Құпиялылық

SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бас офисі Оңтүстік Кореяда орналасқан Samsung Electronics Co., Ltd. (осы саясатта бұдан әрі — “Samsung Electronics”, “Samsung” немесе “біз”) компаниясында біз өз тұтынушыларымыз үшін құпиялылықтың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Ұялы телефондар мен планшеттерден бастап теледидарларға, тұрмыстық құрылғыларға, онлайн қызметтерге және т.б. дейінгі Samsung-ң барлық құрылғылары мен қызметтерінде сіздің жеке басыңызға қатысты деректерді біздің қалай жинап, қалай пайдаға асыратынымызды Сіздің түсінетініңізге сенімді болғымыз келеді.

 

Осы Құпиялылық саясаты біздің барлық қызметімізге қатысты таралады, біз сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір қызметтерге қатысты құпиялылық туралы қосымша ақпарат ұсынамыз.

 

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

 

Біз сіздің тікелей ұсынған дербес деректеріңізді, сіздің біздің қызметтерімізді пайдалану әдісіңіз туралы ақпаратты және үшінші тарапардан алынған ақпаратты жинаймыз. Біз бұл ақпаратты сізге өз қызметтерімізді ұсыну үшін, оларды қалай пайдаланатыныңызды түсіну үшін, оларды болашақта жетілдіре түсу үшін, сондай-ақ біздің қызметтерімізді пайдалану процесін дербестендіріп, өз клиенттеріміз үшін  ең қажетті қосымшаларды, технологиялар мен контентті құру үшін қолданамыз. Біз сондай-ақ дербес деректерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіздің мүддеңізге бейімделген дербес жарнаманы ұсыну үшін   пайдаланамыз.

 

СІЗДІҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ТАБЫСТАУ 

 

Біз сіздің дербес деректеріңізді Samsung Electronics компаниясының үлестес компанияларына, сондай-ақ Samsung Electronics атынан қызмет көрсететін компанияларға жібере аламыз. Біз сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді тексерілген серіктес компанияларға, мысалы, сіз сұраған өнімдерді немесе қызметтерді, сондай-ақ сізді қызықтыратын өнімдер немесе қызметтер туралы ақпаратты ұсынатын мобильді қызмет жеткізушілеріне немесе сақтандыру компанияларына жіберуіміз мүмкін. Біз, сондай-ақ дербес деректерді заң талап еткенде жағдайда немесе Samsung Electronics және оның клиенттерін қорғау үшін қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарымен бөлісе аламыз.

Құпиялық саясаты

SAMSUNG құпиялық саясатының негізгі аспектілері

  • Қолданылу саласы

    Осы Құпиялық саясаты осы Құпиялық саясатына сілтейтін кез келген Samsung құрылымына, веб-сайтына немесе интерактивті қолданбасына (жалпы түрде – біздің қызметтер) таралады. Құпиялық саясаты біздің қызметтерге қатынау үшін Сіздің компьютерді, мобильді телефонды, планшетті, теледидарды немесе басқа құрылғыны пайдалануыңызға қатыссыз қолданылады.

  • Біз қызметтерге байланысты әр қилы түрдегі ақпарат жинаймыз, соның ішінде:

    • бізге Сіз өзіңіз беретін ақпарат;
    • біз Сіздің қызметтерді пайдалануыңыз туралы жинайтын ақпарат;
    • біз бөгде көздерден алатын ақпарат.

    Біз сондай-ақ Құпиялық саясатында сипатталмаған ақпарат жинауға Сіздің келісіміңізді сұрауымыз мүмкін.

  • Жинайтын ақпаратты біз, басқасымен қатар, келесі мақсаттарда пайдаланамыз (және Сіз туралы басқа ақпаратпен ұштастыруымыз мүмкін):


    • Сіз сұратқан қызметтерге қатынау мүмкіндігін беру үшін;
    • Сіздің қызметтерді пайдалану тәсілдеріңіздің сапасын арттыру мақсатында, оларды түсіну үшін;
    • дара іріктелген мазмұн мен жарнама ұсыну үшін.

    Біз сондай-ақ жинайтын ақпаратты оны жинау сәтінде сипатталған тәсілдермен немесе, Сіздің рұқсатыңызбен, басқа тәсілдермен пайдаланамыз.


    Біз Сіздің ақпаратыңызды келесі тұлғалар мен ұйымдарға табыстауымыз мүмкін:


    • Samsung компаниялар тобына кіретін еншілес компаниялар.
    • Бизнес-серіктестер — өзіміз сенім артатын, Сізге қызықты болуы мүмкін өнімдер мен қызметтер туралы ақпарат ұсынатын компаниялар.
    • Қызметтерді жеткізушілер — Samsung компаниясының тапсырысы бойынша немесе оның атынан қызметтер ұсынатын компаниялар.
    • Құқық қорғау органдары — талап етуі бойынша немесе Samsung компаниясы мен оның пайдаланушыларын қорғау мақсаттарында.
    • AdHub
    • SmartTV
    • Қажет болған жағдайда, біз сондай-ақ белгілі бір деректерді сұратудан бұрын, қысқа қалқыма құлақтандыруларды пайдалануымыз мүмкін
  • Электронды пошта: http://help.content.samsung.com веб-сайтындағы «Байланыс ақпараты»
    бөлімі арқылы.


    Samsung Electronics Co., Ltd.


    129 Samsung-Ro, Maetan-3dong, Yeongtong-gu, Suwon-si, Gyeonggi-do, Korea


    Еуропадағы пайдаланушылар үшін:
    Samsung Electronics (UK) Limited, Samsung House, 1000 Hillswood Drive, Chertsey, Surrey KT16 0PS


    Ақылы интерактивті қызметтер туралы мәселелер бойынша: Samsung Electronics GmbH, Samsung House, Am Kronberger Hang 6, 65824 Schwalbach/Ts., Deutschland

SAMSUNG ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

 

Күшіне ену күні: [28 желтоқсан 2022 ж]

 

Бұл Құпиялылық саясаты ұялы телефондар мен планшеттерден бастап теледидарлар мен тұрмыстық аспаптарға дейін, клиенттерге қызмет көрсетуден бастап біз ұсынатын онлайн қызметтерге дейінгі Samsung-ң барлық құрылғылары мен қызметтеріне таралады. Бұл құрылғылар мен қызметтер осы саясатта бірге “Қызметтер” деп аталады.

 

Сіздің Құпиялылық саясатына жаңартулар енгізілгенін ұдайы тексеріп отыруыңыз маңызды.    Біздің Қызметтерге қатысты дербес деректерді пайдалану әдісіміздегі өзгерістерді немесе қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді көрсету үшін біз осы Құпиялылық саясатын мерзімді түрде жаңартып отыруымыз мүмкін. Біз өз Құпиялылық саясатымызға енгізілген елеулі өзгерістер туралы Сізге алдын ала хабарлау үшін өз веб-сайтымызда хабарлама жариялаймыз немесе немесе  оны  сіздің құрылғыңызға жолдаймыз және Құпиялылық саясатының жоғарғы жағында соңғы жаңартылған күнін үнемі көрсетіп отырамыз. Құпиялылық саясатының ағымдағы нұсқасын үнемі мына мекенжай бойынша табуға болады: https://account.samsung.com/membership/terms/privacypolicy. Осы Құпиялылық саясатына қоса, Samsung белгілі бір өнімдер мен қызметтерге қатысты арнайы құпиялық туралы хабарлама ұсынады. Осы Құпиялылық саясатының шарттары мен белгілі бір құпиялық туралы хабарламаның арасында қандай да бір алшақтық болған жағдайда,  құпиялық туралы хабарландыру шарттары басым күшке ие болады.

 

БІЗ ҚАНДАЙ АҚПАРАТ ЖИНАЙМЫЗ?

 

Samsung Electronics компаниясы сіздің деректеріңізді бірнеше әдіспен жинайды.

 

Сіз тікелей ұсынатын ақпарат

 

Кейбір қызметтер бізге ақпаратты тікелей ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы:

 

o   Сіз бізде есептік жазбаны немесе профильді құрған кезде, біз сізден аты-жөніңіз, туған күніңіз    сияқты ақпаратты немесе телефон нөміріңіз немесе электрондық поштаның мекенжайы  сияқты байланысу ақпаратын сұратамыз.

o   Егер бізге белгілі бір өнімге немесе ақылы қызметке тапсырыс берсеңіз, сіздің тапсырысыңызбен жұмыс істеу үшін сізден аты-жөніңізді, мекенжайыңызды, байланысу ақпаратын, сонымен қатар жеткізу мен төлем туралы ақпаратты сұратамыз. Келесі жолы тапсырысты ресімдеу оңайырақ  болу үшін сізге төлем туралы ақпаратты сақтап қоюға болады.

o   Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласқан кезде сізге жауап беру үшін біз сіздің жеке басыңызды және сіз сұрап отырған өнімді тексеру үшін белгілі бір ақпарат ұсынуды сұраймыз.

o   Сіз біздің Клиенттерге қолдау көрсету қызметінің мамандарымен немесе өзге мамандармен байланысқан кезде, сіздің хабарламаларыңыз біздің жүйелеріміз арқылы өтеді.

o   Егер сіз бізге байланысу деректеріңізді ұсынсаңыз, біз файлды бөлісуді және хабарлама алмасуды жеңілдету үшін телефон нөмірлері мен басқа байланыс ақпаратын аламыз.  Сіз бұл функцияларды өз құрылғыңыздағы "Параметрлер" мәзірінде өшіре аласыз немесе шектей аласыз.

 

Сіздің Қызметтерді пайдаланғаныңыз туралы ақпарат

 

Сіз ұсынған ақпаратқа қосымша біз сіздің Қызметтерді өз құрылғыңыздағы бағдарламалық жасақтама арқылы және басқа әдістермен пайдаланғаныңыз туралы ақпарат жинаймыз. Бұл ақпарат мыналарды қамтиды:

 

o   Құрылғы туралы ақпарат: сіздің құрылғыңыздағы аппараттық жасақтама  (мысалы, моделі және өндірушісі) және бағдарламалық жасақтама (мысалы, операциялық жүйе және бағдарламалық жасақтама нұсқалары) туралы деректер,  IMEI нөмірі және құрылғының басқа да бірегей идентификаторлары (мысалы, елдің мобильді коды, мобильді желі коды,  MAC мекенжайы, IP мекенжайы, сериялық нөмірі, құрылғының бірегей идентификаторлары, жарнама идентификаторы (мыс., мобильді құрылғылар үшін-Google AD жарнама идентификаторы, ал Samsung Smart TV сияқты көрнекі көрсету функциясы бар  Samsung құрылғылары үшін-дербес қызмет  көрсету идентификаторы ("PSID") және жарнамаға арналған Tizen идентификаторы ("TIFA"))), телефон нөмірі, сату коды, жазбаға кіру мүмкіндігі, cookie файлдары, жарнама пиксельдері мен ұқсас технологиялар (төмендегі "Cookie файлдары, маяк және ұқсас технологиялар" бөлімінде сипатталғандай), жазылу туралы ақпарат және сіз Қызметтерге кіру үшін пайдаланатын құрылғы теңшеулері.

o   Журналдардың деректері: Cіздің Қызметтерді, сіздің Құрылғыларға орнатылған қызметтерді пайдалану уақыты мен ұзақтығы сияқты диагностикалық, техникалық ақпарат, қателер туралы деректер және пайдаланушыларға арналған ақпарат, белгілі бір Samsung қызметіне байланысты құрылғыға  енгізілетін іздеу терминдері, сіздің құрылғыңызға орнатылған cookie файлдарында сақталған  кез келген ақпарат, сонымен қатар қателер туралы  есептер мен дамп журналдары.

o   Геолокация туралы ақпарат: ең жақын орналасқан Wi-Fi қосылу нүктелері, ұялы байланыс мұнаралары және сіздің жеке келісіміңізбен құрылғыңыздағы GPS сигналы туралы ақпарат белгілі бір Қызметтерді пайдаланған кезде бізге берілуі мүмкін. Оған қоса, сіз белгілі бір Қызметтерді пайдаланған кезде бізге пошталық индекстер  және IP мекенжайларын пайдаланатын болжамды орналасу  орындары бізге берілуі мүмкін.

o   Дауысты ақпарат: сіз осы функцияны қосқанда және Қызметті дауысты жолмен басқару үшін   пайдаланғанда біздің серверлерімізде жасайтын және жинайтын сіздің даусыңыздың жазбалары бөлек Bixby құпиялылық саясатымен реттеледі. Сондай-ақ сіз Тұтынушыларға қызмет көрсету тобымызға хабарласқанда біз сіздің даусыңыздың жазбаларын жинап, сақтап қоямыз. Егер біз сөзді мәтінге түрлендіру қызметтерін немесе біздің атымыздан байланыс орталығының қызметтерін ұсынатын бөгде ұйыммен  жұмыс істейтін болсақ, осындай бөгде қызмет көрсетуші мен біздің арамызда жасалған шартқа сәйкес оның дауысты басқарудағы жеке сөйлемдерді командаларды алып, сақтай алатынын ескеріңіз.

o   Samsung пернетақтасы туралы ақпарат: "Мәтінді зияткерлік жолмен енгізу" функциясын қоса отырып теретін сөздер. Бұл функция сіздің Samsung мобильді құрылғыңызда пайдалану үшін деректерді синхрондау мақсатында сіздің  Samsung аккаунтыңызбен байланысты ұсынылуы мүмкін. Сіз "Мәтінді зияткерлік жолмен енгізу"  функциясының теңшеулеріне өте отырып,  деректерді тазарта аласыз.

 

Жария  немесе коммерциялық негізде қолжетімді немесе жіберілген ақпарат

 

Біз кейде жария немесе коммерциялық негізде қолжетімді ақпаратты, оның ішінде сіз пайдаланатын әлеуметтік желілерден алынған ақпаратты жинаймыз және сіздің қажеттілігіңізді, қызығушылығыңызды және сіздің қалауыңызды жақсырақ түсіну үшін оны сіз туралы басқа ақпаратпен біріктіреміз.

 

Біз жинайтын өзге ақпарат

 

Біз сонымен қатар сіз табыстауға келісім берген  сіз туралы, сіздің құрылғыңыз немесе сіз пайдаланған Қызметтер туралы  басқа  да ақпаратты жинаймыз. Біз қолданыстағы заңға сәйкес сіздің келісіміңізді аламыз.

 

Үшінші тараптардың талдауы

 

Сіз белгілі бір қызметтерді пайдаланған кезде біз сіздің веб-сайттар мен жалғанған құрылғылардағы және бөгде веб-сайттардағы, құрылғылардағы, бөгде қосымшалардағы және өзге онлайн мүмкіндіктер мен қызметтердегі іс-әрекеттеріңіз туралы дербес деректерді жинаймыз. Қызметтерде біз  Google Analytics және Adobe Analytics сияқты үшінші тараптың талдау қызметтерін пайдаланамыз. Осы талдау қызметтерін басқаратын қызмет жеткізушілер сіздің осы  Қызметтерді қалай  пайдаланғаныңызды талдауға және оларды жақсартуға көмектеседі. Біз алған ақпарат осы жеткізушілерге берілуі мүмкін немесе олар бұл ақпаратты тікелей өздері жинауы мүмкін немесе осы ақпаратты пайдаланатын тиісті үшінші тұлғалар мысалы Қызметтердің қолданылуын бағалау, Қызметтерді басқаруға көмектесу және техникалық мәселелерід анықтау үшін жинауы мүмкін. Google Analytics қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.google.com/analytics/learn/privacy.html және https://www.google.com/policies/privacy/partners/ веб-сайттарына өтіңіз.

 

Біздің мүмкіндіктеріміз

 

Сіз деректердің белгілі бір санатын, мысалы, қайсы бір өнімді немесе қызметті сатып алатын кезде қосымша сұралған ақпаратты бізге ұсынбау туралы шешім қабылдай аласыз. Кейбір жағдайда бұл белгілі бір Қызметтерді пайдалану мүмкіндігін шектеуі мүмкін. Біз сізден ақпарат сұраған кезде сіз ақпараттандырылған шешім қабылдау үшін біз  сізге осы шектеулерді түсіндіруге бар күшімізді саламыз.

 

БІЗ  СІЗ ҰСЫНҒАН АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

 

Біз өзіміз жинаған ақпаратты мынадай мақсаттарда пайдаланамыз:

 

o   Өз Қызметтерімізге Сізді немесе сіздің құрылғыңызды барынша жылдам тіркеуге қолдау көрсету.

o   Сіз сұраған Қызметті немесе функцияны ұсыну.

o   Біздің Қызметіміздегі бұрынғы іс-әрекеттеріңіздің негізінде сізге дербес контент пен жеке қызметтер ұсыну.

o   Сізді біздің Қызметтерімізде, веб-сайттарымызда, бөгде веб-сайттар мен әлеуметтік желілер сияқты онлайн платформаларда (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) қызықтыруы мүмкін жеке және/немесе әмбебап жарнамаларды, акцияларды және ұсыныстарды қамтамасыз ету. Сіз Samsung компаниясынан маркетингтік хабарламаларды алуға келісіміңізді бергенде ғана біз сізге жеке жарнамаларды, акцияларды және ұсыныстарды жібереміз.

o   Бізге жеке келісіміңізді берген жағдайда ғана тікелей маркетингтік хабарламалар (мысалы, электрондық пошта, push-хабарламалар мен СМС) арқылы жарнамалық акциялар өткізіп,  ұсыныстарды қамтамасыз ету.

o   Біздің бизнесімізді жүргізу, бағалау және жақсарту, сонымен қатар  жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және қолда барын жақсарту, біздің коммуникацияларды басқару және жақсарту, біздің Қызметтерімізді және тұтынушылар базасын талдау (соның ішінде нарықты  зерттеу, біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы сіздің пікіріңізді сұрау және қажет болған жағдайда сіздің жеке келісіміңізбен тұтынушыларға сауалнама жүргізу) және деректерді жинақтау және құпияландыру.

o   Құрылғыларға бағдарлама жасақтаманың жаңартуларын, техникалық қызметті және қолдауды қамтамасыз ету.

o   Құрылғыларға берілген кепілдік мерзімі ішінде тұтынушыға қолдау көрсету.

o   Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сізге ұсынылған өнімнің кепілдік мерзімі аяқталғанда алаяқтықтың алдын алу, осы мақсатта біз IMEI және сериялық нөмірді жинаймыз.

o   Құрылғыны жөндеу үшін тексеру.

o   Samsung Electronics компаниясының немесе біздің үлестес компанияларымыздың, іскерлік серіктестеріміздің немесе тұтынушыларымыздың кез келгенінің құқықтарын, мүлкін немесе қауіпсіздігін қорғау.

o   Сіздің сұрауларыңызға, оның ішінде дербес деректеріңіз туралы сауалдарыңызға жауап беру.

o   Алаяқтықтан және басқа да қылмыстық іс-әрекеттерден қорғау, оларды анықтау және алдын алу,  шағым-талаптар  мен басқа да жауапкершіліктің туындауынан қорғау.

o   Қолданыстағы заңнама талаптарын, тиісті салалық стандарттар мен біздің саясаттарымызды, соның ішінде Samsung Құпиялылық саясатын сақтау және орындау.

o   Samsung компаниясына қайтарылған ақауы бар құрылғыны талдау. Samsung компаниясы мұндай құрылғыларды талдау алдында барлық ақауы бар құрылғыдан жеке деректерді өшіру  шараларын қолданады.

 

Сізге жақсартылған функционалдық мүмкіндіктерді ұсыну үшін біздің құрылғыларымыздан немесе басқа көздерден сіз туралы жинаған ақпаратты пайдаланамыз және біріктіреміз. Мысалы, сіз келесі сатып алуды жылдамдату үшін сатып алу кезінде біздің веб-сайтымызда пайдаланған төлем ақпаратын сақтап қоя аласыз. Сізге ұнауы мүмкін немесе сіз үшін жеке әзірленген контентті ұсыну үшін сіз тікелей немесе жоғарыда сипатталған басқа көздер арқылы ұсынған ақпаратты да пайдаланамыз.

 

Сіз өзіңіз ұсынған ақпаратқа қатысты әртүрлі іс-әрекеттер жасай аласыз. Қосымша ақпарат «СІЗДІҢ ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ БАР?» бөлімінде келтірілген.

 

Таргеттелмеген жарнама

 

Сіз қызығушылыққа негізделген жарнаманы немесе жеке жарнаманы ("таргеттелген жарнамаға")   таңдасаңыз да, бұл сіздің белгілі бір Қызметке бағытталған таргеттелген  жарнаманы ұсыну үшін сипаттайтын ақпаратқа арнайы негізделмеген жалпы, негізгі немесе контекстік жарнама түрлерін ("таргеттелмеген жарнама") алуыңызға әсер етпейтінін ескеріңіз.

 

Мобильді құрылғыларға келетін болсақ, біз сізге таргеттелмеген жарнаманы көрсету үшін пайдаланатын ақпаратқа сәйкес қосымша туралы ақпарат (қосымшалар жинағы, нұсқасы, атауы және домені сияқты), құрылғы туралы ақпарат  (мысалы, құрылғының түрі, өндіруші, операциялық жүйе, нұсқа, экран туралы ақпарат, телекоммуникациялық қызметтерді жеткізуші, ел және тіл), сонымен қатар құрылғының идентификаторлары (мысалы, IP-мекенжай және жарнама идентификаторы) кіреді. Сізге таргеттелмеген жарнаманы ұсыну үшін біз  сәйкес шарттық кепілдіктерді сақтай отырып, бұл деректерді сенімді іскер  әріптестерімізбен және сенімді қызмет жеткізушілерімізбен бөлісеміз.

 

Осы жарнамалық хабарламалар сіздің қызығушылықтарыңызға негізделмегендіктен, аса маңызды  болмауы мүмкін.

БІЗ СІЗДІҢ АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ КІММЕН БӨЛІСЕМІЗ?

 

Біз сіздің ақпаратыңызды компанияның ішінде, сондай-ақ жоғарыда сипатталған мақсаттарда ғана келесі ұйымдарға ашамыз.

 

o   Үлестес компаниялар: біз басқаратын немесе біз бақылайтын Samsung Electronics тобының басқа компаниялары.

o   Іскерлік серіктестер: бірге жұмыс істейтін серіктестер. Мысалы, сіз біздің Қызметтеріміздің бірін жылдамырақ немесе тиімдірек пайдалану мақсатында төлемдер жасай алуыңыз үшін біз банкпен жұмыс істеуіміз мүмкін. Бұл іскерлік серіктестер сіздің дербес деректеріңізді бақылайды және басқарады.

o   Қызметтерді жеткізушілер: Біз үшін немесе біздің тарапымыздан қызмет көрсететін мұқият таңдалған компаниялар, мысалы, жөндеу жұмыстарына, тұтынушыларға қызмет көрсететін, жарнама қызметіне (соның ішінде біздің веб-сайттардағы, үшінші тарап веб-сайттарындағы, онлайн платформалардағы және әлеуметтік медиа платформаларындағы жеке жарнамаға),  клиенттердің қанағаттану сауалнамасын жүргізуге,  біздің атымыздан шоттарды ұсынуға және хабарлама жіберуге көмектесетін компаниялар. Сондай-ақ бұл жеткізушілер сіздің ақпаратыңызды қорғауға міндеттенеді.

o   Заң бойынша талап етілген немесе біздің Қызметтерімізді қорғау үшін қажет болған кезде басқа тараптар: мысалы, заңға сәйкес, сот процесі шеңберінде немесе сот не басқа да  мемлекеттік органдардың ұйғарымы бойынша ақпаратыңызды ашу қажет болған жағдайда. Сонымен қатар олар құқықтық тәртіпті қорғау, ұлттық қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес немесе қоғамдық қауіпсіздікпен байланысты басқа да мақсаттарда  бізден сіз туралы ақпаратты сұрауы мүмкін.

o   Корпоративтік мәмілелермен байланысты басқа тараптар: Біз бірігу немесе құқықтарды табыстау, сатып алу немесе сату немесе банкроттық жағдайында сіздің ақпаратыңызды үшінші тарапқа ашуымыз мүмкін.

o   Сіздің келісіміңізбен немесе нұсқауыңызбен басқа тараптар: Осы Құпиялылық саясатында сипатталған ақпаратты жария ету әдісіне қосымша, біз  сіздің жеке келісіміңіз немесе сұратуыңыз болған жағдайда ғана сіз туралы ақпаратты үшінші тараптармен бөлісеміз.

БІЗ СІЗДІҢ АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?

 

Біз деректер қорғанысына аса үлкен мән береміз. Жиналатын ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін физикалық және техникалық қорғаныс құралдарын енгіздік. Сондай-ақ біз үшінші тараптар жинаған дербес деректеріңіздің қорғанысын қамтамасыз ету үшін, қолданыстағы заңға сәйкес тиісті шараларды қолданамыз. Дегенмен, сіздің ақпаратыңызды қорғау үшін қисынды қадамдарды орындасақ та, ешбір веб-сайттың, интернет арқылы таратудың, компьютер жүйесінің немесе сымсыз байланыстың толықтай қауіпсіз болмайтынын ескеріңіз.

СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЙДА ЖІБЕРЕМІЗ?

 

Сіздің біздің Қызметтерімізді пайдаланған кезде сізге қатысты ақпарат осы Құпиялылық саясатына сәйкес тұрғылықты еліңіздің ішінде және одан тыс жерде табысталады, сақталады және өңделеді. Атап айтқанда, сіздің дербес деректеріңіз Корея Республикасына табысталады.

 

Бұған қоса, Қызметтерді пайдалану кезінде қажет болған жағдайда сізге қатысты жеке ақпарат   басқа елдерге табысталуы, сақталуы және өңделуі мүмкін; мұндай елдерге шектеусіз Америка Құрама Штаттары, Ұлы Британия, Швейцария, Қытай, Сингапур, Вьетнам, Үндістан, Канада, Мексика, Филиппин және Жапония жатады. Сізге қатысты ақпарат берілуі мүмкін болған елдердің деректерді қорғау туралы заңнамасы және басқа заңдары сіздің еліңіздегідей ауқымды болмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Біз  сіздің дербес деректеріңіздің қорғалуын қамтамасыз ету үшін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қолданамыз.

 

СІЗДІҢ ҚАНДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ БАР?

 

Сіздің дербес деректеріңіз өзіңізге тиесілі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз біз жинаған деректер туралы толық мәлімет беруді, олардың жойылуын талап етуге немесе өз иелігіңіздегі кез келген өзге құқықты жүзеге асыру туралы өтініш білдіруге құқылысыз. Дегенмен, сіздің дербес деректеріңізді жоюды талап ету біз ұсынатын Қызметтерді пайдалану  мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Біз заңға сәйкес сақтауға міндетті болатын деректерді жоймаймыз.

 

Өз құқықтарыңызға қатысты сұрату жасау немесе өтінім беру үшін бізге хабарласыңыз. «БАЙЛАНЫСҚА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ» бөлімін қараңыз.

 

БІЗ СІЗДІҢ АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ ҚАНША УАҚЫТ САҚТАЙМЫЗ?

 

Қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларды қоспағанда, біз сіздің дербес деректеріңізді жинау мақсатына қажетті уақыттан ұзақ сақтамаймыз. Яғни, болашақта  қажет болмаған жағдайда   ақпарат біздің жүйелерімізден жойылады немесе өшіріледі. 

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Samsung компаниясы пайдаланушылардың ақпаратын қорғау мәселесіне аса зор мән береді. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына («Дербес деректер туралы» Заң) сәйкес, Дербес Деректер дегеніміз – олардың негізінде анықталған немесе анықталатын дербес деректердің субъектісіне жататын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер (бұдан әрі «Дербес деректер»). Біз Сіздің Дербес деректеріңіз Сізге тиесілі екендігін толығымен түсінеміз және бізге тапсырылатын деректерді сақтаудың және өңдеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салу үстіндеміз. Сіздің сеніміңіз біз үшін аса маңызды. Біз тек Сіздің рұқсатыңызбен ғана ақпараттың барынша аз мөлшерін жинаймыз және оны мәлімделген мақсаттар үшін ғана пайдаланамыз. Біз Сіздің рұқсатыңызсыз немесе алдын ала келісімсіз ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейміз. Samsung корпорациясы техникалық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша процедураларды және ішкі басқару процедураларын, сондай-ақ деректерді физикалық қорғау бойынша шараларды қосқанда, Сіздің деректеріңіздің сақталуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Атап айтқанда, біз Samsung Knox негізіндегі тұрақты шифрлау технологиясын әзірледік. Біз Samsung Knox барлық жүйелеріміз бен өнімдерімізде қолданамыз және бұл бізді басқа компаниялардан ерекшелейді.

Біз өзіміздің керемет әсер қалдыратын және рухтандыратын сандық өнімдерімізді пайдаланудың арқасында сіздің өміріңізді одан әрі жақсартуға ұмтыламыз. Бұл үшін бізге Сіздің сеніміңізді сақтап қалу маңызды және біз Сіздің деректеріңізді қорғау үшін қолымыздан келгенін істейміз. Қызығушылық танытқаныңызға және қолдау көрсеткеніңізге рахмет.

Дербес деректер туралы Заңның талаптарын орындау үшін біз Дербес деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, жіберуді, соның ішінде трансшекаралық түрде жіберуді («дербес деректерді өңдеуді») Сіздің келісіміңізбен (субъектінің келісімімен) жүзеге асырамыз. Дербес деректерді сұратқан сайын біз осындай жинаудың мақсаттарын және осындай деректер жіберілуі мүмкін субъектілердің тобын көрсетеміз. 

Біз Дербес деректерді қорғау бойынша шараларды міндетті түрде қолданамыз және оларды тек Сіздің келісіміңіздің шарттарына сәйкес қолдануға міндеттенеміз. Сіз мына пошталық мекенжайға жазбаша өтініш беру арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді кері шақырта аласыз: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ), Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050050, Әл-Фараби даңғылы, 36-үй, «АФД» БО, Б блогы, 3-4 қабаттар.

Сіздің келісім беруіңіз «Келісемін» белгісін шерту жолымен немесе Сіз дербес деректерді өңдеуге келісетін өзге тәсілмен рәсімделуі мүмкін. Осындай белгіні шерту арқылы Сіз дербес деректердің өңдеуін мерзімсіз негізде жүзеге асыра алатынымызбен, сондай-ақ оларды (1) Samsung Electronics еншілес және байланысқан компанияларына, солардың ішінде кез келген көлемде трансшекаралық түрде; (2) бізбен дербес деректерді өңдеуге және жарияламауға келісім жасасқан уәкілетті контрагенттерге және мердігерлерге; (3) сот шешімі бойынша үшінші тұлғаларға
жіберетінімізбен келісесіз.   

Дербес деректерді өңдеу мынадай мақсатта жүргізіледі: (1) SAMSUNG тауар белгісіне ие тауарларды жарнамалау және алға жылжыту, соның ішінде біздің жарнаманы, танымдық ақпаратты, хабарландырулар мен хабарламаларды жіберу; (2) біздің белсенділіктерге қатысу үшін тіркеуді жүзеге асыру; (3) Сіздің сұратымдарыңызды өңдеу үшін және Сіздің келісіміңіздің сипаттамасында тікелей көрсетілген өзге мақсаттар.  

 Дербес деректер жөніндегі келісімнің ҮЛГІСІ

Біздің қызметтерді қолданған кезде немесе біздің жобаларға қатысу үшін Сізден Дербес деректер жөніндегі келісім сұралуы мүмкін. Әдетте біз мынадай нысанды пайдаланамыз: «Сайтта нысанды толтыру және «Жіберу» батырмасына басу арқылы, 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, Сіз «Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС (Самсунг Электроникс Орталық Еуразия) (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») дербес деректерді (жеке ақпаратты), соның ішінде менің тегімді, атымды және әкемнің атын, телефон
нөмірімді, электрондық поштамның мекенжайын жинауға, өңдеуге, сақтауға, жіберуге (соның ішінде трансшекаралық түрде), сондай-ақ осы жобаның аясында осындай ақпаратты БАҚ, соның ішінде интернет арқылы таратуға өз келісіміңізді бересіз.

Жобаға қатысушы жобаға қатыса отырып, жарнама, маркетинг және жаңалық жіберілімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ өзге тікелей байланыс-маркетингілік мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында мынадай көлемдегі байланыс деректерін Ұйымдастырушыдан үшінші тұлғаға жіберуге өз келісімін береді: аты және телефон нөмірі. 

Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті, жіберілген деректерді өңдеудің барлық түрін қамтиды, солардың ішінде, бірақ олармен шектелмей: өзге заңды тұлғалардың, атап айтқанда, «Cheil Kazakhstan» ЖШС (Чейл Қазақстан) және Ұйымдастырушының өзге уәкілетті тұлғаларының алуы, жазуы, сақтауы, нақтылауы, пайдалануы, жіберуі (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық түрде жіберуі), кетіруі, жоюы. Келісім Ұйымдастырушыға келісімді берген сәттен бастап және осы келісімді қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен кері шақырған сәтке дейін әрекет етеді.

Дербес деректерді жіберуге келісім бермеу жобаға әрі қарай қатысу мүмкін емес екендігін білдіреді».  

Сіз келіскен жағдайда, Сіз өзіңізге әрбір оқиға жөнінде өз келісіміңізді беруге ұсыныс жасалған нысанда келісім бересіз. 

 

СЫРТТАН ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

 

Біздің Қызметтеріміздегі кейбір контентті, жарнамалар мен функцияларды үшінші тараптар ұсынады. Бұл үшінші тараптар осы Қызметтердің қолданылуы туралы ақпарат жинау үшін cookie файлдарын, бақылау пиксельдерін және басқа құралдарды пайдалануы мүмкін. Осы үшінші тараптарды Samsung тікелей бақыламайды, сондықтан олардың деректерді пайдалану әдісін түсіну үшін олардың құпиялылық саясаттарын тексеруге кеңес береміз.

 

Кейбір қосымшалар мен қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланатын кезде біз жүйеге кіруге арналған ақпаратты, сондай-ақ сіз осы қосымшалар мен қызметтерге қосылған кезде біздің алуымызға рұқсат ететін басқа да ақпаратты қабылдап, сақтаймыз. 

 

COOKIE ФАЙЛДАРЫ, МАЯКТАР ЖӘНЕ ҰҚСАС ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Біз контент провайдерлері және жарнама берушілер сияқты кейбір үшінші тараптармен бірге cookie файлдары, маяктар немесе пикселдер деп аталатын технологияларды, сондай-ақ сіздің құрылғыңыздан серверге ақпаратты жеткізетін басқа құралдарды (бірге "технологиялар" деп аталады) пайдалана аламыз. Бұл технологияларды онлайн контентке, бейнелерге және жарнамаларға енгізуге болады. Олар серверге сіздің құрылғыңыздан белгілі бір ақпарат түрлерін оқуға, белгілі бір контентті немесе белгілі бір жарнаманы қашан көргеніңізді білуге және контентті көрген уақыт пен күнді, сондай-ақ құрылғыңыз туралы ақпаратты, соның ішінде құрылғыңыздың IP мекенжайын анықтауға мүмкіндік береді. Біз және үшінші тараптар бұл технологияларды контент пен жарнамалардың дұрыс жеткізілгенін және қаралғанын тексеру сияқты мақсаттарға пайдаланамыз.

 

Cookie файлдары

 

Cookie файлдары — сіздің компьютеріңізде, теледидарыңызда, ұялы телефоныңызда немесе басқа құрылғыда ақпарат сақталатын шағын файлдар. Олар сіздің құрылғыңызға cookie файлын орналастыратын ұйымдарға сізді әртүрлі веб-сайттарда, қызметтерде, құрылғыларда және веб- сеанстарында тануға мүмкіндік береді. Cookie файлдары көптеген пайдалы функцияларды орындайды. Мысалы:

 

• Cookie файлдары сервиске әрбір кірген сайын деректерді қайта енгізбеу үшін сіздің есептік деректеріңізді есте сақтауы мүмкін.

• Cookie файлдары бізге және үшінші тараптарға біздің Қызметтеріміздің қай бөліктерінің анағұрлым танымал екенін түсінуге көмектеседі, себебі олар сайтқа кірушілердің қай беттерді қарағанын және   олардың сол беттерде қанша уақыт болғанын көруге көмектеседі. Осы ақпаратқа талдау жасау Қызметтерді сіздің талаптарыңызға бейімдеуге және сізге  қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі.

• Cookie файлдары бізге және үшінші тараптарға қай жарнамаларды көргеніңізді түсінуге көмектеседі, сонда Қызметке келесі кірген кезде бір жарнаманы қайталап  көрмейсіз.

• Cookie файлдары бізге және үшінші тараптарға сіз пайдаланған Қызметтер  мен басқа да  веб-сайттар.  Қосымшалар туралы ақпаратты жинау арқылы сізге лайықты контент пен жарнаманы таңдауға көмектеседі.

 

Біз мұқият таңдалған үшінші тұлғаларға біздің Қызметтерімізде осы түрдегі cookie файлдарын немесе ұқсас технологияларды орналастыруға рұқсат ете аламыз. Мысалы, біз бөлшек сауда жүргізетін серіктестерімізге сіздің біздің веб-сайтымызда қараған өнімді жарнамалауға мүмкіндік беру үшін басқаларымен қатар Google ремаркетинг тегтерін   пайдаланамыз. Google ремаркетинг тегтерінің жұмысы жайлы қосымша ақпаратты келесі веб-сайттан қараңыз: https://www.thinkwithgoogle.com/intl/en-gb/. Сондай-ақ, Facebook сияқты үшінші тараптар сізді тиісті веб-сайттарда және басқа веб-сайттарда бақылап отыру үшін cookie файлдарын орналастыра алады.

 

Біз жарнаманы бірлесіп көрсету үшін мұқият таңдалған іскери серіктестермен де жұмыс істей аламыз. Осы процесс кезінде біз веб-сайттан жиналған cookie файлдарының деректерін іскери серіктесіміз жинаған деректермен біріктіруіміз мүмкін. Біз сондай-ақ жиналған ақпаратты тұтынушылардың қажеттіліктерін түсініп, болашақ жарнамалық науқандарға ықпал ету үшін, соның ішінде біздің маркетингтік хабарламаларымызды  алушыларды қалай таңдайтынымызды түсіну үшін пайдалануымыз мүмкін.

 

Біз және біздің мұқият таңдалған іскер серіктестеріміз бөгде веб-сайттада өнімдерімізге немесе қызметтерімізге арналған жарнамаларды көрсеткенде және сол жарнамаларды басқан кезде тұтынушыларымыздың қандай сайттар мен жарнамаларды көргенін және қандай жарнамалармен әрекеттескенін білу үшін cookie файлдарын орналастыра аламыз. Сіз бөгде сайттардағы осы cookie файлдарына қатысты өз қалауыңызды өзгерте аласыз.

 

Үшінші тараптың cookie файлдары: Сондай-ақ, біздің қызметтерімізде үшінші тараптардың веб-сайтының контенті немесе қызметтері көрсетілуі мүмкін, бұл  сіздің құрылғыңызда үшінші тараптардың cookie файлдарының сақталуына алып келуі мүмкін. Осы үшінші тараптардың cookie файлдарының арналған қажеттіліктеріңізді Samsung cookie файлдары сияқты басқара аласыз. Өз қажеттіліктеріңізді басқару әдісі туралы қосымша мәліметтер төменде келтірілген. Біз осы үшінші тараптардың cookie файлдарды қалай сақтап, пайдаланатынын бақыламаймыз және анағұрлым толығырақ ақпарат алу үшін сізге  тиісті үшінші тараптардың құпиялылық саясатына жүгіну керек.  

 

Маяктар және пиксельдер

 

Сондай-ақ біз кейбір үшінші тараптармен бірігіп, сіздің құрылғыңыздан серверге ақпарат жіберетін маяктар (немесе "пикселдер") деп аталатын технологияларды пайдалануымыз мүмкін. Маяктарды онлайн контентке, жарнамаға, бейнелерге және электрондық поштаға кірістіруге болады және олар серверге сіздің құрылғыңыздан белгілі бір ақпарат түрлерін оқуға, белгілі бір контентті немесе электронды поштадағы белгілі бір хабарды қашан қарағаныңызды анықтауға, нақты контентті немесе электронды поштадағы нақты хабарламаны қашан қарағаныңызды, сәйкес контент қаралған уақыт пен күнді, сіздің құрылғыңыздың IP мекенжайын анықтауға мүмкіндік береді. Біз және кейбір үшінші тараптар сіз үшін анағұрлым өзекті болатын  контенттер мен жарнамаларды ұсынуды және біздің қызметімізді пайдалану талдауын қоса алғанда,  маяктарды  әртүрлі мақсаттарда пайдаланамыз.

 

Басқа жергілікті сақтау

 

Біз, белгілі бір үшінші тараптармен қатар, өз Қызметтерімізге байланысты Жергілікті ортақ нысандар (сондай-ақ "Flash cookie файлдары" деп те аталады) және HTML5 жергілікті жады сияқты жергілікті сақтау технологияларының басқа түрлерін пайдалануымыз мүмкін. Бұл технологиялар жоғарыда айтылған cookie файлдарына ұқсас. Олар  сіздің құрылғыңызда сақталады және оларды сіздің әрекеттеріңіз бен қалауыңыз туралы белгілі бір ақпаратты сақтау үшін қолдануға болады. Дегенмен, бұл технологиялар стандартты cookie файлдарымен салыстырғанда сіздің құрылғыңыздың өзге  бөліктерін пайдалануы мүмкін, осылайша, сіз оларды стандартты браузер құралдары мен теңшеулері арқылы бақылай алмауыңыз мүмкін. Жергілікті ортақ нысандарда сақталған ақпаратты өшіру немесе жою туралы қосымша ақпарат алу үшін http://helpx.adobe.com/flash-player/kb/disable-local-shared-objects-flash.html веб-бетіне кіріңіз.

 

Cookie файлдары олар қолданылатын функцияны қамтамасыз етуге қажетті уақыт кезеңінде ғана сақталады. Сақтау мерзімі нақты Қызметке байланысты болады. Мысалы, жүйеге кіруді аутентификациялауға арналған cookie файлдары біздің веб-сайтта қонақ ретінде сауда себетіне орналастыруға мүмкіндік беретін cookie файлына қарағанда анағұрлым  ұзағырақ сақталуы мүмкін.

 

Өз қалауыңызды басқару әдісі

 

Біз өз Қызметтерімізде осы технологияларды пайдаланатын жерде сіз өз қалауыңызға қарай кез келген өзгеріс енгізе аласыз. Дегенмен, кейбір технологиялар Қызметті іске қосу үшін маңызды немесе қажет және оларды өзгерту мүмкін емес. Осы параметрлерді басқару жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін сәйкес Қызметтердегі немесе өз құрылғыңыздағы теңшеулер мәзіріне немесе cookie файлдарының таңдаулы мәзіріне кіріңіз. 

 

БАЙЛАНЫСУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

Өз қажеттіліктеріңізді жаңарту, құқықтарыңызды жүзеге асыру, бізге сұрау жіберу немесе сұрақ қою үшін бізбен байланыса аласыз.

 

Бұл әрекетті келесі веб-сайттың "Қолдау көрсету" бөлімі арқылы оңай орындауға болады: https://www.samsung.com/.

 

Бізге мына мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады:

 

Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясы

129, Samsung-ro, Yeongtong-gu,

Suwon-si, Gyeonggi-do 16677, Republic of Korea (Сувон, Кенгидо, Корея Республикасы)

 

[Еуропа экономикалық аймағының (ЕЭА) мүшелеріне ғана арналған]

 

Samsung Electronics компаниясының бүкіл Еуропа бойынша кеңселері бар, сондықтан біз сіздің сұрауыңызды аймағыңызда орналасқан деректерді қорғау тобының қарауын қамтамасыз ете аламыз.

 

Бізге хабарласудың оңай жолы ‒ https://www.samsung.com/request-desk сайтындағы Құпиялылық бойынша қолдау көрсету бетіне кіру.

 

Сондай-ақ бізге мына мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады:

 

European Data Protection Officer

Samsung Electronics (UK) Limited

Samsung House, 1000 Hillswood Drive, Chertsey, Surrey KT16 0PS

 

Жеке ақпаратыңызды өңдеуіміз қолданыстағы заңды бұзады деп есептесеңіз, тиісті қадағалау органына шағым түсіруіңізге болады. Барлық ЕО қадағалау органдарының байланыс мәліметтерін https://ec.europa.eu/newsroom/article29/item-detail.cfm?item_id=612080 веб-бетінен таба аласыз.

 

Телефондар:

Тәуліктік Samsung бірыңғай қолдау қызметі:

Қазақстан 8-10-800-500-55-500 – кез келген өңірден қоңырау шалу тегін

7799 – кез келген ұялы оператордан қоңырау шалу тегін

Өзбекстан 00-800-500-55-500 кез келген өңірден қоңырау шалу тегін

7799 - кез келген ұялы оператордан қоңырау шалу тегін

Қырғызстан 00-800-500-55-500 - кез келген өңірден қоңырау шалу тегін

9977- кез келген ұялы оператордан қоңырау шалу тегін

Тәжікстан 8-10-800-500-55-500 - кез келген өңірден қоңырау шалу тегін

8888- кез келген ұялы оператордан қоңырау шалу тегін

Моңғолия 1800-25-55 - кез келген өңірден қоңырау шалу тегін

 

Жазбаша жолданымдарға арналған пошта мекенжайлары:

«Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС

(САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ)

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,ул Желтоксан, дом 115, 3 этаж, почтовый индекс A05D7M5

Тел: +7 (727) 321-12-81

Samsung Electronics Co., Ltd.

129 Samsung-Ro, Maetan-3dong, Yeongtong-gu, Suwon-si, Gyeonggi-do, Korea

Еуропадағы пайдаланушылар бізбен мына мекенжай бойынша хабарласа алады:

Samsung Electronics (UK) Limited

Samsung House, 1000 Hillswood Drive, Chertsey, Surrey KT16 0PS

Еуропадағы пайдаланушылардың ақылы интерактивті қызметтер туралы сұрақтары болса, мына мекенжай бойынша хабарласуы керек:

Samsung Electronics GmbH

Samsung House, Am Kronberger Hang 6, 65824 Schwalbach/Ts., Deutschland

SAMSUNG ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ – SMART TV БОЙЫНША ҚОСЫМША

Samsung компаниясының Smart TV қызметі кеңейтілген бейне мазмұнын, бейімделген теледидар тәжірибелерін, фильмдерді, әлеуметтік желі қызметтеріне байланыстарды және Smart TV құрылғысын дауыстық командалар арқылы басқару және онымен өзара әрекеттесу мүмкіндігін беретін функциялар жиынын ұсынады. Біз ақпаратыңызды Samsung құпиялылық саясатында сипатталған жолдармен Smart TV және Smart TV теледидарына жалғанған құрылғылар арқылы жинаймыз, пайдаланамыз, бөлісеміз және сақтаймыз. Осы Қосымшада кейбір Smart TV мүмкіндіктерінің құпиялылық тәжірибелері туралы қосымша мәліметтер беріледі.

Smart TV бейне бағдарламалар мен басқа мазмұнды оңай тауып, қол жеткізуге мүмкіндік беруге арналған. Мысалы, кабельдік немесе жерсеріктік оператор тарататын тікелей телебағдарламалар және Smart TV құрылғысында көрсетілетін іздеу мүмкіндігі бар нұсқаулар арқылы үшінші тарап мазмұнын жеткізушілер тарататын тапсырыс бойынша бейне мазмұны бойынша ұсыныстар туралы ақпаратқа қол жеткізе аласыз.

Тікелей телебағдарламалар кезінде біз қалаңыздың кодындағы бөлігіне қарап, сіз қандай мазмұнды көре алатыныңызды анықтаймыз. Оған қоса, Smart TV сізді қызықтыратын бағдарлама мен мазмұнды ерекшелеп немесе көру тәжірибеңізді жақсартатын қосымша қызметтерді ұсына отырып, сіз үшін маңызды басқа Smart TV мазмұнын тауып, пайдалануға көмектеседі. Осы ұсыныстар мен қосымша қызметтер мынадай ақпаратқа негізделеді:

• Smart TV немесе басқа құрылғыларда Samsung қолданбалары арқылы көрілген, сатып алынған, жүктеп алынған немесе жіберілген мазмұн туралы ақпарат (Теледидар ақпараты туралы төмендегі “Қарау ақпараты қызметтері” бөлімін қараңыз);

• сіз Smart TV арқылы пайдаланған қолданбалар туралы ақпарат;

• Smart TV құрылғысындағы “Ұнату”, “Ұнатпау”, “Қазір көру” және басқа түймелерді басу туралы ақпарат;

• Smart TV іздеу мүмкіндіктеріне енгізілген, соның ішінде нақты бір бейне мазмұнын іздеген кезде енгізілген сұрау шарттары;

• Smart TV теледидарын пайдалану туралы басқа ақпарат және құрылғы туралы ақпарат, соның ішінде IP мекенжайы, журнал деректері, жабдық немесе бағдарламалық құрал конфигурациясын анықтайтын ақпарат, браузер ақпараты және сіз сұраған бет(тер).

 

Қарау ақпараты қызметтері

Осы құпиялылық туралы мәлімдеме бейімделген Smart TV тәжірибелерін қабылдауға да қолданылатын Samsung құпиялылық саясатымен бірге оқылуы керек және оны https://account.samsung.com/membership/pp бетінен табуға болады. Бейімделген Smart TV тәжірибесін ұсыну үшін біздің кейбір мүмкіндіктеріміз бен қызметтеріміз теледидарды қарау журналы мен Smart TV пайдалану туралы ақпаратына негізделеді. Теледидарды қарау журналына желілер, арналар, кірген веб-сайттар мен Smart TV құрылғысында қаралған бағдарламалар және оларды қарауға жұмсалған уақыт туралы ақпарат кіреді.

Біз осы ақпаратты алу үшін ACR (мазмұнды автоматты тану) мен басқа технологияларды пайдалануымыз мүмкін. Smart TV көрілген бағдарламаларды анықтау үшін бейне фрагменттерін немесе теледидар тюнері туралы ақпаратты тасымалдайды.

Құпиялылықты таңдауды кез келген уақытта өз білгенінше нақты мүмкіндікті немесе қызметті ажырату үшін параметрлер мәзіріне өту арқылы өзгертуге болады және мұндай жағдайда теледидарды қарау журналын нақты мүмкіндік немесе қызмет үшін жинау тоқтайды.

 

[Еуропа экономикалық аймағының (ЕЭА) мүшелеріне ғана арналған]

 

Сіз Қызметтерімізді пайдаланған кезде, жеке ақпаратыңыз Құпиялылық саясатына сәйкес тұрғылықты еліңізден тыс жерге, Кореяға тасымалданады, сақталады және өңделеді. Оған қоса, сіздің Қызметтерді пайдаланған кезде, жеке ақпаратыңыз басқа елдерге де тасымалдануы, сақталуы және өңделуі мүмкін: бұл елдерге Еуропа экономикалық аймағы, Америка Құрама Штаттары, Канада және басқа елдер кіреді. Ақпаратыңыз тасымалдануы мүмкін Еуропа экономикалық аймағынан тыс елдердің деректерді қорғау туралы және басқа заңдары сіздің еліңіздегідей ауқымды болмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Біз жеке ақпаратыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңға сәйкес тиісті шараларды қолданамыз. Мұндай шараларға деректерді ЕЭА аумағынан тыс тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Стандартты келісім-шарт баптарын қолдану кіреді. Қосымша ақпарат немесе қолданыстағы келісімшарттар көшірмесін алу үшін,
Құпиялылық бойынша қолдау көрсету беті (https://www.samsung.com/request-desk) арқылы бізге хабарласыңыз.

Сіздің таңдаған құпиялылық параметріңіз белгілі бір қарау ақпаратына негізделген қызметтің қолжетімділігіне немесе сапасына әсер ететінін ескеріңіз.

 

[Казахстан, Кыргызстан, Таджикистан, Туркменистан, Узбекистан мүшелеріне ғана арналған]

 

Сонымен қатар, Сіздің Қызметтерді қолдануыңыз жеке мәліметтеріңізді өзге елдерге жіберу, сақтау және өңдеу сияқты шараларды да қамтуы мүмкін; бұл елдердің қатарына, қандай да бір шектеусіз, CETS108 Еуропалық Конвенциясына мүше мемлекеттер, Америка Құрама Штаттары және Канада кіреді. Бұндай шараларға мәліметтерді жіберудің қорғанысы бойынша қатаң шарттық міндеттемелерді пайдалану жатады.

Сіздің таңдаған құпиялылық параметріңіз белгілі бір қарау ақпаратына негізделген қызметтің қолжетімділігіне немесе сапасына әсер ететінін ескеріңіз.

 

Қызығушылыққа негізделген жарнама қызметтері

Қызығушылыққа негізделген жарнама қызметтері (“IBA қызметтері”) коммерциялық жарнамаларды қоса алғанда, Samsung Smart TV немесе түрлі Samsung және үшінші тарап платформаларында немесе құрылғыларында, интернетте, мобильді құрылғыларда және планшеттерде Samsung және үшінші тараптар ұсынған өнімдер мен қызметтер туралы пайдалы, интерактивті және қызығушылыққа негізделген жарнамаларды алу және көру мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған.

Құрылғыларда сізге маңызды жарнамаларды жасау үшін IBA қызметтері теледидар көру журналына (желілер, арналар, кірген веб-сайттар және Samsung Smart TV құрылғысында көрілген бағдарламалар мен оларды көруге кеткен уақыт мөлшері туралы ақпаратты қоса алғанда), Samsung Smart TV пайдалану ақпаратына және сенімді үшінші тарап деректер көздерінен алынатын басқа статистикалық деректерге негізделеді. Біз теледидар көру журналы үшін мазмұнды автоматты тану (ACR) және басқа технологияларды пайдалануымыз мүмкін.

Жоғарыдағы ақпарат негізінде қызығушылықтары бірдей және осы топтарды IBA қызметтері үшін пайдаланатын Samsung Smart TV иелерінің топтарын жасадық. Жоғарыдағы ақпарат Samsung Smart TV тағайындалған және соған байланысты жарнамаларды қабылдайтын құрылғылар топтарын анықтау үшін пайдаланылады.

IBA қызметтерін Samsung Smart TV құрылғыңыздағы “Параметрлер” мәзіріне кіруарқылы кез келген уақытта ажырата аласыз.

IBA қызметтеріне қатысты құпиялылықты таңдау теледидар көру журналына немесе Samsung Smart TV пайдалану туралы ақпаратқа арнайы негізделмеген жарнамалар мен маркетингтің басқа түрлерін алуға әсер етпейді. Жарнамалар мен маркетингтің осындай басқа түрлері жалпылама геодеректерге және басқа болжанған немесе топшыланған ақпаратқа негізделеді. Олардың маңыздылығы азырақ болуы мүмкін, себебі олар сіздің қызығушылықтарыңызға негізделмеген.

IBA қызметтері туралы толығырақ ақпаратты осы Қосымшаның төменгі жағындағы IBA қызметтерінің құпиялылық туралы мәлімдемелерінен қараңыз.

 

PSID

Қызығушылыққа негізделген жарнамаларды қамтамасыз ету мақсатында жиналған Smart TV қарау журналы мен пайдалану туралы ақпарат Дербес қызмет идентификаторы немесе “PSID” деп аталатын кездейсоқ реттелген, тұрақсыз және қайта орнатуға болатын құрылғы идентификаторымен байланыстырылады.

PSID идентификаторын Smart TV құрылғыңыздағы “Параметрлер” мәзіріне кіру арқылы кез келген уақытта қайта орнатуыңызға болады, ал қайта орнатылғаннан кейін қызығушылыққа негізделген жарнамаларға қатысты Smart TV қарау журналы мен Smart TV пайдалану туралы ақпаратыңыз алдыңғы PSID идентификаторынан жиналған ақпараттан ажыратылады. PSID
идентификаторын қайта орнатсаңыз, бейімделген және қызығушылыққа негізделген жарнамалардың сапасы жақсы бейімделмеуі мүмкін екенін ескеріңіз.

 

Дауысты тану

Дауыстық командалармен Smart TV құрылғысын басқаруға және оның мүмкіндіктерінің көпшілігін пайдалануға болады. Дауысты тану мүмкіндігін қоссаңыз, дауысыңыз арқылы Smart TV құрылғысымен өзара әрекеттесе аласыз. Дауысты тану қызметтерін ұсыну үшін дауыстық командалар бізге жіберіледі (құрылғыңыз туралы ақпаратпен, оның ішінде құрылғы идентификаторларымен бірге) және біз Дауысты тану қызметтерін ұсыну үшін дауыстық командаларды мәтінге түрлендіреміз. Оған қоса, Samsung компаниясы дауыстық командалар мен байланысты мәтіндерді жинауы мүмкін, біз сол арқылы мүмкіндіктерді бағалап, жақсарта аламыз. Samsung компаниясы қашықтан басқару құралында немесе экранда іске қосу түймесін басу немесе ояту сөзін (мысалы, “Сәлем, Bixby”) айту арқылы немесе қашықтан басқару құралындағы немесе тек Smart TV құрылғысындағы микрофонға сөйлеу арқылы Smart TV құрылғысына нақты

сұрау жасаған кезде дауыстық командаларды жинайды.

Егер Дауысты тану қызметін қоспасаңыз, дауысты тану қызметін пайдалана алмайсыз. Дауысты тану функциясының деректерді жинауын кез келген уақытта “Параметрлер” мәзіріне өту арқылы өшіруге болады. Дегенмен бұл Дауысты тану қызметтерін пайдалануыңызға тыйым салуы мүмкін.

 

Дауысты тану туралы толығырақ ақпаратты осы Қосымшаның төменгі жағындағы Дауысты танудың құпиялылық туралы мәлімдемесінен қараңыз.

 

Үшінші тараптар

Үшінші тарап ұсынған бейнені көрген, не болмаса қолданбаны немесе мазмұнды ашқан кезде, сол жеткізуші Smart TV туралы ақпаратты (мысалы, оның IP мекенжайы және құрылғы идентификаторлары), сұралған транзакцияны (мысалы, бейнені сатып алу немесе жалға алу сұрауыңыз) және сіздің қолданбаны немесе қызметті пайдалануыңызды жинауы немесе алуы мүмкін. Samsung компаниясы осы жеткізушілердің құпиялылық немесе қауіпсіздік жұмыстарына жауапты емес. Сақтық шараларын сақтап, қолданылатын үшінші тарап веб-сайттарына және қызметтеріне қолданылатын құпиялылық мәлімдемелерін қарап шығуыңыз қажет.

 

Арнайы елге арналған мүмкіндіктер

Осы Smart TV бойынша қосымшада сипатталған мүмкіндіктердің бірі немесе бірнешеуі тұрғылықты жеріңізге байланысты қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.

 

ДАУЫСТЫ ТАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Күшіне енетін күні: 2019 жылғы 30 Сәуір

 

Samsung Electronics және оның аффилирленген компаниялары сіздің құпиялылыққа қатысты алаңдауыңызға құрметпен қарайды. Осы Құпиялылық туралы мәлімдеме біз Дауысты тану қызметі (“Дауыс қызметі”) арқылы жинаған жеке ақпаратқа қолданылады.

Дауыс қызметі – тек дауысыңыздың көмегімен Samsung өнімдерінде мазмұнды табу, көру және олардың әлемін басқару үшін пайдаланушыларға мүмкіндіктер беретін қызмет. Оның мүмкіндіктеріне мазмұнды іздеудегі табиғи тілді өңдеу мен Samsung Smart TV бақылау элементтері; пайдаланушылардың Samsung Smart TV құрылғыларында болады деп күтетін интернет,

ауа райы мен басқа қызметтер жатады.

Таңдаған тілге байланысты кеңейтілген дауысты тану қызметі болып саналатын Bixby қызметін пайдалануыңызға болады. Bixby белсенді іске қосылғанда, оны Samsung Smart TV экранындағы белгішеден, баннерден немесе басқа таңбалардан білесіз.

Осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде жеке ақпаратыңызды Дауыс қызметіне байланысты қалай пайдаланылатыны туралы қосымша, арнайы ақпарат беріледі және оны Дауыс қызметін қабылдауыңызға қолданылатын және https://account.samsung.com/membership/pp сайтынан табуға болатын Samsung құпиялылық саясатымен бірге оқу керек.

Осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде біз Дауыстық қызмет арқылы жинайтын ақпарат түрлері, ақпаратты қалай пайдалануымыз мүмкін екені және біздің ақпаратты пайдалануымызға қатысты сіз жасай алатын таңдаулар сипатталады. Samsung компаниясы жеке ақпаратты өңдеу бойынша деректер басқарушысы болып табылады.

 

БІЗ ЖИНАЙТЫН АҚПАРАТ

Дауыс қызметі арқылы біз түрлі жолдармен сіз туралы ақпарат алуымыз мүмкін. Біз алатын жеке ақпараттың түрлеріне мыналар жатады:

• Samsung account ақпараты (міндетті емес). Smart TV құрылғысындағы Samsung account жазбасымен кіргенде, біз атыңыз, электрондық поштаңыз және Samsung account идентификаторы сияқты Дауыс қызметіне қол жеткізу үшін қолданылатын Samsung account жазбаңызбен байланысты ақпаратты жинауымыз мүмкін.

• Дауыс қызметімен өзара әрекеттесу. Біз Қызметтермен өзара әрекеттесу арқылы Дауыс қызметімен алмасқан ақпаратты, оның ішінде дауыстық командалардың жазбалары (сұрақтар, өтініштер мен нұсқаулар), суреттеріңіз, сенсорлы экранмен өзара әрекеттесуіңіз бен басқа да енгізулеріңізді және сіз Қызметтерден алған ақпаратты (жауаптар мен мазмұн) жинауымыз мүмкін. Біз Дауыс

қызметін пайдалануыңызға қатысты басқа ақпаратты, оның ішінде Қызметтермен (музыка тасымалдау мен ауа райы сияқты) қамтамасыз ету үшін Дауыс қызметі арқылы қол жеткізген немесе пайдаланылған Samsung және үшінші тарап қолданбалары мен қызметтерінен алынған ақпаратты да (пайдаланған қолданбаларға, кірген веб-сайттар мен суреттерге, музыкаға, күнтізбе жазбаларына, бетбелгілерге және басқа Samsung және үшінші тарап қолданбалары, веб-сайттары мен қызметтеріндегі мазмұн мен деректерге қатысты ақпарат сияқты) алуымыз мүмкін.

• Геолокация деректері. Құрылғыңыздың геолокациясы мен орныңызға қатысты басқа да ақпаратты IP мекенжайыңыз арқылы немесе сізді Қызметтермен қамтамасыз ету сияқты белгілі бір мақсатта енгізуіңіз арқылы алынуы мүмкін теледидарда сақталған қала коды туралы ақпарат арқылы алуымыз мүмкін.

• Құрылғы мен қолданба туралы ақпарат. Біз автоматты құралдар арқылы құрылғы үлгілері, операциялық жүйе нұсқалары, құрылғының конфигурациялары мен параметрлері, IP мекенжайлары мен құрылғы идентификаторлары және басқа да бірегей идентификаторлар сияқты Дауыс қызметі қосылған құрылғылар туралы ақпаратты жинауымыз мүмкін. Оған қоса, біз құрылғылардағы Дауыс қызметі және Samsung пен үшінші тарап қолданбалары мен қызметтерін пайдалануды қоса алғанда, Дауыс қызметі қосылған құрылғыларыңызды қалай, қашан және қанша уақыт

пайдаланғаныңыз туралы ақпаратты (құрылғыларыңыздағы қолданбалар тізімі, құрылғыларыңызда ойнатылған музыка, кірген веб-сайттар мен жасалған іздеулер сияқты) жинауымыз мүмкін.

 

АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

Біз Дауыс қызметі арқылы алатын ақпаратты мына мақсаттарға пайдалануымыз мүмкін:

• Қызметтермен қамтамасыз ету, мысалы, Дауыс қызметі арқылы жасалған өтініштерге, сұрақтарға және нұсқауларға жауап беру;

• Дауыс қызметін пайдалана алуыңыз үшін сіздің жеке басыңызды анықтау және растау;

• пайдаланушыларыңыздың жеке талаптарын ескеретін мазмұн мен жауаптарды жеткізу және олардың Дауыс қызметімен өзара әрекеттесу тәртібі сияқты Дауыс қызметтерімен тәжірибеңізді жақсарту және бейімдеу;

• бөлек келісіміңізбен өнімдер мен қызметтеріміз туралы сізге хабарлау және сізге хабарландырулар, мазмұн, ескертулер, ұсыныстар, жарнамалық науқандар, маркетингтік ақпарат, коммуникациялар мен жарнамалар ұсыну;

• өтініштеріңіз бен сұрауларыңызға жауап беру;

• бизнесімізді жүргізу, бағалау және жақсарту (оның ішінде жаңа өнімдер әзірлеу; өнімдеріміз бен қызметтерімізді жетілдіру және жақсарту; коммуникацияларымызды басқару; өнімдерімізді, тұтынушылар базасын және қызметтерді талдау; нарықтық зерттеулер жүргізу; деректерді талдау және есептеу, аудит пен басқа да ішкі функцияларды орындау);

• кейбір үшінші тарап қолданбаларымен және қызметтерімен өзара әрекеттесуге және оларды пайдалануға рұқсат беру;

• алаяқтықтан және басқа да қылмыстық іс-әрекеттерден, шағымдар мен басқа міндеттемелерден қорғау, оларды анықтау мен олардың алдын алу; және

• заң талаптарын, қатысты өндірістік стандарттарды және
Құпиялылық туралы мәлімдеме мен Samsung account құпиялылық саясатын қоса, біздің саясаттарымызды орындау және орындату.

Дауыс қызметі арқылы біз ұзақ уақыт Дауыс қызметіне қосылған құрылғылардағы және үшінші тарап қолданбалары, веб-сайттары мен басқа да онлайн-қызметтер бойынша сіздің онлайн-әрекеттеріңіз туралы жеке ақпаратты жинауымыз мүмкін. Біз Қызметтерімізде үшінші тарап талдау қызметтерін пайдалануымыз мүмкін. Осындай талдау қызметтерін жүргізетін жеткізушілер сіздің Қызметтерді пайдалануыңызды талдауға және Қызметтерімізді жақсартуға көмектеседі. Біз алатын ақпаратты жеткізушілерге және мысалы, Қызметтерді пайдалануды бағалау, Қызметтерді қамтамасыз етуге көмектесу және техникалық мәселелерді диагностикалау үшін ақпаратты пайдалануға қатысты үшінші тараптарға жария етілуі немесе олар тарапынан тікелей жинауы мүмкін.

 

СІЗДІҢ ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗ

Дауыс қызметін кез келген уақытта “Параметрлер” мәзіріне кіру арқылы ажырата аласыз, дегенмен бұл Дауыс қызметін пайдалануыңызға тыйым салуы мүмкін.

Сонымен қатар біз сізден алатын жеке ақпаратқа байланысты кейбір таңдауларды ұсынамыз. Талғамдарыңызды жаңарту, бізден алған хат-хабарларды шектеу немесе өтініш беру үшін, Samsung құпиялылық саясатының БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ бөлімінде көрсетілген жолмен бізге хабарласыңыз.

 

БІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕМІЗДІ ЖАҢАРТУ

Осы Құпиялылық туралы мәлімдеме Қызметтерге қатысты біздің жеке ақпаратпен жұмыс істеу тәртібіміздегі өзгерістерді немесе қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістерді көрсету үшін мерзімді түрде және алдын ала ескертусіз жаңартылуы мүмкін. Біз Құпиялылық туралы мәлімдемеге енгізілген қандай да бір маңызды өзгерістер туралы хабарлау үшін веб-сайтымызда және/немесе құрылғыңызда жарнама береміз және ең соңғы жаңартылғанда мәлімдеменің жоғарғы жағында көрсетеміз.

 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАРНАМАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Күшіне енетін күні: 2019 жылғы 30 Сәуір

 

Samsung Electronics және оның аффилирленген компаниялары сіздің құпиялылыққа қатысты алаңдауыңызға құрметпен қарайды. Осы Құпиялылық туралы мәлімдеме біз Қызығушылыққа негізделген жарнама қызметтері (“IBA қызметтері”) арқылы жинаған жеке ақпаратқа қолданылады.

Осы құпиялылық туралы мәлімдемеде жеке ақпаратыңыздың IBA қызметтеріне байланысты қалай пайдаланылатыны туралы қосымша, арнайы ақпарат беріледі және оны IBA қызметтерін қабылдауыңызға қолданылатын және https://account.samsung.com/membership/pp сайтынан табуға болатын Samsung құпиялылық саясатымен бірге оқу керек.

Осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде біз Қызығушылыққа негізделген жарнамалар арқылы пайдаланылатын ақпарат түрлері, ақпаратты қалай пайдаланатынымыз және біздің ақпаратты пайдалануымызға және құқықтарды сақтауымызға қатысты сіз жасай алатын таңдаулар сипатталады. Samsung компаниясы жеке ақпаратты өңдеу бойынша деректер басқарушысы болып табылады.

 

IBA ҚЫЗМЕТТЕРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

IBA қызметтері Samsung Smart TV құрылғысында немесе әртүрлі Samsung құрылғыларында, сондай-ақ интернеттегі, мобильді құрылғылардағы және планшеттердегі ішкі коммерциялық таратылымдарға қоса, үшінші тараптың платформалары немесе құрылғыларында Samsung ұсынатын өнімдер мен қызметтер туралы пайдалы, интерактивті және жарнамаларға негізделген қызықты ақпаратты алу және қарау мүмкіндігін беруге арналған.

Құрылғыларда сізге маңызды жарнамаларды жасау үшін IBA қызметтері теледидар көру журналына (желілер, арналар, кірген веб-сайттар және Samsung Smart TV құрылғысында көрілген бағдарламалар мен оларды көруге кеткен уақыт мөлшері туралы ақпаратты қоса алғанда), Samsung Smart TV пайдалану ақпаратына және сенімді үшінші тарап деректер көздерінен алынатын басқа статистикалық деректерге негізделеді. Біз теледидар көру журналы үшін мазмұнды автоматты тану (ACR) және басқа технологияларды пайдалануымыз мүмкін.

Жоғарыдағы ақпарат негізінде қызығушылықтары бірдей және осы топтарды IBA қызметтері үшін пайдаланатын Samsung Smart TV иелерінің топтарын жасадық. Жоғарыдағы ақпарат Samsung Smart TV тағайындалған және соған байланысты жарнамаларды қабылдайтын құрылғылар топтарын анықтау үшін пайдаланылады.

 

PSID

IBA қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында жиналған құрылғыны пайдалануыңыз туралы ақпарат PSID деп аталатын кездейсоқ реттелген, тұрақсыз және қайта орнатуға болатын құрылғы идентификаторымен байланыстырылады. PSID идентификаторын осы Құпиялылық туралы мәлімдеменің СІЗДІҢ ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗ бөлімінде көрсетілгендей қайта орната аласыз.

 

БІЗ ЖИНАЙТЫН АҚПАРАТ

IBA қызметтері арқылы біз түрлі жолдармен құрылғыңыз туралы ақпарат аламыз. Біз алатын ақпараттың түрлеріне мыналар жатады:

• Құрылғы туралы ақпарат. Біз құрылғыңыздың үлгісі, операциялық жүйе нұсқалары, құрылғының конфигурациялары мен параметрлері, IP мекенжайы, құрылғы идентификаторлары және басқа да бірегей идентификаторлар сияқты ақпаратты жинаймыз.

• Құрылғыны пайдалану және журнал ақпараты. Біз құрылғылардағы IBA қызметтерін және Samsung пен үшінші тарап қолданбалары мен қызметтерін пайдалануды қоса алғанда, құрылғыларыңызды қалай, қашан және қанша уақыт пайдаланғаныңыз туралы ақпаратты (құрылғыларыңыздағы қолданбалар тізімі сияқты) жинаймыз.

• Ақпаратты көру. Біз теледидар көру журналын жинаймыз. Теледидар көру журналына желілер, арналар, кірген веб-сайттар мен Samsung Smart TV құрылғысында қаралған бағдарламалар және оларды көруге жұмсалған уақыт мөлшері туралы ақпарат кіреді. Біз теледидар көру журналыңызды алу үшін ACR және басқа технологияларды пайдалануымыз мүмкін.

• Статистикалық ақпарат. Біз жиынтықталған геодеректер мен жобаланған жас тобы сияқты сіз және құрылғыңыз туралы статистикалық ақпаратты пайдалануымыз мүмкін. Біз мұндай статистикалық ақпаратты үшінші тараптағы қызмет жеткізушілері сияқты нарықта бар ресурстардан (заңда рұқсат етілгендей) аламыз. Біз тек осы ақпараттың қолданыстағы заңға байланысты алынғанын қамтамасыз ететін және пайдалану мен жария болу үшін қамтамасыз ете алатын үшінші тараптағы қызмет жеткізушілерімен жұмыс істейміз.

 

Samsung серверлері IBA қызметтерімен өзара әрекеттесуіңіз, геолокацияңыз және IBA қызметтерін алуға пайдаланған құрылғыңыз туралы ақпарат сияқты IBA қызметтерімен өзара әрекеттескенде ақпарат алады.

 

АҚПАРАТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

Біз IBA қызметтері арқылы алатын ақпаратты мына мақсаттарға пайдаланамыз:

• IBA қызметтерін ұсыну;

• тәжірибеңізді IBA қызметтерімен жақсарту және бейімдеу;

• бөлек келісіміңізбен қызығушылықтарыңызға сай келетін Samsung және үшінші тараптар ұсынатын өнімдер мен қызметтер туралы электрондық пошта және Push хабарландыруы арқылы байланысу;

• өтініштеріңіз бен сұрауларыңызға жауап беру;

• бизнесімізді жүргізу, бағалау және жақсарту (оның ішінде жаңа өнімдер әзірлеу; өнімдеріміз бен қызметтерімізді жетілдіру және жақсарту; коммуникацияларымызды басқару; өнімдерімізді, тұтынушылар базасын және қызметтерді талдау; нарықтық зерттеулер жүргізу; деректерді талдау және есептеу, аудит пен басқа да ішкі функцияларды орындау);

• алаяқтықтан және басқа да қылмыстық іс-әрекеттерден, шағымдар мен басқа міндеттемелерден қорғау, оларды анықтау мен олардың алдын алу; және

• заң талаптарын, қатысты өндірістік стандарттарды және
Құпиялылық туралы мәлімдеме мен Samsung account құпиялылық саясатын қоса, біздің саясаттарымызды орындау және орындату.

 

СІЗДІҢ ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗ

PSID идентификаторыңызды кез келген уақытта “Параметрлер” мәзіріне кіру арқылы қайта орнатуға болады және қайта орнатылғаннан кейін теледидар көру журналы мен Smart TV пайдалану туралы ақпараттың бұрынғы PSID идентификаторымен байланысы үзіледі. PSID идентификаторын қайта орнатсаңыз, бұл IBA қызметтерінің сапасына әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Бұған қоса, кез келген уақытта Samsung Smart TV құрылғыңыздағы “Параметрлер” мәзіріне кіру арқылы IBA қызметтерін ажырата аласыз.

IBA қызметтеріне қатысты құпиялылықты таңдау теледидар көру журналына немесе Samsung Smart TV пайдалану туралы ақпаратқа арнайы негізделмеген жарнамалар мен маркетингтің басқа түрлерін алуға әсер етпейді. Жарнамалар мен маркетингтің осындай басқа түрлері жалпылама геодеректерге және басқа болжанған немесе топшыланған ақпаратқа негізделеді. Олардың маңыздылығы азырақ болуы мүмкін, себебі олар сіздің қызығушылықтарыңызға негізделмеген.

 

БІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕМІЗДІ ЖАҢАРТУ

Осы Құпиялылық туралы мәлімдеме IBA қызметтеріне қатысты біздің жеке ақпаратпен жұмыс істеу тәртібіміздегі өзгерістерді немесе қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістерді көрсету үшін
мерзімді түрде жаңартылуы мүмкін. Біз Құпиялылық туралы мәлімдемеге енгізілген қандай да бір маңызды өзгерістер туралы хабарлау үшін веб-сайтымызда және/немесе құрылғыңызда жарнама береміз және ең соңғы жаңартылғанда мәлімдеменің жоғарғы жағында көрсетеміз.