«Техникалық қолдау Чаты» қызметін пайдалану шарттары
1. Жалпы ережелер
1.1. Осымен «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ), заңды тұлға, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылған (бұдан әрі - «Компания») интернет желісін пайдаланушыға (бұдан әрі - «Пайдаланушы») Компанияның Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Монғолияның, Түркіменстанның аумағына импортталатын "Samsung" сауда маркасының тауарларына (бұдан әрі - «Тауарлар») қатысты Компанияның ресми сайттарында https://www.samsung.com/kz_kz және https://www.samsung.com/kz_ru , Компанияның әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі ресми парақшаларында (бұдан әрі- «Чат»), осы Пайдаланушы келісімінде (бұдан әрі – «Келісім») белгіленген шарттарда және Қағидаларға сәйкес, техникалық шешім арқылы интернет-чат түрінде кеңес алу (бұдан әрі - «Қолдау») мүмкіндігін береді.
1.2. Чатты пайдалана отырып хабарлама жіберіп, Пайдаланушы осы Келісіммен толық көлемде және ережеден тыс жайттарсыз келіседі. Пайдаланушы осы Келісімнің кез келген ережесімен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы чатты пайдалануға құқылы емес.
1.3. Осы Келісіммен келісе отырып, Пайдаланушы келесі cілтемелер https://www.samsung.com/kz_ru/support/chat/user-agreement-kz/ және https://www.samsung.com/kz_ru/info/privacy/ бойынша жазылған Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен өзінің келісімін растайды.
2. 2 Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
2.1 Пайдаланушы міндеттенеді:
2.1.1. Чатқа хабарламаларды қазақ және орыс тілдерінде енгізуге. Өзге тілдерде қолдау осындай мүмкіндік болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ тиісті тілде тіл таратушы маман болған кезде ғана шектелмейді. Кез – келген күмәнді болдырмау мақсатында қазақ және орыс тілдерінен басқа тілдерде қолдауға кепілдік берілмейді.
2.1.2. Өнімге қатысты сұрақтарды қысқаша және нақты тұжырымдауға.
2.1.3. Тілдің ережелері мен мөлшерлерді сақтауға.
2.1.4. Қарапайым мәтінмен жазуға: бас әріптерді (Caps Lock) қолданбауға, арнайы символдарды және сәйкес келмейтін кодталған таңбаларды қолданбауға, Тауарды растау мақсатында немесе тілдің ережелері мен мөлшерлер тұрғысынан қажет болған жағдайда осындай әріптерді және/немесе символдарды колдануға болады.
2.1.5. Чатты қолданып бастағанда - өз есімін еңгізуге, сұраныс тақырыбын таңдауға және Пайдаланушыны қызықтыратын Тауар атауын еңгізуге. Пайдаланушы өзі жеке басына өтініш тақырыбана және қызықтыратын Тауар жайында тек сенімды ақпарат айтуға міндеттелінеді және жалған ақпарат берген жағдайда дербес жауап береді.
2.1.6. Орынсыз лексиканы, боғауы сөздерді қоса алғанда, сленг, жаргон жане адам абыройна тіл тигызетын кез-келген сөздер мен тұжырымдамалдарды қолданбауға.
2.1.7. Чатта кез келген адамға және/немесе ұйымға қатысты қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, өшпенділікті, өшпенділікті насихаттайтын кез келген ақпаратты пайдаланбау және орналастырмау, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын кез келген заңсыз, жала жабатын, зиянды, адамгершілікті қорлайтын, жаңылыстыратын ақпаратты пайдаланбауға және орналастырмауға.
2.1.8. Нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни, әлеуметтік және басқа да белгілері бойынша адамдарды кемсітетін (адамдар тобын шектемей) кез келген ақпарат пен хабарламаларды пайдаланбауға, орналастырмауға.
2.1.9. Кез келген адамды немесе ұйымдардарды қорлайтын хабарламаларды және ақпараттарды қолданбауға, порнографияны, балалар эротикасын насихаттайтың ақпараттарды сонымен қатар, қандайда болмасын сексуалдык сипаттағы қызметтерді насихаттайтын жарнамаларды (оның ішінде басқа қызметтер түрінде) орналастырмауға.
2.1.10. Есірткі заттарды, олардың прекурсорларын және/немесе аналогтарын дайындау, қолдану тәсілдерін және/немесе тәртібін немесе өзге де пайдалану түрін қамтитын кез келген ақпарат пен хабарламаларды пайдаланбауға және орналастырмауға.
2.1.11. Жарылғыш заттарды, қаруды және/немесе олардың бөліктерін, немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды және/немесе заттарды жасау, қолдану тәсілдері және/немесе тәртібі, не өзге де пайдалану түрі қамтылған кез келген ақпарат пен хабарды пайдаланбауға және орналастырмауға.
2.1.12. Авторлық құқықтарды, Тауар белгілеріне, дараландыру құралдарына құқықтарды және/немесе Компанияға не үшінші тұлғаларға тиесілі өзге де зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарың бұзбауға.
2.1.13. Қазақстан Республикасының заңнамасын және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын қандай да бір жолмен бұзбауға.
2.2. Пайдаланушы құқылы:
2.2.1. Чат арқылы Тауарлардың негізгі тұтынушылық қасиеттері, Тауарлардың техникалық ерекшеліктері және/немесе ақаулары және оларды жою мүмкіндігі туралы ақпарат алуға.
3. Компанияның құқықтары мен міндеттері
3.1. Компания міндеттенеді:
3.1.1. Чатты пайдалана отырып, техникалық мүмкіндік болған жағдайда және Пайдаланушы осы Келісімнің шарттарын сақтаған жағдайда, Пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетуге.
3.2. Компанияның құқығы бар:
3.2.1. Кез-келген уақытта, сөзсіз және себебін түсіндірместен Чатта сөйлесуді доғаруға.
3.2.2. Осы Келісімді бір жақты тәртіппен өзгертуге және/немесе толықтыруға.
3.2.3. Пайдаланушы Компанияның, оның қызметкерлерінің, не үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүделерін бұзған жағдайда және/немесе Пайдаланушы заңнамамен немесе осы Келісіммен орналастыруға тыйым салынған не шектелген ақпаратты орналастырған жағдайда, кез келген заңнамамен тыиым салынбаған құралдар мен құқықтар және мүдделерді қалпына келтіру тәсілдерін қолданып, Қазақстан Республикасының және/немесе басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарға сұраныс жіберуге.
3.2.4. Чаттың функционалдық қолдауы мен техникалық қызмет көрсетуі ұшін, сондай-ақ басқа да мақсаттарға үшінші тұлғаларға жүгінуге.
4. Жауапкершілікті шектеу
4.1. Чат түріндегі техникалық шешім қолданыстағы шарттарда, қандай да бір кепілдіксіз, айқын, жазбаша түрде көрсетілген немесе болжанатын түрде ұсынылады. Компания Чаттың және осы Келісімнің қолданылуына және/немесе жарамдылығына тұтастай Пайдаланушының нақты не ұйғарынды мақсаттары үшін кепілдік бермейді.
4.2. Компания Чатқа келесі кепілдіктерді бермейді: а) тұрақты, жылдам, сенімді, қатесіз жұмыс істеуді; ә) қолжетімді болуы; б) зиянды компоненттер немесе қателер болмауы; в) қауіпсіз және рұқсатсыз кіруден қорғалған болуы.
4.3. Компания Чаттың қателері және ақаулары түзетілетініне кепілдік бермейді.
4.4. Компания Чатта орналастырылатын ақпараттың шынайылығына, дәлдігіне, толықтығына және сапасына кепілдік бермейді, бірақ оның заңнамаға сәйкестігіне және үшінші тұлғалардың құқықтарын сақтауына келуімен шектелмейді. Компания Чатта орналастырылған ақпарат үшін жауап бермейді. Пайдаланушы дұрыстығын, толықтығын, сенімділігін, қолданылуын, сондай-ақ оның заңнамаға сәйкестігін бағалауды қоса алғанда, ақпаратты пайдалануға байланысты барлық тәуекелдерді дербес бағалайды.
4.5. Компания Чатты пайдалануы салдарынан болған Пайдаланушының немесе үшінші тұлғалардың залалдардың кез келген түрі үшін жауапты болмайды.
5. Қорытынды ережелер
5.1. Компания осы Келісімді Пайдаланушыны алдын ала ескертусіз кез келген сәтте өзгерте алады және жаңа нұсқасын мынадай мекен-жайлар бойынша жүктейді: https://www.samsung.com/kz_ru/support/chat/user-agreement-kz/ және https://www.samsung.com/kz_ru/support/chat/user-agreement/. Ереженің жаңа нұсқасы сайтқа жүктелген уақыттан бастап жүзеге асыралады.
5.2. Келісімнің жаңа нұсқасымен Пайдаланушы келіспейтін шарттар мен ережелер болған жағдайда, Пайдаланушы Чатты пайдалануды дереу тоқтатуға міндеттенеді.
5.3. Пайдаланушы Чатта алған кез-келген ақпарат тек Пайдаланушының жеке, коммерциялық емес жағдайға пайдалануына арналған. Пайдаланушы Чатта алған ақпаратты автоматты және/немесе өзге де бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, оның көшірмесін жасауға, қайта өңдеуге, таратуға, Интернет желісіне жариялауға, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, коммерциялық мақсаттарда, сондай-ақ осы келісімде тікелей рұқсат етілмеген өзге де мақсаттарда Компанияның жазбаша рұқсатынсыз көшіруге тыйым салынады.
5.4. Егер қандай да бір себептер бойынша осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз және/немесе заңды күші жоқ деп танылса, осы Келісімнің қалған ережелері өзгеріссіз қолданылуын жалғастырады.
5.5. Пайдаланушының Чатты пайдалануына байланысты барлық даулар сотқа дейінгі тәртіппен шешілуі тиіс және шағым (талап) компанияның заңды мекенжайына жіберілгеннен 30 күнтізбелік күн өткен соң, соттың шешуіне берілуі мүмкін.