Samsung Wallet
Сіздің Galaxy-де ақылды әмиян бар.
Күнделік өмір тезірек, қауіпсіз және жеңіл болуы үшін, цифрлық әмиянға ауысыңыз. Samsung Wallet бір қолданбада кредиттік карталар, жеке куәліктер, банктік шоттар және парольдер сияқты маңызды тіркелгі деректерінен бастап үй кілттері, автомобиль кілттері, билеттер және отырғызу талондары сияқты жолда қажет нәрселерге дейін барлық қажетті заттарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Миллиондаған түрлі заттарды алып жүрудің немесе бірнәсені қалдырамын деп уайымдаудың қажеті жоқ. Мұның бәрін PIN-код немесе жеке биометрика арқылы қорғауға болады, сонда оларға тек сіз ғана қол жеткізе аласыз. 1
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Қалай тіркелу керек
Банк картасын қолданбамен қалай байланыстыруға болады
Смартфонмен қалай жасау керек
Смарт-сағат арқылы төлем жасау
Клубтық картаны қалай қосуға
болады
Енді басыңыз ауырмайды.
Сізде барлық нәрсе бір экранда пайда болады
Samsung Wallet - бұл ең қажетті заттарға арналған қолданба: кілттер, кредитік карталар және отырғызу талондары. Барлығы бір жерде, барлығы бір әрекетпен қолжетімді. Қолданбадан қолданбаға өту, тіпті, құпия сөзіңізге де қатысты мәселелер, қиындықтар және ауысулар болмайды.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Әмияныңызды өзіңіз қалағандай етіп тез ашыңыз
Samsung Wallet-те оны пайдаланудың 3 тәсілі бар. Қолданбаны ашу үшін экранды жоғары сырғытыңыз немесе белгішені шертіңіз. Сондай-ақ Samsung Wallet-ті бүйірлік пернені екі рет түрту арқылы оңай ашуға болады.
- * Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
- * Samsung Wallet үшін бүйірлік перне параметрлері экранында екі рет басу әрекетін конфигурациялау қажет.
Жылдам. Қауіпсіз. Samsung Pay.
Samsung Pay дүкендерде жылдам және байланыссыз сатып алғанда құрылғы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Ол онлайн немесе дүкенде сатып алсаңыз да, төлемдеріңізді қорғау үшін қосымша цифрлық қауіпсіздік деңгейлерін қамтамасыз етеді.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
NFC төлемдері қолжетімді кез келген жерге қош келдіңіз
Әмияныңыздың жанасусыз төлейтін көпшілік жерлерде қабылданатынына сенімді бола отырып, әртүрлі мейрамханаларға, дүкендерге және кафелерге барыңыз. Samsung Wallet NFC төлемдерін - tap-to-pay терминалдарында қолданылатын кең таралған технологияны қолдайды.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Қысқа мерзімде тіркеуден өтіңіз
Жұмысты бастау - бұл қиындықсыз процесс. Samsung Wallet-ке карталарды бірнеше қарапайым қадамдармен белсендіруге, аутентификациялауға және қосуға болады. Бұл небәрі бір минутты немесе одан кем уақытты алады.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Сіздің әмияныңыз. Қорғалған.
Samsung Wallet маңызды пайдаланушы деректерін қорғауды қамтамасыз ету үшін саусақ ізін тану және шифрлауды қамтитын Samsung Knox қауіпсіздік платформасымен қорғалған. Сондай-ақ құпия ақпарат оқшауланған ортада сақталады, бұл ықтимал бұзу әрекеттерінен қосымша қорғау қабатын қамтамасыз етеді.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Сіз өзіңізге құпия сөз боласыз.
Samsung Pass көмегімен әркез желдей есіп өтіңіз. Өзіңізді биометриялық деректермен растаңыз, сонда сіз қолданбалар мен қызметтерге қол жеткізесіз.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Сіздің телефоныңыз. Сіздің ID-іңіз.
Samsung Wallet-те өз ID картаңызды орнату арқылы өзіңізді бюрократиялық қиындықтардан босатыңыз. Енді сіз өзіңізді мобильді сәйкестендіргіш арқылы әуежайларда, мектептерде және басқа жерлерде жылдам сәйкестендіре аласыз. Сіздің ақпаратыңыз сенімді қорғалады және әрқашан қолыңызда.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Билеттер мен отырғызу талондарын сақтап қойыңыз
Әр түрлі кино билеттерін, спорттық іс-шаралар мен спектакльдерді, сондай-ақ рейстерге отырғызу талондарын бір жерде сақтаңыз және басқарыңыз. Сіз оларды Samsung Wallet-ке қосып, кіру үшін тиісті штрих-кодты немесе QR-кодты пайдалана аласыз.
- * Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
- * Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген. Нақты пайдаланушы интерфейсі өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпсіздік
Samsung Pay қауіпсіздігі Samsung Knox-пен бірге сіздің картаңыздың нөмірі мен жеке ақпаратыңызды қол жетімді емес жерде ұстайды, ал зиянды бағдарлама сіздің қызметіңізге кедергі жасамайды. Сонымен қатар, контактісіз төлем әдісін қолдану арқылы сіз өзіңіздің смартфоныңыздан басқа ешнәрсеге қол тигізбейсіз.
Токенизация
Нақты банк картасы деректерінің орнына токен — кездейсоқ ретпен жасалынатын арнайы сандық код қолданылады. Жеке басыңыз туралы ақпарат қауіпсіз болып қалады. Samsung Pay қолданбасы төлем терминалына жіберетін деректер әрбір сатып алу үшін бірегей.
Samsung Knox
Орнатылған Samsung Knox қауіпсіздік жүйесі операциялық жүйеге қарамастан Samsung Pay деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және құрылғыда зиянды бағдарламалық құрал анықталғанда, ресми емес бағдарламалық құрал орнатылғанда немесе құрылғыдағы Root құқықтары алынған кезде, Samsung Pay қызметін блоктайды, осыдан кейін мұндай құрылғыда Samsung Pay қызметін пайдалануға болмайды (зауыттық параметрлерді қалпына келтірсеңіз де).
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Samsung Wallet қосымшасына cандық жеке куәлікті қалай қосуға болады?Ең біріншіден, сізге eGov Mobile қоысмшасын орнатып, онда тіркелу қажет. «Сандық құжаттар» тарауында тіркелгеннен кейін «Жеке куәлікті» таңдаңыз. Онда сіз «Samsung Wallet» батырмасын табасыз. Оны басыңыз да, өз жеке куәлігіңізді Samsung Wallet қосымшасының «Жылдам қол жеткізу» тарауына қосыңыз. Сондай-ақ сіздің жеке куәлігіңіз қосымшаның Мәзір тарауының «Сандық жеке куәліктер» бөлімінде қол жетімді болады.
-
Менің жеке куәлігім туралы толық ақпаратты қайдан көрсем болады?Жеке куәліктің толық ақпаратын көру үшін келесі іс-әрекеттерді орындаңыз: 1. Samsung Wallet қосымшасын ашыңыз. 2. «Жылдам қол жеткізу» мәзірінің ішінен Сандық жеке куәлікті тауып, оған басыңыз. Содан кейін сізге жеке тұлғаңызды тексеру үшін өз саусақ ізіңізді немесе пин-кодыңызды енгізу арқылы сәйкестендіру ұсынылатын болады. 3. Сәйкестендіруден өткеннен кейін сіз өз жеке куәлігіңіздің толық ақпаратына қол жеткізе аласыз. Ескерте кетейік, Samsung Wallet қосымшасындағы Сандық жеке куәлік сіздің физикалық жеке куәлігіңіздің сандық көрінісі болып табылады және сіздің физикалық жеке куәлігіңіздегі барлық ақпарат сіздің Сандық жеке куәлігіңізде көрсетілмеуі мүмкін.
-
Мен Samsung Wallet қосымшасына қосылған Сандық жеке куәлігімді қалай пайдалана аламын?Сізге өз Сандық жеке куәлігіңізді көрсетудің екі жолы ұсынылатын болады. QR-код ретінде: бұл үшін Samsung Wallet қосымшасын ашып, Сандық жеке кәуілігіңізді QR-код арқылы көрсетуді таңдаңыз. «Жылдам қол жеткізу» мәзірінің ішінен Сандық жеке куәлікті тауып, оған басыңыз. Сәйкестендіруден өткеннен кейін сіз өз жеке куәлігіңіздің толық ақпаратына қол жеткізесіз. Төменгі жағына дейін түсіңіз, енді сіз бұл QR-кодты есептеуіш құрылғымен сканерлей аласыз. Жеке басын куәландыратын құжат ретінде: бұл үшін Samsung Wallet қосымшасын ашыңыз. «Жылдам қол жеткізу» мәзірінің ішінен Сандық жеке куәлікті тауып, оған басыңыз. Сәйкестендіруден өткеннен кейін «Сәйкестендіруді көрсетуді» басыңыз, енді сіз өзіңіздің Сандық жеке куәлігіңізді көре аласыз.
-
Менің Сандық жеке куәлігімнің мерзімі қашан бітеді?Құжаттың мерзімінің бітуі Сандық жеке куәліктің толық ақпарат тарауында көрсетіледі, ол сіздің физикалық жеке куәлігіңіздегі мерзіммен сәйкес келеді.
-
Егер менің жеке куәлігімдегі ақпарат өзгерсе, мен не істеуім керек?Сандық жеке куәлік тарауының толық ақпарат бөлімінде көрсетілген ақпарат елдің заңнамасына сәйкес жаңартылып отырады. Сіз сондай-ақ физикалық жеке куәлігіңіз қайта шығарылған жағдайда, Samsung Wallet қосымшасындағы Сандық жеке куәліктің ескі нұсқасын жойып, жаңа Сандық куәлікті қайтадан қоса аласыз.
-
Мен өзімнің Сандық жеке куәлігімді қалай жоя аламын?Сіз Сандық куәлікті Samsung Wallet қосымшасында және қашықтан келесі жолдармен жоя аласыз: Сандық жеке куәлікті Samsung Wallet қосымшасында қалай жоюға болады: 1. Samsung Wallet қосымшасын ашыңыз. 2. «Жылдам қол жеткізу» мәзірінің ішінен Сандық жеке куәлікті тауып, оған басыңыз. Содан кейін сізге жеке тұлғаңызды тексеру үшін өз саусақ ізіңізді немесе пин-кодыңызды енгізу арқылы сәйкестендіру ұсынылатын болады. 3. Сәйкестендіруден кейін, Сандық жеке куәліктің толық ақпараты көрсетілген бетінің үстінде оң жақ бұрышында орналасқан 3 нүктеге басыңыз, содан кейін сізге бумаланған мәзір ашылады. 4. Оның ішінен «Жою» опциясына басыңыз. Сандық жеке куәлігіңізді қалай қашықтан жоюға болады: 1. SmartThings Find сайтына ("https://smartthingsfind.samsung.com/login") өзіңіздің Samsung Аccount есептік жазбаңыз арқылы кіріңіз. 2. Өзіңіздің Ұялы құрылғыңызды таңдаңыз. 3. Содан кейін Сандық жеке куәлігіңіздің әрекетін тоқтату үшін «Деректерді жою» немесе «Бұғаттау» батырмасына басыңыз. Осылайша, сіз құрылғыңыздың деректерін зауыт реттеулеріне дейін жоясыз немесе құрылғыңызды уақытша бұғаттайсыз.
-
Samsung компаниясы менің деректеріммен не істейді?Samsung компаниясы сіздің Сандық жеке куәлігіңізді өзінің серверлерінде сақтамайды. Белгілі бір ақпарат (физикалық жеке куәліктің алдыңғы, артқы жақтары, фотосуреттің кескіні және т.б.) сіздің ұялы құрылғыңызды қалады, бірақ ол ешқашан Samsung серверлеріне жіберілмейді және оларда сақталмайды. Тек сіз ғана, Сандық жеке куәліктің иесі ретінде, Сандық куәлікті Samsung Wallet қосымшасына қоса аласыз, оған қол жеткізе аласыз немесе жоя аласыз.
- Samsung Wallet және оның функцияларының қолжетімділігі елге/өңірге, құрылғы моделіне, тасымалдаушыға және микробағдарлама нұсқасына байланысты және өзгертілуі мүмкін.
- Функциялардың қолжетімділігі елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Wallet қолданбасын ашып, еліңіздегі қолжетімді Samsung Wallet функцияларын тексеріңіз.
- Цифрлық автомобиль кілттерін қолдау автомобильге байланысты өзгеруі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін автомобиліңіздің өндірушісіне хабарласыңыз.