Өнімділік

Қуаттың жаңа деңгейін сезініңіз

Galaxy Note9 ішіндегі аппараттық құралдың модельденген рентгендік кескіні, астынан қарағандағы көрініс

Батареяның жарамдылық мерзімі

Күні бойы өшпейтін телефон

Батареяңыздың жиынтығы мен шнурларын үйде қалдырыңыз — 4000 мА/сағ батарея бір зарядтпен-ақ күні бойына істейді. Galaxy Note9 күні бойы істейтін батареясымен осы әрқашан белсенді, мобильді әлемде алға жүріңіз.1

Сымсыз зарядтау

Сымға байланбай-ақ қуаттау

Батареяңызды қуаты таусылғанда, жылдам әрі ыңғайлы сымсыз зарядтау құрылғысы Galaxy Note9 смартфоныңызды розеткаға жалғамай-ақ 100% қуаттайды. Жетілдірілген сымсыз зарядтау технологиясының арқасында Galaxy аса қуатты әрі пайдалануға ыңғайлы. Зарядтала бастауы үшін телефоныңызды жай ғана қойыңыз.2

Wireless Charging Duo зарядтау құрылғысының тірек жағында тұрған және төсем жағында жатқан екі Galaxy Note9

Wi-Fi және LTE

Айрықша жылдам жүктеп алу және жүктеп салу

Қажет болғанда жылдамдығыңызды асырыңыз. Деректерді жылдам тасымалдаңыз, қайда болсаңыз да бейне трансляция жүргізіңіз және еш кедергісіз файлдардың жүктеп алыңыз және жүктеп салыңыз. Жоғары жылдамдықты LTE және Wi-Fi біріктірілген мүмкіндіктері мен 4x4 MIMO антеннасының арқасында Galaxy Note9 смартфонымен 1,2 гб/сек дейін аса жоғары желі жылдамдығын пайдалануға болады.3

Экранында тікелей трансляция көрсетілген модельденген кескін бар альбомдық режимдегі Galaxy Note9 қиғаш кескіні

*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.

Процессор 10-нм + 6 ГБ ЖЖҚ

Жылдамдық үшін құрастырылған заманауи процессор

Galaxy Note9 смартфонындағы мүмкіндіктермен танысыңыз. Ойын ойнау, трансляция жүргізу не бірнеше тапсырманы орындау болсын, 10 нм процессор мен 6 Гб ЖЖҚ назар аударарлық өнімділікпен қамтамасыз етеді. Найзағайдай жылдам желі жылдамдықтарымен бәрін әп сәтте орындай аласыз.4

Жылдам CPU
53%
Жылдам GPU
23%
ЖЖҚ
6ГБ
Ішіндегі аппараттық құралдардың қабаттарын көрсету үшін ашылатын және алдында S Pen пайда болатын альбомдық режимдегі Galaxy Note9 артқы көрінісі.

*Galaxy Note8 смартфонымен салыстырылған.

*6 ГБ ЖЖҚ модельдерінің ішкі жады тек 128 ГБ болады.

128 ГБ жад

Қосымша бос орын үшін сәттеріңізді жоюды доғарыңыз

Ішкі
128ГБ
Сыртқы ең көбі
512ГБ

128 Гб-тан басталатын сыйымдылығымен Galaxy Note9 жаңа стандарт орнатады.5 Оған қоса, жад сыйымдылығын microSD картасымен қосымша 400 ГБ дейін кеңейте аласыз. Бұл басқа смартфондармен салыстырғанда түбегейлі жаңа. Файлдарыңыз бен фотосуреттеріңізді қолыңызда, яғни телефоныңызда сақтай аласыз.

*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.

Samsung 512GB microSD card

*512 ГБ дейін қосымша жады бар сыртқы microSD картасы бөлек сатылады.

Galaxy Note9 seen from the right, animated with images fanning out from the back

Гибридті SIM

Бір телефондағы екі нөмір

Galaxy Note9 смартфоны қос SIM картамен істейтіндіктен, бір құрылғыда екі түрлі нөмірді және LTE деректер жоспарын ұстай аласыз. Қызметтік және жеке аккаунтыңыздың екеуін де орнатыңыз немесе екінші SIM картаны үйде және шет елде жүргенде байланыста болу үшін саяхаттағанда қосыңыз. Қосымша SIM карта қажет болмағанда, microSD картаны салып, жад сыйымдылығын кеңейте аласыз.

*SIM карта бөлек сатылады. Қос SIM картаға қолжетімділік елге не жабдықтаушыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

*MicroSD карта бөлек сатылады.

SIM карта салатын науасы шығарылған және ішіндегі екі SIM карта көрсетіліп тұрған Galaxy Note9 смартфонының аса жақын көрінісі

Стереодинамиктер

Ойынға әсер ететін аудионы сезініңіз

AKG баптаған стереодинамиктер одан сайын жарқын дыбыс пен дыбыс қаттылығын береді. Смартфоныңызда кино көрсеңіз де не музыка тыңдасаңыз да, сізді театр ортасында отырғандай сезімге бөлейтін алдын ала орнатылған төрт режиммен Dolby Atmos әсерлі үш өлшемді дыбысты жасайды.

Стереодинамиктерді көрсететін анимацияланған, қозғалып тұрған сақиналары бар жатқан Galaxy Note9 смартфонының сол жақтан көрінісі

Ойын ойнауға оңтайландырылған

Ойын жылдам жүргенде, телефоныңызда одан қалыспайды

Galaxy Note9 инновациялық су-көміртекті салқындату жүйесі ыстықты ыдыратып, тиімді түрде салқындатады. Осы уақытта Smart Performance Adjuster функциясы оңтайлы сезіну үшін ойын өнімділігін автоматты түрде реттейді. Осы екеуі бірігіп, ойыныңыздың бірқалыпты, іркіліссіз жүруін қамтамсыз етеді. Бұған қоса, бейімделген ескертпелер ойынды кідіртпей қалқып шығады. Немесе ескертпелерді толықтай өшіріп сала аласыз.6

Экранында Fortnite ойыны бар сәл қисайтылып тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9

*Бейне иллюстрациялық мақсаттарға арналған.

© 2018 Epic Games, Inc. Epic Games, Fortnite және олардың логотиптері АҚШ (Reg. U.S. Pat & Tm. Off.) және басқа елдерде Epic Games сауда маркалары не тіркелген сауда маркалары болып табылады. Барлық құқықтар қорғалған.

Ерекше Galaxy gear көмегімен Fortnite жетілдіру

Өнімділігі жоғары Galaxy Note9 смартфонында Fortnite жолын жүріп өтіңіз және ойын ішіндегі эксклюзивті нәрселерді қызықтаңыз.7

Ерекше Fortnite Galaxy терісі

*2018 жылдың 31-желтоқсанына дейін жаңа Galaxy Note9 пайдаланушылары үшін Galaxy терісі қолжетімді. Жүктеп алған кезде Galaxy терісімен барынша ұзақ уақыт ойнай аласыз.

*Fortnite ойынының қолжетімділігі елге немесе ауданға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Galaxy үшін Steam Link

ДК ойындарын Galaxy құралына тасымалдау

Galaxy Note9 қуаты ДК-ға жасалған ойындарда да жасауға жеткілікті. Steam Link for Galaxy арқылы телефоныңызды Steam тіркелгісіне қосып, жұмыс үстеліне байланыспай ойынды ойнаңыз. Тәжірибеңізге туралап, бас бармақ жететіндей қашықтықта дұрыс реттелген басқару үшін телефоныңызды Glap ойын ойнау контроллеріне қойыңыз.

Glap ойын ойнау контроллері тіркелген Galaxy Note9 құралында Steam Link арқылы ойын ойнап отырған әйелдің суреті

*Steam Link for Galaxy қолданбасы тек шектеулі елдерде Galaxy Apps қызметінде қолжетімді.

*Ойын ойнау контроллері бөлек сатылады және қолжетімділігі елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Су мен шаңнан қорғаныс

30 минут бойы суға батырылған, бірақ әлі де жұмыс істеп тұр

Көптеген телефондар үшін Криптонит сияқты әсер етеді. Бірақ бес футтық суға салынғаннан кейін де Galaxy Note9 мен S Pen жұмыс істей береді. Телефоныңызды шаң мен судан қорғау үшін олар ішінен мүмкін болатын ең жоғары IP68 қорғаныс деңгейімен қорғалған.

AOD бағдарламасы қосулы Galaxy Note9 бен S Pen және артында тұрған, өшіп қалған басқа телефонның су астындағы модельденген кескіні

1.5M

Samsung Knox

Жан-жақты қорғаныс

Телефоныңызды қосқан сәттен бастап, деректеріңізді Samsung Knox қорғайды. Мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қауіпсіздіктен айырмасы – Knox шешімі Galaxy Note9 смартфоныңызды рұқсатсыз кіруден, зиянды бағдарламалардан және қастық әрекеттерден қорғайтын, деңгейлі қорғаныс пен қауіпсіздік механизмдерінің бірнеше қабатымен өндірістік деңгейде аппаратық құралға да, бағдарламалық құралға да біріктірілген.

Samsung Knox icon
Knox контейнері
Android арналған SE
TIMA
Secure Boot және Trusted Boot функциясы
Root of Trust аппараттық құралы
KNOX бес қабатын көрсететін жоғары қалқып жатқан экранның модельденген анимациясы көрсетілген Galaxy Note9 сол жақтан көрінісі

Биометрлік идентификация

Кез келген уақытта, кез келген жерде бірден блоктан шығару

Ашық күнде не қараңғыда беттерді тану мен көздің сыртқы мөлдір қабығын сканерлеудің инновациялық комбинациясы Intelligent Scan функциясын пайдаланып, Galaxy Note9 смартфонын блоктан шығара аласыз. Түрлі ортада сізді тану үшін бұл функция екеуінің де күшін пайдаланады. Сіз сондай-ақ саусақ іздерін, құпиясөзді, пин кодты немесе бөгде адамдар қолдана алмауы үшін басқасын да пайдалана аласыз.

*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.

  • Көздің сыртқы мөлдір қабығының сканері
  • Өрнек
  • Бетті тану
  • Саусақ іздері сканері
  • Құпиясөз
  • Пин код
Экранда Intelligent Scan интерфейсі бар Galaxy Note9 және S Pen оң жақтан көрінісі