Jet 90 complete

2019 жылдың жаңа өнімімен таныс болыңыз — қуатты, жеңіл және ыңғайлы Jet 90 complete.

Jet 90 complete тік сымсыз шаңсорғышының инверторлық моторы 200 Вт дейінгі айтарлықтай жоғары сору қуатын және 10 жылдық кепілдікпен расталатын ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз етеді.

Jet 90 complete шаңсорғышының әрбір бөлшегі мұқият ойластырылған, себебі оны жасау кезінде әртүрлі беттерде тазалау барысында шаңсорғыштың ең ыңғайлы күйлері есепке алынған.

Эргономикалық дизайны мен бойға байланысты телескоптық түтігінің ұзындығын ауыстыру мүмкіндігі әрең қол жететін орындардағы шаңды да еш қиындықсыз тазалауға мүмкіндік береді.

Jet 90 complete салынбалы батареясының ең қуаты 550 Вт дейін жетеді**. Бұл қуат мөлшері шаңсорғыштың 60 минуттық жұмысына жетеді, яғни бір батарея зарядымен толығымен тазалай аласыз. Оның жаңартылған конструкциясы бастапқы сыйымдылығының 70%-ға дейін сақтай отырып 500 рет зарядтау/разрядтау цикліне жетеді.

* Деректер Samsung компаниясындағы сынақтар нәтижелеріне негізделген. Сору күшінің өлшемі IEC62885-2 стандарты бойынша сынақтар нәтижесінде алынған. Ең жоғары қуат режиміндегі сынақтар үшін арнайы саптама пайдаланылған.
** Деректер Samsung компаниясындағы сынақтар нәтижелеріне негізделген. Сынақ IEC60335-1 стандарты бойынша жүргізілген.

Қатты беттерді тазалауға арналған жұмсақ, моторлы қылшақ Қатты беттерді тазалауға арналған жұмсақ, моторлы қылшақ
Кілемдерді тазалауға арналған турбоқылшақ Кілемдерді тазалауға арналған турбоқылшақ
Жүн мен шашты тиімді тазалауға арналған айналмалы қылшақ Жүн мен шашты тиімді тазалауға арналған айналмалы қылшақ
Жиһаз бен бедерлі беттерді тазалау үшін шағын турбоқылшақ жасалған Жиһаз бен бедерлі беттерді тазалау үшін шағын турбоқылшақ жасалған
Әрең қол жететін орындарға арналған қылшақ Әрең қол жететін орындарға арналған қылшақ

Jet 90 complete шаңсорғышы диаметрі 0,3-10 микрометр шаңның 99,999% бөлігін ұстайтын, өте тиімді, бес қабатты HEPA* ауаны сүзу жүйесімен жабдықталған. Осының арқасында шаңсорғыштан таза ауа шығады.

*HEPA сүзу жүйесі: Өте тиімді жүйе

Jet 90 complete шаңсорғышының зарядтау док-станциясы Z әрпінің пішінін қайталау үшін 7 градус бұрышқа еңкейтілген, сол себепті Z Station деген атқа ие болған.

Станция керек-жарақтар мен шаңсорғыш зарядын сақтайды әрі кез келген ыңғайлы орынға жеңіл орнатылады.