«Samsung кондиционерлерін өндірушіден тегін диагностикалау»

НАУҚАНЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Samsung кондиционерлерін өндірушіден тегін диагностикалау»Науқан») жарнамалық науқанына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу арқылы қатысушы сайтта келесі мекенжай бойынша жарияланған Науқанға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_kz/ доменнің барлық деңгейлерін санағанда («Науқан сайты»).

 

1.      Жалпы ережелер:

1.1.     Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі 115, 3 қабат.

1.2.     Акцияны өткізу кезеңі: 2026 жылғы 28 сәуірден бастап 12 маусым бойынша (қоса санағанда) аралығында Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3.     Науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы: Алматы, Астана, Шымкент, Тараз.

1.4.     Науқанды өткізу тәсілі: Науқан осы Ережелерде көрсетілгендей, Науқан сайтындағы SAMSUNG онлайн дүкенінен және Ұйымдастырушының ресми серіктестерінен сатып алынған SAMSUNG брендімен тұрмыстық кондиционерлерге қолданылады. Науқанға тек жеке тұлғалар жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе басқа да коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін сатып алған тұрмыстық кондиционерлер ғана қатыса алады. Кеңселерде, дүкендерде, мектептерде, басқа ұйымдарда немесе кез келген тұрғын емес үй-жайларда орнату және пайдалануды қоса алғанда, коммерциялық мақсаттарда сатып алынған кондиционерлер қатыса алмайды.

1.5.     Ұйымдастырушының ресми серіктестері:

«Компания Эврика» ЖШС – EVRIKA;

 «Мечта Маркет» ЖШС – МЕЧТА;

«Arena S» (Арена S) ЖШС – SULPAK;

 «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ  – TECHNODOM;

SAMSUNG ресми бренд-дүкені: Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Самал-2 ықш ау-ы, д. 111,  «Dostyk Plaza» СОО,  1 қабат.

1.6.     Ұйымдастырушылардың уәкілетті өкілдері кепілді қызмет көрсету және Ұйымдастырушының қызметтерін көрсету/жұмыстарын орындау жағынан делдал ретінде қатыстырылатын Авторландырылған Сервистік Орталықтар («АСО»), олардың тізімі келесі мекенжай бойынша көрсетілген: https://www.samsung.com/kz_kz/support/service-centre/  

 

2.      Науқанға қатысушы

2.1.     Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Науқанның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

2.2.     Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Науқан  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Науқанға қатыса алмайды.

2.3.     Науқанға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Науқан сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Науқанның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4.     Қатысушы Науқанға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

3.      Науқанның сипаты

3.1.Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда SAMSUNG тауар белгісімен тұрмыстық кондиционерлерді тегін диагностикалау мүмкіндігін алады.

 

4.      Науқанға қатысу шарттары:

4.1.      Науқанға қатысу үшін қатысушы науқан өткізу кезеңінде келесі коммуникация арналарының бірінде Samsung тауар белгісімен тұрмыстық кондиционерді диагностикалауға өтінім беруі қажет:

1) науқанның сайтында өтінімдер нысанында.

4.2.            Диагностикаға өтінім өңделгеннен кейін қатысушымен 3 (үш) жұмыс күні ішінде сұрау салуды растау және шақыру күнін, уақытын келісу үшін Ұйымдастырушы және (немесе) ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері байланысады.

4.3.            Акция шеңберінде кондиционерді диагностикалау көшпелі болып табылады және қатысушы көрсеткен мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Қатысушы ТАӘ, байланыс деректері, шығу мекенжайы сияқты дербес деректерді беруге өз келісімін береді.

4.4.            Акция шеңберінде кондиционер диагностикасына мыналар кіреді: жұмыс қабілеттілігін диагностикалау, сүзгілерді тазалау, кондиционерді пайдалану бойынша кеңес беру;

4.5.            Акция Ұйымдастырушының және ұйымдастырушының уәкілетті өкілдерінің басқа да қызметтеріне қолданылмайды;

4.6.            Қосымша қызметтер, соның ішінде жөндеу және ұйымдастырушының Samsung тауар белгісімен тауарлар қатысушының сұранысы бойынша және ақылы негізде шығарылады;

4.7.            Науқан шарттары арнайы альпинистік жабдықты немесе көтергіштер типі бойынша арнайы жабдықты тартуды талап ететін қол жетпейтін жерлерде орнатылған жағдайларда кондиционерлердің сыртқы блоктарына қолданылмайды. Мұндай жағдайларда профилактикалық қызмет көрсету тек үй-жайда орнатылған ішкі блоктарға қолданылады.

4.8.            Науқанға қатысушы науқанға қатысудан бас тартуға құқылы, бұл ретте қатысушыға шығу немесе қандай да бір ақшалай қаражат/ өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

4.9.            Егер ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері қатысушының сұрауы бойынша шақырту, салық төлеу немесе диагностикалауға және кейіннен жөндеуге байланысты емес өзге де төлемдер үшін ақы төлеуді сұраса, қатысушыға мұндай төлемдерді жүзеге асырмауға және ұйымдастырушымен дереу хабарласуға кеңес беріледі.

4.10.          Ұйымдастырушымен төменде осы Қағидаларда көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады;

 

5.      Басқа шарттар

5.1.     Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және осы Ережелерде бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.

5.2.     Науқанның барлық Қатысушылары Науқанға қатыса отырып, Науқан Ережелерімен келіседі, оларды ұстынуға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Науқанның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.

5.3.     Науқанның барлық Қатысушылары қатыса отырып, Науқан Ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы келесі жағдайда диагностика алу мүмкіндігінен айырылады:

˗    Науқан ережелерін бұзса;

˗    Диагностикалау мүмкіндігін алу үшін алаяқтық және/немесе басқа да заңға қайшы әрекеттерге барса;

˗    Қате/жалған деректер берсе;

˗    Ұйымдастырушы Қатысушы  көрсеткен деректер бойынша 3 күнтізбелік күн ішінде онымен байланыса алмаса;

5.4.     Науқан ға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Науқанға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

5.5.     Ұйымдастырушы Науқан шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы. 

5.6.     Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге (Интернет-ресурс)  рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекеті нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

5.7.     Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Науқанмен байланысы жоқ басқа да мақсаттарда табыстамауға міндеттенеді. 

5.8.     Ұйымдастырушы Науқанды өткізу кезеңі ішінде Науқанның сайтында немесе Интернетте тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Науқанның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Науқанға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді.

5.9.     Қатысушы Акцияға қатыса отырып оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда жариялауға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

5.10. Осы Ережелердің кез келген қағидаларының  жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттына сәйкес түсіндіріледі.

5.11. Науқан конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

5.12. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

5.13. Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Науқанға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының колл- орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500-Қазақстанның кез келген өңірінен тегін қоңырау шалу;

7799-Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау шалу.

https://www.samsung.com/kz_kz/support/chat/ - ұйымдастырушының ресми сайтында тегін онлайн қолдау