Samsung Galaxy S8 / S8 + салтанатты фестиваліне шақырады

03.05.2017
Samsung Galaxy S8 / S8 + салтанатты фестиваліне шақырады

6 мамыр, осы сенбі күні көптен күткен Samsung смартфондарымен «Алматы-Арена» мұз айдыны сарайында танысуға болады. Танымал ресейлік әртістер – Егор Крид пен IOWA тобы, сондай-ақ қазақстандық музыканттар – Ғалымжан Молданазар және Ninety One тобы өнер көрсетеді. 

«Шексіз фестиваль!» - осы ұранмен Samsung компаниясының флагман смартфоны құрметіне арналған кеш жоспарлануда. «Шексіз» - өйткені Galaxy S8+ смартфондарында түймелері және сүйір бұрыштары жоқ тегіс бетті құрайтын «шексіз» экран және жақтаусыз конструкция қолданылады. 

«Алматы Арена» мұз айдыны сарайында өтетін қазақстандық таныстырылымда Samsung Electronics өкілдері жаңа құрылғылардың бірегей басымдықтары туралы баяндап, смартфондардың озық функцияларын көрсетеді. Іс-шара қатысушылары құрылғылардың мүмкіндіктерін жеке сынап көру мүмкіндігіне де ие болады 

Ұйымдастырушылар қонақтарға Galaxy S8/S8+ смартфондарымен танысқанннан басқа ойын-сауық өткізеді. 

Атап айтқанда, танымал музыкалық әртістер мен жарқын топтардың концерті жоспарланып отыр.

Таныстырылымның сауық құру бөлімінде танымал ресейлік әртістер – Егор Крид пен IOWA тобы, сондай-ақ прогрессивті қазақстандық музыканттар – Ғалымжан Молданазар және Ninety One тобы өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, іс-шараның бағдарламасында қызықты конкурстар мен жағымды сыйлықтар бар. Кештің шарықтау шегі Galaxy S8 смартфондарының ұтыс ойыны болады. 

Тұсаукесердің соңында қонақтар Алматы қаласының орталығына арнайы автобуспен тегін жетiп ала алады. 

Іс-шаралар кестесі: 

14.00-ден 18.00-ге дейін: конкурстар, сыйлықтар, музыка.

23.00-ге дейін, 18.00-ден: концерт, Galaxy S8 смартфондарының ұтыс ойыны. 

Қазақстанның тұсаукесері бойынша толығырақ ақпарат s8fest.kz сайтынан табуға болады.