Ажыратымдылық 2960 x 1440

Infinity Display дисплейінің Quad HD+ Super AMOLED экранының ауқымды көрінісінен ләззат алыңыз. Визуалды кедергілерді қысқартып, жоғарыдағы көз сканері мен сенсорлар жасырылған.

Galaxy Note9 смартфонының төрттен үш бөлікке бұрылған алдыңғы көрінісі

*Infinity Display: бүйірлік жақтаулары жоқ, шеті көрінбейтін шексіз экран.

6.4 дюймдік экран

Үлкен идеялар мен шабыттарға арналған үлкен кенеп

6.4

S Pen қаламымен жазу үшін бірдей нақышты жазу беті қажет. Сондықтан Galaxy Note9 смартфоны қиялыңыздай шексіз ұшы-шеті көрінбейтін бетпен қамтамасыз ететін 6,4 дюйм, шексіз дисплейге ие.1

Infinity Display дисплейінің көлемін көрсету үшін алдынан диагональді түрде S Pen қаламы қозғалып жатқан Galaxy Note9 смартфонының алдыңғы көрінісі

Жарықтық және контраст

Күндіздің өзінде фотосуреттеріңізді ап-анық қарау

Galaxy Note9 смартфонының жарық экранында қанық түстер мен жарқын әрекетті қараңыз. Үй ішінде не күн көзінде болсаңыз да, барлығын айқын әрі көрнекі етіп, жарық негізінде контрастты интеллектуалды түрде реттейді.2

Экранында кескіні бар альбомдық режимдегі Galaxy Note9, оның көлеңкесі алдыға-артқа жылжып, күндізгі көлеңкелер иммитациясын жасайды.

Қайта құрылған дизайн

Қай жағынан қараса да ғажайып

Galaxy Note9 қандай әдемі болса - сондай инновациялық. Метал жақтауындағы жиектер бойында басқа смартфондардан ерекшелейтін жоғары санатты, қырлы стильге арналған диагональ бар. Ал артқы камерасы толықтай тегіс болып, артқы корпуспен біріккен. Қолыңызда ұстауға ыңғайлы әрі тартымды.

Біреуінің артқы жағы, ал екіншісінің алдыңғы жағы көрсетіліп тұрған, экранында S Pen жатқан екі Galaxy Note9

Стиль

Сіздей жарқын

Мен мұндалап тұрған теңіздей көк, кербез қара бриллиант, баурап алатын лаванда түстес күлгін немесе метал мыс түстің әдемі реңкінен Galaxy Note9 смартфоныңызға таңғажайып түс таңдаңыз. Ішінде үйлесімді түстегі S Pen бар, ал теңіздей көк түсті смартфонда оның түсі ерекшеленіп тұратын ашық сары.

Қорапта не бар

*Қораптағы заттар елге не жабдықтаушыға байланысты түрленуі мүмкін.

Қораптағы заттардың кескіні: S Pen бар құрылғы, шағын қысқыш және қалам ұштары, USB қуат адаптері, микро USB коннекторы, USB коннекторы (С типті USB), USB кабелі, шығару істігі, құлаққаптар, қап, Clear Cover. Қораптағы заттар елге байланысты түрленуі мүмкін.