Қазақстанда Samsung Galaxy S8 және S8+ смартфондары таныстырылды

12.05.2017

Қазақстандық жұлдыздар, шоумендер, журналистер және трендсеттерлер жаңа смартфондарды сынап көріп, үлкен әсер алды 

Алматы, Қазақстан – 2017 жылдың 10 мамыры. Көптен күткен Galaxy S8 және S8+ смартфондары Нью-Йоркте ғаламдық таныстырылымы жасалғаннан кейін бірден нағыз жыл хитіне айналды. Дизайны мінсіз, экраны шексіз және пайдалану қолайлылығы айрықша деңгейдегі жаңа құрылғылар компания серіктестеріне, IT саласының мамандарына, БАҚ пен пайдаланушыларға әсер етіп, олар өз кезегінде көшбасшы құрылғыларға жоғары бағасын берді. 

Galaxy S8 және S8+ құрылғыларының табысы бүкіл әлем бойынша рекордтық алдын ала тапсырыс санымен де расталады (тек Оңтүстік Кореяның өзінде жарты миллионнан аса алдын ала тапсырыс берілген). Жетекші талдаушылардың пайымдауы бойынша жаңа үлгілер Galaxy S тізбегі тарихындағы орнатылған сату рекордтарын бұзуға қабілетті. 

«Алматы Арена» мұз айдыны сарайында өткен қазақстандық таныстырылымда Samsung Electronics өкілдері жаңа құрылғылардың бірегей басымдықтары туралы баяндап, смартфондардың озық функцияларын көрсетті. Іс-шара қатысушылары құрылғылардың мүмкіндіктерін жеке сынап көру мүмкіндігіне де ие болды. 

Таныстырылымның сауық құру бөлімінде танымал ресейлік әртістер – Егор Крид пен IOWA тобы, сондай-ақ прогрессивті қазақстандық музыканттар – Ғалымжан Молданазар және Ninety One тобы өнер көрсетті. 

Samsung компаниясының ақпараты бойынша Galaxy S8 и S8+ смартфондарының Қазақстанда ресми сатылымы басталды және бұл құрылғылар мынадай түстерде қолжетімді: қара гауһар тас, тылсым аметист, сары топаз 

Смартфон жинағына AKG мамандары әзірлеген жаңа құлақаспаптары кіреді, олар дыбыс сапасы жоғары. Бұл құлақаспаптар шуды жақсы басатын ыңғайлы гибридті қондыру мүмкіндігімен ерекшеленеді және сымның шиеленісуіне жол бермейтін металл өріммен жабдықталған. 

Өнім туралы ақпарат 

Шексіз экран 

Galaxy S8 және S8+ смартфондары Samsung компаниясының дизайны мен функционалдылығы тамаша құрылғылар шығару дәстүрін жалғастырады. Диагоналі 5,8 дюйм Galaxy S8 және диагоналі 6,2 дюйм Galaxy S8+ смартфондарында түймелері және сүйір бұрыштары жоқ тегіс бетті құрайтын «шексіз» экран және жақтаусыз конструкция қолданылады. Құрылғы иелері ондағы контентке толық «ену» әсерінен ләззат алу мүмкіндігіне ие болады, бұл қолданбалармен жұмыс істеуді қызықты етеді. Galaxy S8 және S8+ ықшам дизайны құрылғыны бір қолмен пайдалануға мүмкіндік береді, ал смартфонның екі жағына да орнатылған Corning® Gorilla® Glass 5 қорғаныс жабыны беріктілікті және механикалық зақымдарға төзімділікті қамтамасыз етеді. 

Galaxy сериясының жаңа даму сатысы 

Заманауи дизайннан бөлек жаңа Samsung құрылғыларында ең озық технологиялар қолданылған, атап айтқанда:

  • Камера: Galaxy S8 и S8+ смартфондары диафрагмасы F1.7 және интеллектуалды автофокус функциясы бар 8 мегапиксельді алдыңғы камерамен, сондай-ақ диафрагмасы F1.7 және жарықтандыру деңгейі төмен болғанда немесе жақыннан түсіргенде де барынша сапалы әрі анық сурет алу үшін Dual Pixel технологиясы (кәсіби айналы камера технологиясы) бар 12 мегапиксельді негізгі камерамен жабдықталған.
  • Өнімділік: Galaxy S8 и S8+ смартфондарында жоғары өнімділік пен деректерді жылдам тасымалдау мүмкіндіктері үйлестірілген. Құрылғылар энергияны аз жұмсап, жұмыс жылдамдығын жоғарылататын, нарықтағы алғашқы 10 нанометрлік процессор негізінде құрылған. Бұған қоса, смартфондарда LTE және Wi-Fi желілерінде гигабиттік жылдамдықтарға қолдау көрсетіледі, бұл пайдаланушыларға кез келген көлемдегі файлдарды жүктеуге мүмкіндік береді.
  • Ойын-сауық мүмкіндіктері: Galaxy S8 и S8+ смартфондары бүкіл әлемде бірінші болып UHD Alliance қауымдастығының MOBILE HDR PREMIUMTM сертификатын алды. Олар кез келген контентті көру кезінде табиғи түстер мен реңктерден ләззат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Galaxy S8 и S8+ қанық түстердің, тамаша графиканың арқасында және ең жақсы ойындар, соның ішінде Vulkan API қолдауы бар ойын ұсынылған Game Pack қолдауының арқасында жаңа сападағы ойын тәжірибесін береді.
  • Деректер қауіпсіздігі: Galaxy S8 и S8+ смартфондары қорғаныс саласында қолданылатын Samsung Knox қауіпсіздік платформасының негізінде жасалған. Сонымен бірге Galaxy S8 және S8+ смартфондары түрлі биометрлік технологияларға, соның ішінде саусақ ізі сканеріне, көздің сыртқы мөлдір қабығының сканеріне және түрді тану жүйесіне қолдау көрсетеді. Осылайша, пайдаланушылар өздеріне қолайлы биометрлік растау әдісін таңдай алады.

Galaxy S8 және S8+ құрылғыларында Samsung Galaxy сериясына тән, пайдаланушыларға сүйікті функциялар енгізілген, олар:

  • Шексіз экран;

  • Су мен шаң қорғанысы (IP68);

  • Көздің сыртқы мөлдір қабығының сканері;

  • MicroSD карталарын (256 ГБ дейін) қолдау;

  • көп тапсырма орындау мүмкіндігі;

  • жылдам, сымсыз зарядтау мүмкіндігі.