SAMSUNG ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Біздің сайтқа кіргеніңізге және ондағы бар ақпаратпен танысқаныңызға қуаныштымыз. Осы ақпаратты жеке мақсаттарға және дербес компьютеріңізде сақтауыңызға рұқсат береміз. Дегенмен, Samsung Electronics Central Eurasia негізгі және қосымша сайттарының барлық қатысушыларына орнатылған заңды сипаттағы кейбір шектеулерді хабарлап, төменде келтірілген ережелердің барлығын сақтауыңызды сұраймыз.

Сайтта Samsung Electronics Central Eurasia меншігі болып табылатын ақпарат бар. Бұл меншікке авторлық құқықтар, сауда белгілері және технологиялар туралы ақпарат кіреді. Барлық жоғарыда айтылғандар мәтін, графика, аудио, бейне және жүктелетін деректер, сілтемелер немесе көз кодтары түрінде көрсетілген. Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы тек Samsung корпорациясы тұтынушыларына арналған және осында ыңғайлылығыңыз үшін көрсетілген материалдар құқықтарын сақтайды. Корпорация жоғарыда аталған материалдардың ешбіреуіне лицензия немесе меншік құқығын бермейді.

Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы негізгі және қосымша сайттарда келтірілген ақпараттың дәлдігіне, толықтығына және сенімділігіне еш кепілдік бермейді. Сәйкесінше, бізден тиісті хат түріндегі хабарландыруды алмайынша, жоғарыда аталған сайттарда жарияланған мәліметтерге толығымен сене алмайсыз.

Сайтта жарияланған ақпаратқа толығымен сенбеңіз және оны құнды қағаздарды сатып алу, сату немесе кез келген басқа жұмыстар барысында пайдаланбаңыз. Осында келтірілген мәліметтер басқа елдердің реттеуші органдарымен, оның ішінде АҚШ құнды қағаздармен жұмыстар комиссиясы талаптары, қарастырылған ақпаратты жарияламау туралы талаптарына үнемі сәйкес келе бермейтінін естен шығармаңыз.

Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы ақпаратты «сол күйінде» (ешбір қолдаусыз және кепілдіксіз) келтірген. Корпорация барлық анықталған және болжалды кепілдіктерден бас тартатынын растайды, оның ішінде осында көрсетілген қызметтер мен материалдарды сатып алуға, сатуға немесе пайдалануға байланысты кепілдіктер.

Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы ешбір жағдайда осында көрсетілген қызметтер мен материалдарды пайдаланумен байланысты тікелей, жанама, кездейсоқ, айыптық және кез келген басқа шағымға жауапты болмайды.

Акцияларға қатысты ақпарат және сайтта көрсетілген кез келген басқа ақпарат Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы тарапынан құнды қағаздармен байланысты ешбір ұсыныстарды болжамайды және ондай тауарларды сатып алу әрекеттерін де болжамайды.

Негізгі немесе қосымша сайттардан кез келген деректерді жүктеу рұқсатына қарамастан, Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы барлық көрсетілген мәтіндік және графикалық материалдардың авторлық құқықтарын және сауда белгілерін сақтайды. Корпорация жеке мақсатты ескермегенде олардың біреуін белгілі бір пішінде және белгілі бір мақсатта пайдалану құқығын бермейді.
Интернеттегі құпиялықты сақтау саясаты Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясы интернетте жеке ақпаратыңыздың құпиялығын сақтауға бар күшін салады. Интернеттен алынған ақпаратты ешбір жағдайға қарамастан барынша қауіпсіз етуге әрекет жасаймыз. Samsung корпорациясы көрсетілген ақпаратты (бар болса) сайтты пайдалану мүмкіндіктерін анықтау, дамыту және мазмұнын кеңейту мақсаттарына ғана пайдаланады. Біз алған жеке ақпарат тек сұрауыңызға жауап беруде, тапсырысты өңдеуде немесе сізге арнайы ақпаратқа қатынас беруде пайдаланылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ақпарат құпиялығын қамтамасыз ететін кейінгі механизмдері бар Samsung корпорациясы бөлімдерінің электрондық пошта мекенжайлары туралы ақпаратқа қатынас береміз.

Сізді белгілі бір ақпарат түрімен қамтамасыз ету үшін, cookie файлдары пайдаланылуы мүмкін. Олар сайтқа кейінгі кірген кезіңізде сізді оңай анықтай алу үшін, веб-сайтыңыз браузеріңізге жіберуі мүмкін және одан кейін компьютеріңіздің қатты дискісіне сақталатын шағын ақпарат бөлігі болып табылады. Браузеріңізді cookie файлын алған кезде хабарлайтындай етіп баптай аласыз.

Samsung Electronics Central Eurasia корпорациясының сайтында басқа сайттарға сілтемелер және өтініштер бар. Ақпараттың жоғары сапасымен және деректер құпиялығына байланысты құрметпен ерекшеленетін сайттарға сілтемелерді жариялаймыз. Дегенмен, басқа сайттар мазмұнына және ақпарат құпиялығын қамтамасыз ету саясатына жауап бермейміз.