Өнер туындысына тең QLED технологиясы

The Serif және The Frame теледидарлары

Телевизоры The Serif и The Frame
image

The Serif

The Serif теледидарының үйіңізде пайда болуы назардан тыс қалмайды. Ерекше дизайн және I әрпі пішіндей ерекше профилі бар сәнді теледидар таза, эмоционалды дизайны мен интерьеріңіздің керемет эстетикасы үшін жаратылған.

image

The Frame

Frame - бұл бір уақытта аса анық теледидар болып, интерьердің сәнді әшекейі болып табылады. Оны сүйікті фильмдеріңіз бен бейнелеріңізді керемет сапада көру үшін қолданыңыз. Құрылғыңыз «Сурет» режимінде болған кезде, өнер туындыларымен және жеке фотосуреттер жиынтығымен рахаттаныңыз.

The Serif

Тың интерьермен тамаша үйлесім

The Serif сіздің талғамыңызды баршаға білдіруге көмектеседі! Беті тегіс айрықшаланған дизайн және бірегей І-пішінді профиль кеңістікті бір сәтте жаңартады.

Еліктірер ТД шолу

QLED технологиясының арқасында теледидар ұмытылмас көру тәжірибесі үшін миллиардтан астам реңктерді шығарады. Кескіннің ерекше айқындылығы және басқарудың оңайлығы – барлығы сіз үшін!

Өшіріліп тұрғанда да керемет

Өшірулі тұрған кездегі қара экранды ұмытыңыз. Жаңа The Serif теледидарының Ambient режимі әдемі суреттер, өзіне тартатын сандық тақырыптар мен көргіңіз келетін пайдалы ақпаратты көрсетеді.

The Frame

Тамаша кескін

2019 жылғы The Frame теледидарлары Samsung QLED-тен ең жақсысын алды - HDR 10+ технологиясының арқасындағы айқын кескін, ашық түстер және егжей-тегжейдің керемет шынайылығы. Кино өнерінің тереңдігін сезініңіз!

Таңғаларлық дизайн

Басқа мұндай теледидарды таба алмайсыз! Сәнді, басқаларға ұқсамайтын The Frame көркем галереядағы суретке ұқсайды. Демек, кез-келген уақытта сіз өзіңіздің сүйікті өнер туындыларыңыздың және фотосуреттеріңіздің таңдауын экранға шығара аласыз.

Шабыттандыратын шешімдер

The Frame теледидарын түрлендіріп, оны кез-келген интерьерге қосымша тіреулердің, ауыстырылатын жақтаулардың көмегімен және жарықтандыруды баптап, экрандағы кескіндердің көптеген нұсқаларын қолдана отырып орналастырыңыз. Қалай орнатсаңыз да, бәрі керемет көрінеді!