Кір жууға арналған жаңа өнім іздеп жүрсіз бе?

Бұл нұсқаулық Samsung-ның инновациялық кір жуу өнімдерін таңдауға және сізге ең қолайлысын табуға көмектеседі.

Нені ескеру керек

01
Түрлері
Samsung-ның кір күтіміне арналған толық шешімдер қатарын зерттеңіз: кір жуатын машиналар, кептіргіштер, кір жуғыш-кептіргіш комбо құрылғылары, AirDresser және аксессуарлар.
02
Өлшемі мен сыйымдылығы
Қолда бар кеңістікке, өмір салтыңызға және отбасыңыздың санына сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз.
03
Ақылды функциялар
Кір жууға арналған жасанды интеллектке негізделген функциялармен танысыңыз.
04
Қосымша функциялар
Қуатты тазалау нәтижесіне арналған озық функциялардың мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Маған қандай өнім түрлері сәйкес келеді?

Samsung кір жуғыш машиналарының желісі сіздің күнделікті тіршілігіңізді жеңілдетіп, тиімділікті арттыру және тамаша өнімділікті қамтамасыз ету үшін жасалған. Ол сіздің өмір салтыңызға сай, ыңғайлы әрі үздіксіз кір жуу тәжірибесін ұсынады.

Тиімді әрі ақылды тазалау

Samsung кір жуатын машиналары AI Wash пен Ecobubble сияқты заманауи технологияларды біріктіріп, терең әрі энергияны үнемдейтін жуу сапасын қамтамасыз етеді.

Жылдам әрі нәзік кептіру

Samsung кептіргіш машиналары оңтайлы нәтиже үшін интеллектуалды анықтау жүйесі арқылы жылдам әрі нәзік кептіруді қамтамасыз етеді.

Әмбебап ыңғайлылық

Samsung кір жуғыш-кептіргіш комбо машиналары бір құрылғыда кірді жуып, кептіре алады, сондықтан кірді басқа машинаға ауыстырудың қажеті жоқ және орын үнемделеді.

Жаңарту және иісті кетіру

Samsung AirDresser киімді жумай-ақ жұмсақ түрде жаңартып, мыжылу мен иістерді азайтады.

Киім-кешекке күтім жасау тәжірибеңізді жақсартыңыз

Киім-кешек күтіміне арналған тұрмыстық техникаңызды толықтыру үшін жасалған Samsung аксессуарларының ассортиментімен танысыңыз.

Маған қандай өлшем керек?

Кір жуатын машинаның дұрыс өлшемін таңдау кір жуу процесін жеңілдетіп, оны кеңістігіңізге дәл орналастыруға көмектеседі. Өмір салтыңызға ең қолайлы нұсқаны табу және кір жууды жеңілдету үшін осы нұсқаулықты пайдаланыңыз.

Ақылды-функциялар

Жасанды интеллектке негізделген технологиялар көмегмен ақылды кір жууды пайдаланыңыз. Бұл сіздің өміріңізді жеңілдетіп, қажеттіліктеріңізге бейімделіп, тиімді әрі қиындықсыз кір жууға мүмкіндік береді.

Негізгі-функциялар

Кір жууды жылдам, қарапайым және тиімді тазалау үшін жасалған озық функциялармен жаңартыңыз.

Сізге арналған ұсыныстар

  1. Ұсынылған дозадағы жуғыш затты беруге бапталған кәдімгі Samsung автоматты дозаторымен салыстырғанда. Соңғы 10 циклде қолданылған жуғыш заттың мөлшерін үздіксіз талдауға негізделген. Нақты нәтижесі жеке пайдалануға байланысты өзгеруі мүмкін.

  2. Ecobubble AI - бұл матаның түрін анықтау, көпіршіктерді түзу және AI Energy режимі арқылы жууды оңтайландыруға арналған Samsung технологиясы.

  3. IEC 60456-2010 стандартына сәйкес жүргізілген ішкі тест нәтижелеріне негізделген: WF90F/24 Cotton Default режимі Ecobubble функциясымен және Ecobubble функциясынсыз Cotton Default режимімен салыстырылған. Нәтижесі нақты қолдану жағдайларына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  4. Матаны анықтау AI алгоритмін қолданады және тек Cotton, Synthetics немесе AI Wash циклдері таңдалғанда ғана іске қосылады. Ол 2 кг-ға дейінгі жүктеме үшін 3 мата түрін (Мақта, Нәзік маталар, Сүлгілер) анықтайды. Аралас маталар анықтау дәлдігін төмендетуі мүмкін. Нақты нәтижесі жеке пайдалануға байланысты өзгеруі мүмкін. Тозудың алдын алу үшін матасы бірдей киім-кешекті бірге жуыңыз.

  5. Android және iOS құрылғыларында қолжетімді. Wi-Fi қосылысы мен Samsung аккаунты қажет.

  6. IEC 60456 стандартына сәйкес WF90F/24 моделінде жүргізілген ішкі сынақтарға негізделген: 4 кг жүктемемен Cotton Default режимі AI Energy Mode қосулы және AI Energy Mode қосылмаған режимімен салыстырылған. Нәтижесі нақты қолдану жағдайларына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Нәтижелер: AI Energy режимінсіз тұтынылатын қуат = 0,539 кВт/сағ. AI Energy режимімен тұтынылатын қуат = 0,145 кВт/сағ. Нәтижесі нақты қолдану жағдайларына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  7. 2026 жылдың 31 наурызына дейінгі жағдай бойынша. Бөлшектердің 10 жылдық кепілдігі тек инвертор қозғалтқышына қолданылады.

  8. 5 кг кір салынған Super Speed мүмкіндігі қолданылған стандартты параметрлерге негізделген.