• Home /
  • Теледидарлар

What is Smart TV

Арманыңыздағыны іздеу
Smart TV

Неге “ақылды” теледидарларды солай айтатыны туралы ойланып көрдіңіз бе?
Сіз қазір көріп отырған теледидарды ақылды деуге бола ма? «Ақылды» теледидардың қандай артықшылықтары бар? Осыны анықтайық!

Алдымен интернеттен «ақылды» теледидардың немесе Smart TV анықтамасын іздедік. Уикипедиядан және бірнеше сөздіктен анықтамасын зерттеп білгеннен кейін Smart TV Интернетке қосылады, операциялық жүйеде жұмыс істейді және өзінің қолданба қызметіне ие деген қорытындыға келдік.

Ендігі сұрақ – Smart TV қай бренді ең үздік?

Smart Hub UI is displayed over a nature background image on TV screen; The UI contains various content, such as, 'What's New', 'Watch Next', and several applications like Netflix, Prime Video, Apple TV, Google Play Movies & TV, YouTube, Spotify, SmartThings, Internet, DEEZER.

Ең үздік ақылды теледидарды қалай таңдауға болады

Әртүрлі контент

Ақылды теледидардың ең басты артықшылығы — қарапайым теледидар арналарының аясынан тыс контенттен рақат алу мүмкіндігі. Ақылды теледидар Netflix, Amazon, YouTube сияқты жақсы көретін ресурстарыңыздан видеоны сұрату бойынша көрсету, сонымен қатар Spotify сияқты музыкалық стримингілік қызметтерді пайдалану функциясына ие. Сондай-ақ қалаған кезде әртүрлі ойындардан және спорттық контенттен рақат алу мүмкіндігі бар. Тіпті бұрын тек тіркемемен қосылатын ақылы кабельдік және спутниктік теледидарламаны да енді «ақылды» теледидардан көруге болады — бар болғаны кабельдік немесе спутниктік таратылым компаниясы ұсынатын қолданбаны жүктеу керек. Егер сіз бұл қызметтерге жазылған болсаңыз, орнатудың зеріктіретін процесін жасамасаңыз да болады.

* Интернетке қосылу және нақты қызметтерге жазылу қажет.

Жылдам әрі оңай іздеу

Ең үздік ақылды теледидарды таңдау үшін тағы бір жақсы көрсеткіш — контентті іздеудің ыңғайлылығы. Интернеттегі сансыз контентте көретін нәрсені таңдау қиындай түсті, сондықтан іздеудің ыңғайлы функциясы бар болғаны жақсы.

Контенттің жекелендірілген ұсыныстары

Егер көргіңіз келетін нәрсені іздегіңіз келмесе, сізге қажеттіліктеріңіз бен іздеу тарихының негізінде контентті ұсынатын ұсыныстар көмектеседі.
Күту уақыты жылдамырақ әрі қызығырақ өтуі үшін ақылды теледидарыңыз жақсы көретін телешоуға ұқсайтын контент ұсынса ыңғайлы болар ма еді? Жаңа кезең шыққанда теледидар өзі сізге хабарлайды. Тура жақсы дос сияқты!

Smart TV on the wall and Smart Hub preview screen with the caption "Make your Smart Hub. Add your favorite apps to create your own smart hub."

Пайдалану ыңғайлығы

Функциялардың барлық ыңғайлылығы мен әралуандылығы теледидарды пайдалану ыңғайсыз болса, мәнсіз болады.

Жақсы әрі ақылды теледидар HDMI арқылы қосылған кез келген құрылғыны автоматты түрде анықтауы және көптеген пультті пайдалану қажеттілігін жоюы тиіс. Қажетті қашықтан басқару пультін тынбай іздейтін уақыт өтті. Бір пульт арқылы сіз тіркемеңіздегі ағындық таратылымды қосып, тоқтата аласыз.

Тағы бір кеңінен таралып келе жатқан функция — дауысты тану. Бұл басу немесе ақылды теледидарды басқаруға арналған қозғалыс датчиктерін пайдаланғаннан әлдеқайда ыңғайлы. Ол контентті немесе ақпаратты іздеген кезде ыңғайды.

Басқа құрылғыларды оңай қосу

Басқа құрылғыларға қосылуды тексеру ыңғайлылығы жаңа Smart TV таңдаған кездегі тағы бір маңызды қадам. Контентті үлкен экраннан көру үшін смартфоныңызды теледидарға қосу сізге міндетті түрде ұнайтынына сенімдіміз. Телефоныңыздағы фото мен видео оны үлкен экраннан қарағанда мүлдем басқа болып көрінуі мүмкін.

Заттар интернеті күннен күнге танымал болып келе жатыр, тиісінше, үйдегі әртүрлі интернет құрылғыларына жай ғана қосылу міндетті талап болып келеді.

SmartThings UI on Smart TV with IoT icons; mobile phone, washing machine, camera, switch, refrigerator, light.

Елестетіп көріңізші — фильмді телефоннан жұмыстан үйге кетіп бара жатып көруді бастап, оны үйге келгеннен кейін теледидар экранынан көруді жалғастырсаңыз болады. Жоғары технологиялардың осындай деңгейі сізге өзіңізді ғылыми фантастикалық фильмнің кейіпкері ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Бұл тұтынушылардың не қалайтыны туралы әңгіме. Үздің Smart TV-ді баптау және басқа құрылғыларға қосу оңай. Ол жерде қажетті контентті табу оңай, сонымен қатар контентінің түрлері бұрынғыдан да көп жекелендірілген ұсыныстар да қол жетімді. Және, ең бастысы, ол пайдаланған кезде ыңғайлы болуы керек. Samsung ақылды теледидарларының барлық мүмкіндіктері туралы, қай функциялары басқа теледидарлардан ерекшеленетіні туралы көбірек біліңіз.

* Экрандағы суреттер мен кескінде көрсетілгендер тек көрсету мақсатында берілген.

* Smart TV сервистері мен функцияларының және графикалық пайдаланушы интерфейсінің (GUI) жиынтығы елге және/немесе модельге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

* Жұмысты бастар алдында пайдаланушылар Smart Hub пайдалану шарттары мен құпиялылық саясатын қабылдауы тиіс.

* Үйлесімді операциялық жүйе (ОЖ) немесе қолданба қажет.

* ТД мен басқару пультінің түрі модельге және/немесе елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

* Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI), дизайны, функциялары және техникалық сипаттамалары алдын ала ескертусіз өзгеруі мүмкін.